Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі төрт мүхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.
Материктің батысы мен оңтүстік-батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мухиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жалғасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік-батысындағы мұхит сулары қыста қатпайды (Атластағы мүхиттар картасынан қалқыма мүздықтардың қысқы шекарасын анықтаңдар). Тұрақты соғатын батыс желдері Атлант мұхиты үстінде қалыптасатын жы-лы, әрі ылғалды ауа массаларын Еуропа жағалауларына өкеледі. Соның нәтижесінде Еуропаның барлык жерінде тіпті Скандинавия жағалауында да қыс жүмсақ өрі ылғалды болады.
Атлант мұхиты мен оның теңіздерінде әр түрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің кайраңдарында мұнай мен газдың мол қоры бар. Еуропа жағалауларындағы Атлант мүхиты мен оның теңіздері кәсіптік балык аулаудың басты ауданы болып табылады. Дүние жүзінде ауланатын балықтардың 39%-ы (пайызы) Атлант мүхитының үлесіне тиеді. Бискай шығанағында ІХ-ХІІ ғасырлардың өзінде кит аулау көсіп-шілігі болған.Атлант мүхиты мен Жерорта теңізі арқылы маңызды теңіз жол-дарының өтуі нәтижесінде судың ластану дәрежесі артып, тіршілік дүниесіне зиянын тигізуде. Жерорта теңізі жағалауларында ірі өнеркәсіпті және портты қалалардың шоғырлануы, халықтың тығыз қоныстануы, мұнай тасымалының артуы теңіз суларының шамадан тыс ластануына әкеп соғуда .0Сондықтан Жерорта теңізі дүние жүзіндегі шамадан тыс ластанған су айдыны болып табылады. Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жаг-дайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісім шартка кол койыл-ды. Мүнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде Солтүстік теңіздің де су бетін мүнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мүхиты өзін-өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мүхитын табиғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісімдер негізінде жүргізілуде.
Солтүстік Мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның сол-түстік жағаларына үласып жатыр. Солтүстік Мұзды мұхит — ауданы жағынан ең кіші, ең суық, ең таяз мүхит. Теңіздердің барлығы дерлік материктік қайраңда орналасқан. Кейбір шеткі теңіздер аралдар арқылы бөлініп жатыр. Мүхиттағы теңіздердің ең үлкені — Норвег теңізі, ең кішісі — Ақ теңіз. Мүхиттың орталық бөлігінде қатар орналасқан су асты жоталарымен бөлінген бірнеше терең қазаншұңқырлар бар. Гренландия теңізінің солтүстігінде мұхиттың ең терең (5527 м) жері орналасқан (оларды картадан анықтаңдар). Теңіздерді жылдың көп мезгілінде мүз қүрсап жатады. Тек жаздың аяғында жағалау бойымен кемелер жүретін өткел ашылады. Солтүстік Ат-лант жылы ағысының жолында жатқан Норвег және Баренц теңіз-дерінің көпшілік бөлігі қыста да катпайды, сондықтан Солтүстік Мүзды мұхиттың осы бөлігі материкті қыс кезінде белгілі дөрежеде жылытады. Мұхиттағы су массалары батыстан шығысқа қарай қозғалып, Трансарктикалық ағысты қалыптастырады. Мұхит табиғатының басты ерекшелігі — қалыңдығы 2-4 м және одан да қалың көп жылдық мүздардың түзілуі. Бұл су температурасы мен тұздылығының салыстырмалы түрде төмен болуымен байланысты. Желдер мен ағыстардың мұздарды жылжытып, үюінің нәтижесінде биік-тігі 10-12 м-ге жететін пайда болады.
Солтүстік Мұзды мұхит атына сәйкес, климатының қаталдығы-мен сипатталады. Ол мұхиттың солтүстік полюс маңындағы орнына байланысты. Мұхит үстінде суық арктикалык ауа массалары қалыптасады. Еуразия жер бедерінің солтүстікке қарай жазық болуы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін емін-еркін өтуіне мүмкіндік береді. Оның ықпалын еуропалық бөлікте Атлант мүхитынан келетін жылы ауа массалары азайтады. Қыста мүхит үстіндегі ауаның температурасы шығысқа қарай -40°С-ка дейін төмендейді, жазда 0°С-ка жақын. Мұз бен қар жамылғысы қысқа поляр күндерінде Күн сәулесінің басым бөлігін шағы-лыстырып, климаттың каталдығын арттыра түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-200 мм-ден аспайды. Тіршілік дүниесі де осы қатал табиғат жағдайларына бейімделген. Мүхиттағы тіршілік-тің денін суық суда, тіпті мұзда тіршілік ете алатын түрлер құрайды. Тек Атлант мұхиты жағалауы мен өзен сағаларына жалғасып жатқан қайраңдар тіршілікке бай (ол неліктен?). Мүнда планктон мол жиналып, су түбінде балдырлар өседі, балықтар (лақа балық, жаңылысқы (навага), сүтіл (палтус) көп кездеседі. Мұхитта киттер, итбалыцтар, морждар, жағалауларда ац аюлар мен топтанып тіршілік ететін құстар мекендейді. Жаз кезінде жағалау құс базарына айналады. Сондықтан ежелден-ақ Скандинавия халықтары құс мамығын жинау кәсіпшілігімен айналысады.
Климаттың қатаңдығы мұхиттың табиғат байлықтарын игеруде қиындықтар ту-ғызады. Кейбір теңіздердің қайраңдарында мұнай мен газдың кен орындары және пайдалы қазбаларға бай шөгінділер барланған. Мұхит арқылы халықаралық маңызы бар Солтүстік теңіз жолы өтеді, ол Еуропа мен Қиыр Шығыс порттарын жалғастырады. Бұл жолмен кемелердің жүзу мерзімі 2-4 айға созылады, жолдың кейбір бөліктерінде атом мұз жарғыш кемелерінің көмегімен бұл мерзімді ұзартуға болады. Солтүстік Мұзды мұхит табиғатын зерттеу мен шаруашылық мақсатта игеруде В. Беринг, В. Баренц, Ф. Нансен, Г. Седов, О. Ю. Шмидт, И. Д. Папаниннің еңбектері зор. Санкт-Петербург қаласында орналасқан полярлық аймақтар табиғатын зерттеу орталығы мен мұражайында Арктика табиғатына қатысты ғылыми материалдар жинақталған.
Тынық мұхит және оның теңіздері Еуразияның шығыс жағалау-ларын шайып жатыр. Жағалаулары аса күшті тілімденген аралдар көп. Жағалық теңіздердің біраз бөлігі материктік қайраңда орналас-қан. Шығысқа қарай жүрген сайын олар терең теңіз қазаншүңқыр-ларымен алмасады. Теңіздер мүхиттан аралдар доғасының тізбегі аркылы бөлінген. Олардың шығыс жағалауын бойлай, жіңішке, өте терең мүхит шұңғымалары созылып жатыр (оларды картадан анық-таңдар). Мүхит түбінің мүндай ерекше қүрылымы тек Тынық мү-хиттың батыс жағалауларына ғана тән.
Тынық мүхит өте үлкендігіне, барлық климаттық белдеулерді кесіп өтетіндігіне және мүхит табаны бедерінің күрделі болуына байланысты жағалауындағы материктердің, әсіресе Еуразияның табиғатына күшті әсерін тигізеді. Мүхиттың жағалық бөлігіндегі ағыстардың күрделі жүйесі және муссондык қүбылыс Еуразия климатының қайталанбас белгілерін қалыптастырады. Әсіресе мұхиттың экватордан солтүстікке қарай орналасқан бөлігіндегі ағыстар жүйе-сіне кіретін Солтустік пассат, Куросио, агыстары Еуразия жағалау-ларына жылу мен ылғал әкеледі. Куриль суық ағысы әсер ететін солтүстіктегі жағалық аудандарда климат біршама салқындап, қыста қалың қар жамылғысы қалыптасады. Өте үлкен мұхит айдыны мен аса ірі материктің көршілес орналасуы, олардың жьілы және суық мезгілдерде әркелкі жылынуы өсерінен Еуразияның шығыс жағалауында муссондьщ климат қалыптасады. Оңтүстікке қарай мұхит үстіндегі атмосфералық қысымның кенет төмендеуінен пай-да болатын қүйын тәріздес жойқын дауылдар — тайфундар (қытай тілінде «үлкен жел» деген сөз) жаздың аяғы мен күздің басында жиі байқалады.
Климаттық ерекшеліктеріне байланысты су бетінің температурасы солтүстікте -1°С-тан экватор маңында +29°С-қа дейін жоғарылайды. Мұхит айдынында булануға қарағанда түсетін жауын-шашын мөлшері басым болғандықтан, су бетіндегі тұздылық басқа мұхиттарға қарағанда төменірек болады (Тынық мүхит табиғатымен кейінірек толығырақ танысасыңдар).
Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауларына ұласып жатыр. Теңіздері мен шығанақтары жіңішке материктік қайраң арқылы су асты жоталарымен бөлінген терең қазаншұңқырларға жалғасады. Мұнда ұсақ жанартаулық аралдар көп кездеседі (оларды картадан анықтаңдар). Мұхиттың ең шалғай теңізі — Еуразия мен Африка аралығында, литосфералық плиталардың түйісу аймағында орналасқан Қызыл теңіз. Мұнда Дүниежүзілік мұхитындағы ең жоғарғы тұздылық (41%о) байқалады. Үнді мұхитының жағалауға жақын бө-ліктеріндегі ағыстар жыл мезгілдеріне қарай, жазғы және қысқы муссондардың ауысуына байланысты жазда батыстан шығысқа қарай, қыста шығыстан батысқа қарай бағытын өзгертеді.
Аса ірі Еуразия материгінің көршілес орналасуы мұхит табиғатына да үлкен әсер етеді. Қысы жылы, ашық ауа райымен сипатталса, ал жазы ыстық, жаңбырлы және дауылды болып келеді. Үнді мүхиты мен оның теңіздері — Жер шарындағы ең жылы су алаптары. Судың беткі температурасы үнемі +25, +30°С болады, ең жоғары температура (+34°С) Парсы шығанағында байқалады. Ал оңтүстікке қарай температура төмендейді. Судың беткі қабатындағы түздылық барлық жерде салыстырмалы түрде жоғары. Мүхиттағы тіршілік дүниесі алуан түрлі, әсіресе солтүстіктегі материктік қайраң мен маржандық рифтер таралған аудандарда айрықша бай болады. Үнді мүхитындағы ежелден белгілі асыл тастарды (інжу, маржан) теңіз түбіне сүңгіп, жинау кәсібі күні бүгінге дейін сақталған. Жалпы ал-ғанда, Үнді мүхитының алуан түрлі биологиялық байлығы әлі то-лық зерттеліп, игерілмеген.
Үнді мұхитындағы Парсы шығанағы мүнай, газ қоры мен олар-ды өндіру жөнінен дүние жүзінде жетекші орын алады. Парсы шыға-нағы мен Қызыл теңіз сулары мүнай өндіру және оны тасымалдау әсерінен катты ластанған. Қайраңдардағы шөгінділер құрамында қалайы, фосфорит, алтын кездеседі. Үнді мұхиты аркылы көптеген кеме қатынасы жолдары өтеді. Солтүстік бөлігінде жүзу бағыттары муссон желдерімен байланысты болатын шағын, желкенді кемелер әлі күнге дейін пайдаланылады.