Сақтар жайында мәлімет

Бесшатыр обалары

Грек деректерінің хабарлауынша Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларын Еуропалық көшпелі скифтер мекендеген. Олардың ескерткiштерiн зерттеу ХҮШ ғасырдан басталады. Осы аймақтағы Күл-Оба, Чертамлық, Солоха, Толстой Могила т.б. көптеген патша обаларынан табылған алтын, күмiс, қоладан жасалған ыдыстар мен қымбат бұйымдар, әшекей заттары, Каменскi, Белскi т.б. қалашықтарынан алынған археологиялық құнды материалдар скифтердiң қоғамдық – саяси өмiрi мен мәдени дамуынан, шаруашылығы мен тұрмысынан жан – жақты мәлiмет бередi.

Никоплдiң маңында орналасқан атақты сақ обаларының бiрi Чертомлык Х1Х ғ. қазылған. Оның биiктiгi 20 м. астам, айнала ұзындығы 350 м. Қорғанның астынан екi кiсiнiң қабiрi мен өзi қазған қуыстан құлаған топырақ басып, өлген скиф – тонаушының сүйегi табылды. Көсемнiң жанына, жеке қабiрге оың жұбайы, күтушiлерi мен онбiр ат жерленген. Қабiрге қойылған тұрмыстық заттар мен әшекей бұиымдардың iшiнде әсем бедерлi суреттермен безендiрiлген, биiктiгi бiр метiрге жуық шарап құйуға арналған үлкен күмiс ыдыс ерекше құнды. Оның астынғы жағында орналасқан шүмегi арыстанның басы түрiнде жасалған, денесiнде құстар мен өсiмдiктер салынған, жоғарғы жағында жылқыны үйретiп жатқан скиф бейнеленген (сурет). Тонаушылардан аман қалған тағы бiр зат құпия қуысқа қойылған жебенiң құтысының алтын қаптамасы. Оның сыртында Ахилланың өмiрiнен бiр көрiнiс суреттелген. Көсемнiң қарусышы жерленген көршi қабiрден алтынмен апталған қымбат қару шықты.

Толстая Могила деп аталған патша обасы Чертмолықтан 10 шақырым жерде орналасқан. Сол заманның өзiнде тоналғанына қарамастан обадан алтын бұйымдардан тұратын қымбат заттар табылды. Олардың iшiндегi алтын қынды семсер мен пектораль (латын тiлiнен аударғанда пекторалис – алқа деген ұғым бередi). Семсердiң қынында қораздар төбелесi, бұгыны жұлмалап жатқан грифон, арыстан мен грифонның арбауына түскен ат, бұғыны алып жатқан қабылан, және арыстан мен қабыланның жекпе – жегi бейнеленген. Бұл бейнелерде ұсақ – түйегiне дейi назардан тыс қалмай мұқиат дәлдiкпен жасалған. Осы суреттердiң Чертамлықтан табылған заттардағы бейнелермен соншалықты ұқсастығы оларды бiр қолдан шыққан өнер туындылары емес пе? деген ой туғызады.

Осы күнде белгiлi гректердiң зергерлiк өнер туындыларының iшiндегi кереметi Толстая Могила обасынан табылған пектораль. Оның салмағы 1 кг астам, дияметiрi 30 см. Ондағы бейнелер әрқайсысының арасы өрiлген алтын сымдармен бөлiнген үш белдеуден тұрады. Жоғарғы (iшкi) белдеуде скифтердiң тұрмысынан көрiнiс берiлген. Оның қақ ортасында жалаңаш екi еркек терiден киiм тiгiп отыр, Олардың екi шетiнде жылқы құлынымен және сиыр бұзауымен орналасқан, ал шет жақтарында ұшып бара жатқан құстардың композициясы берiлген. Әрбiр бейне жеке құйылып алынып, алтын орамдардың арасына дәнекерленган.

Ортанғы белдеу тұтас алтын жапрақтардан жасалған өсiмдiк өрнегiнен тұрады.

Төменгi белдеу жануарлардың айқасыментолтырылған. Бейнелер композиция ортадан неғұрлым ұзаған сайын кiшiрее бередi. Үлгiлердiң саны мен орындалу шеберлiгi жағынан пекторалдiң теңдесi жоқ.

Қабiрге ерлi – зайыпты баласымен олардың күтушiлерi және жылқылар жерленген. Мұнда құрбандыққа шалынған күтушiлер саны Чертомлықта жерленгендерден екi есе көп.

Күл – Оба қорғаны қазiргi Керчь қаласының маңында орналасқан. Мұнда төбесi баспалдақтанып жабылғант тас сағананың iшiне скифтiң ақсүегi әйелi және күтушiлерiмен бiрге жерленген. Көсеммен бiрге сыртында жануарлар бейнеленген алтын қынды темiр семсер мен алтын диодемамен қапталған жебенiң құтысы қойылған. Мәиiттiң басындағы киiзден жасалған қалпақтың (башлик) сырты алтын қаңылтырлармен өрнектелген. Өрнектердiң бiрiнде бiр ыдыстан су iшiпжатқан екi скиф – Геродот айтқан достасу ғұрпы бейнеленген.

Әйелдiң мәйiтiнде өте мұқият дәлдiкпен жасалған алтын сырға, екi ұшында жатқан арыстандар бейнеленген алтын алқа, екi алтын блезiк, аяқ жағында алтын мен күмiстiң қоспасынан жасалған кiшiгiрiм ыдыс тұрды. Онда Чертамлықтан табылған вазадағыға ұқсас жетi скиф жауынгерi бейнеленген. Жасалу нақышы сондай болғанымен мұндағы скифтер басқа шаруамен айналысып жатыр. Скифтердiң бiреуi екiншiсiнiң жаралы аяғын байлап жатыр; үшiншi скиф төртiншiсiнiң тiсiн емдеуде. Олардың арғы жағында садақтың адырнасын (жiбiн) тартып жатқан скифпен өзара әңгiмелесiп отырған екi жауынгер бейнеленген. Ыдыстың сыртындағы көрiнiс асқан дәлдiкпен оның бойына тең орналастырылған.

Қазба кезiнде анықталған жерлеу ғұрпы, кезiнде Геродот жазып, қалдырған деректермен дәл келедi. Оның жазғанында өлген көсемнiң денесiн балауызбен майлап, тайпаларды аралатып шығады. Соын оны алдын ала даярланған төртбұрышты қабiрдiң iшiне төселген төсенiштiң үстiне жатқызады. Қабiрдiң қалған бол бөлiктерiне алдын ала тұншықтырып өлтiрiлген күңiнiң, шарапшысының, аспазының, атбағарының, күтушiсiнiң денелерi мен асыл тұқымды малдар және алтын ыдыстар қойылған. Содан кейiн барып үстiнен биiк етiп,оба үйiлген.

Үлкен қорғандардың материалдары скиф ақсүйектерiнiң тұрмысы мен олардың қоғамдық құрылысын елестетуге мүмкiндiк бередi. Бiрак ақсүйектердiң обалары қарапайым скифтердiң өмiрiн ашып көрсете алмайды. Қатардағы адамдардың тұрмыс, тiршiлiгi жайлы мол мәлiмет берген скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазбалар.

Скифтерден қалған қалашықтардың iшiндегi ең жақсы зерттелгендерiнiң бiрi Днепрдiң жағалауында орналасқан Каменогорск қалашығы. 12 км кв. жердi алып жатқан қалашықтың сырты биiктiгi мен енi 11 метiр келетiн дуалмен қоршалып, сыртынан оны қоршаған терең орқазылған. Қорғаныс қамалының iшiнде орналасқан акропьден скиф iшiнде пешi бар ақсүйектерiнiң үйлерiнiң орны ашылды. Қарапайым қол өнершiлер тұрған бөлiгiнiң құрылыстары тiптi басқаша. Мұндағы үй құрылыстарның екi (жер бетiндегi және жертөле) түрi белгiлi. Жер бетiне салынған үйшiктер екi немесе үш бөлмеден тұрды. Олар тiгiнен орнатылған бағаналардың арасы тоқылған қабырғалардан салынды. Ал жертөлелердiң арасы қатар тұрғызылған ағаш тiреулермен бөлiнген. Олардың кейбiреулерiнен балшықтан соғылған ошақ табылған. Осындай үйшiктердiң қосалқы бөлмелерi шеберхана және шарушылық қажетi үшiн пайдаланылған. Төрт — бес үйдi қоршай салынған шарбақтар бiр өндiрiстiк кешенге бiрнеше туысқан жанұялардың бiрiккендiгiн бiлдiрсе керек. Каменогорск қалашығы тұрғындары көптеген тұрмыстық заттар мен қол өнерi бұйымдарын қалтырған. Қалашықтың тұрғындарының басым көпшiлiгi металл өңдеумен шұғылданса керек. Оның территориясында металл қортпалары мен құралдардың қалдықтары ұста құралдары өте көп кездеседi. Скифтер металлды балшықтан соғылған арнайы пештерде, тұлғасы цилиндiр тәрiздес биiк тигилге (жоғары қызуға төзiмдi металл балқытуға арналған ыдыс) салып балқытқан. Қазбадан балға, төс, кескiш, қысқыш, жонғыш, рұшықтың басы, ине секiлдi қолөнерi кәсiбi құралдары табылды.

Скифтердiң қарулары да көп кездеседi. Олардың акинак атты темiрден жасалған қысқа қанжарлары мен қоладан жасалған жебенiң ұштары жақсы таныс. Қазба материалдары скифтердiң тоқылған мата мен терiден кйiм тiгуде де жоғары жетiстiктерге жеткендiгiн бiлдiредi. Қалашықтан ағаш сапты темiр орақ, дән үгiткiш секiлдi егiншiлiк құралдары да шыққан.

Сонымен скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазба жұмыстарының нәтижесi олардың шаруашылығы мен тұрмыс тiршiлiгiнен хабар беретiн мол материалдар бердi. Ал көсемдерiнiң обаларынан алынған әртүрлi қару үлгiлерi мен асыл металдан жасалған ыдыстар, олардың сыртына салынған көрiнiстер мен “аң стиi” деген атқа ие болған нақыштары, әшекей бұйымдары мен зергерлiк заттары скифтердiң әскери ұйымдарынан, өнерiнен, рухани және материалдық мәдениетiнен, дүниетанымдары мен наным-сенiмдерiнен теңдесi жоқ түсiнiк бiлдiредi.

Қазақстан жері б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Сақ-Скиф әлемінің негізгі орталықтарының біріне айналды. Ғылымда қалыптасқан көзқарас бойынша Парсы деректерінде айтылатын тиграхауда-сақтары, немесе антикалық жазбалардағы ортокарибант-скифтері Жетісу өңірін мекендеді. Бұл атаулардың екеуі де шошақ қалпақтылар деген мағана береді. Арал маңын мекен еткен көшпелі тайпаларды гректер массагеттер және дайлар, парсы деректері хаомаварга-сақтары деп береді. Орталық Қазақстанның далалық аймағын исседондар мен аргиппейлер жайлады. Осы тайпалардың қалдырған ескерткіштері археологияда Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі. Шығыс Қазақстанның асыл металдардың қорына бай аудандарын аримасплер мен алтын қорыған самұрықтар тайпалары, Батыс Қазақстан жерін Савраматтар мен Сарматтар мекендеді.

Осы аталған тайпалардың одағы сол дәуірдегі Орта Азияның саяси тарихына тікелей қатысты. Б.д.д. ҮІ ғ. Ахеменидтік Иранның патшасы Кир өзінің шығыс шекарасын кеңейтіп, патшалықтың үстемдігін нығайту мақсатымен Арал маңын мекендеген көшпелі тайпаларға қарсы жорыққа шықты. Сол жорық жайлы гректің екі бірдей тарихшысы Герадот пен Ктесий Книдский жазып қалдырған. Б.д.д. 529 ж. Сырдарияның бойында болған ұрыста Тамирис патша бастаған массагет әскерлері парсыларды талқандап, Кирдің басын шауып Сырдарияға тастаған. Дегенмен Кирдің баласы Дари І-ге Қазақстанның Оңтүстігін мекендеген сақ тайпаларының бір бөлігін уақытша бағындыру сәті түссе керек. Өйткені кейбір жазба деректерде сақтардыңатты құрамаларының Даридің әскерімен бірге Египет пен Гректерге қарсы соғысқаны жайлы айтылады.

Сақ тайпаларының материалдық мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс тіршілігі, әлеуметтік құрылымы жайлы жазба деректер көп ештеңе айтпайды. Осындай мәліметтерді олардың археологиялық ескерткіштерін зерттеу арқылы ғана аламыз. Сақ тайпаларының жерлеу ескерткіштері жақсы зерттелген. Олар Жетісуда: Қарашоқы , Қарғалы 1 (б.д.д.ҮІІІ-ҮІІ ғғ.), Жуантөбе 1, Қадырбай 3 (б.д.д. ҮІІ-ҮІ және ІҮ-ІІІ ғғ.), Бесшатыр және Есік (б.д.д. Ү – ІҮ ғғ.) т.т.; Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңында Түгіскен мен Ұйғарақ (б.д.д. ҮІІ-Ү ғғ.); Шығыс қазақстанда Шілікті (б.д.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.), Берел (б.д.д. Ү-Іү ғғ.); Орталық Қазақстанда Тасмола (б.д.д.ҮІІ-ІІІ ғғ.) қорымдары.

Есік обасы

Археологиялық зерттеу қорытындылары Сақтардың шаруашылғы мен тұрмысында қой мен жылқы негізгі роль атқарғандығын көрсетеді. Қабірлерді қазу кезінде асыл тұқымды жылқылардың қаңқасы жиі табылады. Жерлеу ескерткіштерінің алып және құрылысының күрделілігі сақтарда сәулеткерліктің жақсы дамығандығын, қабірге салынатын заттардың бай және алуан түрлілігі қоғамдық даму деңгейінің биіктігінен қабар береді. Есік қорғанынан табылған «Алтын киімді адамның» алтын ілмешектер мен жануарлар, құстар түріндегі әшекейлер сақтарда көркем өнерінің жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді. Б.д.д. ҮІІ – ҮІ ғғ. Орта Азия, Қазақстан және Сібір мен Оңтүстік Шығыс Еуропа даласында кең тараған қолданбалы өнер үлгісі ғылымда «аң нақышы» деген атқа ие болған.

Антропологиялық зерттеу қорытындылары Қазақстанның ежелгі тұрғындарының еуропойдтық нәсілі Шығыстан енген моңғолтектес нәсілдердің ықпалымен аздап өзгеріске ұшыраған. Мамандардың мәлімдеуінше б.д.д. І – мыңжылдықта Қазақстанның тұрғындарында 20% -ке дейін моңғолтектес элемент болған.

Сол кезеңде әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамудың жоғары сатысына көтерілген далалық тайпалар әлемдік тарихта елеулі із қалдырды.

Есік обасы 40 тан астам обадан тұратын үлкен қорымның оңтүстік шетінде орналасқан. Обаның дияметрі 60м биіктігі 6м. Үйілген тапырақтың құрылымы айқын емес айқын емес. Бірақ көп қабатты (3-4 қабат) малта тас қабаты қиынан ірі қойтастар жиынтығы байқалады. Үйінді астында екі қабір: орталық және бйірдегі қабірлар бар. Ортадағы қабір қарақшылардың неше дүркін тонауының салдарынан әбден шөккен. Бүйірдегі қабір сол күйінде сақталған. Лақыт Тянь- Шань шыршасының өңделген бөренелерінен салынған. Оның көлемі ішінен өлшегенде 2,9 * 1,5м сырты 3,3*1,9 м қабатымен қоса алғандағы биіктігі 1,3*1,5м. Есік обасындағы қабір құрылысы сірә былайша тұрғызылған болса керек. әуелі ұзына бойы батыстан шығысқа бағытталған тікбұрышты қабір шұңқырын қазған. Оның түбіне бөрене қима – лақыт жасалған. Оның құрылымы өте қарапайым ұзындықтары бірдей бөренелер өзара байланбаған, тек түйісіп қана тұр. Лақыттың ұзын және көлденең қабырғаларындағы бөренелердің ұштары қабірдің опырылып түспеуі үшін кезек- кезек ұмсындырылып шығарылған. Лақыттың құабырғаларына бөренелер бес қатар етіп қаластырған. Бұрыштарында бөренелер өзара байланбаған, тек түйісіп қана тұр, лақыттың ұзын

Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулар Скифтері

Грек деректерінің хабарлауынша Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалауларын Еуропалық көшпелі скифтер мекендеген. Олардың ескерткiштерiн зерттеу ХҮШ ғасырдан басталады. Осы аймақтағы Күл-Оба, Чертамлық, Солоха, Толстой Могила т.б. көптеген патша обаларынан табылған алтын, күмiс, қоладан жасалған ыдыстар мен қымбат бұйымдар, әшекей заттары, Каменскi, Белскi т.б. қалашықтарынан алынған археологиялық құнды материалдар скифтердiң қоғамдық – саяси өмiрi мен мәдени дамуынан, шаруашылығы мен тұрмысынан жан – жақты мәлiмет бередi.

Никоплдiң маңында орналасқан атақты сақ обаларының бiрi Чертомлык Х1Х ғ. қазылған. Оның биiктiгi 20 м. астам, айнала ұзындығы 350 м. Қорғанның астынан екi кiсiнiң қабiрi мен өзi қазған қуыстан құлаған топырақ басып, өлген скиф – тонаушының сүйегi табылды. Көсемнiң жанына, жеке қабiрге оың жұбайы, күтушiлерi мен онбiр ат жерленген. Қабiрге қойылған тұрмыстық заттар мен әшекей бұиымдардың iшiнде әсем бедерлi суреттермен безендiрiлген, биiктiгi бiр метiрге жуық шарап құйуға арналған үлкен күмiс ыдыс ерекше құнды. Оның астынғы жағында орналасқан шүмегi арыстанның басы түрiнде жасалған, денесiнде құстар мен өсiмдiктер салынған, жоғарғы жағында жылқыны үйретiп жатқан скиф бейнеленген (сурет). Тонаушылардан аман қалған тағы бiр зат құпия қуысқа қойылған жебенiң құтысының алтын қаптамасы. Оның сыртында Ахилланың өмiрiнен бiр көрiнiс суреттелген. Көсемнiң қарусышы жерленген көршi қабiрден алтынмен апталған қымбат қару шықты.

Толстая Могила деп аталған патша обасы Чертомлықтан 10 шақырым жерде орналасқан. Сол заманның өзiнде тоналғанына қарамастан обадан алтын бұйымдардан тұратын қымбат заттар табылды. Олардың iшiндегi алтын қынды семсер мен пектораль (латын тiлiнен аударғанда пекторалис – алқа деген ұғым бередi). Семсердiң қынында қораздар төбелесi, бұгыны жұлмалап жатқан грифон, арыстан мен грифонның арбауына түскен ат, бұғыны алып жатқан қабылан, және арыстан мен қабыланның жекпе – жегi бейнеленген. Бұл бейнелерде ұсақ – түйегiне дейi назардан тыс қалмай мұқиат дәлдiкпен жасалған. Осы суреттердiң Чертамлықтан табылған заттардағы бейнелермен соншалықты ұқсастығы оларды бiр қолдан шыққан өнер туындылары емес пе? деген ой туғызады.

Осы күнде белгiлi гректердiң зергерлiк өнер туындыларының iшiндегi кереметi Толстая Могила обасынан табылған пектораль. Оның салмағы 1 кг астам, дияметiрi 30 см. Ондағы бейнелер әрқайсысының арасы өрiлген алтын сымдармен бөлiнген үш белдеуден тұрады. Жоғарғы (iшкi) белдеуде скифтердiң тұрмысынан көрiнiс берiлген. Оның қақ ортасында жалаңаш екi еркек терiден киiм тiгiп отыр, Олардың екi шетiнде жылқы құлынымен және сиыр бұзауымен орналасқан, ал шет жақтарында ұшып бара жатқан құстардың композициясы берiлген. Әрбiр бейне жеке құйылып алынып, алтын орамдардың арасына дәнекерленган.

Ортанғы белдеу тұтас алтын жапрақтардан жасалған өсiмдiк өрнегiнен тұрады.

Төменгi белдеу жануарлардың айқасыментолтырылған. Бейнелер композиция ортадан неғұрлым ұзаған сайын кiшiрее бередi. Үлгiлердiң саны мен орындалу шеберлiгi жағынан пекторалдiң теңдесi жоқ.

Қабiрге ерлi – зайыпты баласымен олардың күтушiлерi және жылқылар жерленген. Мұнда құрбандыққа шалынған күтушiлер саны Чертомлықта жерленгендерден екi есе көп.

Күл – Оба қорғаны қазiргi Керчь қаласының маңында орналасқан. Мұнда төбесi баспалдақтанып жабылғант тас сағананың iшiне скифтiң ақсүегi әйелi және күтушiлерiмен бiрге жерленген. Көсеммен бiрге сыртында жануарлар бейнеленген алтын қынды темiр семсер мен алтын диодемамен қапталған жебенiң құтысы қойылған. Мәиiттiң басындағы киiзден жасалған қалпақтың (башлик) сырты алтын қаңылтырлармен өрнектелген. Өрнектердiң бiрiнде бiр ыдыстан су iшiпжатқан екi скиф – Геродот айтқан достасу ғұрпы бейнеленген.

Әйелдiң мәйiтiнде өте мұқият дәлдiкпен жасалған алтын сырға, екi ұшында жатқан арыстандар бейнеленген алтын алқа, екi алтын блезiк, аяқ жағында алтын мен күмiстiң қоспасынан жасалған кiшiгiрiм ыдыс тұрды. Онда Чертамлықтан табылған вазадағыға ұқсас жетi скиф жауынгерi бейнеленген. Жасалу нақышы сондай болғанымен мұндағы скифтер басқа шаруамен айналысып жатыр. Скифтердiң бiреуi екiншiсiнiң жаралы аяғын байлап жатыр; үшiншi скиф төртiншiсiнiң тiсiн емдеуде. Олардың арғы жағында садақтың адырнасын (жiбiн) тартып жатқан скифпен өзара әңгiмелесiп отырған екi жауынгер бейнеленген. Ыдыстың сыртындағы көрiнiс асқан дәлдiкпен оның бойына тең орналастырылған.

Қазба кезiнде анықталған жерлеу ғұрпы, кезiнде Геродот жазып, қалдырған деректермен дәл келедi. Оның жазғанында өлген көсемнiң денесiн балауызбен майлап, тайпаларды аралатып шығады. Соын оны алдын ала даярланған төртбұрышты қабiрдiң iшiне төселген төсенiштiң үстiне жатқызады. Қабiрдiң қалған бол бөлiктерiне алдын ала тұншықтырып өлтiрiлген күңiнiң, шарапшысының, аспазының, атбағарының, күтушiсiнiң денелерi мен асыл тұқымды малдар және алтын ыдыстар қойылған. Содан кейiн барып үстiнен биiк етiп,оба үйiлген.

Үлкен қорғандардың материалдары скиф ақсүйектерiнiң тұрмысы мен олардың қоғамдық құрылысын елестетуге мүмкiндiк бередi. Бiрак ақсүйектердiң обалары қарапайым скифтердiң өмiрiн ашып көрсете алмайды. Қатардағы адамдардың тұрмыс, тiршiлiгi жайлы мол мәлiмет берген скифтердiң қарапайым қабiрлерi мен қоныстарында жүргiзiлген қазбалар.

Скифтерден қалған қалашықтардың iшiндегi ең жақсы зерттелгендерiнiң бiрi Днепрдiң жағалауында орналасқан Каменогорск қалашығы. 12 км кв. жердi алып жатқан қалашықтың сырты биiктiгi мен енi 11 метiр келетiн дуалмен қоршалып, сыртынан оны қоршаған терең орқазылған. Қорғаныс қамалының iшiнде орналасқан акропьден скиф iшiнде пешi бар ақсүйектерiнiң үйлерiнiң орны ашылды. Қарапайым қол өнершiлер тұрған бөлiгiнiң құрылыстары тiптi басқаша. Мұндағы үй құрылыстарның екi (жер бетiндегi және жертөле) түрi белгiлi. Жер бетiне салынған үйшiктер екi немесе үш бөлмеден тұрды. Олар тiгiнен орнатылған бағаналардың арасы тоқылған қабырғалардан салынды. Ал жертөлелердiң арасы қатар тұрғызылған ағаш тiреулермен бөлiнген. Олардың кейбiреулерiнен балшықтан соғылған ошақ табылған. Осындай үйшiктердiң қосалқы бөлмелерi шеберхана және шарушылық қажетi үшiн пайдаланылған. Төрт — бес үйдi қоршай салынған шарбақтар бiр өндiрiстiк кешенге бiрнеше туысқан жанұялардың бiрiккендiгiн бiлдiрсе керек. Каменогорск қалашығы тұрғындары көптеген тұрмыстық заттар мен қол өнерi бұйымдарын қалтырған. Қалашықтың тұрғындарының басым көпшiлiгi металл өңдеумен шұғылданса керек. Оның территориясында металл қортпалары мен құралдардың қалдықтары ұста құралдары өте көп кездеседi. Скифтер металлды балшықтан соғылған арнайы пештерде, тұлғасы цилиндiр тәрiздес биiк тигилге (жоғары қызуға төзiмдi металл балқытуға арналған ыдыс) салып балқытқан. Қазбадан балға, төс, кескiш, қысқыш, жонғыш, рұшықтың басы, ине секiлдi қолөнерi кәсiбi құралдары табылды.

Скифтердiң қарулары да көп кездеседi. Олардың акинак атты темiрден жасалған қысқа қанжарлары мен қоладан жасалған жебенiң ұштары жақсы таныс. Қазба материалдары скифтердiң тоқылған мата мен терiден кйiм тiгуде де жоғары жетiстiктерге жеткендiгiн бiлдiредi.Қалашықтан ағаш сапты темiр орақ, дән үгiткiш секiлдi егiншiлiк құралдары да шыққан.