Бүгінде Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр. Республика тәуелсіздік алып, дүниежүзілік қоғамдастық таныған егеменді мемлекетке айналды. Жаңа азаматтық қоғам және президенттікбасқару нысанындағы демократиялық мемлекет дүниеге келіп, 1995 жылғы тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген саяси бостандықтар орнығып келеді, экономикаға реформа жасалуда-әр түрлі меншік түрлері, нарықтық
қатынастар қалыптастырылып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, қазақ халқының, Қазақстан Республикасының тарихында хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды.
«Тарих» дегеніміз халықтың зердесі. Ол болып өткен,оны түзете алмайсың және жақында ғана жасалып келгеніндей, конъюнктураға жағынып, бір түсін екіншісімен ауыстырып, жаңадан жаза алмайсың. Біз оны бүкіл қайшылықтармен, қаһармандық және қайғылы беттерімен қоса, ол қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан түрлі, тұтас күйінде қабылдауға тиіспіз.
Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қайшылықтары отандық тарих ғылымында да теріс баяндалып келді. Ондаған жылдар бойы ол жалпы одақтық тарих ғылымының арнасынад дамыды,оның құрамдас бөлігі болды. Көптеген тарихи зерттеулерге тарихи үрдісті шамадан тыс идеологияландыру, қара дүрсін-тікелей түсіну, схематизм тән еді. Тыйым салу жүйесі зертеулердің, әсіресе кеңестік кезеңде, деректеме базасын шектеп отырды. Қоғам өмірінің барлық құбылыстары бойынша таптар мен тап күресін маркстік-лениндік тұрғыдан түсіндіруге негізделген таптық-әлеуметтік көзқарас негіз етіп алынған методология үстемдік етті.
Біздің аумақтағы руханияттың алты мың жылғы дамуын алып қарайық.Олар төмендегідей кезеңдерге бөлінеді:
Бірінші кезең — Бүгінгі Қазақстанның бүкіл аумағын мал баққан ежелгі арийлердің сансыз көп тайпаларының игеруі.Оңтүстік Арал өңіріндегі Сынтасты және Арқайым қорым-кешендері сол замандағы халықтың рухын бейнелейтін материалдық айғақтар болып табылады.
Екінші кезең — Бұдан шамамен төрт-бес мың жылбұрын арийлер тарихы мен рухының орталығы біртіндеп Солтүстіктен Оңтүстікке, Оңтүстік Оралдан Үнді өзенінің аңғарына қарай ауыса бастайды. Бүгінгі Қазақстан жерінде сол заманнан қалған жалғыз белгі Таңбалы қонысы.
Үшінші кезең — Бұдан үш-төрт мың жыл бұрынғы заман. Шығыста, Гоби далаларында арғы ғұн тайпалары орналаса бастайды. Ежелгі Ведалық үштік үрдісі: Тәңірі-Аспан, Жер-Су, Ұмай-Мәңгілік ана.
Төртінші кезең — Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері-түркілер-Ашина руының түркілері-Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларыныңежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақтар.
Бесінші кезең — Бұдан 1300-1100 жылы бұрын түркі халықтарының рухани орталығы Шығыста, Орхон-Енисей өңірінде болды.
Алтыншы кезең — Бұдан 1100-900 жылдар бұрын Қазақстан аумағына араб-ислам рухының тегеурінді толқыны жетті. Сол замандағы оның рухани аспанында жарқырап көрінген үш жарық жұлдыз-Сыр бойында әл-Фараби, Жетісуда Жүсіп Баласағұн және Махмұд Қашқари.
Жетінші кезең — XI ғасыр Түркістаннан тараған аса қуатты рухани сәулемен нұрланған. Түркілердіңтұңғыш сопысы-Қожа Ахмет Иассауи 1093 жылы туған. Ол негізін қалаған исламның тылсым құпиясы-сопылықтың (суфизм) қарапайым халықтың нұсқасы тез уақытта Қазақстанның Солтүстігі мен Шығысына дейін тарады.
Сегізінші кезең — XII-XIV ғасырлар. Қазақтың ең алғашқы қасіреті Шыңғыс әулетінің шабуылынан басталады. Бұл жойқын күші бар сойқанды шабуыл еді. Бұл кезеңнің басында атақты Майқы би дүниеге келді. Ел аузындағы аңызға қарағанда ол біздің тарихымыздағы билер институтының түп атасы.
Тоғызыншы кезең — XV-XIV ғасырлар. Алғаш қазақ хандығы құрылған кезең. Шамамен 1466 жылдардан бастап, жалпыхалықтық руханияттың табиғи дамуының негізі қаланған.
Оныншы кезең — бұл XVII-XIX ғасырлар. Бұл аралықта қазақ халқының жауынгерлік рухы ауыр сынға тап болды. Біздің жерімізге басып кірген жоңғарлармен соғыс басталған. 1723-1727 жылдардағы «ақтабан шұбырындыдан» қазақ халқы қайта еңсе көтерген.
Келесі, он бірінші кезең — XX ғасыр. XVIII-XIX ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арынды рухы бұрқ етіп сыртқа шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Төрелер мен қожалардың билігі жойылып, сол кезде қазақтардың яғни Алашорданың көсемдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов өз мемлекетін құруға ат салысты.
Он екінші кезең — 1980 жылдардың ортасынан басталады. Ол халық рухының бұрқ етіп,сыртқа лықсуымен ерекшеленеді: 1986 жылдың желтоқсан оқиғасы тарихымызда мәңгі қалды.