Қаратеңіздің солтүстік жағалауларындағы антикалық қалалары.
Б.э.д. ҮIIғ. Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларында ежелгi гректердiң алғашқы сауда мекендерi қалыптасты. Олар алғашқыда таза сауда – саттық сйпаттағы уақытша факторилар болатын. Сондай факторилардың бiрi Березань аралындағы Днестр – Буга қойнауында қазылды. Ол мекенжайдан б.э.д. ҮII ғ. ыдыс сынықтары табылған. Осындай факторилар Керч бұғазының жағалауларында да құрылды. Б.э.д. ҮI ғ. сол факторилардың орнында тұрақты қала тектес қоныстар қалыптасты.
Алдынғы Азия қалаларынан келген гректер Днестiрдiң қойнауында –Тиру, Буга мүйiсiнде-Ольвия, Қырымда-Феодосия, Керчте-Пантикапей Тиритака, Нифей және Мирмекий қалалары пайда болды. Осындай бiрнеше қалалар қара теңiздiң Кавказ жағалауларында да бой түзедi.
Ежелгi грек колониялары бiр – бiрiне тәуелсiз дербес мемлекеттер едi. Олардың өз басқару жүйесi, өз соты мен заңы болды. Өздерiнiң тәуелсiз iшкi және сыртқы саясатын жүргiзiп, өз теңгелерiн соқты. Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларындағы грек қалалары саяси, экономикалық жағынын бiрiкпедi. Тек Керч жартыаралындағы Милеттен шыққан көпестер салған Пантикапей, Фиадосия, Тиритака, Нифей және Мирмекий қалалары б.э.д. 480 – жылы Боспор патшалығына бiрiктi. 900 жылдай өмiрсүрген мемлекетте монархиялық патшалық билiк үстемдiк еттi. Археологтардың назарына алғаш iлiккен патшалықтың астанасы Пантикапей қаласы. Митридат тауының биiк қырқасында орналасқан қала қорғаныс дуалдарымен қоршалған. Қаланың iшкi жағында орналасқан Акропль -–жеке бекiнiс. Пантикапейдiң сәулеткерлiк ғимараттары өзiнiң әсемдiгi мен құрылыс өнерi деңгейiнiң жоғарылығымен ерекшеленедi. Үйлердiң қабырғалары мұқият қашалған әк тастардан қаланып сырты балшықтан құйылған жұқа қыштармен қапталған. Әрбiр үй iшiнде ауласы бар тұйық қабырғалармен қоршалған. Жеке қоймалардан тұратын шаруашылық аудандарының болғандығы анықталған. Астық саудасы Пантикапей мен Боспардың маңызды кәсiбi. Боспордан жiберiлетiн дән гретсияға әкелiнетiн астықтың басым бөлiгiн құрады. Б.Э.Д. IҮ ғ. теңгенiң бетiнде бидайдың сабағы салынуы осыдан болса керек.
Боспордың басқа қалалары да жақсы зерттелген. Қазбадан сұйық және төгiлетiн заттарды сақтауға және оларды тасмалдауға арналған үлкен амфорлар мен пифастар көп табылған. Астықпен қатар құл саудасы, шарап жасау iсi, балық аулаудың да маңызды роль атқарғандығын көрсететiн материалдар жеткiлiктi. Мысалы Фанагорияда жүргiзiлген қазбадан б.э.д. Ү ғ. сүйық және төгiлетiн заттарды сақтау мен тасмалдауға қолданған анфоралар қойылған қойма ашылды. Ал Мирмекий мен Тиритакадан шарап жасаған орындар табылды. Гректердiң барлық ыдыстары иiнi қанғанша иленген таза сары балшықтан шығыр қондырғысында жасалып, сапалы күидiрiлген. Сырты өрнектелген ыдыстар екi рет — өрнек салғанға және салғаннан кейiн күйдiрiлген. Өрнектердiң жиi кездесетiн тақырыбы құдайлардың өмiрiнен көрiнiстер. Едәуiр көне ыдыстар б.э.д. ҮIII – IҮ ғғ. жатады. Олар қере лакты ыдыстар деп аталып кеткен. Ыдыстардың олай аталу себебi, олар сыртынан өрнек салынғаннан кейiн құрамы белгiсiз қара лакпен бойалған. Екi мың жылдан астам уақыт жер астында жатқан осындай ыдыстар әсемдiгi мен өңiн жоғалтпаған. Б.э.д. IҮ ғ. қызғылт денедегi ыдыстар пайда болды. Олардың жалпы көрiнiсi қара лакпен қапталып ондағы өрнектер мен бейнелер табиғый түсiн сақтады. Тек адамның мүшесi анық көрiну үшiн оның бұлшық етi, қимылы елеусiз ғана боялған. Ыдыстарды өрнектеуде бояуда ақ, сары және көк сырларды қолдану б.э.д. III ғ. бастап таралды.
Боспор патшалығында алтын , күмiс, мыс секiлдi асыл металлдардан әлемде теңдесi жоқ асыл бұйымдар мен әшекей заттар жасаған зергерлiк кәсiп жоғары дамыған. Антикалық зираттар мен Скиф қорғандарынан табылған алтын, күмiстен жасалған әсем ыдыстар, бұйымдар ежелгi грецияның өзiнде де кездеспейдi.
Қол өнерi мен ауылшаруашылық өндiрiстерi саудамен тығыз байланысты дамыды. Қол өнерi бұйымдары жергiлiктi тұрғындарға сатылса Грецияға астық және тұздалған балық шығарылды. Боспордың алғашқы теңгелерi б.э.д. IҮ ғ. пайда болды.
Б.э.д. II ғ. Скифтен шыққан Савмак құл бастаған көтерiлiстiң салдарынан Боспор патшалығы Понтий державосының құрамына кiрдi. Осыдан бастап Грек ақсүйектері жергілікті сармат және меот тайпаларының ақсүйектерімен сіңісіп кетеді. Оны біз сол кезде қалыптасқан грек – сармат жерлеу ғұрыптарынан байқаймыз. Боспор билеушілерінің бірі жерленген қабірге сарматтардың ұзын семсері мен бай безендірілген ат әбзелдерінің күміс және шыны ыдыстардан бірге қойылуы осының куәсі. Билеушілердің тағы біреуі жерленген қабірден Константин ІІ бейнеленіп, астына латынша 343 ж. деп жазылған күміс саптаяққа табылған. Бұл Боспор патшалығының соңғы онжылдығы болатын.
Ольвия
Ольви қаласы б.э.д. ҮІ ғ. Буга өзенінің жағасындағы қойнауда қалыптасты. Бійік жотаның басына орналасқан қала жоғарғы және төменгі деңгейлерден тұрды. Археологиялық қазба кезінде жоғарғы деңгейде орналасқан көптеген тұрғын ұйлер мен қол өнері шеберханалары ашылған. Қазба жұмыстары қаланың б.э.д. ІҮ ғ. едәуір кеңейгендігін көрсетеді. Қалан қоршаған мұнаралы қорғаныс қабырғаларының солтүстік бөлігінде басты қақпа орналасқан. Қаланың ортасында храм мен мәрмәр тасқа ойып жазылған декрет ілінетін тұғыр және базар алаңы орналасқан. Осы маңдағы грек театырының да орны ашылған.
Қазба барысында астық сақтайтын арнайы қоймалар Ольвидің скифтермен негізгі саудасы астық болғандығын білдіреді. Милет. Родос және Самос аралдарымен тығыз сауда қатынаста болған. Үлкен құрлықтағы қалалардың ішінде Ольвиимен тығызсауда жасаған Коринф қаласы.Ольвиліктердің б.э.д. Ү ғ. Аттикамен де тауар алмасқандығын қазба материалдары көрсетеді. Грек қалаларынан қыш ыдыстармен бірге шарап, май, мата және басқада қол өнері туындылары секілді
заттар әкелінсе, грек қалаларына астық, мал, балық және құлдар шығарылды.
Ольвиден Грецияның қалалары мен Қара теңіздің жағалауындағы Геракли, Херсонеспен тығыз сауда қатынастарын баяндайтын тас тақта табылған.
Б.э.д. ҮІ ғ. Ольвия ірі қолөнері орталығына айналды. Әсіресе металл өндіру мен ыдыс жасау кәсібі жоғары дамыды. Ольвиде жасалғанқарулар мен әшекей бұйымдары аса бағаланды. Көптеген әшекей заттары скиф ақсүйектерінің тапсырысымен жасалды. Қазба кезінде ыдыс және қол өнері шеберханаларымен қатар орташа көлемдегі кемелерді жөндейтін ұстаханалардың орындары да ашылған.
Қалаға б.э.д. ІҮ ғ. А. Македонский әскерлері, б.э.д. ІІІ ғ. көрші скифтар мен батысқа қарай жылжыған сарматтар тарапынан жиі қауіп төніп тұрды. Қаланың амандығына мүделі ірі құл иеленушілер мен қаланың қалталы тұрғындары қорғаныс сыртқы қорғаныс құрылыстарын салдыруға өздерінің жеке қазынасынан қаржы бөлгені жазылған деректер табылған. Сондықтан да Ольвии саяси – экономикалық жағынан қала ақсүйектерге тәуелді еді.
Б.э.д. ІІ ғ. Ольвиде скиф патшасы Скилурдың бейнесі салынған теңгелердің таралуы қаланың скиф мемлекетіне тәуелділігімен түсіндіріледі. Кейіннен қаланы жаулап алған фракиялық гот тайпасы оны аяусыз тонады. Осындай ұрыстардың және ауыр жағдайға төзбей қоныс аударған саудагерлердің есебінен қала тұрғындарының саны кеміп, қаланың көпшілік бөлігі қирап, бос қалды.
Дегенмен археологиялық қазба материалдары қаланың бірсыпыра бөлігінің біздің заманымыздың бірінші ғасырына дейін тіршілігін жалғастырғанын көрсетеді. Бұл тұста Ольвидің негізгі тұрғындары гректермен сауда байланысын жасауға ықыласты скиф тайпалары болды.
Херсонес
Солтүстік Қаратеңіз жағалауларындағы антикалық қалалардың ішіндегі ең кекейін қалыптасқаны (б.э.д. Ү ғ.) Херсонес. Қырым жарты аралының оңтүстік – батысында қалыптасқан бұл қаланың негізін қалаушылар Қара теңіздің оңтүстік жағалауындағы Понтилік Геракли қаласынан келген гректер болатын. Бұл жергілікті тағы халықтың мәдениетінің ықпалына ал іліккен қала болатын. Осындай ерекшелікті қалаға жақын орналасқан тұрмысы аса кедей таулық таврлар тайпасы тарапынан грек өнімдерін сұраныстың жоқтығымен түсіндіруге болады. Оның үстіне ол тайпалар қала тіршілігіне қастандықпен қарады. Б.э.д. ІҮ ғ. басында қаланың сыртынан салынған күрделі қорғаныс қабырғалары осының куәсі. Оның текше тастардан қаланған мұнаралары мен айбынды қабырғаларының жалпақтығы 4, биіктігі 10 метірге дейін жететін. Алуан түрлі тәсілмен қаланған қабырғаладың бойындағы оқ ататын ойықтар қаланың талай шабуылға төтеп бергенін көрсетеді . Антикалық дәстүрде безендірілген орталық алаңда құдайлар мен қалаға еңбегі сіңген әйгілі адамдардың мүсіндері және қоғамдық ғимараттар мен храмдар салынған. Қол өнері шеберханалары қаланың шет жақтарында орналасқан.
Херсонес өзінің ауылшаруашылық өнімдерімен сауда жасады. Теңіз жағалауларындағы ауылшаруашылығы алқаптары Херсонеске қарайтын. Мемлекеттің меншігіндегі бұл жерлер қаланың жекелеген тұрғындарына жалға берілді. Геракли жарты аралынан ауыл шаруашылығымен айналысқан мекендердің орындары табылды. Олар жекелеген усадьбалардан тұрады. Онда тұрғын үйлер астық пен еңбек құралдарын сақтайтын қоймалармен қоршалған. Усадьбалардың маңындағы жерлер жүзім бақтарына бөлінген.Әрбір мекен уақытша қоғаныс қабырғаларымен қоршалған.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінен Херсонес астық пен жүзімді мол өсірілді. Шарап негізінен сату үшін өндірілген. Шарап өндірісі жайлы жүзім бақтарынан басқа жүзім езетін бөлмелер мен шырын тұндырғыштар, шарап сақтайтын және тасмалдайтын алуан түрлі ыдыстардан байқауға болады.
Херсонес пен оның маңындағы мекендерден табылған анфоралар мен сәнді жасалып, қара түсті лакпен сырланған ас ыдыстары, теракота мүсіндері қол өнерінің ішінде құмыра жасаудың жоғары дамығандығын білдіреді. Сондай – ақ қол өнерінің тоқыма, зергерлік және қару жасау секілді салалары да жақсы жолға қойылған.
Херсонес құлиеленуші демократиялық мемлекет еді . Онда құлдар қолөнері мен үй шаруасында пайдаланылды. Басы бос және азаматтық құқы бар тұрғындар саяси құқыққа ие болды. Қазбадан табылған Мәрмар тасқа қашап жазылған Херсондықтардың анты б.э.д. ІІІ ғ. қаланың қақ ортасында тұрса керек. Ондаәрбір херсондық азаман өз қаласының демократиялық құрылымын қорғауға алланың атымен ант беруі тиіс екендігі жазылған. Херсондықтар негізінен қыз құдайға табынған. Қалада оған арнап салынған храм мен құрбандық орны ашылды. Херсондықтардың басқа да гректік құдайларға табынғандықтары белгілі. Херсондықтардың өмірі таворлар мен скифтер тарапынан болған шапқыншылықтан қорғанумен өтті. Әрдайым төнген қауіптен мезі болған Херсондықтар б.э.д. ІІІ ғ. соңы мен ІІ ғ. басында Понти патшалығымен көмек шартына қол қоюға мәжбүр болды. Соңында осы шарт қала тәуелсіздігінің түбіне жетті. Б.э.д. ІІ ғ. соңында скифтердің шабуылын тойтаруға жіберілген Митридаттың қолбасшысы Диофант скифтерді талқандап, олардың астанаыс Неапольмен бірге Херсонесті Понтиидің құрамына күштеп қосты. Ол туралы қазбадан табылған, Диофанның құрметіне жазылған эпиграфиялық ескерткіштерден білміз.
Херсонес І ғ. бастап Римнің қол астына өтті. Қазба барысында ашылған балық тұздауға арналған ірі ыдыстар мен тұздалған балықтар сақталатын қоймалар көптігі Херсондықтардың сыртқы саудасында балық сатудың негізгі кәсіп болғанын көрсетеді. Қаланың жергілікті скиф, тавор, меот, синд, сармат секілді т.б. тайпаларға бастапқыда гректік сосын римдік мәдени ықпалды таратқан орталықтардың бірі болғанын да қазбадан табылған материалдарыдан баиқаймыз.