Археологиялық деректер
Адам қоғамының қалыптасып дамуы жайлы бiз тарихи деректердi зерттеу арқылы танып, бiлемiз. Дерек болып адамзаттың өткен тарихынан мысқалдай болсада мәлiмет беретiн кез келген зат есептеледi. Тарих ғылымында деректердi үлкен – үлкен екi топқа бөлiп қарастыру қалыптасқан. Оның бiрiншiсi жазба, екiншiсi заттай деректер. Археология екiншi топқа жататын заттай деректердi зерттеумен айналысады. Заттай дерек болып, қайсы бiр заманда адам баласының қолынан шыққан кез келген бұйым саналады. Заттай деректер атқарған қызметiне қарай еңбек құралдары, қару – жарақтар, тұрмыстық заттар болып топтастырылады. Осындай танымдық деректерден басқа, ғылымда археологиялық ескерткiштер деген түсiнiкте бар.Археология ғылымының өзiнiң зерттеу объектiсi мен деректердi жинақтау және зерттеуде өзiне ғана тән тәсiлi бар. Осы тұрғыдан алғанда археология жеке ғылым болып есептеледi. Дегенмен тарих пен археологияның мақсат, мiндеттерi бiр және бiртұтас ғылым екендiгiн ұмытуға болмайды. Олардың айырмашылығы зерттеу деректерi мен оларды қолдану әдiстерiнде. Археология тарих секiлдi адам тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiн қамтымайды, ол алғашқы қоғам тарихын зерттеуге негiзгi, ал құлдық және феодалдық қоғамдар жайлы қосымша материалдар бередi. Олай болса археологияның адамзат iлiмi жүйесiндегi алатын орны орасан зор. Ең алдымен ол адамзат тарихының мерзiмдiк шеңберiн кеңейттi. Жазба деректер адам қоғамының 5 мың жылдық тарихын, яғни таптық қоғамның қалыптасып, дамуынан берi қарайғы кезеңдi зерттеуге көмектессе, археологиялық деректердi пайдалану ешқандай жазба дерегi жоқ, таптар қалыптасқанға дейiнгi қоғамның тарихын қалпына келтiруге мүмкiндiк бередi. Осылайша археология тарихтың мерзiмдiк шеңберiн 2 млн. жылдан астам уақытқа ұзартып, адамзат өркениетiнiң басталуына дейiн жеткiздi.
Кеңес үкiметi кезiнде археологияға ерекше мән берiлiп, оның тарих ғылымының дамуындағы ролi жоғары бағаланды. Археологияның жеке ғылым ретiнде қалыптасып, одан әрi дамуына көп жағдай жасалды. Тарихи мұралар мен археологиялық жәдiгерлердi табиғи апаттар мен кездейсоқ бұзылыстардан қоғау және зерттеу туралы заң шығарылды. Кеңес кезiнде жүргiзiлген игi iстер бұл күнде дұрыс жалғасын таппай отыр. Елiмiздiң кең байтақ территориясы археологиялық ескерткiштерге өте бай. Олардың көпшiлiгi шаруашылық жұмыстарын жүргiзу барысында бүлiнiп, жойылып кету қаупi тууда. Сондықтан тарих пәнiнiң болашақ мұғәлiмдерi мен оқытушылары археологиялық ескерткiштердiң мемлекеттiң меншiгiндегi тарихи, мәдени мұра ретiнде заң жолымен қорғалып, оның бұзылуы мен жойылуына жол берген кiсi, немесе мекемелер (заңды тұлғалар) заң алдында жауап беретiндiгiн бiлгенi абзал.
Археологиялық ескерткiштердi қазып, зерттеуге арнайы рұқсат қағазы бар мамандар ғана құқылы. Өз бетiмен, ешқандай арнайы рұқсатсыз қазба жүргiзген кез келген жеке тұлға, немесе мекеме «тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану» заңына сай жауапқа тартылады. Сондықтан мектептер мен оның мұғәлiмдерiнiң iс — әрекетi жас ұрпақты археологиялық ескерткiштердi танып, бiлiп оларды қорғауға тәрбиелеуге бағытталуы тиiс.
Археологиялық зерттеулер үш кезеңнен тұрады. Бiрiншiсi, археологиялық барлау, яғни ескерткiштердi iздеп тауып, мемлекеттiк есепке алу, қорғау. Екiншi, археологиялық ескерткiштерде қазба жүргiзу және қазбадан табылған заттарды лобораториялық зерттеуден өткiзу. Қазбадан табылған заттар арнайы лобораториялық өңдеуден өткеннен кейiн ғана толыққанды дерек болып саналады. Олардың атқарған қызметiн, құрылымын және материалын басқа заттармен байланысын зерттеу барысында әртүрлi зерттеу әдiстерi мен тәсiлдерi пайдаланылады. Үшiншi, зерттеу нәтижесiне сай ежелгi адамдардың тұрмыс – тiршiлiгiнiң қалыптасып, дамуындағы қайшылықтар мен заңдылықтар жайлы арнайы ғылыми мақалалар мен кiтаптар жазу. Соңғы кезең арнайы кабинеттер мен кiтапханаларда, архивтерде жүзеге асырылады.
Археологияның бастамасы көне Вавилонда байқалады.сол кезде Вавилоннның патшасы Набонид б.э.д.6.ғ.ең алғашқы жүргізген болатын.Ал Ежелгі Рим де Лукреций Кар б.э.д.1.ғ.адамзаттың тарихын үш дәуірге бөлген.Ол тас,мыс , және темір дәуірлері .Орта ғасыр кезеңінде археологияны ұмытып кеткен.15-16ғ.ғ. Италияда көптеген археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген болатын.Оның мақсаты антикалық кезеңнің мүсіндерін іздеп табу болды.18.ғ Помпей және Геркуланума қалаларында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді.19.ғ. Қос Өзен мен Ежелгі Египеттің өркениеттері археология арқылы ашылды. 1836ж.дат археологы
Томсен адамзат тарихы үш кезеңге ,яғни тас, қола жәнек темір,бөлінетінін дәлелдеді.Томсенді Е.Барсо да қоштады. Буше де Перт табылған тастарды еңбек құралдар екенін дәлелді.Томсеннің және Варсоның хранологиялық жүйесін француз археологы Мортилье ары қарай дамытты.Ол Тас дәуірінің кезеңге бөлуін жасады.
Археологиялық қазба жұмыстары арнайы ғылыми білімі бар адамдар өткізеді.Қазба жұмыстарының әдістемесі-археологияның маңызды бөлімі болып келеді.Экспедицияға шығар алдында,археолог мұқият дайындалды.
Ахеологтың мақсатына байланысты қазбаның орны анықталды.Қазбаны бастар алдында объектінің толық жоспарын салады.Ол жоспарға барлық нәрсе кіруге тиіс.Қазбаны тек қана күрекпен қазады.Керек кезде пышақ немесе шеткаға өтеді.Мәдени қабатты 20 см.қалыңдығымен ашады.
Археологиялық қазба жұмыстарының негізгі екі түрібар.1-стратиграфиялық қазба жұмысы (лат.стратум-қабат,грек графо-жазу). Стариграфиялық қазба жұмысын тарихи ескерткіштерінің жасын анықтау үшін жүргізеді.Яғни,стратиграфиялық қазба жұмыстары үлкен көлемде жүргізілмейді.Мәдени қабатын тура анықтау керек.Қазба жұмыстарының екінші түрі-2-стационарлық қазба жұмысы.Стационарлық қазба жұмыстарының мақсаты көп.Мақсатының бірі тарихи ескерткішті анағырақ зерттеу,археологиялық деректерді көбірек табу, тарихи объектінің анығарық картасын құрастыру және т.б. болып табылады.