Африканың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Африканың жер бедері салыстырмалы түрде біркелкі. Материктің көпшілік белігін гондваналық ежелгі платформа алып жатыр. Платформаның экватордан солтүстік – батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік – шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан материкте абсолюттік биіктігі 200 – ден 1000 м – ге дейін жететін жазықтар, қыраттар, үстірттер мен таулы үстірттер басым болады.

Африка платформасының түрлі бөліктерінде үзақ уақыт бойы бірде баяу көтерілу, бірде төмен түсу қозғалыстары болып отырған. Соның нәтижесінде платформаның негізін кұрайтын ежелгі кристалды жыныстар көтеріліп, жақпарлы – қатпарлы қалдың таулар мен Аир, Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасты. Олардың кейбіреуі жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахаттар және Тибести сияқты таулы қыраттарға айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт бойы теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда теңіздік және континентгік шегінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды қалыптастырған. Материктін, шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка платформасының ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Кайнозой эрасында Африка – Арабия біртұтас литосфералық тақтасының Еуразия тақтасымен соқтығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп, қазіргі Кызыл теңіздің табаны ашылған. Қызыл теңізден басталған тереңтекто – никалық жарықтар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарықтары деп аталады. Ол Африканың шығысын бойлай Замбези өзенінің сағасына дейін 6500 км – ге созылған. Жердің ішкі қойнауынан осы жарықтар бойымен көтерілген жанартаулық жыныстардың жиналуынан Африканың шығыс бөлігі биіктеп, таулы қыраттар жүйесі тузілді. Олардың арасында оқшау орналасқан, әлі әрекетін тоқтатпаған биік жанартаулар кездеседі. Олардың ең ірісі – Африканың ең биік нүктесі болып табылатын Килиманджаро жанартауы. Жер қортысындағы жарықтарда орналаскан көл қазаншұңқырлары Африканың ең терең, ірі көлдерінің жүйесін құрайды. Ал ертеректе жанартау атқылауы – ның ірі орталығы болған Айдаһар (Дракон) таулары Үнді мұхиты жағалауына қарай сатыланып биіктейді. Жер щлртысындағы осы қозғалыстар Африка платформасының тұтастай көтерілуіне әкеп соқты. Ал ежелгі платформаның шығысы мен оңтүстік – шығысында жер бедері күрделеніп, қазіргі жанартаулық ауданға айналған. Таулы жер бедері платформа шеттеріндегі әр түрлі жастағы қатпарлы құрылымдарға тән. Африканың оңтүстігіндегі палеозой эрасында көтерілген Қап таулары кейіннен үгілу нәтижесінде аласарып, бірнеше үстірттерге жіктелген. Ал материктің солтүстік – батысында орналасқан Атлас таулары Африкадағы бірден – бір жас, қатпарлы таулы аймақ болып табылады. Ол – Еуразиядағы Альпі, Гималай тауларымен бір мезгілде көтерілген тау жүйесі.

Материк пайдалы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылысы мен даму тарихына байланысты. Магмалық жыныстардың кең таралған аудандарында қара және түсті металдар (мыс, мырыш, қалайы), уран, алтын, алмастың ірі кен орындары бар. Кобальт пен мыстың ірі қоры Замбия мен Заир жерінде, платина, алтын мен алмастың аса ірі қоры Оңтүстік Африкада, уран Нигер мен Намибия жерінде шоғырланған. Шөгінді жыныстар қалыңжиналған бөліктерде тас көмір, мұнай, табиги газ, әр түрлі тұздар және шөгінді жолмен қалыптасатын темір, фосфорит, боксит, марганецтің ірі кен орындары таралған. Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы мұнайға бай. Мұнай экспорттаудан Алжир мен Ливия ОПЕК ұйымына кіреді. Фосфориттің дүние жүзіндегі аса ірі кен орындары Атлас тауларында шоғырланған. Оңтүстік Африкада көмірдің мол қоры бар.

Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттеріне аяусыз пайдаланды.

Африка елдері азаттық алғаннан бері шет елдердід ықпалы уақыт өте азайып келеді.