Ғұндар жайында мәліметтер

Ерте кездегі ғұндардың негізгі археологиялық ескерткіштері.

Әлемдік тарихта әйгілі із қалдырған Ғұн тайпалық одағы бастапқыда (б.д.д. ІІІ ғ.) Монғолстанның орталық және солтүстік аудандарынан Солтүстік Қытай, Оңтүстік Бурятияға дейінгі аралықты мекендеді. Ел мен елдің арасында мәдени байланысқа ұйтқы болған Ғұн (Қытайша Сюнну) тайпасы халықтардың ұлы қоныс аударуының бастаушысы еді. Кезінде Қытайға қрғидай тиіп Ұлы Қытай қорғанын салуға себепкер болды. Осынау жаужүрек көшпелі тайпаның этникалық тегі жайлы мәселе ғылымда шешімін таппаған. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді. Ғұндардың құрамына көптеген тайпалардың кіргенін ескерген кейбір ғалымдар «Ғұн» терминіне этникалық тұрғыдан емес саяси мағынада қараған жөн деген ой айтады.

Ғұн империясының өрлеуі Мөде шаньюдің есімімен байланысты. Оның тұсында Ғұндар көптеген көршілес тайпаларды өзіне қаратты. Қытай үшін әрдайым тосыннан туатын қауіп болған ғұндармен арадағы қатынас туысқандық неке арқылы шешіліп отырған. Хан империясы ғұндарға салық төлеп, ханшасын Мөдеге әйелдікке берген.

Дегенмен Ғұн империясының құрылымы өте әлсіз еді.Ішкі қайшылықтар, билік үшін күрес және сыртқы жорықтардағы сәтсіздіктер б.д.д. І ғ. ғұндардың құлдырауына алып келді. Б.д.д. 59 ж. Ғұндардың ішінде өзара соғыс басталды. Нәтижесінде 47 ж. державо Оңтүстік және Солтүстік Ғұндар болып екіге бөлінді.

Чжичжи бастаған Солтүстік Ғұндар батысқа қарай ойысып, Қаңлылармен қатар қонды. Белгілі бір уақыт аралығында олар достық қатынаста болды. Бұл ғұндардың Қазақстан жеріне алғаш енуі еді.

Ғұндардың батысқа қарай қоныс аударуының екінші толқыны б.д. І ғ. басталды. 93 ж. Хан әскерімен болған қақтығыстан кейін Ғұндардың бір бөлігі жолындағы тайпалардың бірін бағындырып, екіншісімен одақтасып, үшіншілерін ығстыра отырып батысқа қарай жылжыды. Балқаштың Оңтүстік Шығыс бөлігін мекендеген Юебань тайпасының пайда болуы ғұндардың осы қоныс аударуымен байланысты. Жергілікті тайпалармен ассимиляцияға түсе отырып жылжыған Ғұн көші Солтүстік Қазақстан арқылы ІҮ ғ. Орал өңіріне жетті. Сол жерде құрамына көптеген жергілікті тайпаларды сіңірген үлкен одақ Ғұн деген атпен Еуропаға дейін барды.

Халықтардың ұлы қоныс аударуы сол кездегі Қазақстан мен Орта Азияның тіпті Еуропаның саяси картасының өзгеруіне әкелді. Ғұндар Қазақстан тайпаларының нәсілдік жағынан ассимиляцияға түсіп, түрік тілінің қазақ жеріне таралуына себепші болды.

Селенгі өзенің алқабындағы Сираттар

Археологиялық зерттеу нәтижелері ғұн көшінің негізгі бағыттары мен оның әсерімен болған этникалық, антропологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.

Ғұндардың археологиялық ескерткіштерін кезінде Кеңес ғалымдары жақсы зерттеген. Олардың негізгі ескерткіштері Селенгі өзені мен оның сағалары Орхон, Жиде және Чикая өзендерінің бойында орналасқан. ХІХ ғ. Қияқты қаласының маңынанЮ.Д. Талько-Гринцевич ежелгі зиратты тауып, қима мен табыттардан тұратын 100 ге жуық қабірлерді қазған. 1924-1925 жылдары П.К.Козловтың экспедициясы Монғолстандағы әйгілі Ноинулинск қорымын қазды. Ежелгі ғұн ескерткіштері сңғы кезде Қияқты қаласы мен Дәристуй ауылыныңмаңында да зерттелген. Селенгір өзенінің сол жағалауындағы Улан – Удэге жақын орналасқан Иволгинск қалашығын зерттеу ғұндар жайлы көп құнды материалдар берді. Қазіргі кезде ғылымға белгілі 1500 ге жуық ғұн қорымдарының үштен бір бөлігі зерттелген. Олар көп жағдайда аса үлкен емес, төрт бұрышты, немесе дөңгелек келген тас үйінділеріне тұрады. Қарапайым ғұндар ағаш табытқа салынып, қима тағанға жерленсе, билеуші тап өкілдері екі қатар етіп салынған қима тағанға қойылған. Солтүстік Монғолстандағы Нойн – Ул тауындағы қорымнан ғұн шаньюлерінің қорымдары қазылған. Қабірлерден табылған алтын, күміс және асыл тастардан жасалған заттар, жібек маталар мен кілем қалдықтары ғұндардың дәулеті мен құдіретінен хабар береді.

Жерлеу заттарының ішінде ең көп кездесетін үш қанатты жалпақ жебенің ұштары. Олардың сүйектен жасалған құрамалы садақтары да белгілі. Ыдыстары балшықтан және ағаштан жасалған құмыралар, құмғандар, саптыаяқтар,қасықтар т.т. Сонымен қатар қола айналар мен сүйектен жасалған бұйымдар да кездеседі.

Ғұндардың қоныстары да жақсы зерттелген. Зерттеу материалдары ғұндардың тұрмыс тіршілігі мен әлеуметтік құрылысынан мол мәлімет береді. Төменгі – Иволгинск қалашығында жүргізілген қазбадан астық қалдықтары, тас дән үгіткіштер, жерден қазылған астық қоймаларының орындары табылған. Руда балқытатын пештің (Сыродубное горн) орны да сол жерден табылды. Оның маңынан темір қортпалары мен темірден жасаған заттардың қалдықтары шыққан.

Ғұн әйелдерінің қабірлерінен диядемалар, сырғалар, білезіктер, белдіктің қапсырмалары және моншақтар жиі кездеседі. Олардың бас және аяқ киімдері былғарыдан тігілген.

Қарапайым ғұндар былғары және жүннен жасалған киім кисе, ақсүйектер жібектен, мақта матасынан және жоғары сапалышерістен тігілген киімдер киген. Қазақстан жеріндегі ғұндардың ескерткіштері өте аз зерттелген. Оңтүстік Қазақстандағы Ақтобе 2 қонысы мен Жамантоғай зираты бірсыпыра ғұндық материалдар берген.

Таштық мәдениеті

Мөдэ шаньюдің тұсында ғұндардың Хакасск-Минусинск қазаншұңқырын мекендеген тағар мәдениеті тұрғындарына жасаған шапқыншылық жорықтарының нәтижесінде жаңа этникалық қауымдастық қалыптасты. Ол қауымдастық археологияда таштық мәдениеті деп аталады.

Осы мәдениеттің едәуір маңызды ескерткіштерінің қатарына Хакасск-Минусинск қазаншұңқырының оңтүстігіндегі Уйбат, Сыр және Изых зираттары жатады.

Осы ескерткіштерді зерттеу таштык дәуірінде жерлеу құрылыстарының әртүрлі болғандығын көрсетті. Жерлеу құрылыстарының алуан түрлі болуы мүлік теңсіздігі қалыптасу кезеңінде Хакасск-Минусинск қазаншұңқырында этникалық процесс пен әлеуметтік қатынастардың күрделі болғандығын білдіреді. Ең көп таралған үстінде ешқандай белгісі жоқ қарапайым жер қабірлер. Олар ішкі жағынан бөрене қималарымен нығайтылып, беткі жағы да бөренелермен жабылып, үстіне ағаш қабықтары төселген. Бұдан басқа кең көлемді сағаналар да салынды. Осындай сағаналар топырақ үйіндісінен және оны жиегінен қоршаған таш шеңберден тұрады. Сонымен қатар кейінгі таштық зираттарында жердің бетіне төрт бұрышты тас қабырғалар тұрғызылып, олардың ішкі жағы топырақ араласқан ұсақ тас сынықтарымен толтырылды. Олардың астындағы жерлеу шұңқырлары тік бұрышты және асатерең емес. Шұңқырдың түбіне әдетте балшық ыдыстар, ұсақ заттар мен адамның шала жанған қаңқалары қойылады.

Аса үлкен көлемдегі сағаналар ерекше назарға ілігеді. Олар жоғарыдағы қабірлерден тіпті ерекше. Бұл үлкен тең бұрышты 9х9 м.көлеміндегі, арнайы түсетін жолы бар шұңқырлар. Сағананың қабырғалары ағаштармен нығайтылып, сыртынан жалпақ қабықтармен қапталған. Үстіңгі жағы да жұмыр бөренелермен бекітілген.

Осындай сағаналардың құрылысы мен жерлеу дәстүрінде алдыңғы тағар мәдениетінің көп белгілері сақталған. Сонымен қатар тек таштық мәдениетіне ғана тән ерекшеліктері де аз емес.

Таштық қабірлерінде археологиялық заттар аз кездескенімен тагардыкінен өзгеше. Мысалы Оглахтинск зиратында мәйітпен бірге үлкен қуршақтар жерленген. Бұлғын баскиім мен былғары шуба және етік сақталған.