1966 жылы басталған экономикалық реформа алғашқы кезеңдерде экономикалық дамуға үлкен ықпал етті. 9-шы 5 жылдықтың басында жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша және экономикалық ынталандыруда жалпы көлемде 84% немесе 1578 Қазақстан өндіріс орындары жұмыс істеді. 8-ші 5 жылдық жоспары экономикалық көрсеткіштер бойынша толығымен орындалды:
Жалпы өндірістік өнім 56%-ке, ал ауылшаруашылығы 54%-ке артты. Өндірістің көптеген саналарында үлкен жетістіктер көріне бастады.
Дегенмен де, соңғы осындай шараларға қарамастан бұл экономикалық реформа басынан-ақ ретсіз және толық жан-жақты қаралмаған болатын. Сол кезде қалыптасқан әкімшілік-әміршіл жүйе бұл жаңа реформаның дамуына үлкен кедергі келтірді. Сонымен 70 жылдың басындағы жаңа реформадағы қоғамдық өндірісті дамытуға арналған идеялар дұрыс нәтиже бермеді. Бұл реформаның негізгі мақсаты кәсіпорындардың өздігінен өз шаруашылығын дамытуы жоғарыдан қойылған есеп-жоспарды тежеді. Осының нәтижесінде ынталандыру қорларының өміріне де өзгерістер енді. Көптеген кәсіпорындар пайдаға жету жолында оңай жолға, яғни өз өнімдерінің бағасын көтеруге көшті. Бағалардың өсуіне байланысты түскен пайда жалақыны өсірді. Ал бұның өзі өнімсіз еңбекке әкелді, осының салдарынан 70 жылдары басталған экономиканың дамуына кері әсер етуші инфляцияны тудырды. Реформа толық қарастырылмағандықтан әкімшілік және экономикалық басқару билігін арттырды. Жоғарыдан бір орталықтан басқару саясаты сақталды. Соның салдарынан ешқандай нәтиже болмай, экономикада жалпы көрсеткіш қала берді.
Бірақ реформаның сәтсіз аяқталуының себебі, саяси сферадағы демократияландыру саясатында жатты.
Тек қана экономиканың осы шектелген ұйымдар-техникалық сферасы қоғамның саяси құрылымына әсер етпеді. Жекеменшік қатынасты, мемлекеттік монополия меншігін, яғни бюрократия үстемдігін сақтады, нарықтық қатынасты шектеді. Брежневпен оның жанындағылар реформа негізіндегі терең экономикалық қайта құруларға қарсы шықты, олар әкімшілік жүйені жүргізіліп жатқан экономикалық қайта құруларға ұластырғысы келмеді.
70 жылдың басында реформаның тежелуі басталды. Бұл кезең “Тоқырау” деп аталды. 70 жылдары шаруашылықты дамыту механизмін жақсартуға ешқандай талпыныс болмады, жоспарлау мен ынталандыру қажетті тиімділікке қол жеткізбеді. Нәтижесіз шаралар өсті – қорландыру төмендеді, жаңа өнім шығару, болу дамып отырды, экстенсивті факторлар бұрынғыдай экономикалық дамуды анықтап берді. Негізінен бағытталған басқару принципі өзгеріссіз қалды. 9-шы 5 жылдықта өндіріс Республика экономикасының жетекші ролі болды. Жалпы қоғамдық өнімнің құрылымында 1970ж. оның үлес салмағы 48% болды. Оның үлесіне халық шаруашылығы қорының 38,8%-і тиді, оның жұмысшылары 1052 мың адам, яғни Республикадағы бүкіл жұмыскерлердің 22,4%-і болды.
1970-1985 жылдары Республика өндірістік көрсеткішінің нақты дамуы жүріп жатты. Өндірістің дамуына 40,8млрд.сом жұмсалды, немесе шаруашылық қорының 32% кетті. Негізгі өндірістік қорлар 3,1 есе өсті, сонымен бірге химиялық және мунайхимиялық 6,5 есе, машинажасау 4 есе, жылу өндірісі 3,8 есеге өсті. 15 жылдың ішінде өндірістік жалпы өнім 2 есеге өсті, ал машина жасау және химиялық өндіріс 3 еседен артық өсті. 1000-ға жуық жаңа өндіріс орындары мен цехтар іске қосылды. Оның ішінде Қазақстан газ өндіру зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдар зауыты, Павлодар және Шымкент мунай өңдеу зауыты, Қарағанда металлургиялық комбинатты, Екібастұз және Жамбыл фосфор зауыты, Жайрам таукен комбинаты т.б. Өндіріс өнімдерін өндіруден Қазақстан КСРО-да 3 орынды алды. (РСФСР мен Украинадан кейін). Аймақтық өнім өндіру кешені құрылды – Маңғышлақ, Қаратау-Жамбыл және Павлодар-Екібастұз. Экономикалық потенциалдық өсуі халықшаруашылық айналымға шикізат және жылу-энергетикалық ресурстар енгізу есебінен болды.
Экономиканы қатаң бір орталықтан басқару кезінде өнеркәсіптің шикізатқа бағытталған саласы сақталды. Орталықпен келісе отырып, көбінесе барлық күшті қазба-байлық алуға жұмсады. Бұған барлық ірі қорлар құйылды, соның салдарынан ғылыми өнеркәсіптер мүлдем артта қалып қойды. Қазба жұмыстарының көлемі 80 жылдары республика өнеркәсібінде орта есеппен 1,7 есе артық болды. Кәсіпорындардың жартысына жуығы одақтың әкімшілікте болды. Республикадағы шикизат өнімдерін ірі көлемде қазып алуда үлкен пайда түскенімен, одақтық әкімшілік республикалық бюджетке, инфрақұрылымның дамуына мүлдем қаржы бөлмеді. Бір жылдағы жалпы пайда көлемі – 15 млрд. сом болса, осындай 30 млн. сом немесе 1% тей аз қаржы бөлініп отырды. Жалпы көрсеткішті көтеру жолында бәрін де құрбан еткен одақтық әкімшілік әлеуметтік инфрақұрылымның дамуын сонымен қатар ұлттық жұмысшы топ дайындауды және қоршаған ортаны қорғауды мүлдем ұмыт қалдырды.
70-80жж. адамдардың көпшілігі кеңес қоғамын барып тұрған әділетсіз қоғам деп білді. Бұл ең алдымен партиялық-мемлекеттік, әскери,, шаруашылық номенклатурасына берілген артықшылықтарға байланысты еді. Мұндай артықшылықтар әлеуметтік теңсіздіктің арнаулы түрін туғызды, іс жүзінде алып қарағанда, сомның сатып алу құны әртүрлі тұтыну рыноктарын қалыптастыру болды. Бюрократия артықшылықтарды бөлуде шендік принципті қатаң сақтады. Олардың көлемі қызмет орнының дәрежесімен белгіленді.
Әлеуметтік саладағы ең өткір проблеманың бірі тұрғын үй проблемасы болды. Қаралып отырған дәуірде оны шешуде кейбір алға басу байқалды. 2208,7 мың пәтер салынып, 13 миллиондай адам жаңа пәтер алып, өз үйін салып алып немесе пәтер кеңейтіп өздерінің тұрғын үй жағдайын жақсартты.
Алайда халық санының өсуіне байланысты олар тұрғын үймен толық қамтамасыз етілмеді. Үй салуға бөлінген күрделі қаржы азайды, осыған сай салынған пәтердің саны да азайды, тұрғын үй құрылысының жоспары орындалмады. Тек он бірінші бесжылдықта ғана республикада 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмеді, мектеп, аурухана, балалар бақшасын салу жоспары орындалмады. Осындай жағдайда 70-және 80-жылдардың басында республиканың орталығында және облыс орталықтарында құны қымбат әкімшілік үйлері салынып жатты.
Республика экономикасының орталық ведомстволарға бағыныштылығы, әлеуметтік-мәдени салалардың проблемаларын бағаламау, олардың дамуына ресурстарды қалдық принцип бойынша бөлу мынаған әкеліп соқтырды: Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесін белгілейтін көптеген көрсеткіштер бойынша жалпы одақтық көрсеткіштерден артта қалып қойды. 70-80жж. Одақтас республикалардың даму дәрежесін теңестіру туралы жарияланған ереже іске аспады. Қазақстанның көптеген аудандары, ең алдымен Семей ядролық полигонның зардабы тараған аймақ, Арал өңірі жан баласы төзгісіз қиын жағдайда еді. Негізінен қазақтар тұратын алыстағы селолық аудандар қалыпты дәрігерлік көмекпен, ауыз сумен, көкөніспен, жеміспен қамтамасыз етілмеді, оларда балалар мекемелері, кітапханалар және т.б. жетіспеді. Мұндай жағдай республика мен орталық арасындағы қарама-қайшылықтың қауырт шиеленісуіне объективті негіз болды.
Республика халқының тұрмыс дәрежесінің жағдайын қарастыра отырып, 70-80-жылдары соғыстан кейінгі кезеңмен салыстырғанда халықтың негізгі бөлігінің жағдайы жақсарғанын мойындау қажет. Жанұялардың көпшілігінде теледидар, тоңазытқыш, кір жуатын машина, үй жиһаздары және басқа ұзақ пайдаланылатын заттар пайда болды. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі тұрмыстың көріністері – жер кепелер, барактар көзден ғайып болды деуге болады, коммуналды пәтерлерде тұратындардың саны азайды. Туристік сапармен шетелді, елді аралаушылардың, санаторийлар мен демалыс үйлерінде демалаушылардың саны көбейе түсті.
Алайда әлеуметтік саланың проблемалары оларды шешу қарқынынан тез көбейді, оны қалдық принцип бойынша қаржыландыру дәрігерлік қызмет, мектепке дейінгі тәрбие, білім беру сапасының артта қалуына әкеліп соқтырды. Жағдай, әсіресе, ауылдық жерлерде нашарлады. Тұрғын үй, мәдени-тұрмыс объектілерін салу, қызмет көрсету саласын дамыту халықтың қажетінен барған сайын артта қала берді, мұның бәрі халықтың заңды наразылығын туғызды. Азық-түліктің, сапалы өнеркәсіп тауарларының тапшылығы күшейді, адамдар өмірінің орташа ұзақтығы қысқарды. Еңбекке немқұрайлы қарау, өндірістегі ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік, қылмыс жасау жаппай құбылысқа айналды, “қылмысты экономика” дамыды. Мұның бәрі әлеуметтік саладағы дағдарыстың көріністері және тоталитарлық жүйені күйретуге алып келген объективті себептер еді.