Қазақстан аумағы дүниежүзілік өркениет жүйесінде (VI-XII ғ.ғ.)

Қалалар-саяси өмір, сауда, қолөнер және мәдениет орталығы. Ұлы Жібек жолының қазақ жеріндегі тармақтары. Қалаларға сипаттама. Материалдық мәдениет.

VI-XIII ғ.ғ. Түркі халықтарының рухани мәдениеті. Наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары. Тәңірге сену, оның көріністері.

Түркі жазуының пайда болуы және оның маңызы. Түркі жазуының ескерткіштері, оның таралу аймағы,зерттелуі. Тоныкөк. Күлтегін және Білге қаған құрметіне қойылған құлпытастар, оларға сипаттама.

Ислам дінінің түркі халықтарының өміріне ене бастауы.Түркі елдерінің араб халифаты елдерімен байланысының артуы.Ислам мәдениеті және негізі болған Құран Кәрім мен Хадистердің түркі халықтарының өміріне тигізген ықпалы.

IX-XII ғғ.Түркістандық ғалымдар мен ойшылдар: Абу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Сүлеймен Бақырғани және т.б. Олардың қалдырған мұраларының маңызы мен мәдениетте алар орны.

Қазақстанның географиялық орналасуына байланысты қазақ жерінде орта заманнан бері қос мәдениет-көшпелі және отырықшы қатар дамыған. Біздің дәуірімізге дейінгі Қытай деректері Сырдария жағалаулары мен Арал маңындағы қалалардың халықаралық сауда ісіне тартылғанын көрсетеді.

Отырықшылық мәдениет — отырықшы егіншілік және қала мәдениетінен құралады. Қала ұғымы әр бір тарихи кезеңге байланысты өзгеріп, толығып отырды.

Қалалардың тұрақты ауылдардан айырмашылығы қолөнер мен сауданың және архитектураның кеңінен дамуы орын алады.

Қала мәдениетінің ежелден қалыптасқан екі орталығы – Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу болды.

Испиджаб. (Қазіргі Сайран елді мекені)

Ұлы Жібек жолының қазақ жері бөлігіндегі ең ірі қала саналды. VII ғасырдың барысында Сюань-Цяньнің жылнамасында “Ақ өзендегі қала” деген атаумен белгіленген.

Араб тарихшысы әл-Мақдиси Испиджабты өте таза, ұнамды, үлкен қала ретінде сипаттап, қалада 1700 рабат (керуен сарай) төбелері жабылған ірі сауда орталықтарының және үлкен орталық мешіттің бар екендігін хабарлайды.

Археологтардың есептеулерінше қаланың өзінде және қала маңында 40 мыңға тарта халық тұрған.

Отырар Қазақстан қалаларының ішінде ерекше орын алатын қала. Себебі, қаланың орналасқан географиялық орны мен түрлі алқаптардың — көшпелі және отырықшы өмірдің тоғысқан, сан тарау керуен жолдарының қиылысқан жерінде тұруы.

Белгілі археолог А.Н.Бернштаев Отрарға байланысты “Орта Азияда бұдан ең қолайлы және ең қауіпсіз орынды табу қиын” деп көрсетеді.

Тараз Қазақ жеріндегі ең ежелгі қалалардың бірі. VII ғасырдан Жібек жолындағы маңызды орталыққа айналды. Аты әйгілі араб тарихшы, жағрапияшысы әл-Махдиси Х ғасырда былай деп жазған “Тараз — бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар – үлкен, берік қала”. Хғ. соңы — ХІғ. Орта Азияны біріктірген Қарахандар мемлекетінің бір орталығы осы Таразда орналасты.

Жазба деректер Оңтүстік Қазақстанда 27 қала туралы хабар береді.

Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылған. (Бұлда сонда 353 б.)

Суябпен Баласағұн Жетісу өңіріндегі екі ірі орталық болып саналған Алғашқы кезеңде Қытай тарихшылары, кейінірек араб ғалымдары Суябты “бұл 20 мың адам тұратын үлкен мекен” деп сипаттайды. (Валин С.Л. Аталған еңбек. 180-183 б.)

Суяб батыс Түрік және Түргеш қаѓанаттарының астанасы болды.

Баласағұн Жетісу өңірінің астанасы, Қарахан мен Қарақытайлардың саяси орталығы болып, Х-шы ғасырдың тарихшылары көрсеткендей “игілігі мол үлкен елді мекенге”

айналған (К.Байпақов, А.Нұржанов. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. А., 1992. 158 б.)

Баласағұнда 40 күмбезді және 200 қарапайым мешіт, жиырма ханақ пен он медресе болған. (Қ.Байпақов, А.Нұржанов. Аталған еңбек. 160 б.)

ІХ—Х ғасырларда Жетісудің солтүстік-шығысында 12 қала болса, ХІ—ХІІ ғасырларда 70-ке жеткен. Сол заманның куәгері араб ғалымы әл-Идриси ХІІ ғасырда Алакөл және Ертіс жағалауында қимақтардың қалалары болғандығын жазады.

Ортағасырлық қалалар бірнеше бөліктен тұрды. Оның ішінде қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Бұл жерде билеуші топ өкілдері мен бай саудагер, әскербасылар, шенеушілер тұрған. Қаланың қорғаныс құрылыстарын мықты дуалдар құрайды. Дуалдардың ені 2 метрден 7 метрге дейін, биіктігі 5 метрге дейін салынған. Кейде Дуал қорғандар ішкі қамалда қала бекінісінде де бөлек салынған (Кошемеко П.Н. Оседлые поселение Таласской долины. Фрунзе, 1963, 167-171 б. )

Үлкен қалаларға ортақ сипат салтанат залдарының қабырғалары оюлармен әшекейленген. Құлшылық орындары, мешіттер, суландыру құбырлары, моншалар қала архитектурасының басты бөлігін құраған.

Ғылымның дамуы. Әрбір халықтың рухани байлығы — ғасырлар бойы тарихында жасалған, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын мирас.

VI—VII ғасырларда Түрік қағанатының құрамындағы Қазақ жеріндегі тайпалар өз жазуын қолданған. Византия тарихшысы Искандрдың 568 ж. Константинопольге барған түрік елшісі Қағаннан “скиф жазуымен” жазылған хатын алып келген.

Ертедегі түрік жазуы тұңғыш рет XVIII ғасырда Енисей аңғарында табылып, ол “руналық жазу” деп аталды. Руналық жазудың ең әйгілілері Білген қаған мен қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне қойылған және Тонікөктің ескерткіштері. Сонымен бірге, Талас бойынан, Шығыс Қазақстан, Талғар қаласы жұртынанда түрік жазба ескерткіштері табылды. Бұлар маңызы зор тарихи дерек көздері болумен бірге, аса көрнекті әдеби шығармаларда болып табылады.

ІХ ғасырдан бастап ислам дінінің таралуына байланысты, академик В.В.Бартольд атап өткендей ғылымның дамуы кең өріс алады.

Әдебиет пен қатар тіл, астрономия, арифметика, философия, тарих және басқа ғылым салаларындағы әлемге әйгілі ғұламалардың өмірі мен еңбектері бұған айғақ. Отрар қаласында 870ж. дүниеге келген Әбу-Насыр Әл-Фараби философия, ғарышнама, логика, медицина, заң ғылымы мен математика салаларында үлкен жетістіктерге жетті. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы”, “Логика” және басқа еңбектері ғылым тарихының алтын қорынан орын алды.

Жүсіп Баласағұн 1015—16 жылдары Баласағұн қаласында туылды. Түрік тілінде жазылған алғашқы еңбек “Құтты білік” кітабы ұлы әдеби-философиялық шығарма. Жүсіп Баласағұны еңбегінде адамгершілік принциптерден бастап, мемлекетті басқару әдістерін, қоғамдық-саяси мәндегі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар, экономика, мәдениет, этика мәселелерін өте жоғары деңгейде талдап көрсеткен.

“Ақыл-ой — шам шырағың түндегі

Білімдарлық — жарық көзі күндегін”.

Махмұт ибн ул-Хусаин ибн Мухаммед әл-Қашқари ХІ ғасырда Қашқарда туылып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Оның “Диуани Лұғат ат-түрк” еңбегі түрік тілі ғылымындағы орны ерекше шығарма Түркі руларының тіл ерекшеліктерін, сөздік қорын зерттеумен бірге, халық фольклорымен тарихы, этнографиясына өшпес мұра қалдырды. 29 тайпаның аты, картасы, 110 жер-су аты, 262 мақал келтіріп

“Елім саған әдепті мирас етіп қалдырамын,

Шағалаған, жайқалған білімдінің бұл құрағын”

Қазақстанның орта ғасыр кезеңінде қалалар ғылым мен мәдениеттің ірі орталықтарына айналды. Әсіресе қала мәдениеттінің дамуына ислам дінінің ықпалы орасан зор болды. Әрбір қаладағы ірі кітапханалары бар медреселер жалпы білім тарату ордаларын құрады. Мысалы бір Отрар қаласының өзінен атақты Әл-Хорезми мен асторономиялық кестені жасауға қатысқан әйгілі астроном, математик Аббас Жаухари тілші географ ғалым Ысқақ әл-Отрари секілді ғұламалар шықты. Отрар кітапханасы сол замандағы әлемдегі ең үлкен кітапханалар қатарына енген. Сонымен бірге тарихта аты белгілі әл-Түркістани, әл-Сығанақи, әл-Шаухари секілді көптеген ғұлама-ғалымдардың мекендері де өркениетті дамуды сипаттайды.

Дін. Ертедегі түріктер негізінен тәңірге сыйынған Орхон жазба ескерткіштерінде “Көкте түрік тәңірісі”,.. Тәңір жарылқағандықтан,.. Төбеңнен тәңірі баспаса,.. тәңірі жарылқаушы,.. тағдырды тәңірі жасар адам баласы өлгелі туған” — деген секілді. Күлтегін жазуындағы теңеулер Тәңірдің көктегі жаратушы екендігін сипаттайды.

Ортағасыр тарихшысы әл-Мақдиси Х-ғасырда түріктердің діні туралы былай деп жазады: “Түріктер бір тәңірі, яғни “тәңір-біреу” дейді.

Сонымен бірге, ежелгі түріктер арасында зороастризм, буддизм, несториан діндерімен қатар отқа, жануарларға, пұтқа, рухқа табыну секілді шамандық сипаттағы діни ағымдар болды. Несториан дінінің, өздері бөлініп шыққан христиан дінінен ерекшелігі — бір құдайға бойұсынушылық болып, Иса пайғамбарды Құдайдың ұлы емес, құлы және елшісі деп, Мариямның баласы ретінде тануында.

Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырдан бастап тарала бастады. Түркеш жерін жаулап келген қытайларға, түркештермен одақ құрған араб әскерінің 751 жылғы Атлақ соғысындағы тарихи жеңісінен кейін, ел ішінде кеңінен таралып 960 жылы Қарахан мемлекетінде мемлекеттік дін болып қабылданды.

Жаңа мемлекеттік дін қоғам өміріне аса маңызды өзгерістер әкелді. Түркі діндердің ел ішіндегі ыдыратушылық факторын жойып, тайпалардың рухани бірлігін дамыту арқылы этностық тұтастануына негіз қалады. Ислам дінінің келген алғашқы 2—3 ғасырында ортақ территория аясында әл-Хорезми, әл-Фараби, әл-Торуни, Әбу Әли ибн Сина, Ж.Баласағұни, Мазмұт Қашқари секілді алыстар адамзаттың алтын қорына өз үлестерін қосты.

Діни әдебиеттің кеңінен таралуына ХІІ ғасырда Иассы қаласында тұрған Қожа Ахмет Иассауи және Сулеймен Бақырғани, Ахмет Махмұтұлы Иүгінеки секілді ойшыл ақындар үлкен үлес қосты.

Ахмет Иссауидің “Диуан-и Хикмет” өлеңдер жинағы исламдағы сопылық ағымын дәріптеп халыққа діндарлықты, сопылық ұстамдықты, аскетизмді насихаттаумен бірге дүние қызығынан безіп тәркі дүниелікке келуге шақырады.

Ахмет Иүгінекидің “Ахиқат сыйы” дастанының негізгі мазмұны моральдық, этикалық мәселелерге арналған. Егер сопылық әдебиет өкілдері адамның танымдық мүмкіндігін шектеп, сезім мен қияли ой-жорамалға сүйенсе, Ахмет Иүгінекимен Ж.Баласағұни жолымен парасаттылыққа, оқу, ғылымға, еңбек етуге шақырып, қараңғылықтың бақытсыздыққа апаратынын жырлайды.