VIII ғ. 70 жж. Қазақ хандығы және оның ішкі, сыртқы саясаты

Кіші жүз Ресей азаматығын қабылдағаннан кейін, Орта және Ұлы жүздің кейбір билері мен сұлтандары да Ресей “қамқорлығында” болуға тілек білдірді, алайда өздеріне ешқандай міндеттемелер алған жоқ. Олардың бұл әрекетінің бірден-бір себебі ішкі саяси күресте Әбілқайырға артықшылық бермеу еді. Орта жүз бен Ұлы жүз өздерін орыс азаматтарымыз деп таныған жағдайда Әбілқайыр оларға қарсы орыс әскер пайдалана алмайтын еді. Өз қауіпсіздігін осыйлайша қамтамасыз ете отырып, екі жүздің хандары Жонғариямен соғысты жалғастырды.

1731ж. аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр өз өкілдерін Орта жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер ол Ресей азаматтығын алатын болса, аймақ қауіпсіздігін орыс әскерлерінің көмегімен қамтамасыз етуді уәде етті. Семеке Әбілқайыр елшілерінің ұсынысын қабылдайды. 1732ж. Ресей құрамына Орта жүздің біраз бөлігі формальді түрде енеді. Бұдан кейінгі оқиғалар көрсеткендей Семеке Ресей империясымен жасаған келісімнің шарттарын сақтамайтынын танытты: Ресей азаматтығындағы башқұрт феодалдарына шапқыншылық жорықтар жасап тұрды. Жоңғариядан төнген қауіп-қатер, Орта жүздің ықпалды (феодалдарының) би-шонжарларының өздерін Ресейдің құрамына қабылдау жөнінде Ресейге қайта өтініш жасауларына түрткі болды. Анна Иоановнаның 1734ж. 10 маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның жақтастарының өтініші қанағаттандырылды. И.К.Кирилловтың 1737ж. сәуір айында қайтыс болуына байланысты Орынбор өлкесінің жаңа бастығы болып В.Н.Татищев тағайындалды. Ол Кіші және Орта жүздер сұлтандары мен ағамандары өкілдерінің бодандылығын баянды етуге тырысып бақты.

Кіші және Орта жүздер ағамандары мен сұлтандары өкілдерінің 1740ж. Орынборда өткен съезі Ресей азаматтығына өтудің алғашқы нәтижелерін бекітуге ықпал етті. Съезге қатысқан Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан қалыптасқан жағдайды ескеріп, Қазақстанды жоңғарлардың мүмкін болар басып кірушілігінен қауіпсіздендіруге тырысып, Ресей азаматтығын қабылдауды жақтаған пікір айтты. Кіші және Орта жүздердің бір топ сұлтандары мен ағамандарының 1740ж. ант беруі Ресейге Орта жүздің тек бір бөлігінің ғана қосылуын қамтамасыз етті. Ал солтүстік, шығыс және Орталық Қазақстанның негізгі аймақтары империя құрамына тек ХІХ ғ. 20-40жж. ғана, патша өкіметінің әскери-саяси шараларының салдарынан қосылды.

  1. ХІХғ. басында Ресей, Орта Азия хандыдықтары мен Қытайдың ортасында орналасқан Қазақстанның аса зор стратегиялық маңызы айтқандалы бастайды. Азияға әрі қарай жылжу үшін Ресей ең алдымен қазақ даласына бекініп алуы керек еді. Отарлық саясаттың күшеюі, сондай-ақ өсіп отырған орыс буржуазиясының экономикалық мүдделерімен де түсіндірілді. Қазақстан орыс көпестерін мал шаруашылығы өнімдерінің көзі ретінде және Батыс Европа рыноктарында бәсекеге түсе алмайтын орыс товарларын өткізу рыногы ретінде де қызықтырды.

Арынғазының тұтқынға алынуын және Уәли ханның қайтыс болуын пайдаланып, отарлық әкімшілік далаға шабуылға шығуға бел байлады. Өздеріне адал сұлтандардың бір бөлігіне сүйене отырып, патша өкіметі Солтүстік және Батыс Қазақстанда “Сібір қырғыздары туралы Ережеге” және

“Орынбор қырғыздары туралы Ережеге” негізделген жаңа басқару жүйесін құрды.

1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы Ереже” 1822ж. М.Сперанскийдің басшылығымен жасалды. Сібірдің екі бөлікке бөлінуіне (1822ж.) байланысты Қазақ даласының территориясы Батыс Сібірге жатқызылды, оның бас басқармасы 1839 жылға дейін Тобылда, ал 1839ж. бастап — Омбыда болды. Ереже бойынша сібір қырғыздарының ауданы сыртқы және ішкі округтерге (аймақтарға) бөлінді. Сыртқы округке Ертіс өзенінің арғы жағында көшіп жүрген қазақтар кірді. 1822ж. 1838ж. дейін 7 округ — Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті округтері құрылды. Округ басында округтік басқарма (приказ) дуан тұрды, онда әкімшілік, полиция, сот шоғырланды. Приказдарды аға сұлтандар басқарды, оның жанында төрт уәкіл (заседатель): губернатор тағайындаған екі шенеунік, және екі жылға билер, ағамандар сайлайтын екі қазақ жұмыс істеді. Аға сұлтан ереже бойынша сұлтандар жиынында үш жылға сайланды. Оған қызмет уақытында майор атағы берілді. Үш сайлаудан табысты өткендер дворян дипломын алуға үміттене алатын болды.

Округке 15 тен 20-ға дейін болыстар кірді. Болыстарды сұлтандар басқарды, алайда сұлтандардың болмауы себепті көптеген руларда бұл қызметке қара сүйек өкілдерін сайлап отырды. Өз жағдайы бойынша олар 12-ші дәрежелі шенеунікке теңестірілді, олардың өкіметі атқарушылық сипатта болды. Яғни, дуанның бұйрықтары мен қаулыларын орындау және сот үкімдерін іске асыру болып табылды.

Әрбір болыс 10-12 ауылдан тұрды. Ауыл ағамандары үш жыл сайын сайланып, округтік приказбен (басқармамен) бекітіліп отырды. Осындай әкімшілік ауылдардың әрқайсысы 50—70 шаңырақты біріктірді. Округтер мен болыстарды құруда рулық бөлініс ескерілді, территориялық белгілер де осыған сәйкестендірілді. Әрбір округ белгілі территорияға ие болды.

Ереже бойынша сот істері қылмыстық және азаматтық болып бөлінді. Неғұрлым ауқымды (маңызды) істер би сотына берілмеді. Маңызды емес істерді қарастырғанда да би сотының шешімі округтік приказдарда (басқармаларда) қайта қаралатын болды. Ереже салық жүйесін енгізді — әрбір қожалық үкіметке 100 бас малдан 1 бастан жасақ төлеу міндетті болды. Бұл санға, сауданың дамуына қажетті негізгі жүк таситын мал-түйе кірмеді. Ережені қабылдаған қазақтар алғашқы бес жыл салықтан босатылды. Құжатта міндеткерліктің басқа да түрлері — керуендерді күзету, көлік міндеткерлігі, пошта, байланыс жолдарын күзету және т.б.жөнінде көрсетілді.

“Сібір қырғыздары туралы Ереже” Солтүстік, Орталық Қазақстанды азаматтық және әскери отарлауға, қазақ ауылдарын белгілі территорияға бекітуге, жаңа саяси-әкімшілік басқаруды ұйымдастыруға ықпал етуі тиіс болды, мұның өзі Қазақстанның Ресейге қосылуын аяқтауға ықпал ететін еді.

1822ж. Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эксен жасаған “1824ж. Орынбор қырғыздары туралы Ережені” 1824ж. Азиялық комитет қабылдады. Осыған байланысты хандық билік жойылды. Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақырылып, сол жерде тұрақты түрде өмір сүруге

қалдырылды және айына 150 рубль, күміс жалақы беріліп тұратын болды. Оған “Орынбор шекаралық комиссиясының бірінші мүшесі” атағы берілді.

Кіші жүз үш бөлікке: байұлы руларынан тұратын — батыс; жетіру мен әлімұлының бір бөлігінен тұратын — орта; әлімұлы руларынан және сондай-ақ қыпшақтар мен арғындардан тұратын — шығыс болып бөлінді. Бөліктердің басшылығына қойылған билеуші сұлтандар, іс жүзінде Орынбор шекаралық комиссиясының шенеуніктері болды, оған председатель бай қазақтар қатарынан төрт кеңесші және төрт уәкіл (заседатель) кірді. Өз міндеттері бойынша комиссия губерниялық басқарманың функциясын атқарды.

Әрбір билеуші-сұлтанның жанында офицердің басқаруындағы казак отряды тұрды. Олардың ставкасы казак станциялары мен бекіністерінде орналасты. Билеуші-сұлтандар да, олардың көмекшілері де сұлтандар сословиесінен қойылды.

Кіші жүздегі барлық қызмет адамдарын, ауыл азаматынан бастап билеуші сұлтанға дейін шекаралық комиссияның ұсынысы мен Орынбор генерал-губернаторы тағайындап отыр. Мұнда сайлау жүйесі болмады.

Бұл құжаттардың ережелерін іс жүзіне асыру Қазақстанның отарлық тәуелділікке түскенін көрсететін еді, сондықтан да мұның далада наразылық дүмпуін тұғызуы табиғи нәрсе еді. Алғашқыда оқшау наразылықтар басталған еді, кейін олар Ресейге қарсы азаттық соғысына ұласты.

  1. Шекараларының ауқымы барынша кеңейген Ресей империясының жағдайы басқарудың әкімшілік жүйесін енгізуге қолайлы болды. Крепостниктік құқық жойылғаннан кейін Ресей үкіметі земстволардың, сот және қалалардың және т.б. әлеуметтік-саяси өмірінің ағымын түбегейлі өзгерткен бірқатар реформалар жүргізді. Капитализм «тереңдеп» әрі «кеңінен ауқым алып» дами бастады.

Осындай жағдайда Ресей Қазақстанды басқарудың бұрынғы жүйесін түбірімен өзгерту міндетін қойды.

Қазақ даласын басқару туралы заң жобасын дайындау үшін үкімет 1865ж. Дала комиссиясы дегенді құрды. Реформаны дайындау кезінде халық бұқарасының көңіл-күйі ескерілмеді. Ш.Уәлиханов қазақтардың материалдық жағдай мен тұрмысын жақсартуға ықпал ететін радикалды реформалар жүргізуді жақтады. Ол Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқаруы негізіндегі әкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынды. «Сот реформасы туралы хатында» ол қазақ халқы үшін ең маңызды шара әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізу деп есептеді. 1867ж. 11 шілдеде Александр ІІ — Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына; 1868ж. 21-қазанда — Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына қол қойды. Сонымен, Қазақстанды басқару жөніндегі «үкіметтік шенеуніктердің ойластыруы негізінде, Сейдалин, Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов сұлтандардың және басқалардың белсенді қатысуымен патша өкіметі әзірледі. 1854ж. Ашылған Семей, Ақмола облыстарын, 1866ж. құрылған Жетісу облысын басқаруға өзгерістер енгізілді. Реформа бірінші рет бүкіл Қазақ өлкесін қамтыды. Әйтсе де хандық билік 1845ж. ақ тоқтатылған Бөкей (Ішкі) ордасы уақытша ереже жобасы бойынша Астрахань губерниясының құрамына қосылып кетті.

Облыстар уездерге, уездер болыстарға бөлінді.

Түркістан генерал-губернаторлығының міндетіне әскери және азаматтық биліктермен бірге, көрші Қытай, Иран және басқа мемлекеттермен дипломатиялық (елшілік) қарым-қатынастар жүргізіп отыру тапсырылды.

Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілер өмірінің патриархалды-феодалдық құрылысын шайқалтты, сұлтан-билер мен ағамандардың билігін шектеді. 1867-1868жж. реформаларды жүзеге асыру ру ақсүйектерінің ықпалының әлсіреуіне әкеліп тіреді, мұның өзі олардың құқықтық, экономикалық және саяси жағдайларынан көріне бастады.

Әкімшілік басқару айқын әскери сипатта болды. Облыстарды әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына шоғырландырған әскери генерал-губернаторлар (әскери округтердің командашысы да солар) басқарды. Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы — жаңа реформа бойынша Қазақ даласының әкімшілік құрылымының принципі болды.

1868ж. далалық облыстардағы басқару туралы Уақытша ереже және 1867ж. Түркістан өлкесіндегі басқару туралы Ереже бойынша болыс басқарушысы өз қолына полицейлік және басқару билігін шоғырландырды. Ол «тыныштық пен тәртіптің» сақталуын, салықтардың төленуін және халықтың әртүрлі міндеткерліктерін өтеуін қадағалап отырды. Билер сотының шешімдерін іс жүзіне асыру да оның міндетіне жатты. Ауыл ағамандары өз қызмет бабы шеңберінде болыс басқарушыларға атқарған міндеттерді орындады. Қазақ шаруалары мейлінше ауыр земстволық міндеткерліктерді де өз нықтарымен көтерді, олар ауылдық-болыстық әкімшілікті асырады, көпірлерді, почта жолдарын жөндеуге қаржы беріп, әскери бөлімдерді көлікпен қамтамасыз етіп тұрды.

1867-1868жж. реформамен жалпы империялық заңдар негізінде әрекет ететін әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды. Сонымен бірге ауылдарда билердің феодалдық соттары және Сырдария облысының қыстақтарында қазылар соты сақталып қалды. Далалық облыстардан тыс жерлерде жасалған қылмыстар, қазақ малшыларының қылмыстық және азаматтық істерін Ресей заңдары негізінде уездік судьялар (соттар) қарайтын болды.