Аустралияның табиғат зоналары. Аустралия Одағы

Аустралияның табиғат зоналары орналасуы жағынан оңтүстік жарты шардың басқа материктерімен ұқсас болып келеді. Бірақ зоналар алып жатқан ауданы мен тіршілік дүниесінің құрамы жөнінен үлкен айырмашылық жасайды. Бұл айырмашылық Аустралияның басқа материктерден өте ертеден бөлініп кетуіне байланысты. Сондықтан материкте басқа ешбір жерде табиғи жағдайда кездеспейтін эндемик өсімдіктер мен жануарлар тіршілік етеді. Материктегі өсімдіктердің 75% – ы, ал жануарлардың 90% – ы тек қана Аустралияға тән. Материкте жергілікті жыртқыштар жоқ. Сонымен қатар гондваналық материктердің арасында байланыс болғанын дәлелдейтін кейбір ортақ түрлер де бар.

Аустралияда материктің жалпы ауданымен салыстырғанда шөлдердің үлесі өте көп, керісінше орман басқа материктермен салыстырғанда аз алқапты қамтиды.

Материктің басым көпшілігін тропиктік шөл және шөлейт зонасы алып жатыр. Бұл зонаның барлық бөлігінде жылдық жауын – шашын мөлшері 200 – 250 мм – ден кем емес, бірақ ұдайы ыстық болғандықтан, булану мөлшері жоғары болады. Африкадағы тәрізді мұнда да шөлдердің бірнеше түрі таралған. Кристалды жыныстардан құралған қалдық тауларды тасты шөлдер, ойпаттар мен көлдердің айналасын сазды шөлдер, қалған бөлікті құмды шөлдер алып жатыр.

Бойында ылғал мөлшері көбірек сақталатын құмды өңірде астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен ксерофиттер өседі. Ал материктің ішкі аудандарында өсетін тікенекті акация мен аласа эвкалипттерден құралған қалың ну бұталар мәңгі жасыл скрэб деп аталады. Зонаның солтүстік – шығысында бөтелке ағашы өседі. Ал 1841 жылы саяхатшы Джон Эйр оңтүстік жағалаудағы шөлді Налларбор деп атаған. Латын тілінен аударғанда бұл атау «ағашсыз» деген мағынаны білдіреді және жазықтың ормансыз сипатын дәл бейнелейді. Налларборда «көгілдір бұталар» деп аталатын құрғақшылыққа төзімді, бойына ылғал жинайтын суккулентті өсімдіктер өседі. Бұл жазықта әктасты жыныстардың кеңінен таралуына байланысты үңгірлер мен оларды байланыстыратын жер асты өзендері көп.

Материктің оңтүстік – батысындағы жерорта теңіздік климат байқалатын кішігірім бөлікте діңі ауыр, термиттердің әрекетіне төзімді маргината эвкалипттерінен тұратын қатты жапырақты ормандар таралған. Ал «Аустралияның өлі жүрегі» деп аталатын Эйр көлінің айналасында жылдық жауын – шашын мөлшері 100 мм – ге дейін төмендейді және бірнеше жыл бойы мүлде жаумауы да мүмкін. Мұнда «вилли – вилли» деп аталатын шаңды дауылдар мен құйындар жиі болып тұрады. Аустралия шөлдерінің Африка шөлдерінен басты айырмашылығы – шұраттардың болмауы. Соған қарамастан олар тіршілікке біршама бай. Мұнда шөлге төзімді алып сүр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго, эму түйеқұсы мекендейді.

Солтүстікке және шығысқа қарай ылғал мелшерінің артуына байланысты саванналар мен сирек ормандар таралған. Солтүстіктегі субэкваторлық климаттық белдеудің ылғал көп түсетін бөліктерінде қызыл қоңыр топырақты ылғалды саванна таралған. Мұнда эвкалипт ағаштары басым өседі, оңтүстікке қарай олардын, орнын акациялар алмастырады. Үлкен Суайрық жотасына қарай шөптесін өсімдіктер басым өседі. Саванналар мен сирек ормандарда жануарлар дүниесініңтүр құрамы мен саны артады. Ірі өзендер мен көлдердің бойында құстар мен ехидна, қолтырауындар, ал шығысқа қарай уйректұмсықтар кездеседі.

Ормандар материктің шығысындағы Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр. Бірнеше климаттық белдеуді кесіп өтуіне байланысты ормандар солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасып отырады. Күлгінденген қызыл топырақтағы ылғалды тропиктік ормандар 20° о.е. дейінгі бөлікте таралған. Мұнда эвкалипттермен қатар қылқан жапырақты араукария, пальмалардың 20 – дан астам түрі, ағаш тәрізді папоротниктер өседі. Олар ломонос, ротанг пальмасы сияқты лианалармен шырмалып, ну орман құрайды. Бұл ормандар оңтүстікке қарай қызғылт сары ферралитті топырақты ылғалды субтротропик ормандарға ауысады. Мұнда биіктігі 100м, діңінің жуандығы 12 метрге дейін жететін миндальды және карри эекалипттермен қатар лавр, араукария, ағаш тәрізді папоротниктер, лианалар өте көп. Тау ормандары 1700 – 1900 м биіктікте бұталы эвкалипттерге, одан жоғарыда қатты жапырақты астық тұқымдастар мен күрделі гүлділерден құралған «қар шөбі» деп аталатын альпі шалғынына ауысады. Таудың батыс беткейінде шар және қолшатыр тәрізді эвкалипттерден тұратын құрғақ эвкалипт ормандары тараған. Ал Тасмания аралында ылғалды мәңгі жасыл ормандар басым. Мұнда Антарктида материгі Аустралиямен бірге болған кезеңнен бері сақталып қалған мәңгі жасыл оңтүстік шамшат ағашы және каллитристер эвкалипттермен қатар өседі. Ормандар жануарлар дүниесіне бай. Мұнда ағаш кенгуруы, ірі тау кенгуруы, вомбат, жалқау қалталы аю (коала), ұзын тұмсықты ехидна, әдемі қауырсынды тоты құстар, жұмақ құстар, лирақұйрық, қарақу, биіктігі 1,8 метрге жететін ұшпайтын қазуар құсы мекендейді. Тасмания аралында Аустралиядағы бірден – бір жыртқыш аң тасмания қалталы құбыжығы мен киви қоқыс тауығы кездеседі.

Еуропалықтардың Аустралияға қоныс аударуына байланысты көптеген өсімдіктер мен жануар түрлері сырттан әкелінді. Оларға астық дақылдар мен арамшөптер, жеміс ағаштары, емен, терек сияқты жалпақ жапырақты ағаштар, үй жануарлары, қоян, ит, түлкі, егеу – құйрық және т.б. жатады. Жыртқыштардың болмауына байланысты көбейіп кеткен үй қояндары адамның бақылауынан шығып, жайылымдарды, егістіктер мен ормандарды күннен – күнге отап тоздыруда. Ал иттердің тез өскені сонша, жабайыланып, қой шаруашылығын шығынға ұшырататын жыртқыш дингога айналған. Аустралияға сырттан әкелінген жануарлардың шамадан тыс көбеюі материктегі экологиялық тепе – тендікті бұзды.

Эвкалипт ағашының жапырағында тез тұтанатын эфирмайы көп болады. Сондықтан Аустралияның ыстық, құрғақ климаты жағдайында эвкалипт ормандары жиі өртеніп кішіреюде. Саванна мен сирек ормандар зонасы жаппай жыртылған және жайылымдық жерлерге айналған. Қазіргі кезде материк табиғатын мүмкіндігінше сақтау барысында көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйе құсы мен кенгуру бейнеленген, ал ехидна, үйректұмсық, лирақұйрық бейнелері күміс ақшаларында таңбаланған. Аустралиядағы қорғауға алынған кешендердің саны мыңнан асады. Материктегі Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Аустралия материгі мен көршілес орналасқан Тасмания аралын бір ғана ел — Аустралия Одағы алып жатыр. Аустралия Одағы жерінің ауданы бойынша дүние жүзінде 6-шы орында тұрғанымен, халқы ең аз материк болып есептеледі. Қазіргі кездегі хал-қының саны 18 млн. адамнан асады. Халықтың басым көпшілігі шығыс жағалаудағы ірі қалаларда түрады. Елдегі қала халқының үлесі 86% -ға жетеді.

Материктің байырғы халқы аборигендер метистермен қоса есептегеннің өзінде халықтың 1%-ын ғана күрайды. Азиядан қоныс аударған қытайлар мен үнділердің санының өзі байырғы халықтан өлдеқайда көп. Аборигендер бір-бірінен тілдік айырмашылықтары аркылы бөлінетін 200-ден аса тайпалардан қүралған. Олар экваторлық қара нәсілдің Аустралиялык тобына жатады. Өңі қара-кошқыл.. бүйра қара шашты, кең танаулы, қабақтары шығыңқы болып келеді. Еуропалықтар қоныс аударғанға дейін байырғы халық егіншілікпев де, мал шаруашылығымен де айналыспаған. Олар аң аулап, жеуге жарамды жабайы өсімдіктерді жинаумен күнелткен. Аборигендег аңшылык кәсіпті жақсы меңгерген. Олардың ойлап тапқан аңшылы қаруы бумеранг ағаштан әдейі иіліп жасалған таяқ түрінде болады Бумерангты лақтырса, нысанаға дәл тиеді, ал егер тимей калса, аңшы-ның қолына қайтып келеді. Аборигендер табиттііеи етене жакьіі: болған. Олар көбінесе материктің табиғаты колайлы шығыс бөлігіг мекендеген.

Еуропадан жаппай қоныс аударған ағылшындардын үрпақтары нан материктің келімсек халқы — Аустралиялыцагылшындарка.лът тасты. Олар аборигендерді шығыстағы жайлы жерлерден біртіндеі ығыстырып, орталықтағы шөл мен шөлейт жерлердегі резервацияларға кешірген. Кейбір жекелеген тайпалар әлі де өздерінің калыптасқан өмір салтын сақтап қалған.

Аустралия Одағы — шаруашылығы дамыған ел. Материктегі алу ан түрлі пайдалы қазбалар негізінде алдымен таукен өнеркәсіб қалыптасып, дамыған. Соңғы кезде машина жасау, химия және тамақ өнеркәсібінің салалары қарқынды өркендеуде. Елде ағаш сүрегн дайындап, өңдеу де жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы да жоғары деңгейге көтерілуде.