Шығыс Европр мен Орталық Азияның ерте темір ғасыры.
1 – мыңжылдықтың басында адамдар темiрден еңбек құралдарын жасай бастады. Қоладан металлдың жаңа түрiне ауысу екi – үш жүзжылдықты қамтыды. Металлды игеру барлық кннннжерлерде бiрдей, бiр мезгiлде жүзеге асқан жоқ. Кейбiр халықтар темiрдi б.э.д. Х ғасырда пайдалана бастаса, басқаларының ҮП – Ү1 ғғ. темiрге қолы жеттi. Еуразия кеңiстiгiн мекендеген халықтар (Оңтүстiк Рессейдi, Украйнаны, Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды, Сiбiр, Алтай мен Қиыр Шығысты) темiрдi б.э.д. ҮШ –ҮП ғғ. толық меңгердi. Темiр адамдарға едәуiр ертерек уақытта да белгiлi болған. Жекелеген халықтар оны б.э.д. 2 – тiптi 3 – мыңжылдықтың өзiнде бiлген. Алғаш темiрмен Египет пен Месопотамияның тұрғындары таныс болды. Бiрақ темiрдi алудың әдiстерi игерiлмегендiктен одан тек әшекей бұйымдарын ғана жасай алды. Темiр жер бетiнде мыс немесе алтын секiлдi кесек күйiнде кездеспейтiндiктен алғашқыда ежелгi адамдар метеориттiк, таза темiрдi қолданса керек. Жер бетiнде темiр мыспен салыстырғанда көп болғанымен оны рудадан бөлiп алу жолы белгiсiз болды. Темiрдi игермес бұрын адамдар түстi металлдарды балқытуды меңгеруi тиiс едi. Мысты балқыту үшiн аса жоғары температура қажет емес. Ол 1100 градуста балқиды, ал темiрдi рудадан балқыту арқылы бөлiп алу үшiн қызуды 1530 градусқа көтеру қажет. Ондай жоғары температура алу арнайы пеште (домна) ғана iске асады. Сондықтанда темiр өндiру кәсiбi ежелгi ұсталарды өндiрiсте сапалық өзерiстерге қадам басуына итермеледi.
Темiрден еңбек құралдарын жасауды игеру материалдық өндiрiсте болған үлкен төңкерске алып келдi. Темiр адамдардың өндiру мүмкiндiгiн кеңейттi. Түрен, соқа, үлкен және кiшi орақтардың пайда болуы егiншiлiктiң кеңейуiне ықпал еттi. Темiр құралдардың таралуының былғары, сүйек, ағаш және түстi металл өңдеу секiлдi кәсiптердiң де дамуына әсерi тидi. Темiрден семсер, қанжар жебенiң ұштары секiлдi әрi өткiр, әрi қатты сапалы қарулар жасалды. Темiрдiң өндiрiске тереңдеп енуi әлеуметтiк тұрмыс пен қоғамдық қатынастарға да айтарлықтай ықпал еттi. Темiр өңдеудiң қиындығымен арнайы маманданған адамдарды қажет етуi, қолөнерiнiң жеке кәсiпке айналып, айырбастың дамуына, мүлiк теңсiздiгiнiң қорланып, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауының жеделдеуiне ықпал жасады. Сондай – ақ темiрдiң таралуы материалдық өнiдiрiстiң өсiп, қоғамдық қатынастар мен идеологияға елеулi әсерiн тигiздi.
Б.э.д. 1 – мыңжылдықпен бiздiң эрамыздың басында Украйнадан басталып Едiл өңiрiн, Жайық арқылы Қазақста мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi аймақта шартты түрде Скиф – Сiбiр әлемi деп аталған археологиялық мәдениет қалыптасты. Өз мәдениетiнiң ескерткiштерiн қалтырған кейбiр тайпалардың бiрқатарының аттары белгiлi – скифтер (сақтар), сарматтар, ғұндар; ендi бiрқатарының аттары белгiсiз, олар заттай және рухани мәдениетiнiң ескерткiштерiн ғана қалтырған. Осы ұлан – ғайыр жердiң археологиялық заттарының басым көпшiлiгi бiр – бiрiне өте ұқсас. Оны жебенiң қоладан жасалған ұштарынан, қанжарларынан, тұрмыстық заттары мен әшекей бұйымдарының бiртектестiгiнен көремiз. Бұндай ұқсастықтың негiздi себебi бар. Оны осы аймаққа жаппай тараған малшылық пен кетпендi егiншiлiктiң жалпыға бiрдей ортақтығынан көремiз. Олардың материалдық мәдениетi ғана жақын емес, сонымен қатар жергiлiктi еуропа тектес нәсiлдер мен индо – ирандық нәсiлдердiң қосындысынан тұратын этникалық тегi де бiр едi. Ерте темiр ғасырының ежелгi халықтары мен тайпаларының жоғары мәдениетi көршiлес Греция, Рим, Парсы секiлдi алдынғы қатарлы елдермен өзара мәдени баиланыста қалыптасып дамыды.
Б.э.д. 1 – мыңжылдықтың екiншi жартысында далалы аймақтарды мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, соғыстың күшейген жағдайында ру – тайпалардың әскери – саяси одаққа бiрiккен күрделi дәуiрiн басынан өткiздi.
Скиф — сақтардан қалған археологиялық ескерткiштерде бiр жарым ғасырдан астам уақыт жүргiзiлiп келе жатқан зерттеу жұмыстарының берген мол мәлiметтерiн хронологиялық және территориялық жағынан топтастыра отырып, Батыста Қырым мен Қара теңiз жағалауларынан бастап, Шығыста Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрге дейiнгi ұлан – байтақ жердi мекендеген скиф мәдениетiнiң үш орталығы болған деп айтуға болады: алғашқысы Сiбiр мен Алтай жерi; сосын Орталық Қазақстан мен Жетiсу өңiрi; соңғысы Қырым мен Қара теңiздiң солтүстiк жағалаулары;
Таулы Алтай мен Оңтүстiк Сiбiрдiң Сақ тайпалары
Сiбiрдiң темiр ғасыры Тағар мәдениетiнен басталады. Ол өз атауын Енесайдағы осы аттас аралдан алады. Осы мәдениетке жататын сақ қорғандардың бiрiн алғаш 1722 ж. I – Сiбiр экспедициясының мүшелерi қазған. ХIХ ғ. соңында Тағар мәдениетiнiң көптеген ескерткiштерiн А.В.Адрианов зерттеген. Қазан төңкерiсiне деиiн 100 ден астам қорғандар қазылған. Тағарлықтардың жерлеу ескерткiштерiмен қатар кен алған орындары, суғару жүйелерiнiң қалдықтары да жақсы зерттелген. Тағарлықтардың екi туысқан мәдениетi белгiлi. 1. Далалы аймақтардағы Тағар мәдениетi: Байнов (б.э.д.ҮП — ҮI ғғ.), Подгорнов (б.э.д. ҮI –Ү ғғ.), Сарағаш (б.э.д. IҮ — Ш ғғ.) кезеңдерiнен тұрады. 2. Орманды аймақтардағы Тағар мәдениетi: Большепичугин (б.э.д. ҮI – Ү ғғ.), Тисуль (б.э.д.Ү – IҮ ғғ.), Назаров (б.э.д. Ш ғ.) кезеңдерiнен тұрады.
Тағарлықтардың жерлеу орындары үйiндiнiң астында орналасқан жалпақ тастардан немесе қима бөренелерден жасалған қабiрлер түрiнде. Бiр обаның астында бiрнеше ондықтардан тұратын қабiрлерде кездеседi. Оларды рулық жерлеу камералары деп атайды. Жерленген кiсiлердiң қасынан сабының басында дөңгелек тесiгi бар пышақтар, Сақтардыкiне ұқсас қанжарлар, күмiс тескiштер, ұшып бара жатқан бұғылар бейнеленген қола айналар т.б. әшекей бұйымдары табылады. Жеке тұрған үлкен обалар мәдениеттiң соңғы кезеңiнде пайда болады. Олардың астында болатын жалғыз қабiрлерге өлген кiсi өртелiп күлi қоятын.
Негiзгi шаруашылығы егiншiлiк пен мал өсiру. Оны растайтын қабiрлерден жиi кздесетiн қола орақ, кельт – кетпен секiлдi еңбек құралдары мен тары, арпа секiлдi дақылдардың дәндерi. Қабiрлердiң барлығынан кездесетiн қой, сйыр, жылқылардың сүйектерi, қоладан жасалған iлмектермен безендiрiлген ат әбзелдерi мал шаруашылығынан хабар бередi. Шестаковскi қалашығының маңындағы жартасқа салынған сызбалардың сипаты Тағарлықтардың отырықшы тiршiлiк кешкендiгiн сездiредi. Онда шатыры төрт қырлы етiп жабылған, iшiнде дөңгелек ошағы бар ағаштан салынған үйлер бейнеленген.
Аржан, Пазырық обалары.
Ерте темiр ғасырының жерлеу ескерткiштерi Таулы Алтай мен Сiбiр жерiнде өте көп орналасқан. Олар Пазырық шаткалы, Башадар және Туэкты өлкелерi мен Кос – Агаш тау жотасында, Қаракөл және Урсул өзендерiнiң алқабында т.б. жерлерде орналасқан.
Пазрық патша обалары үлкен тас үйiндiлердiң астынан терең етiп қазылған алып шұңқырға бөренелерден екi қатар етiп жасалған жерлеу қыималарынан тұрады. Олардың үстi де бөренелермен жабылған. Жоғарғы жағына үйiлген iрi тастардың арасынан кiрген жаңбыр және қар сулары қыс кезiнде қатып, мәңгiлiк тоң қалыптасу салдарынан оның iшiне жерленген кiсi мен бiргн қойылған заттар бiзге бейiн бүлiнбей жеткен. Қабiрдiң шамадан тыс көлемi мен iшiне койылган асыл бұйымдар, қымбат терiлер мен маталар әшекей бұйымдары, қатар жерленген асыл тұқымды сәгулiк аттар мұнда жерленген кiсiнiң iрi тайпаны немесе тайпалық одақты басқарған көсем болғанын көрсетедi.
Екiншi пазырық обасына жерленген көсемнiң қабiрi ерекше. қабiр иесiнiң жағына қара түспен бойалған сақал байланған. Денесiн толығымен жапқан татуировкада грифонның, құланнын, тау ешкiсiнiң, бұғы мен құстардың бейнелерi салынған. Қорғаннан табылған өнер туындылары Алтай сақтарының басқа туысқан мәдениеттермен тығыз байланыста болғанын көрсетедi. Осы мәселеде аңдар ( бұғы, қарақұйрық, арыстан, жолбарыс, қабан ) мен құстарға (аққу, қаз, әсiресе жыртқыш құстар) басты орын берiлген. Өмiрде кезеспейтiн, аңдар мен құстардың дене мүшелерiнiң қосындысынан тұратын мифтiк тiршiлiк иелерi Сақтардың аң стилiнде негiзгi орын алады. Жиi қайталанатын осындай қиал ғажайып бейнелердiң бiрi – денесi арыстанның немесе жолбарыстыкi, қанаты мен басы құстыкi болып келетiн грифон жиi қайталанады. Бұдан басқа бейнелердiң арасында шығыс стилiндегi сфинкс кездеседi.
Бесiншi пазырық обасынан табылған екi кiлем ерекше айтуға тұрарлық. Киiзден жасалған бiрiншiсi өзiнiң үлкен көлемiмен (6,5 х 4,5 м.) таң қалдырады. Екiншiсi (2 х 2 м.) түрлi – түстi түктi кiлемдердiң ең ежелгiсi. Бұлардың екеуi де ахемеидтiк Иранның өнер туындысы. Мәңгiлiк тоңға негiзделiп салынған қабiрлерге қойылған еңбек құралдарымен әшекеи бұиымдары, тұрмыстық заттар өте жақсы сақталған. Сақтардың “аң стилiнiң” нақышы жағынан Ежелгi Шығыс өнерiмен жақындығы мен қабiрлерден табылған Қытай жiбегiнiң қалдығы, Иран кiлемдерi Алтайлықтардың жақын және алыс елдермен сауда — мәдени байланысының болғандығын бiлдiредi. Осыған қарамай қабiрде қалыптасқан мұздықтың арқасында бiзге жеткен өзiндiк нақышы айқын байқалатын өнер туындылары сақ мәдениетiнiң жергiлiктi төл өнер негiзiнде қалыптасқандығының куәсi.
Алтаймен көршi Тува жерiндегi қорғандар мен жер қабiрлер, Бұғы тас деп аталатын ғұрыптық және салттық құрылыстар мен тасқа салынған суреттер сақ дәуiрiне жатады. Б.э.д. ҮII – III ғғ. Тұрғызылған бұғы тастарда марал, қабан, жылқы секiлдi жануарлар мен қатар қанжар, семсер, жебелер, дөңгелек және төрт бұрыш келген таңбалар ойылып салынған. Зерттеушiлердiң көпшiлiгiнiң пiкiрi бойынша бұғы тастар өлген кiсiнiң басына қойылатын ескерткiш.
Дегенмен Туваның негiзгi археологиялық ескерткiштерi Сагли –Бажы, Қызылған, Усть – Хемчик, Ұйық секiлдi қорғанды жерлеу кешендерi. Тувалық сақтардың соңғы кезде зерттелген үлкен ескерткiштерiнiң бiрi б.э.д. ҮIII – ҮI ғғ. Жататын Аржан қорғаны. Дяметрi 120 м, биiктiгi 4 м келетiн тас үйiндiсiнiң астында жуандығы 40 – 50 см. тау қарағайларынан салынған күрделi қима қабiрлер кешенi орналасқан. Қорғанның қақ ортасындағы қимаға тайпа көсемi мен оның жұбайы, күтушiлерi және аттары жерленген. Оны айнала дөңгелектенiп салынған 70 қиманың (сурет) үшеуiне еркектер жерленген. Барлығы 17 адам мен 160 тан астам жылқы жерленген. Патша мен кейбiр қималардың еденiне бұлғындардың терiлерi төселген. Ал патшаның қимасының төсенiшiнiң астынан 15 – 20 жылқының құйрығы табылды. Өкiнiшке орай Аржан қорғаны да тоналған. Сондықтан да құнды заттар аз, солай бола тұрса да жерлеу заттарының қалдықтары қабiрге қойылған алтын заттар мен қымбат бұйымдардың мол болғандығын бiлдiредi. Қоладан және күмiстен жасалған ат әбзелдерiнiң өрнектерi жақсы сақталған. Аржанның мерзiмделуi қимадағы бөренелерге жасалған дендрохронологиялық анализ арқылы б.д.д. 800 – жыл деп анықталған.