Археология пәні мен әдістері

Археология пәнінің зерттеудегі міндеттері мен мақсаттары және әдістемесі

Адамзаттың тарих 99,9% уақыты жазуы жоқ кезеңге келеді.Сондықтан соңғы уақытқа дейін бұл мерзім белгісіз болып келеді. Ғалымдар, тіпті, адамзаттың жазуы жоқ тарихын зерттеуге мүмкіндік жоқ деп мойындайтын. Бірақ, кейбір ғалымдар бұған қанағаттанбай өздерінің ізденістерін бастады. Көне заманда адамдар жерден еңбек құралдарға ұқсайтын заттар табатын оларды құдай жасаған құралдар деп есептейтін. Бірақ, ғалымдар бұл заттарды адамдар жасағанынын дәлелдеп, оларды еңбек құралдар есебінде пайдаланғанын көрсетті. Көне заттарды зерттеп адамзат тарихын зерттеуге мүмкіндік ашты. Осыны дәлелдегесін және зерттеу әдісін тапқан соң археология ғалым ретінде қалыптасты “Археология» термині екі грек сөзінен тұрады: архайос-көне және логос –ғалым. Ең алғашқы бұл терминді қолданған Платон болатын. Бұл терминді Платон «көне заттар туралы ғылым» деп түсінетін. Кейіннен, XYIII ғасырда, археология деп антикалық өнер тарихын атайтын. Тек қана біздің дәуірде кәзіргі археологияның мағынасы қалыптасады.

Негізгі тарихи пәндердің арасына археология да кіреді. Бұл ғылым адамзаттың тарихын жан-жақты қамтиды.Қалған ғалымдарға қарағанда, археология, адамзаттың тарихын, адамның пайда болғанын, қоғамдық сана сезімнің шығуын, толығырақ зерттейді. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады.Археология-тарих ғылымының негізгі бір саласы, негізінде заттай деректерді зерттеу арқылы, адамзат тарихының дамуын және осы дамуын және дамуының заңдылықтарын зерттейді. Археологияны күрек пен бірге жүретін ғылым деп атайды.

Археологиялық ескерткіш-жан-жақты қамтитын түсінік.Олардың қатарына тұрғын үйлердің қалдықтары, зираттар, оттың іздері жатады. Археологиялық ескерткіштер көп және әр-түрлі болып келеді. Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зерттейді..Яғни,адамның іс-әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді.Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан археологтар деректерді негізі түрлерге бөлген. Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды.Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде,немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады. Ондай жерлер көп емес. Олардың негізі түрлері: тұрақтар, қалашықтар, қорымдар, қоныстар, шеберхана, рудниктер, архитектуралық құрылыстар, тасқа салған суреттер және т.б. Археологияда тұрақ деп тас және қола дәуірінің уақытша қоныстарын атайды. Бірақ, археологияда қазіргі кезде бұл терминді қате деп есептейді.Сондықтан тұрақтарды қоныс деп атауға болады. Қалашық деп бекініс пен қоршалған қоныстарды атайды.

Қорымдар археологиялық ескерткіштердің негізгі бір түрін құрайды.Ең алғашқы зираттар тас дәуірінде пайда болған. Зираттарды екі негізгітүрде бөледі.Ол:Қорғандар және қорымдар.Төбесінде тастан немесе топырақтан құралған үйіндісі болса, онда қорған деп атайды.Қорғандар әр-түрлі болады.Үйінділерінің биікиігі бірнеше сантимертден бірнеше метрге дейін жетеді. Мысалы: түркі дәуірінің кейбір қорғандарының биіктігі 30-35м.дейін жетеді.

Төбесінде үйінділері жоқ зираттарды қорым немесе зират немесе қабір деп атайды.Қорғандардың жиынтығын-қорғандар деп аталады. Қорғандар және зираттарда табылған заттарды жерлеу инвентары деп аталады. Қорғандар және зираттардың көбісі көне заманда тоналып кеткен. Бірақ қалған заттарда өте көп тарихи мәлімет береді. Археологиялық деректердің қатарына рудниктерді, тасқа салған суреттерді, архитектуралық құрылыстарды да жатқызады.

Жалпы айтқанда, адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған заттардың барлығы археологиялық ескерткіштердің қатарына жатады.

Археологияны оқытудың өзектілігі және ерекшеліктері

Археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған заттар археологтардың зерттейтін негізгі деректері болып келеді. Осы факт археология ғалымның өзгешілігін құрайды. Археологтар зерттейтін заттар негізінде көне зираттарда немесе ежелгі заманында адамдар қоныстанған жерлерде табылуы мүмкін. Ол дүние өмірге сенгендіктен, адамдар, бұл дүниеден кеткен адамдарды қасына кейбір заттарды қойып жерлейтін. Сондықтан археолгтар қабірлерді зерттеген кезде сүйектердің қасына ыдыс-аяқ, темірден, қоладан, мыстан жасалған заттарды табады. Адамдар тұрмаған жерлерде заттар табылуы мүмкін емес .Алғашқы қоныстанған адамдар өздеріне үй салатын. Үйлерінен күл-қоғыс, тамақтың қалдықтарын, бұзылған бүлінген үй тұрмыстық заттарды шығарып тастайтын. Бұл заттардың үстіне шаң түсетін. Біраз уақыттан кейін жердің деңгейі көзге көрінбей көтерілді. Осылай адамдардың қоныстары жердің астында қалып кетеді археолгтар табылған заттарды, көне заманның тарихын көз алдында келтіреді. Археолгтардың зерттейтін заттары әртүрлі: еңбек құралдар, қару, әшекей бұйымдар, ыдыс –аяқ ,тыйындар, ежелгі мөрлер, үйдің қалдықтары, шеберханалар, бекіністер, заттардың үстіндегі жазбалар және т.б. сонымен, археологияның зерттейтін пәнін ,материалдық мәдениетін де көрсетілген адамзаттардың тарихы құрайды .

Археология адамзаттың материалдық мәдениетін зеріттейді. Яғни, адамның іс әрекетінің негізінде пайда болған барлық нәрселерді . Оның бәрін атап өтуге мүмкіндік жоқ . Сондықтан археолгтар деректерді негізгі түрлерге бөлінген. Археологиялық деректер барлық жерде табылмайды. Олар негізінде адамдар қоныстанған жерлерде, немесе адамдардың іс-әрекетіне байланысты жерлерде табылады.Ондай жерлер көп емес . Сондықтан археолгтар деректерді екі түрге бөлген. Олар: қоныстан табылған заттар және қабірлерден табылған заттар. Яғни, оларды қоныс және қорым деп қоюға болады. Сонымен археологияның зеріттейтін обьектісі болып археологиялық ескерткіштер табылды.

Мәдени қабат

“ Мәдени қабат” терминінің түсінігі.

Жазба деректердің сақталатын және зерттелетін орны архив болып табылады. Заттай деректер өте аз. Археологиялық ескерткіштердің сарқылмайтын қоры –жер. Мәдени қабат деп. аталатын нәрсе –археологтың архивы болып табылады. .

Мекенжайларды қазу барысында мамандар ежелгi адамдардың тiршiлiк iздерi сақталған қабат – мәдени қабатқа тап болады. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқаны мен оның қалыңдығы аса маңызды. Мәдени қабаттың қандай тереңдiкте жатқанына және одан табылған заттарға қарап, бұл жердi адам баласы қашан және қанша уақыт мекендегенiн анықтауға болады. Мысалы темiр ғасырының мекенжайлары жердiң бетiне жақын орналасса, тас дәуiрiнiң тұрақтары әдетте жердiң бетiнен едәуiр тереңдiкте сақталған. Кейде бiр мекенжайдың орнында әртүрлi археологиялық кезеңдерге жататын бiрнеше мәдени қабат кездесуi мүмкiн. Мекенжайдағы тiршiлiк үздiксiз ұзақ уақыт жалғасқан жағдайда мәдени қабат бiрiнiң үстiне бiрi түседi. Оларды құрамында ешқандай археологиялық артефактiлер кездеспейтiн, құмнан немесе топырақтан түзiлген аралық қабат бөлiп жатуы мүмкiн. Бұндай жағдайда мекенжайдағы тiршiлiк белгiлi бiр уақыт аралығында үзiлiп, араға белгiлi бiр уақыт салып қайта жалғасқан деуге болады.

Археологиялық мәдениет түсiнiгi: бiр мезгiлде, бiр жерде дамыған шаруашылығы мен құрылымы жағынан бiр тектес ескерткiштерден алынған еңбек құралдары, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, әшекей бұйымдары секiлдi археологиялық заттардың кешенiн қамтиды. Кейде археологиялық мәдениет өздерiнiң шаруашылығы мен рухани дамуы жағынан бiр-бiрiне жақын, шығу тегi, тiлi, материалдық және рухани мәдениетi ортақ бiр этникалық адамдар қауымдастығына тән болуы мүмкiн. Археологиялық мәдениеттер әдетте шартты түрде алғаш зерттелген жердiң атымен (Атбасар, Андрон, Беғазы-Дәндiбай т.т.), немесе археологиялық ерекше белгiлерiне қарай (Катакоба, Бесшатыр, Тасмола т.т.) аталады. Археологиялық мәдениет заттай деректердi жiктеу (классификация) мен жүйелеудiң (систематизация) негiзi болып есептеледi. Барлық археологиялық заттар мәдениеттiң қайсы бiр түрiне жатады.

Адамның іс- әрекеті нәтижесінде,жер бетінде материалдық заттармен, құрылыстармен және т.б. түрінде көрсеттілген іздері сақталады.Солардың ішінде көбісі уақыт өткеннен кейін жердің астында қалып кетеді.Мысалы,ескі үйдің орнында жаңа үй салынған кезде, оның астында ескі үйдің қалдықтары қалып кетеді.(фундамент,қабырғаның төменгі жақтары).Осылай, біраз ғасырлар өткеннен кейін қатпарлар пайда болады.Осы қатпарларды тастап кеткен қоғамдардың мәдениетінің деңгейін, қабаттарда табылған заттар көрсетеді.Сондықтан осылай пайда болған жердің қабатын “мәдени қабат”деп атайды.Сонымен,мәдени қабат дегеніміз адамның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған, тарихи құралған қатпарлардың жүйесі.

Мәдени қабаттың қалыңдығы әртүрлі болып келеді.Мысалы,Москваның шет жақтарында мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Ал орталығында 8 м. дейін жетеді. Навгородтың мәдени қабатының қалыңдығы 9м.-ге дейін жетеді.Әлемде ең қалың мәдени қабаттың қалыңдығы 10 см.аспайды.Әлемде ең қалын мәдени қабат Месопотамияда –20м. және Орта Азияның кейбір қалашықтарында –34м. дейін барады.

Археологиялық кезеңдеу және хронология

Адам қоғамының тарйхын олардың негiзгi еңбек құралдарының қандай материалдан жасалғандығына қарай археологиялық кезеңдеу қалыптасқан. Осы кезеңдеуге орай бүкiл адамзат тарихы тас, қола және темiр ғасырларына бөлiнедi. Өз кезегiнде бұл ғасырлардың әрқайсысы жеке кезеңдер мен мәдениеттерден тұрады. Созылған уақытының ұзақтығы мен өзiндiк даму ерекшелiктерiне қарай бұл ғасырлар әркелкi. Мәселен тас ғасыры басқаларына қарағанда едәуiр ұзақ уақытқа созылған. Осы ұзақ мерзiмге созылған тас ғасыры кезiнде тас еңбек құралдары үздiксiз дамып, оларды жасау әдiстерi де жетiлiп отырды. Осыған орай адамның өзi де өзгерiп, тәжiрибесi артты. Сондықтанда тас ғасыры ғылымда палеолит (көне тас), мезолит (орта тас) және неолит (жаңа тас) болып, үш кезеңге бөлiнедi. Олардың әрқайсысынан аймақтық (территориялық) және мерзiмдiк (хронологиялық) тұрғыдан ерекшеленетiн энеолит (мысты тас) тас пен қола ғасырларының ортасындағы аралық кезең болды.

Қола ғасыры мыс пен қалайының қосындысынан алынатын қоланы адамның игерген уақытынан басталады.

Бұл ғасыр оңтүстiк аудандарда б.э.д. үшiншi мыңжылдықтан басталса, солтүстiк аудандарда кiшкене кешелдеп қалыптасты. Ақыр соңында темiр өндiрудiң қыры мен сырын жаппай меңгерген шақ б.э.д. 8 – ғасырдан бастап, адам баласы темiр ғасырына қадам басты.

Сонымен археологиялық кезеңдеу негiзгi еңбек құралдарының эвалюциясымен оларды жасау әдiсi негiзiнде құрылды. Археологиялық деректердiң өзiндiк ерекшелiктерiне сай заттар мен мәдениеттердiң мерзiмiн (хронологиясын) анықтау арнайы әдiс пайдалануды қажет етедi. Осыған орай археологиялық мерзiмдеуде нақты және салыстырмалы мерзiмдеу деген екi түрлi әдiс қолданылады.

Салыстырмалы әдiс — кез келген мәдениетке, немесе кезеңге тән заттарды олардың жасалу әдiсi мен материалына қарай бұрын ғылымда жасы анықталған заттармен салыстыру арқылы жүзеге асырылады.

Нақты мерзiмдеу жаратылыстаму ғылымдарының әдiс – тәсiлдерi арқылы жүзеге асырылады. Мысалы кали – оргонды (радиоактивтi элементтердiң ыдырау мерзiмiне қарай), геохронологиялық (жер қыртысының жылдық қатпарларын есептеу арқылы), дендрохронологиялық (ағаштың жылдық сақинасына қарай). Әдетте нақты мерзiмдеу үшiн бiрнеше әдiстер қорытындысының жиынтығы алынады.

Тарих ғылымында уақытын анықтайтын екі жүйе бар. Хронология және кезеңге бөлу Хронология болған оқиғаның уақытын анықтайды,ал,кезеңге бөлу сол оқиғаларды кезеңімен орналастырады.

Адамзат тарихының кезеңге бөлудің ғылымда бірнеше түрлері бар.Соның бірі-арнайы археологиялық ғылымның негізгі деректері заттай деректер болып есептеледі. Яғни, адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қалып кеткен материалдық көрінетін заттар. Лукреций Кар адамзат тарихын тас,мыс және темір дәуірлерге бөлетін. Адам өзінің өмір тұрмысын қамтамасыз ету үшін,табиғат дәстүрлі материалдарын еңбек құралдары есебінде пайдаланғанын б.э.д.І ғ. өмір сүрген ғылым байқап қалған.Осының негізінде археология, этнография, геология,химия және т.б. ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, іргетасын адамзат тарихының әр кезіңінде қорланған білімі қорытып дәлірек кезеңге бөлуін шығарған.