Оңтүстік Американың ішкі сулары

Өзендері Материктің батысыңдағы Аңд таулары Атлант және Тынық мұхит арасындағы басты суайрық жота болғандықтан, өзендердің барлығы дерлік Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхитына және Кариб теңізіне материктің Амазонка, Парана, Ориноко, Магдалена сияқты ірі өзендері құяды.

Анд тауларынан басталатын Амазонка жер шарындағы ең мол сулы өзен болып табылады: төменгі ағысында өзен арнасы арқылы бір секундта 220000 м3 су ағып өтеді. Бұл көрсеткіш бүкіл дүние жүзі өзендері арқылы ағып өтетін су мөлшерінен бірнеше есе артық. Амазонка арнасының ені орта ағысында 5 км болса, төменгі ағысында 80 км-ге дейін жетеді. Өзен жыл бойы жаңбыр көп жауатын экватор маңын бойлай ағатындықтан, жыл бойы мол сулы болады. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгініңжерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам саласы бар, оларды суының түсіне қарай «ақ өзендер» (суында сазды жыныстар көп) және «қара өзендер» (суында шіріген өсімдік қалдықтары көп) деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оңжақ салаларының есебінен наурыз, сәуір айларында айрыкша көтеріледі. Атлант мұхитындағы толысудың әсерінен өзен суы 1,5-5 м-ге дейін көтеріліп, сағасынан 1400 км-ден астам қашықтыққа кері агады. Жағалауды бұзып, өте жылдам қозғалатын бұл кері ағысты жергілікті үндістер амазуну деп атайды. Өзен атауы осыдан шыққан.

Амазонка мен оның салалары тіршілікке бай. Өзеннің суы тымық бөліктерінде өте ірі ақ гүлі бар, жапырағының диаметрі 2 м-ге жететін викториврегия кездеседі. Амазонкада тұщы судағы ең ірі балық — арапаима (ұзындығы 4 м, салмағы 200 кг) және жыртқыш ұсақ пиранья балық-тары, электрлі су жыланы, тұщы су дельфині (иния), кайман қодтырауындары тіршілік етеді. Амазонка өзенініңжой-қын күшімен оның алабындағы қорыс батпақтардың, қалың ну ормандардың құпиясы әлі толық ашылмағандықтан, адамдарда үрей мен қорқыныш туғызады.

Парана мен Ориноко мол сулы өзендер қатарына жатады. Олардың Амазонкадан басты айырмашылығы, су деңгейі маусымға байланысты өзгереді. Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд таулары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен қүлап ағатындықтан, оның бірнеше сарқырамалар жүйесін қалып-тастырады. Ең ірі, табиғаты әсем сарқырамалардың бірі болып табылатын Игуасу (биіктігі 72 м) 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан кұлап ағады. Парана орта және төменгі ағысында кең жайылып, баяу ағады. Суының деңгейі мамыр айында көтеріледі. Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып етеді. Атлант мұхитына кұяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан. Бүл екі өзенде де су энергиясының мол қоры бар, сонымен қатар кеме жүзуіне қолайлы.

Тынық мұхитқа Анд тауларының батыс беткейінен басталатын мол сулы қысқа өзендер ғана құяды. Ал Анд тауларының тауаралық үстіртті бөлігінің өзендері ішкі туйъщ алапқа жатады.

Оңтүстік Америкада көлдер онша көп емес. Анд тауларында ірі тектоникалық Титикака көлі орналаскан. Көл атауы аймара үндістерініңтілінде «қалайы алаңы» дегенді білдіреді. Бұл атау судьщ ерекше түсіне байланысты қойылған. Мұнда су бетіндегі қамыстан жасалған қалқыма салдарда үндістердің үйлері орналасқан.

Титикаканың оңтүстігінде жазғы ыстықта кеуіп қалатын Поопо тұзды көлі бар. Материк жағалауларында мұхиттан бөлініп қалған лагуналық көлдер орналасқан, олардың ең ірісі — Маракайба Оның түбінен мұнай өндіріледі.