Патша шенеуніктерінің және олардың итаршылары — Жәңгірхан туыстарының үздіксіз көрсеткен қысымы Бөкей хандығы қазақтарының стихиялы наразылығының күшеюіне алып келді, бұл наразылық 1837ж. қарулы көтеріліске ұласты, оны батырлар — Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы және сұлтан Қайыпқали Есімұлы басқарды.
Көтерілісшілердің бірнеше жасақтардан тұратын ірі күші жолай хан шенеуніктерінің үйлерін қирата отырып Жәңгір ордасына жақындап қалды. Күзде Хан ордасын қоршау басталды. Орыс бекіністерінен, Астрахан, Орал және Орынбордан көтерілісті басу үшін әскер шықты. 30 қазанда Исатай қоршауды алып, шегінуге мәжбүр болды. Алайда ол ізіне түскен орыс әскерлерінен құтылып кете алмады. 15 қазанда Тас-төбе шатқалында жазалаушылармен шайқас болып, ол қазақтардың жеңілісімен аяқталды.
Желтоқсанда Исатай мен Махамбет аз ғана жасақпен шекаралық шепті бұзып өтіп, Кіші жүз жеріне кетіп қалды. Жоламанмен және Қайыпқалимен байланыса отырып, олар жаңадан әскер жинай бастады. 1838ж. Кіші жүздің мәслихатында Хиуамен одақ құрып, Ресейге қарсы “ғазауат” соғысын жариялауға шешім қабылданды. 1838ж. аяғына қарай қазақ жасақтарының саны 2 мыңдай адамнан тұрды.
Қайыпқали, Исатай және Махамбеттердің әскери дайындықтарына үлкен маңыз бере отырып, олардың Кенесарымен бірігуінен қорқып, патша үкіметі подполковник Геке басқарған арнайы әскер жасақтады. Соңғы шайқас Илецк қорғанысы ауданында өтті. Қайыпқали сұлтан құғыншылардан қашып кете алды, ал Исатай қаза тапты. Осыдан кейін көпшілік батырлар Жоламан мен Кенесарыға қосылды, ал Махамбет Хиуаға барып, сол жерде Қайыпқалимен бірге Бөкей хандығында жаңа көтеріліс дайындай бастады.
Сонымен, 1824—1837жж. алғашқы кезеңінде халық-азаттық соғысы оқшау әскери көтерілістер сипатында болды. Кіші жүздегі мұндай көтерілістерді Жоламан Тіленшіұлы, Бөкей хандығында — Исатай мен Махамбет, Орта жүзде — сұлтан Саржан Қасымұлы басқарды. Тек қозғалыс басшылығына сұлтан Кенесары Қасымұлы келгеннен кейін ғана қазақтардың бөлшектенген күштері біріктіріледі, соғыс жаңа кезеңге өтеді.
Есет батыр және Жанқожа Нұрмұхамедұлы көтерілісі. 50-жылдардың ортасы — 60 жылдардың басында қазақтардың отаршылдыққа қарсы соғысы жаңа күшпен лап ете түсті. Арал маңы ауданында қазақ жасақтарына Есет батыр, Сырдарияның төменгі ағысы ауданында — Жанқожа Нұрмұхамедұлы басшылық етті. Біріккен қоқан-қазақ әскери Жетісудағы орыстарға қарсы белсенді соғыс қимылдарын қайта жүргізді.
1853ж. мамырда орыс әскерлерінің Ақмешітке жорық жасауына байланысты және жүк пен әскерді Сырдарияға жеткізуге байланысты қазақтардың түйелері тәркілене бастады. Отаршыл өкіметтің бұл әрекеттері шекті руының қазақтарының Есет батырдың жетекшілігімен көтеріліске шығуына түрткі болды. 1854ж. 3 ақпанда қазақтарға қарсы барон Крангельдің отряды жіберілді, алайда ол табысқа жетпеді.
1855ж. қазақ даласына Қырым соғысындағы жеңіліс туралы хабар жетті, сөйтіп орыстарға қарсы қозғалыс күшейе түсті. Маусымда Есет жасақтары билеуші сұлтан Жанторыннің әскерлерін талқандады, сұлтанның өзі өлтірілді, онымен еріп жүрген казак отряды шекаралық шепке шегінін кетті.
Қазақтармен күресуге шамасы жетпейтінін білген отаршылдар өкіметі жекелеген ағамандар мен сұлтандарды сатып ала бастады, орыстарға қарсы қозғалысты бөлшектеуге тырысып, қазақ руларының арасына ірткі сала бастады. Сонымен, бір мезгілде қазақ ауылдарын аяусыз тонаушылыққа ұшыратқан жазалаушы экспедициялар ұйымдастырылды. Әсіресе Михайловтың, Кузьминский және Дерышевтің отрядтары аса қатыгездікпен әрекет етті. 1856ж. жазда қоныстарға тағы да жазалаушы экспедиция лап қойды. 1858ж. қыркүйекте Саян мекенінде Есеттің жасағы біржола жеңілді, ал оның тірі қалғандары Жанқожа батырға барып қосылды.
Кенесары ханның серіктерінің бірі-Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастапқыда Ресеймен күресті тоқтатқан еді. Алайда Сырдарияның төменгі ағысына бекіністер салынғаннан кейін және казактардың отарлауы басталуымен, қарт батыр орыс әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын қайта бастады. 1856ж. желтоқсанында Жанқожа батырдың жасағында Ресейдің отаршыл саясатына наразы 1500 қазақ болды. Желтоқсанның аяғында қазақтар Қазалы фортын қоршауға алып, Хиуамен және Есет батыр жасақтарымен бірлесіп қимылдау жөнінде келіссөздер бастады.
1856ж. желтоқсанда Ақмешіттен генерал-майор Фитингофт бастаған жазалаушы экспедиция шықты 1856ж. қаңтарда өткен шешуші шайқасты қазақтар жеңіліске ұшырап, Хиуа хандығының территориясына шегінуге мәжбүр болды
- Саржанның қайтыс болуы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын аз ғана уақытқа тоқтатты. 1837ж. жазында-ақ Саржанның інісі Кенесары басқарған жаңа, анағұрлым қуатты қозғалыс басталды.
Кенесарының өзі отаршыл өкімет тарапынан әлденеше рет қуғынға ұшырайды. Кенесары бастапқыда өз әкесі Қасымның, ал кейін ағасы Саржанның басшылығы астында шайқасады. 23 жасар Кенесарының Саржан жасағының қатарында болғаны туралы мәлімет 1825 жылға жатады. Қазақ жасақтарының жетекшісі ретінде ол тек өз әкесі мен ағасының өлімінен кейін ғана белгілі болды.
Ұлт-азаттық қозғалысын басқара отырып, Кенесары, “бір діндегі” ортаазиялық хандықтардан сүйеніш іздеген өз ағайындарының саясатынан бас тартады. Ол екі майданда — патшалық Ресейге қарсы және ортаазиялық хандықтарға соның ішінде ең алдымен, қазақ халқының бір бөлігін езіп — жаншып отырған Қоқанға қарсы күрес жүргізуге бел буады. Тікелей қарулы көтеріліске шықпас бұрын, Орта жүз жерлеріндегі басқару жүйесін Сібір өкіметіне жолданған хаттар арқылы алып тастауға әрекет жасалды, бірақ бұл хаттарға еш жауап қайтарылмады.
1837ж. көктемде, Кенесары аз ғана жасақпен Ақмола округінің территориясына келеді. Қазақтар жаппай оның туының астына жиналып жатты. Жекелеген жасақтардың Кенесарының жақын туыстары — Наурызбай, Әбілғазы, Әлжан, Бопай-Ханым және қара халықтан шыққан батырлар — Ағыбай, Жанайдар, Иман Дулатұлы, Жоламан
Тіленшіұлы, Бұқарбайлар басқарды. Оған қоса, Кенесары жасақтарында көптеген қашқын орыс солдаттары, айдаудағы поляктар, башқұрттар да болды. Башқұрттар мен орыстар зеңбіректер соғып, қару-жарақ жасады, қазақ жауынгерлерін жаяу жүріп соғысуға үйретті. Қансып жүрген орыс солдатының бірі (аты-жөні белгісіз) Кенесарының жеке хатшысы қызметін атқарды. Бұған қоса, алғашқы кезеңде орысқа қызмет етіп жүрген сұлтандар мен билердің бір бөлігі, кейбірі өз мүдделерін көздеп, кейбірі Кенесарыдан қорыққанынан оған келіп қосылды.
Қазақ әскерінің табыстары. 1837ж. жазда Чириковтың жазалаушы отряды талқандалды, сөйтіп Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы және Баянауыл округтері Кенесарының билігіне қарады. Көктемде ол Батыс-сібір губернаторы Горчаковқа Ресей өкіметінің саясатына қарсы арнайы наразылық хатпен елшілік жібереді.
Өз хатында Кенесары қазақ жерлеріндегі бекініс пункттерін жоюды, тартып алынған жайылымдарды қайтаруды талап етті. Егер бұл талаптар орындалмаса соғысты ары қарай жалғастыра беремін”, – деді. Сұлтан өкілдері хатты Горчаковқа табыс ете алмады. Омбыға бара жатқан жолда олар қолға түсіп, сотқа тапсырылды. Ресеймен арадағы келіссөздердің үзілуі, Кенесарыны белсенді әрекеттерді қайта бастауға мәжбүр етті.
Қазақ мемлекетінің қалпына келтірілуі. 1840ж. бастап қазақ мемлекетілігінің қайта тууымен байланысты азаттық соғысының жаңа кезеңі басталады. Қазақ руларының кеңесі 1841ж. қыркүйекте Кенесарыны қалпына келтірілген қазақ мемлекетінің ханы етіп сайлауымен аяқталды. Кенесары хан өкіметті орталықтандыруды күшейту және күресті одан әрі жалғастыру үшін қажет берік тіл жасауға бағытталған бірқатар әкімшілік және сот реформаларын жүргізді. Ханның жанында хан кеңесі жұмыс істеді, оған ханның жақын серіктері кірді. Салық жинауға, әскери дайындыққа және дипломатиялық (елшілік) істерге жауап беретін мекемелер ұйымдастырылды.
Ханның ерекше көмекшілері — жасауылдар әр түрлі руларға бекітіліп берілді және хан бұйрықтарының орындалуын қадағалауға тиіс болды. Тек Кенесарыдан рұқсат алған билер ғана сот жүргізе алды. Хандықтың барлық көшпелі “ұшұр” салығы белгіленді. Кенесарыға бағынған қазақ рулары орыс және қоқан қазынасына өтелетін салықтан босатылды. Хан өз армиясын да реформалады. Оның тұсында қазақтарда артиллерия пайда болды, қазақтар жаяу жүріп соғысуды игере бастады. Тұтқынға түскен және қашқын солдаттар мен офицерлерден Кенесары орыс тактикасының негіздерін үйренді. Ол бірінші болып ерекшелік белгісін және ерекше түскен жауынгерлерді марапаттау жүйесін енгізді. Хан 20 мың адамнан тұратын тәртіпті, жақсы үйретілген, жұмылған атты әскер құра алды.
1841—1844жж. соғыс қимылдары. Ресеймен арадағы күрестегі қысқа ғана үзілісті пайдаланып Кенесары Ұлы жүздің руларын азат ету үшін Қоқанмен соғысқа кірісті. 1841ж. қыркүйекте оның әскерлері Созақ, Жаңақорған, Жүлек және Ақмешіт қалаларын алды. Алайда 1842ж. орыс үкіметімен болған уақытша бітім бұзылды. Сотанков басқорған Сібір отряды Кенесары ауылдарына шабуыл жасап, қыруар мал мен тұтқындарды айдап әкетті, тұтқындардың арасында Кенесарының әйелі де бар еді.
Даладағы соғыс қимылдары 1843ж. тамызда қайта басталды. Подполковник Бизановтың басшылығындағы 5000 адамдық отряд Сахарный бекінісінен, басқа отрядтар Омбы, Петропавл және Қарқаралы бекіністерінен соғысқа шықты. Тобыл өзені жағынан патша өкіметіне берілген қазақтардан тұратын сұлтан Ахмет Жантөріннің отряды шықты. Епті айла-шарғылармен Кенесары ұрыстарда Бизановтың отрядын әбден қалжыратты, сөйтіп оны 1843ж. Орскіге шегінуге мәжбүр етті. Қалған отрядтар да күзгі суықтың басталуымен даланы тастап бекіністерге оралуға мәжбүр болды.
1845ж. күзде орыс әскерлері мен патша өкіметіне берілген аға сұлтандардың жасақтары Кенесары ауылдарына жаңадан шабуыл бастады. Көп шығынға ұшырай отырып, қазақтар Торғай даласын тастап, Сарысу мен Шу өзендерінің ауданына шегінуге мәжбүр болды.
Оңтүстікке шегіне отырып, хан орыс әскерлерімен күресті тоқтатпады, алайда негізгі күштер Қоқанмен соғысқа жіберілді. Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлымен біріге отырып, Кенесары Қоқан өкіметінің қол астындағы қазақ руларын азат ете бастады. Бұқара мен Қоқанның одағы және генерал-майор Вишневскийдің “жазалаушы отряды” 1846ж. басында Кенесарының шегініп, Іле сағасындағы Қамал түбегіне бекінуіне мәжбүр етті. 1846ж. қыста Кенесары жасақтары Іле өзенімен Алатау мақайындайы Ұлы жүздің қоныстарына келді. Кенесары қырғыз манаптарын Ресей мен Қоқанға қарсы бірігіп күресуге шақырды. Алайда манат Ормон басқарған қырғыздар оның ұсынысын қабылдамады, және Кенесарыға қараған ауылдарға шапқынқыншылық жорықтар бастады. Ішкі майданда бірдей — Қоқан әскерлеріне, қырғыздарға және Жетісуда әрекет етіп жатқан Жемчужников отрядына қарсы ауыл соғысы басталды.
Кенесарының опат болуы. 1846—1847жж. аралығында Кенесары бүкіл Ұлы жүз қазақтарының күшін біріктіріп, Маркс бекінісін алды, Шу өзенінде бекініс тұрғыза бастады. 1846ж. күзде қырғыздармен уақытша бітім жасалды, алайда көп ұзамай қоқандықтардың арандатуымен қырғыздар қазақ батыры Саурықты өлтірді, сөйтіп соғыс қайта басталды.
1847ж. Кенесары жасақтары қырғыз жерлеріне кірді. Бұл жерде қазақ әскерлері орасан зор қиындықтарға кездесті. Жергілікті халықтың дұшпандық қатынасы, қырғыздардың, қоқандықтармен орыс отрядтарының бірлескен қимылдары қазақтардың жеңілісін алдын ала анықтап берді. Кенесарының соңғы шайқасы Бішкекке жақын жердегі Кеклі тауларында болды. Қазақтарды қоқан және қырғыз жасақтары қоршап алды, ұрыста ханның інісі — Наурызбай батыр қаза тапты, Кенесарының өзі тұтқынға түсіп қалды. Дарға асылар алдында ол қырғыз манаптарын араздықты қойып, ортақ жаумен күресу үшін күштерді біріктіруге шақырды, алайда бұл жолы да манаптар оның ұсынысын қабыл алмады.
Батыс-Сібір генерал-губернаторы Горчаков соғыста көзге түскен барлық қырғыздарды марапаттады, ал Кенесарыны өлтірген манап Қалиғұлы Әлібекұлына алғыс беріп, күміс медальмен марапаттады. Шайқастарда қаза болған қазақ жігіттерінің бастары Қоқан ханына сый ретінде жіберілді. Ханның кегін алу үшін Ұлы жүз қазақтары Қырғызстанға бір қатар жорықтар жасады және бірнеше манаптар аяусыз жазаланды.