Тас ғасырының соңында мұздықтар ерiп, Солтүстiк Еуропа мен Азияның көптеген жерлерi мұз құрсауынан босады. Қазiргi жер қыртыстары мен өсiмдiк дүниесiнiң (ормандар, орманды далалар, далалар) қалыптасып, мамонт секiлдi тас дәуiрi аңдарының жоюылуы да осы тұста жүрдi. Төменгi тас өткеннен соңғы уақытта адамдар садақ пен жебенi, бiрқатар қозғалыс көлiктерiн (қайық, шаңғы, шана) аң аулап, балық ұстайтын құралдардың жаңа түрлерiн ойлап тауып, балшықтан ыдыс жасауды, мата тоқып киiм тiгудi үйрендi. Тас ғасырының соңында оңтүстiк аудандардың тұрғындары алдымен бақташылық пен егiншiлiкке өту арқылы прогресивтi өндiрушi шаруашылықтың қалыптасуына негiз салды.
Тас ғасырының шарықтау шағы орта тас (мезолит) пен жаңа тас (неолит) кезеңдерi тұсында өттi.
Мезолит шамамен б. э. д. 10 – 6 – мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Бұл мұздықтардың ерiп, солтүстiкке қарай шегiне бастаған кезi. Керi шегiнген мұздардың iзiмен олардан босаған жерлердi адамдар мекендей бастады. Жаңа кезеңде мыңдаған жылдар өмiр сүрген көне тас мәдениетi, яғни iрi мамонттарды аулаумен машықтанған аңшылық мәдениет өзгерiске ұшырап, оның орнына басқа сипаттағы мәдениеттердiң келуi заңды құбылыс едi. Оған аң аулау тәсiлi мен аң аулау объектiсiнiң өзгеруiне орай болған тұрмыстағы жағдайлар әсер еттi. Мезолит дәуiрiнде далалы және орманды аймақтарды ұсақ та жылдам жүгiретiн аңдар көп мекендедi. Оларды палеолит кезiнде кеңiнен қолданылған әдiспен аулау ешқандай нәтиже бермедi. Су құстары мен балықтарды аулау термешiлiк (терiмшiлiк) шаруашылықта елеулi орын алды. Осындай жағдайда садақ пен жебенiң ойлап табылуы өмiрлiк қажеттiлiктен туды.
Садақ пен жебенiң пайда болуы өндiргiш күштердiң дамуында елеулi төңкерiс жасап, ежелгi адамдардың шаруашылық өмiрiне түбегейлi өзгерiс алып келдi. Шаруашылықтың тұрпайы иемденушi нысанынан (формасынан), термшiлiк пен аңшылықтан оның өндiрушi нысанына, егiншiлiк пен бақташылыққа өтудiң алғышарттары қалыптасты. Мезолитте тас еңбек құралдарын жасаудың жаңа тәсiлдерi игерiлдi. Осыған орай тiстi тас еңбек құралдары пайда болды. Саптары ағаштан, немесе сүйектен жасалған мұндай құралдардың бас жағына, болмаса өн бойына салынған арнайы кертпелерге ұсақ та жұқа қатпаршықтардан тас тiстер қыстырылды. Осындай қыстырма ретiнде пайдаланылған ұсақ тас құралдарын археологияда микролиттер деп атайды. Олардан жебелер мен найзалардың ұштарын, орақтар мен найзалардың тiстерiн жасады (сурет 1).
Мезолит (орта тас) дәуiрi Еуразия құрлығының барлық жерлерiнде бiрдей жүрген жоқ. Сондықтан да мезолиттiк микролиттер барлық жерлерде бiрдей кездесе бермейдi. Орта тастан жаңа тасқа өту де жергiлiктi жағдайларға байланысты әртүрлi және әркелкi. Осындай себептерге орай кейбiр ғалымдар еңбек құралдарының әртүрлi болуына сүйенiп мезолиттi палеолит пен неолиттiң арасындағы өтпелi кезең деп есептесе, екiншi бiр ғалымдар микролиттер белгiлi аймақтарды бiр мәдениетке топтастырып, микролиттер кездеспейтiн аймақтарды екiншi мәдениетке топтастырып эпипалеолит (кейiнгi жоғарғы тас), немесе протонеолит (алғашқы жаңа тас) деп атады.
Еуропа құрлығында бiрнеше мезолиттiк мәдени аймақтар болды. Мезеолит дәуiрi ескерткiштерi: Қырымда, Кавказда, Орта Азия мен Қазақстанда белгiлi. Қырымдағы Шаң-Қоба, Замиль-Қоба, Мұрзақ-Қоба, Фатьма-Қоба үңгiр тұрақтары мезолиттiк мәдени қабаттардан тұрады. Орта Азияда 50-ден астам мезолиттiк тұрақтар белгiлi. Олардың iшiндегi ең әйгiлiлерi: Түркiменстандағы Жебелi, Қойылу; Тәжiкстандағы Ош-хана, Данғары, Чиль-Чор-Чашма; Өзбекстандағы Мачай, Обишир т.б. тұрақтары.
Орта Азияда палеолиттiң соңында тас өңдеудiң микролиттiк тәсiлi пайда болды. Шаруашылықтың өндiрушi нысанына көшу процесi Орта Азия жерiнде мезолит дәуiрiнен басталғанын бiлдiретiн егiншiлiк пен бақташылықтың iздерi бiрқатар ескерткiштерде сақталған. Мезолит шамамен б.з.д. 10-60мыңжылдықтар аралығын қамтиды. Жаңа кезеңде мыңдаған жылдар өмір сүрген көне тас мәдениеті, ірі мамонттарды аулау мен машықтанған аңшылар мәдениет өзгеріске ұшырап, оның орнына басқа сипаттағы мәдениетердің келуі заңды құбылыс еді. Оған аң аулау тәсілі мен аң аулау абъектісінің өзгеруіне орай болған тұрмыстағы жағдайлар әсер етті. Мезалит дәуірінде далалы және орманды аймақтарда ұсақта жылдам жүгіретін аңдар көп мекендеген. Оларды палеолит кезінде кеңінен қолданылған әдіспен аулау ешқандай нәтиже бермеді. Су құстары мен балықтарды аулау терімшілік шаруашылықта елуелі орын алды. Осындай жағдайда садақ пен жебенің ойлап табылуы өмірлік қажеттіліктен туды.
Микролиттерді ағаш немесе сүйек негізіне сына ретіне пайдаланылатын.Ол үшін Ағаш немесе сүйекті бойлай ойып, ойығына микролиттерді салып, оларды тұтқа затымен бекітіп, кейінен орап қояды. Микролиттерді жебенің ұшы ретінде деп пайдаланатын. Садақ пен жебені ойлап табу мезолит дәуірінің маңызды жетістіктерінің бірі болып есептелінеді. Мезолит дәуірінде жіңішке ж/е жеңіл құралдар мен қатар көлемді еңбек құралдары пайда болады. Оларды “макролит ” деп атайды. Олардың қатарында балтада пайда болады. Балтаның пайда болуы оррман аймағында адамға ол жерлерде ағашты өңдеуді меңгеруді қажет етіп, өте үлкен маңызы болды. Мезолит дәуірінің жетістіктерінің бірі-егін және мал шаруашылығының бастамасының пайда болуы.
Палеолиттің және мезолиттің аралығындағы шегінін қашан өтетінін айтқанда ғалымдарды бір ауызды пікір жоқ . Кейбіреулері мезолит дәуірін жеке дәуір ретінде жалпы алғанда бөлмейді. Бірақ,ғылыми әдебиетте мезолит дәуірін белгілейді оған бірнеше себеп бар. Біріншіден еңбек құралдарын жасау технологиясындағы өзгерістер флорамен, фаунаның өзгеруі, аңшылық түрлерінің өзгеруі,егін мен мал шаруашылығының бастамасының пайда болуы.Тағыда бір себеп, мұздың шегінуі жаңа гиологиялық дәуірді бастайды.Ол дәуір-голоцен. Оның басы глобальд жылуынан әллередтан есептеледі.Ол дәуір 10мың жыл бұрын басталды .Сондықтан мезолит дәуірін б.з.д.8-7мың жылдықтарға жатқызады.Негізінде мезолит кезеңі ең аз зерттелген кезеңге жатады.Осы кезеңде Палестина, Ирак және Орта Азияның оңтүстік аймақтарында егіншіліктің бастамасы пайда болады.Палестинада егіншіліктің іздері қалған тұрақ табылды. Бұл тұрақ Эл-Вад үңгірінде табылды.Бұл тұрақ ең алғашқы егіншілікке мәдениетке жататын.Бұл мәдениетті Натуф мәдениеті деп. аталды.
Мезолитте тас еңбек қаралдарын жасаудың жаңа тәсілдері игерілді. Осыған орай тісті тас еңбек құралдары пайда болды. Саптары ағаштан немесе сүйектен жасалған мұндай құралдардың бас жағына, болмаса өн бойына салынған арнайыкертпелерге ұсақта жұқа қатпаршықтардан тас тістер қыстырылды. Осындай қыстырма ретінде пайдаланылған ұсақ тас құралдарын археологияда миролиттер деп атайды. Олардан жебелер мен найзалардың тістері жасады.
Қырымдағы Кавказдық және Орта Азиядағы мезолит дәуірі.
Ең ертеректегі мезолиттік ескерткіштер Алдынғы Азияда, Қырымда, Кавказда және Орта Азияда белгілі. Мұздықтардың еруі жалғасып жатқан және ерте кезеңде көптеген полоелиттік дәстүрлер сақталып отырған Еуропаның солтүстігіне қарағанда мұнда мезолит ертерек қалыптасты. Қырымда мезолиттік мәдени қабаттары бар бірнеше ондаған үңгірлер белгілі: Олар-Шаң Қоба, Замиль Қоба, Мұрзақ Қоба және т.б. Бұл үңгірлерде полеолиттік дәуірдегіге ұқсас ауыр тілімдерден жасалған өте тұрпайы еңбек құралдары мен нуклеустер табылды. Бұлармен қатар алғаш рет іргеге қойылған геометриялық нақыштағы ұсақ құралдар кеңінен тарады.
Мезолит дәуірінде Қырымда мал шаруашылығына өту байқалды.
Жергілікті кейінгі полеолиттік мәдениеттің негізінде Кавказ мезолиті қалыптасты. Бұған қазып алынған Дағыстандағы көп қабатты Чөге қонысы, Сочи қаласының маңындағы Ацин үңгірі, Осетиядағы бір қабатты мезолиттік Шау легет тұрақтары дәлел бола алады. Мезолитте мұнда микролиттік техника өту болды: Енді кремнилік тілікше-ішпектер жұқа әрі нақышты бола түсті, оларды енді қарындаш секілді шағын нуклеустерден алды, үшбұрыш пен сегмент түріндегі көптеген микролиттер табылды. Жекелеген аймақтардың мезолиттік ескерткіштері заттар тізімімен ерекшеленеді. Мәселен Абхарияда микролиттік құралдармен қатар малтатастардан жасалған шабатын бұйымдар да бар. Кавказдағы қоныстардың тұрғындары бұланды, тау ешкісін, аю мен қабанды аулаған, бұл жөнінде мезолиттік қоныстардың мәдени қабаттарындағы сүйектердің көптеген олжалары дәлел бола алады.
Кейбір айырмашылықтарына қарамастан Кавказдың мезолиттік ескерткіштері біртұтас үлкен этномәдени қауымдастықты құрайды.
Орта Азияда елуден астам мезолиттік ескерткіштер белгілі. Олардың ішінде Түркменстандағы Шебен, Кайлю. Пакістандағы Ош-Хана,Чиль-Чор-Чашма: Өзбекстандағы Мачай, Оби-Шири және т.б. үңгірлері бар. Орта Азияның мезолиттік ескерткіштеріне тілікшелі техниканың тұрпайы формадағы арганикалық құралдармен үйлесуі тән.Орта Азияның мезолиттік мәдениеті алуан-түрлі дамып бір жағынан дала аңшылары мен терімшілері мәдениетін екінші жағынан Копендаг тауы етегіндегі ежелгі егінші-отырықшы мәдениетінің бастамасы болды.
Полеолиттің соңында Орта Азияда мен көрші аймақтарда микролиттік техника құралдары пайда болды. Мезолитте мұнда шаруашылықтың өндіруші түріне өту басталады. Арганикалық егіншіліктің іздері Алдыңғы Азияның кейбір ескерткіштерінде сақталып қалды, ал малшаруашылығы бұрынырақ пайда болды. Егінші аудандар үшін мезолиттің жоғарғы шекарасы Хаджилар, Шалидар, Жебек секілді балшық үйлері бар қоныстардың пайда болу уақыты болып табылады. (ҮІІмың жылдықпен ҮІ мың жылдықтың басы б.з.д.).
Орта Азиядағы мезолит дәуірінің бұйымдарының негізгі формалары бір жақты призмалы нуклеустер, бір қырлы ретуші бар пластиналар, сопақша шеті бар жарғақтардан жасалған қырғыштар.
Орта Азия территориясында негізінен екі мезолиттік мәдениет қалыптасты.Олардың бірі таулы аудандардың ескерткіштерін біріктіріп,жергілікті полеолиттік дәстүрмен байланысты болды.Аңшылық адамдардың негізгі кәсібі болды.Қара құйрықтылардың сүйегі ,аңшылық іс-қызметі мен теріні өңдеу құралдары едәуір көлемде тұрақтарда бар. Алайда Мачай және үңгірлі тұрақтарының жоғарғы қабаттарында қой (ешкі) мен ірі қараның сүйектері табылды. Жазық дала мен Копетдаг бөктерінің мезолиттік мәдениетінде екі негізгі бағыт ерекшеленеді: жазықта, әсіресе оның оңтүстік бөлігінде мүккамалды дайындаудың микролиттік техникасы дамып,ең ежелгі жер өңдеудің орталығы пайда болды, ал, солтүстік мезолиттік тұрғындар аңшылар мен балықшылардың мәдениетін қалыптастырды.
Мұз дәуірінен кейінгі Шығыс Еуропадағы мезолит.
Мезолиттік ескерткіштердің едәуір көлемі Шығыс Еуропада табылды.Мұнда,Днепр-Донецк қосөзеннің мезолиті мен Жоғарғы Еділ мен Жайықтың арғы бетінің мезолиттік ескерткіштерін бөліп көрсетуге болады.
Жоғарғы Еділдегі әйгілі қоныстар мезолиттің үш хронологиялық кезеңіне жатады.
- Ерте мезолит Ока өзеніндегі Гремячес тұрағымен белгілі;
- Орта мезолит Борки,Склятино тұрақтарымен белгілі.
- Кейінгі (соңғы) мезолит Соболево және Дмитревское қоныстарымен белгілі.
Әсіресе Елин Бор (Мурал қаласының маңында) көп қабатты қонысының ерекше маңызы бар.Қоныстарда 7х 5 мм көлеміндегі тікбұрышты формадағы жартылай жер төлелердің қалдықтары табылды.Бөлменің ортасында сопақша шұңқырларға орналастырылған ошақтар тұрған.Бұл қоныстарда формасы бойынша тал жапырақтарына ұқсас әдемі өңделген жебе ұштары өте көп кездеседі.
Камадағы ,Жайықтың арғы бетіндегі және керек болса Қиыр солтүстігіндегі мезолиттік мәдениет қарындаш тәріздес нуклеустерден сипатталады.Бұл жерлерді зерттеушілер оның жергілікті полеолиттік мәдениеттермен байланысының жоқтығын,керісінше оның орта Азиядан жасалған қырғыштар,сүңгілер,қырғылар көбірек кездеседі.
Дамыған мезолитте тастан жасалған бұйымдардың көлемінің кішіреюі байқалады,кескіштердің,тескіштердің,шеттері шабылған пластиналардың үлесі артты.Сонымен бірге ауыр қырғылар мен пышақтар сақталды.
Десна мен Сейм,Подонья мен Жоғарғы Днепр бассейінде бізге Будимир,Дечтярева және т.б. тұрақтардан белгілі өзге бір мезолиттік мәдениет қалыптасты.Бұл аймақ үшін шағын нуклеустерден алынған шағын тілікшелер тән.Донның арғы бетінің Орта тұсында мезолит дәуірінде екі мәдени-тарихи дәстүр түйісті:
1).өзінің бастауын полеолиттен алатын жергілікті дәстүр.
2).микролиттік техника тән келісім дәстүр.
Жақсы зерттелген мезолиттік өңірге Орал бөктері мен Оңтүстік Орал жатады.Мұндағы ең ертедегі мезолиттік ескерткіш Ильмурзино тұрағы болып табылады.Мезолит дәуірінің келесі кезеңі Холодный Ключ және Романовна ІІ тұрақтарымен белгілі.Бұл микролиттік техниканың гүлдену кезеңі.Кейінгі мезолитке Ақбота,Михайловская және т.б. тұрақтар жатады.Кейінгі мезолитке тән ерекшелік нуклеустерден жасалған қашалып жасалған құралдардың пайда болуы.
Оңтүстік Оралдың мезолиті бірқатар ерекшеліктері бойынша Орта Азия мен Иранның мезолитіне ұқсас.Оңтүстік Оралда, Каспийдің бергі беті мен Батыс Сібірде геометриялық формадағы құралдардың пада болуы, оларды алып келушілердің жолдарымен өндіруші шаруашылықтың да таралуы жүрді.
Сібір мен Қиыр Шығыстың мезолиті.
Өзге аймақтарға қарағанда мезолиттік ескерткіштер Оралдың бергі бетіндегі орманды өңірдің Тобыл,Тура,Ертіс өзендерінің бойларында кейінірек ашылды. (Серый Камень,Полуденна І және ІІ, Черноозерье ІІ және Ү) Мүккамалының (инвентарының) құрамы бойынша,олар оңтүстік оралдың мезолиттік ескерткіштерінен ерекшеленеді.Оларға пышақтектес тілікшелер, ретушсыз немесе қыры бар ретушты тілікшелер үшбұрышты және трапеция тәріздес шағын тілікшелер тән.Бұл мәдениеттің батыс бөлігі.Каманың арғы бетінің мезолитімен иін тіреседі.
Мезолит дәуірінің өзіне тән мәдениеті Сібірде дамыды.Мұнда,тастан еңбек құралдарын жасау техникасында күрт өзгеріс болған жоқ, сонымен бірге жергілікті тұрғындардың да өмір салты өзгерген жоқ. Мұнда табылған мүккамал (инвентарь)Сібірдің полеолитіне тән. Тұрақтардың көпшілішігінде мезолиттік мәдениетінің ерекшелігі болып табылатын геомертиялық микролиттер жоқ.Микролиттер тек қана Алтайда, бірен саран жерлерде Байкалдың арғы жағы мен Қиыр Шығыста табылды.Сібір мезолиті Енесейдегі Бирюса,Иркутені маңындағы Верхоленск таулары, Ангарадағы Усть-Белая,Байкалдың арғы жағындағы Фафоново секілді ескерткіштермен белгілі.
Барынша кеш, ХХ ғасырдың 50 жалдарында ғана Қиыр Шығыстағы мезолиттік қоныстарды зерттеу басталады. (Осиновка І,ІІ Ханкайдың бергі жағындағы алқабындағы қоныстар).Мұнда кездесетінтастан жасалған еңбек құралдары.Жанартаулық туф пен Обсидианнан жасалған.Тасты өңдеудің техникасы жергілікті полелитпен байланысты: Малтатастан жасалған кесетін құралдар,кесілуінде үшбұрышты тілікшелер,қарғыш-нуклеустер,шағын тілікшелер де кездеседі.