Қазақстан Кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1918-1939 жж.)

Қазақстанда ірі байларды тәркілеу мәселесі 1923ж. наурыз айында облыстық ІІІ партия конференциясында қойылды. Алайда ол кезде экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға бағытталған жаңа экономикалық саясат стратегиясы коммунистерді тежеп ұстап тұрды. Алдағы экономикалық аласапран мен идеологиялық догманың біреуін таңдауға тура келді. 20жж. дағдарыстан күйзелген жүйе біріншісін таңдап алды. 1927ж. қараша айында Қазақстанның IV партия конференциясы байларды экспроприациалау идеясына қайта оралды, “олардан мал мен құрал-жабдықтың бір бөлігін тартып алуды мүмкін” деп есептеді, жергілікті партиялық “теорияшылдардың” пікірінше, бұл — “ауылды орташаландыруға және оның өндіргіш күштерін дамытуға апарып жеткізуге, сөйтіп пролетариаттың ауыл еңбекшілерімен одақ құруы линиясын бұрынғыдан бетер бекітуге тиіс” болды.

1927ж. желтоқсан айында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. 1928ж. наурыз айында Қазақстан өлкелік Комитетінің Бюросы заң жобасын бірнеше рет қарап, нақтылай түсті және онымен бірге БК(б)П ОК мен БОАК-ты таныстырды. Осы жылы тамыз айында Өлкелік Комитет науқанға тікелей басшылық ететін комиссияны құрды. Комиссия төрағасы болып Е.Ерназаров тағайындалды, оның құрамына О.Исаев, Н.Нұрмақов, Ғ.Тоғжанов, О.Жандосов және басқалар кірді. 1928ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауылдарға тікелей мыңнан аса өкілдер жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс атқарды.

Қаулыға сәйкес Республика бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар (ірі қараға шаққанда) жартылай көшпелі аудандарда 300 және отырықшы аудандарда 150 аса малы бар шаруашылықты тәркіге салу белгіленді. Науқанды 1928ж. 1 қарашасында аяқтау жоспарланды (кейін ол 10 күнге ұзартылды).

Науқан қорытындысы туралы құжаттарда, іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, оның 619 тұрған округтерінен тыс жерге жер аударылды. Олардан ірі қара малға шаққанда 145 мыңдай мал тартып алынды.

Алайда жарияланған статистикалық құжаттарды талдаған кезде, тәркіленіп алынып “тең” бөліске түскен мал саны, шаруашылықты бір қалыпты жүргізу тұрғысынан қараған кезде, кедей жарлылардың шаруашылығын көтермелеуге жетпеді. Мысалы, Қарқаралы округінде тәркіленген малды 198 малсыз шаруашылық, қарауында 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 және қолдарында 6—7-ден малы бар 27 шаруашылық алды. Шамамен есептегеннің өзінде, бұл шаруашылықтардың халыққа ең аз мөлшермен алғанда, барлығы 12.139 мал қажет еді. Ал, оларға барлығы 2065 мал ғана берілді, яғни 5 мың мал жетпей қалған. Қызылорда округінде жетпеген мал саны 9 мың бас болды. Басқа округтерде де жағдай тура осындай болды.

Бұл санақ тек бір нәрсені байқатады: шаруашылықтардың кейбір бөлігінде шаруаны жүргізуге қажетті мал саны ең төменгі мөлшердің өзіне де жетпеді. Қарауына бірнеше мал тиген осындай шаруашылықтар қауымға кіргенде тепе-тең жағдайда болғандықтан, өзінің әлеуметтік жағдайын жақсарту үмітінен айырылды, “ұзамай тәркіден алған малы сатылды, не сойылды”, қағаз жүзінде мұндай шаруашылық орташа деп есептелсе де, шындығында бұрынғыша қауымның кіріптар мүшесі болып қала берді, сөйтіп енді басқа деңгейде қаналатын болды. Уақытында Т.Рысқұлов нұсқау беруші орындар назарын осы жағдайға аударған болатын.

Тәркілеу тек оң іс деп танылды, себебі қаулы бойынша, ол ауылды “қансорғыш-қанаушылардан” азат ету мақсатын көздеді деп көрсетті. Бірақ, тәркілеуді өткізу барысында қол үшін берушілер комиссиясы дейтіндер жиі-жиі жазылған нұсқаулар шегінен шығып кете берді, сөйтіп қауымдық кооперациядан тыс күн көре алмайтын, қарауында 300—400 қоралы қойы бар, орта дәулетті адамдарды да есепке алды. Тап күресі мен әлеуметтік әділет үшін күресушілерге бұл мал соншалықты байлық болып көрінді, оны тез арада тәркіге салып, қолма-қол жарлы-кедейлерге берілуі қажет деп санады.

Осындай “ауыл байларын” жойып, мал-мүлкінен айыру салдарынан көптеген қауымдастықтар өндіріс құралдарын ұдайы өндіруге және малды жинастырып, керекті өнімді өндіруге міндетті түрде қажет малдан айрылып қалды да, ұзамай мүшелері жалаңаш-жалпы жарлылар қатарын толықтырды. Ал, өте байлар малы тартылып алынып, кезінде өздеріне сауынға берген малы тәркіге тағы да түсіп азып-тозды. Барлығының нәтижесі бірдей болды.

  1. Қазақстан ұжымдастыруда негізінен 1932ж. көктемінде (көшпелі және жартылай көшпелі аудандардан басқасы) аяқтауға тиісті аймақтық топқа жатқызылды. Республикалық партия, кеңес орындарында осы тым қысқа мерзімнің өзі қайткен күнде де “секіріп өтілуге тиіс” кедергі ретінде қабылданды.

Мұның соңы тез арада қоғам денінің процент қуалаушылық дертіне шалдығып, жазылмайтын дертіне ұрындырды. Аудандар мен округтер жеңіске жеткені жайлы, жарысқа түсіп, газеттер “колхоз майданынан” күн сайы түскен ақпараттар беруге үлгермей жатты.

Егер 1928ж. Қазақстанда барлық шаруашылықтың 20% ғана ұжымдастырылса, 1930 сәуіріне дейін 50,5%, ал 1931ж. қазан айында 65% жуығы ұжымдастырылды. 1931ж. Күздің басында республикада барлық үйлер 70% тен 100% дейін ұжымдасу ісімен қамтыған 78 аудан (барлығы 122) болды.

Ұжымдастырудың төтенше сипаты осы шара бай-кулакты құртудың мемлекеттік бағытын жүзеге асыру кең жайылған жерде өте күшпен жүргізілді. Жергілікті орындарға жеткізілген нұсқауларда жойылуға тиісті бай-кулактар шаңырақтары барлық шаруашылықтың жалпы санының 3—5% аспауы керек деген жағдай ерекше ескертілді. Осы себептерге байланысты тәркіге салынғандар саны кез келген жерде ең жоғарғы көрсеткішке “жеткізеді”.

Қазақстандағы бай-кулактарды тәркілеу мөлшері дәл, толық айту қиын, тек 1930—1931жж. республикадан тыс жерге бай кулак деп “жер аударылып” жіберілген шаруалар саны 6,765 адамға жетті. Ондаған мың шаруа жайы тұрған округтен республика ішіндегі басқа жерге көтерілді. Сонымен қатар Қазақстан аумағы елдің басқа аудандарынан жіберілген ондаған мың шаруа үшін “ауып келетін” жері болды. Республикаға 46091 отбасы, яғни 180015 адам ауып келіп қоныстанды.

  1. Қазақстан, Москва билеушілерінің ойлары бойынша индустриялық жеделдетудің негізі бір аудандары болуға тиіс деп есептелінді. Орталықтың саяси бағытын белсенді жүргізушілер қатарындағы Ф.Голощекин республикада кенді сыртқа шығару үшін кен өндіру мен темір жол транспортын ұсынды.

Осы мақсатта КСРО-ның өндірісі дамыған региондар үшін, Қазақстанды шикізат көзіне айналдыру қарастылды. Жергілікті саяси қайраткерлермен бірге басшы ретінде С.Садуақасов бұған қарсы шықты, ол орталық өнеркәсіп үшін негізінен шикізат көзі деп саналған саясатты тоқтатып, Қазақстанда жедел қарқынмен индустрияландыру саясаты республика мүддесі үшін де қолданылуды көздеді. Алайда, Голощекиннің көзқарасының негізінде Қазақстандағы индустриялизация отаршылдық формаға ие болды.

Ең ірі құрылыс қатарына 1931ж. аяқталған Түркістан-Сібір темір жолы яғни Алматыдан Семейге дейін жүргізілген құрылыс болды. 1927ж. Петропавловск-Көкшетау, ал 1931ж. Ақмолаға дейін жеткен жол құрылысы салынды. 1939ж. Қазақстаннан шикізат байлығын шығару үшін Ақмола-Қарағанды, Имск-Орал, Рубцовск-Риддер, 1940ж. Қарағанды-Жезқазған жол құрылысы салынды.

Пайдалы қазба байлықтарының аса бай кеніштерінің болуы Қазақстанда ауыр индустрияны, әсіресе оның кен шығару, мұнай, көмір, түсті металлургия саласын дамыту үшін негіз болды. Бұл салалар республиканың индустриялық бейнесін, оның өнеркәсібінің шикізаттық бағытын ұзақ уақытқа белгілеп берді. Риддер полиметалл комбинаты, Қарсақпай мыс комбинаты, Ертіс мыс қорыту заводы және басқа қайта құрылған кәсіпорындар базасында жұмыс істеді. Шымкент қорғасын заводы, Балхаш мыс қорыту және Ащысай полиметалл комбинаттары салынды. Жезқазған мыс қорыту комбинаттары, Өскемен қорғасын — мырыш заводы салынды. Негізінен Қазақстанда индустриализация екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңына дейін жүргізілді.