Мәскеу тұрған жерді адам баласы тас дәуірінен қоныстанған (Москва ө-ндегі неолит дәуірінің Щукин тұрағы).Кеініректегі дәуірлерге жататын көптеген археол.ескерткіштер: қола дәуірінің фатьянов мәдениетіне жататын шағын қала орны (Коломенское маңындағы Дьяково с-нда, Кремль территориясында, Ленин тауларында,Сетунь ө-нде, Кунцево паркінде т.б.жерлерде ) қала төңіргінен көп табылған.Б.з-дың І м.ж. аяғында Мәскеу төңірегінен славяндар (вятичтер,кривичтер)қоныстанды.Яуза ст-ндағы Царицындағы, Чертановодағы,Черемушкадағылар т.б. қорғандар мұнда 11-13 ғ-ларда вятичтер деревнялары болғандығын дәлелдейді.Кремль мен зарядьеде жүргізілген қазба жұмыстары ХІ ғ-дың аяғында Мәскеу Неглинка ө-нің сағасында орналасқан феод.орталық және қолөнерімен,саудамен айналысқан кішігірім қала болғандығын байқатады.Неглинка мен Москва ө-дерінің аралығы мүйіс дуалмен, ормен қоршалған.Қаланың бекініссіз бөлігі шамамен қазіргі Кремльдегі Съездер сарайына дейін, ал Москва ө-нің жағасымен қазіргі «Россия» қонақ үйіне дейін жеткен.Мәскеу алғаш рет 1147 жылғы жылнамада Суздаль князы Юрий Долгорукийдің иелігі ретінде айтылған. Жылнама жаңа құрылысты,әсіресе кейін кеңейтілген жаңа бекіністі (1960 ж. Кремельдегі Съездер сарайының ірге тасын қалау үшін қазылған ордан, бекініс ағаштарынан табылды).1156 жылға жатқызады.Бекініс территориясы 3-4 есе өскен.ХІІІ ғ-дың ІІ жартысында Мәскеу сол кездегі Москва князьдығының орталығы болды. Москваның өсуіне,бедел алуына оның туған жері,демек славян жерінің орыс халқы қалыптасқан орталығында,сауда жолдарының торабында тұрғандығы себеп болды.
Москвада археологиялық зерттеулер
Москвада археологиялық зерттеулерден алдын адамдар қалада салпыншақтар(алқалар), ескі ақшаларды шишадан жасалған білезіктер, тарақтар тапқан.Олар Москваның көнелігіне куәлік етеді. Бірінші археологиялық зерттеулер өткен ғасырдың XX жылдары Москвада басталған. Алайда, 100жыл өте 1926-1927жж көне қаланың көлемді зерттеулері басталған. Москва метросының құрылысында көптеген көне заттар табылып жиналған зерттеулер нәтижесінде көптеген соның қатарында XYI ғ жанып кеткен Шах Грозный сарайы құрылысының қалдықтары ашылған. 40 ж аяғында 50ж басында біздің ғасырда Кремльдің жанында зарядьеде қазба жұмыстары жүргізілді.
Төменгі бөлінген үйлер қалдықтары кәсіпкерлер шеберханалары ашылған. Сонымен көне кәсіпкерлік және сауда орталығы Неглинная өзенінің сағасына жақын жерде орналасқаны айтылған. Осындай мәдени қабаттар Кремльдің батыс бөлігінде, Тройын мұнарасының жақын жерлерінде де табылған.Алайда ұзақ уақытқа дейін көне Москва қай жерде пайда болғаны сұрақ болып қала берді.Біреулер, Москваның басталуы Яуза сағасындағы биік төбеде қойылған, енді басқалары Москва зарядье аумағында пайда болған деп болжам жасайды. Үшіншілері қала өте жоғарыда, биікте,қазіргі Дзерженси алаңында пайда болған деп ойлайды.