Оңтүстік Американың климаты

Климат қалыпиастырушы факторлар. Географиялық орнына сәйкес, Оңтүстік Америка күн сәулесін өте мол алады. Бірақ ылғалдың көп болуы материкті шамадан тыс қызып кетуден сақтайды. Материк солтүстік субэкваторлық белдеуден оңтүстік қоңыржай белдеуге дейін созылып жатыр. Климаттың қалыптасуына географиялық ендікпен қатар, батыстағы биік Анд тау жүйесінің тигізетін әсері мол. Сондықтан әрбір климаттық белдеу биік таулық және жазықтық климаттарға ажыратылады.

Материк климатына қоршап жатқан мұхит айдындары үстінде қалыптасатын экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массалары басым ықпал етеді. Сондықтан Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды материк болып табылады. Әсіресе Атлант мұхитының әсері күшті. Мұндағы жылы ағыстар ауаны ылғалға қанықтырады да, материкітң шығысытағы жазық бөлігі ылғалды ауа массаларының құрлықта кеңінен таралуына қолайлы жағдай жасайды. Керісінше батыста Тынық мұхиттан соғатын ылғалды ауа массаларының жолын Анд таулары бөгейді. Тынық мұхит жағалауының өзінде жауын-шашынның түсуі ағыстардың бағыттарына байланысты: жылы ағыстар әсер ететін солтүстік-батыста және жағалауларға бағытталған батыс тасымалының ықпалындағы қиыр оңтүстік-батыста жылына 3000 мм-ден артық ылғал түседі.

Жағалауды бойлай өтетін Перу суық ағысы осы аудандағы ауаны салқындатып, жауын-шашынның пайда болуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жағалық Атакама шөлінде кей жылдары мүлде жаңбыр жаумайды. Материктегі климаттың сипатымен климаттық белдеулерді оқып үйрену барысында толығырақ танысасыңдар.

Климаттық белдеулер. Материкті 6 климаттық белдеу кесіп өтеді.

Экваторлық климаттық белдеу Амазонка ойпатының едәуір жері мен Тынық мұхитының экватор сызығынан солтүстікке қарай жатқан жағалық бөлігін алып жатыр. Жыл бойы ауа температурасы +250С-тан төмен түспейді, жауын-шашын мөлшері Амазонкада 1500-мм-ден 3000 мм-ге дейін, ал Тынық мұхит жағалауында 3000 мм-ден артық түседі. Жауын-шашын жыл бойы мол, әсіресе көктем мен күздегі күн мен түннің теңелуі кезінде айрықша көбейеді.

Материктегі екі субэкваторлық климаттық белдеу бар, олар Амазонканың шығысында бір-бірімен түйіседі. Бұл белдеулер жазда ылғалды экваторлық, ал қыста құрғақ тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Мұндай климатты ауыспалы ылғалды климат деп атайды. ауаның орташа температурасы құрғақ кезеңнің соңына қарай +280С-қа дейінжоғарылайды, қыс айларының өзінде орташа температура +200С-тан төмен түспейді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2000-мм-ден 1000 мм-ге дейін кемиді. Ал Бразилия таулы үстіртінің солтүстік-шығысындағы жылы ағыстар екіге айырылатын жағалау бөлігінде жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін күрт азаяды.

Тропиктік климаттық белдеу Бразилия тау үстіртінің оңтүстік-шығыс жағалық бөлігін, Ла-Плата ойпатының солтүстігін және ішкі жазықтаржы алып жатыр. Бұл белдеуде де температура жыл маусымдары бойынша өзгеріп, жазда орташа температура +280С-қа дейін жоғарылайды. Гран-Чако жазығында материктегі ең жоғары температура (+47 С) байқлған жылдық жауын – шашынның мөлшері Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік – шығыс жағалық бөлігінде жылы ағыс әсерінен 2000 мм-ге жетіп, тропиктік ылғалды климат ауыспалы ылғалды сипатқа көшеді. Ал Анд тауларының Тынық мұхит жағалауындағы Атакама шөлінде суық ағыстар әсерінен жағалық шөл климатықалыптасады. Жаздың орташа температурасы +200С, ал қыстың орташа температурасы +130С-тан жоғарылайды. Ал температураның тәулік ішіндегі ауытқулары әлдеқайда жоғары болады. Салқын, ылғалға қаныққан ауыр ауа жоғары көтеріле алмайтындықтан бұлт түзілмейді. Сондықтан барлық жағалық шөлдерге бриз желдері арқылы келетін қалың тұмандар тән болады, ал жер беті шықтар мен қырау есебінен ылғалданады.

Субтропиктік климаттық белдеу материктің 300 және 400 о.е. аралығын алып жатыр. Белдеудің шығысында климат ылғалды субтропиктік, мұнда орташа температура жазда +250С-тан қыста +150С-қа дейін ауытқып отырады. Жауын-шашын жыл бойы түседі. Ішкі аудандарға қарай жүрген сайын жауын-шашын мөлшерінің кеми беретіндігіне байланысты климат субтропиктік континенттік климатқа қалыптасады, мұнда жаз құрғақ, қыс жылы, әрі ылғалды болады. Қыста батыс тасымал желдері мұхиттан көп мөлшерде ылғал әкелетіндіктен ауа райы бұлыңғыр, әрі жаңбырлы болады.

Қоңыржай климаттық белдеу материктің оңтүстігіндегі жіңішке бөлікті алып жатыр. Белдеудің шығысында Фолклендік суық ағысының әсерінен қоңыржай континенттік климат қалыптасады. Жазы құрғақ, қоңыр салқын. Қысы салқын, кейде аязды күндер болып тұрады. Қар жауғанымен, тез еріп кетеді. Материктегі ең төменгі температура (-330С) осында тіркелген. Анд тауының Тынық мұхит жағалауы бүкіл жыл бойына батыс тасымалының ықпалында болатындықтан жауын-шашын мол болады, оның мөлшері әсіресе қысқа қарай артады. Жылдық температураның айырмашылығы онша байқалмайды. Мұндай климат қоңыржай теңіздік деп аталады.

Анд таулары биік таулы климатқа жатады. Ол биікке қарай ауа температурасы мен қысымның өзгеруіне байланысты айқындала түседі. Сондықтан экваторлық белдеу аймағындағы шыңдардың басында жыл бойы қар жатады. Тропиктік белдеу қамтитын таулы аудандарда климат аса құрғақ, температураның тәуліктік айырмашылығы жоғары болады. Анд тау жүйесінде климаттық белдеулердің ауысуы географиялық ендікке де, теңіз деңгейінен биіктігіне де байланысты. Биік таулы климат жазық бөліктегі өзіне сәйкес келетін климаттық белдеуден климат көрсеткіштері бойынша айырмашылық жасайды.