Қазақстан жеріндегі кесенелер

Арыстан баб

Арыстан баб —- күмбез, ескі Отырар қаласының орындағы көнет Архит ескерткіш.Арыстан баб— Мұхаммед Пайғамбардың замандасы.Ахмет Яссауидің ұстазы пірі делінеді. Арабтардың Орта Азияны жаулай бастаған кезінде (VII-VIIIғ) шыққан кісі. Діни аңыздар бойынша Арыстан баб Мұхаммед Пайғамбардың аманат қалдырған киелі құрмасын финики тілінің астына сақтап келіп,Ахмет Яссауиге тапсырған.Хронология тұрғысынан қарағанда Мұхамед Ахмед Яссауиден 600жыл бұрын өмір сүрген. Демек, бұл аңыз Арыстан бабтың беделін арттыру үшін дін адамдарының ойлап тапқан әдісі болуға тиісті. Арыстан баб мовзолейінің салынған уақыты белгісіз, Алайда оныОтырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде (IX-Xғ)тұрғызуы ақылға сыйымды. 1218 жылы Отырар қаласын Шыңғысхан әскері талқандалған да қирауы да мүмкін. Темір тұсында жаңадан жөнделген мовзолейдің нұсқасы 1905-1909 жылдарға дейін жетіп, осы жылдары тағы да жөнделген.Мовзолейге жалғастырып салынған мешіт осы жылдардан соң қаланған.Мовзолей қабірғаларындағы ескі кірпіштер оның Темір заманында байта жөнделгенін растайды.Дегенмен,қай кезде жөнделсе де оған керек кірпішті отырар қаласының бұзылған қабірғасынан алып отырған.Қазіргі кмавзолей екі бөлмеден тұрады. Ортасында ұзынша дәліз.Негізгі бөлмелердің төбесі күмбезбен өрілген. Алдыңғы жағындағы кейінен қосылған мұнаралы қабырғалар көріксіз ,соңғы кездегі әр стиль үлгісінде жасалған.Бұл мовзолей- Отырар қаласының орнын білдіретін тарихи құнды мұра.

Ахмет Яссауи

Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты Орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.Ол XII ғасырда өмір сүрген,бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны ,софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің бейітінің басына орнатылған.

Ахмет Яссауи ескеркіші-Орта азия мен Қазақстандағы біздің заманымызға дейін сақталған ең зәулім күмбезді, қыштан соғылған ғимарат.Оның көлденеңі –46,5м де,ұзындығы 62,5 метр.

Сыртқы көрінісі симетриялы жинақы келген бұл құрылысқа үлкенді –кішілі 35 залдар мен бөлмелер сыйып тұр.Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізден және әр түрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады.Ахмет Яссауи ғимаратының құрылымындағы тағы бір ерекшелік Қазандықты қоршаған блок тар-залдар мен бөлмелер күмбезді мызғытпай Остап тұратын тіреу іспетті.Қабырғаның қалыңдығын белгіленгенде де уйдің бер ік тұруы көзделген Үйдің берік тұруы көзделген .Үйдің қаңқасы түрліші қиюластырғандағы немесе күмбез тәрізді элементерден құрылады, бұл әдіс кейін Орта Азия мен Қазақстан архетиктурасында одан әрі дамытылды.

Ғимарат негізгі Орталық зал болып табылатын қазандықтың айналасына топтасқан әр түрлі мақсаттағы бірнеше жайлардан тұрады.Бұл Ахмет Яссауи беміті немесе қабірхана, мешіт, Кіші және Ақсарай, кітапхана ,құдықхана ,асхана , қызметшілері бөлмелері.

Қазандық комплекстегі ең сәулетті зал.Бұл діаметрі 18,2 метрге жуық шар конус формалы асқақ күмбезбен жабылған. Залдың нақ ортасында аңыз бойынша Түркістаннан 25 шақырым жерделі Қарнақ қыстағанда жеті металдың қосындысынан құйылған алып тай қазан тұрған.

Ғимаратың кірер бас қақпаға қарам –қарсы төргі бетте орналасқан. Бұл төртбұрышты 7,5х7,5м қабырғаларында таяздау қуыстары бар кең бөлме.Ортасында ақ жасыл асыл тастармен 3,25х1,2х2,2м тысталған биік сағана тұр.Кезінде бұл жерге ешкім жіберілмеген.Кітапхана ,Кіші Ақсарай секілді қазандықтың екінші жағынан,яғни батыс бөлігіне орын алған.Ал,құдықхана мен асхана кіре беріс қақпаның екі қанатында орналасқан.

Ахмет Яссауи мовзолей-мешіті мейлінше тамаша қолөнер шығармаларының үлкенбір қоймасы іспеттес .Мәселен,қазандар, құйма майшамдар,шырағдандар,алкен ту,алтин күміс жалатылған,ағаш люмен әреленген үлкенді –кішілі есіктерді айта аламыз.

Ұзын Ата кесенесі

Көне Қызылқұмның қойнауы –Шардара өңірінде ,сырлы да шерлі Сырдың Орта ағысының сол жағалауында бұл күндерде алыстан мұнартып ,ескі дүние жәдігерліктің соңғы тұлғындай болып Ұзын-Ата күмбезі мен мұндалайды.Бүкіл сыр бойындағы Орта ғасыр ескерткіштерінің арасындағы бүтіндей сақталып қалған санаушы күмбездердің бірі осы Ұзын-ата кесенесі.Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы бұрынғы Комсомол күріш кеңшарының орталығынан сегіз шақырымдай жерде орналасқан.Кесене ішінде ,ескіше қарама –қарсы, күмбездің тікелей астында Ұзын-Ата ның мүрдесі жерленген .Ұзындығы үш метрдей ,ені жетпіс-сексен сантиметр, биіктігі бір метрге жуықтайтын тұтас құлыптас қойылған Оң жақ қабырғада бір есік бар.

Ежелгі аңыз-әңгімелерде Ұзын-Атаның шын аты-Асан Ата деседі.Атақонысы Ұзын-Ата –тайпақ екен.Әрі сөзі даулы.Асан қария Ақсақ темірдің бас кеңесшілерінің бірі болса керек.Ұзын-Ата сыр бойын мекендеген халықтардың ыстық-ықыласына бөленгендіктен ,әруақты қария ,ел атасы -әулие кісі атанған көрінеді. Ол зеңгі Атадан бата алған екен деген.де сөздері ел аузында әлі күнге айтылып жүр.Ұзын-Ата күмбезі қай уақытта салыныпты дегенге келсек,біздіңше ,олXIV ғ соңына немесе XV ғ бас кезінде болуына сәйкес келеді.Өйткені Ақсақ Темірдің өзі жылы дүниеден бас кешкен.Бұған қоса Ұзын-Ата күмбезінің маңдайшасындағы керамикалық тақтайшада араб тілімен Шермұхамед Хәлім Дұрманұлы деген кісінің цихра бойынша 77б ж,ал,біздің жыл санауымызбен 1377ж қайтыс болып,осында жерленгендігі айтылғанын.Бұл тақтайшадағы дерек Ұзын-Атаның азан шақырып қойылған шын Сімі немесе әулетті болуы да мүмкін.Қызылқұм қойнауына мұсылман дінін себуші,жақсылығымен тұрғылықты халықтың ықылас-пейіліне кенеліп,Әулие ата атанған пайғамбардың үмбеті деп. атануға тиіспіз.