1871-1914жж халықаралық қатынастар

Дүние жүзін аумақтық тұрғыдан бөлуді аяқтау.

XIX ғасырдың соңына таман капитализмнің империализм сатысына өту кезеңінде капитализмге тән экономикалық әркелкілігі күшейе түсті. Экономикалық дамудың теңсіздігі дүниежүзілік саудадағы бәсекені ұлғайта түсті.

Шығыстағы дағдарыс жылдарында Англия Гибралтар, Жерорта теңізі, Суэц каналы және Қызыл теңіз арқылы Үндістанға апаратын қысқа теңіз жолын игере бастады. Бұл теңіз жолында тек Суэц каналы ғана Англияның бақылауынан тыс қалды. 1875 жылы Мысыр монархынан Суэц каналын сатып алған Англия, бұл каналмен өтетін кеме қатынасын толық бақылауға мүмкіндік алды. Суэц каналына бақылау орнатқан, ал кейін Кипр аралын жаулап алған Англия Африкадағы Мысыр отарларын жаулап алу жоспарын дайындай бастады.

Ағылшын үкіметі Мысырда қарулы интервенция жүргізу бағытын ұстады. 1882 жылы ағылшын әскерлері Александрияны зеңбіректен атқылап, Мысырды басып алды. Осындай сыртқы күрделі саясат жағдайында Франция қарулы күшпен Тунисті жаулап алды. Англияның Мысырды, Францияның Тунисті иемденуі капиталистік жыртқыштардың әлі бөлінбеген Африканың орталық және батыс аудандарын жаппай бөлісу үшін күресіне түрткі болды. Африканы бөлісу үшін Англия мен Францияның бақталастығы XIX ғасырдың 80—90-жылдарындағы басты мәселеге айналды. Англия мен Франциядан кейін Африкаға Бельгия, Германия, Италия басқыншылары ұмтылды.

1884 жылы Конго өзені алабының басым бөлігін Бельгия бақылауына алды. 80-90-жылдары Франция өзінің иеліктерін Алжирмен көрші Сахара шөлін қосу арқылы кеңейте түсті. 1886 жылы Франция Мадагаскар аралдарын жаулап алды.

Англия мен Францияның бөтен жерлерді жаулап алу барысында бақталасатын орны жалғыз Африка ғана болған жоқ. Оларды сондай-ақ Азияның оңтүстік-шығысындағы бай аудандар қызықтырды. 1877 жылдың соңында Англия Малайзияны құлдыққа түсіруді аяқтады, сөйтіп, онда өзінің протектораттығын орнатты. Франция Үндіқытайдың оңтүстік бөлігін иемденіп, Орталық Вьетнамға шабуылдады. Тек 90-жылдардың соңында ғана кескілескен соғыстардан соң Вьетнам Францияның қол астына өтті.

Англия 1885 жылы Бирманы жаулап алуға асықты. Францияның Вьетнамды бағындыруы және Англияның Бирманы басып алуы бұл мемлекеттерді енді Сиам (Таиланд) үшін күреске киліктірді. Ақырында, басқыншылар бұл елді бөлісіп алды. Батысын-Англия, шығысын-Франция иемденді.

1884 жылы Оңтүстік-Батыс Африкада бірінші герман отары пайда болды. 1884—1885 жылдары Камерунде, Того және Шығыс Африкада герман отарларының негізі қаланды.

90-жылдардың соңында Англия Африканы бөлісуді аяқтауға таяды. 1896 жылы ағылшындар генерал Китгенердің басшылығымен Суданды жаулап алуға кірісті. Содан кейін ағылшын әскері Ніл өзені бойымен жоғары қозғалды. 1898 жылы Фашод қарауыл бекетінде олар француз әскери бөлімдерімен кездесті. Мұнда ағылшын және француз әскерлері қарулы қақтығысқа түсті. Ағылшын үкіметі Францияға соғыс ашпақ болып қорқытты. Өзінің ежелгі жауы Германия жақын тұрғандықтан, Франция Англиямен соғыспауға шешім қабылдады. Француз әскері Фашодты тастап шықты, сөйтіп, 1899 жылы Англия мен Франция Африканы бөлісу туралы келісім жасасты.

Италиялың отарлау Италияның бірігуінен соң басталды. Жас корольдік өзін күшті сезініп, отарлық иеліктерін кеңейтіп жатқан басқа державалардан артта қалғысы

келмеді. Сол уақытта «Қара материкті» бөлісу қызу жүріп жатқандықтан, италиялықтар да соған қарай ұмтылды. 18821885 жылдары Италия Абиссиния мен Қызыл теңіздің үлкен жағалауы бойындағы Ассаб қаласын және Массауа айлағын иемденді. Сондай-ақ Сомали түбегіне иелік жасады. Арабтармен соғыстан кейін италиялықтар 1894 жылы Кассала қаласын иемденіп, Абиссиниядан батысқа қарай жылжыды. Абиссиниямен (18951896) соғыста Италия сәтсіздікке ұшырады.

1894 жылы шілденің соңында Жапония Қытайға қарсы соғыс ашты. Соғыс 1895 жылы 17 сәуірде Жапонияның Симоносеки қаласында бітімге қол қоюмен аяқталды. Қытай Жапонияның сауда кемелері еркін кіретін бірнеше порттық қалаларын ашуға және Жапонияға соғыс шығындары үшін 200 млн лян өтемақы төлеуге мәжбүр болды.

Жапонияға өтемақы төлеу үшін Ресей мен Франция Қытайға қаржылай несие берді. Ресей енді Қытайды Жапонияға қарсы әрекетінде өз жағына тарту мақсатымен 1896 жылы Қытаймен одақ жасасып, егер Жапония жағынан Қытайға басқыншылық жасалса, онда Қытайды қорғауға міндеттенді. Ал Қытай осыған жауап ретінде Ресейге Шығыс Қытай темір жолын салуға және пайдалануға концессия берді.

1897 жылдың соңында герман империалистері Қытайдың Циндао порты мен Цзяочжоу бухтасын басып алды және Шаньдун провинциясын өзінін; ықпал ету аймағына айналдырды. Франция Қытайдың Гуанжоувань бухтасына өзінің ықпал жүргізуін камтамасыз етті және көршілес Үндіқытайға темір жол құрылысын сала бастады. 1898 жылдың басындағы орыс-қытай келісімі бойынша Қытай Ресейге Порт-Артур мен Ляодун түбегін жалға берді.

XX ғасыр басында дүние жүзін аумақтық түрғыдан бөлісу аяқталды. «Бос жер» тіпті қалған жоқ. Империалистік державалардың мақсаты тауар өткізу мен шикізат көзін соғыс арқылы табу болатын. Өздерін Африкадағы бөлістен құралақан қалдық деп есептеген герман империалистері оның орнын Таяу Шығыстағы басқыншылық әрекетімен толтырмақ болды.

1898жылы II Вильгельм түрік сұлтанымен кездесті және Босфор—Кіші Азия—Месопотамия—Кувейт—Парсы шығанағына шығатын үлкен темір жолды бірігіп салуға келісті.

Англия Германияның Түркияға енуіне қатты мазасызданды. Өйткені ол Арабия мен Месопотамияны жаулап алуды жоспарлап жүрген. Ал немістердің Парсы шығанағына жылжуы Үндістанға қауіп төндірді. Германияның шығанаққа шығуын кесіп тастау үшін, Англия 1901 жылы Кувейт портын басып алды. Мұның бәрі екі империалистік жыртқыштардың арасьшдағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.

Әскери-саяси блоктардың құрылуы. Франция-Пруссия соғысы 1871 жылы Франкфурт бітіміне қол қоюмен аяқталды да, халықаралық жағдайға түбірлі өзгерістер әкелді. Бұл өзгерістердің бірінші себебі — капитализмнің әркелкі дамуының күшейе түсуі болды. Бүл әсіресе біріккен Германияның индустриясы жедел дамуынан айқын көрінді. Эльзас пен Лотарингияны иемденген және Франциядан өтемақы ретінде 5 млрд франк алған Германияның экономикасы күшейе түсті.

Франция мен Германияның арақатынасы басқа мемлекеттердің өзара арақатынасына үлкен әсер етті. Экспансиялық сыртқы саясатын күшейте түскен кайзерлік Германия, кез келген елмен әскери шиеленіске түсе қалған жағдайда, Францияның міндетті түрде сол елдің одақтасына айналарын біліп отырды. Сондықтан Бисмарк Германияға көрші елдермен Францияның арасына сына қағу үшін шешуші кадамдар жасауға асықты. Германия империясының өсе түскен экономикасы және әскери қуаты Австро-Венгрияның сыртқы саяси бағытының өзгеруіне әсер етті.

Алайда 1874—1875 жылдары Германия Францияны оңай талқандай алатын еді, бірақ онда өзге елдермен дипломатиялық жағдайы күрделене түсетінді.

Патшалық Ресей Германияға Францияны талқандауға жол бермейтінін үзілді-кесілді ескертті. Ресейден соң ағылшын өкіметі де Германияның Францияға қарсы басқыншылығына келіспейтіндігін білдірді. Сөйтіп, Ресей Францияға қарсы герман басқыншылығының жолында басты кедергі болды.

70-жылдар басында Балқан түбегінің көптеген халқы түрік басқыншыларының езгісінде болды. Олар-Болгария, Босния, Герцеговина, Македония, Албания, Эпир, Фессалия еді. Сербия мен Румыния да түрік сұлтанының билігінде болды және оған алым-салық төлеп тұрды. Түркияның езгісіндегі халықтардың ұлт-азаттық күресі 70-жылдар ортасында жаңа, біршама ұйымдасқан кезеңіне өтті.

1875 жылы жазда, алдымен, Герцеговинада, содан кейін Боснияда түрік үстемдігше қарсы көтеріліс тұтанды. Түрік әскерлерінің тықсыруымен сербтер жеңіліске ұшырады. Серб өкіметін құпия жақтап отырған Орыс патшалығы Түркия ғана емес, Еуропа державаларымен де қақтығысқа барғысы келмеді.

Герман өкіметі Балқандағы Австро-Венгрия басқын-шылығын қолдай отырып, Ресейді Түркиямен соғысқа итермеледі, Ресейдің көңілін Еуропадағы мөселелерден басқа жаққа аударуға тырысты, сөйтіп Германия Францияны екінші рет талқандауға мүмкіндік алғысы келді.

  • жылы 24 сөуірде Ресей Түркияға соғыс жариялады. Орыс әскерлері Адрианопольді алып, Константинопольді құлатуға жақын қалған кезде түрік өкіметі бітімге келісім сұрады.
  • жылы 3 наурызда Сан-Стефанода Ресейге Карс, Ардаган, Баязет және Батуми қалаларын беру және Қырым соғысьшан соң Ресейден тартып алынған Бессара-бияның оңтүстік бөлігін қайтаруды қарастырған бітім шартына қол қойылды. Бұл шарттың бір пункті Балқан мемлекеттерінің аумақтық құрылымына қатысты болды. Өзіндік біртұтас Балқан мемлекеттері: Черногория, Сербия және Румыния заңды толық тәуелсіздік алды. Болгария Сан-Стефано шарты бойынша Константинопольге жақын
    келіп, Эгей теңізі жағалауының бірқатар бөлігін косып алды. Осылайша Сан-Стефано шарты серб және румын халықтарын түрік езгісінен толық азат етті және Болгарияның жартылай азаттың алуына жол ашты.

Ағылшындық билеуші топ Ресейдің Жерорта теңізінің шығыс бөлігіндегі өзінің позициясын күшейту үшін Болгарияны пайдаланады деп кауіптеніп, болгарлардың шекарасын анықтау «сызығын» тапты, ол «сызық» Балқанда үстемдікке ие болып отырған Англия үшін қолайлы жағдай тудырды.

1878 жылы 13 маусымда шақырылған Берлин конгресі Сан-Стефанода қабылданған шешімдерді қайта қарау туралы мәселелерді талқылай бастады. Конгресс жұмысы нәтижесінде Берлин трактатына қол қойылды. Ол бойынша Карс, Ардаган, Батуми Ресейге өтіп, Баязет Түркияда қалды. Ресейге Оңтүстік Бессарабия қайтарылып, Добруджа Румынияға өтті. Сондай-ақ Черного-рия, Сербия және Румыния тәуелсіздігі бекітілді.

Берлин трактаты бойынша Болгарияның аумағы бірден қысқартылды. 1877—1878 жылдары болған орыс-түрік соғысы Балқан халықтарының ұлттық тәуелсіздік алуына мүмкіндік берді, ол ұлттық Болгария мемлекетінің құрылуын тездетті.

Ресеймен достық қатынастан айырылған Бисмарк Австро-Венгриямен жақындасуға тырысты. 1879 жылы 7 қарашада Венада Австро-Герман шартына қол койылды. Италияның Тунисті басып алуы Германия тарапьшан қолдау тапты.

Үштік одақ. Берлин конгресінің нәтижесінде қалыптасқан Еуропадағы күштердің жаңа арасалмағы, мемлекеттердің отаршылдық бәсекелесінің көрініс табуы (ең алдымен, Англия мен Францияның және Англия мен Ресейдің) Үштік одақтың қалыптасуына әсер етті.

Батыс мемлекеттерішң дүние жүзін қайта бөлісу үшін күресінің күшеюіне байланысты олардың бәсекелестігі 80-жылдардың басында жаңа аудандарға тарады. Ежелгі отаршыл мемлекеттердің ішінде Англияның әр түрлі бағыттардағы қимылдары табысты болды: ол Қытайда, Ауғанстанда, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өз ықпалын нығайтты. Одан Франция да қалыспады. Бұрыш басып алған аумақтарды қанауын жалғастырып, отар және жартылай отар елдерге едәуір мөлшерде қаржы бөле отырып, жаңа жерлерді басып алуға ұмтылды. Бұл жөнінен Германия тарапынан қолдау тапты; себебі, ол Францияның назарын еуропалық саясаттан аударып, француз капиталын отар аймақтарға бағыттап, келешекте ағылшын және итальян капиталымен бәсекеге итермелеуге тырысты.

Итальян буржуазиясы Германиямен жақындасуға бет бүрды. Ондағы мақсаты—онымен ортақ бәсекелестері — Францияға қарсы бірігу болатын. Бірақ Бисмарк Берлинге жол Вена арқылы өкелетінін ашығынан білдіреді. Италия Габсбургтер монархиясы басып алған Триест пен Трентиноны қайтарып алу жөніндегі жоспарларынан бас тартып, Австро-Венгриямен келісімге келу жолын қарастыруға тиіс болды. Австрогерман одағына еніп, елдегі монархиялық режімді нығайтуды көздеген Италия үкіметі бүған келісім берді.

Нәтижесінде 1882 жылы 20 мамырда Германия, Австро-Венгрия және Италия арасында Үштік одақ деп аталатын одақтық шартқа қол қойылды. Шарт 5 жылға жасалынды және ол әрбір 5 жыл сайын жаңартылып отыру арқылы 1945 жылға дейін созылып келді. Шарт Үштік одақтың әрбір катысушы мүшесі басқа елмен соғысып қалған жағдайда Франциядан басқа елдерге бейтараптық сақтауға міндеттенді.

Бисмарктың орнына келген жаңа канцлер Каприви Бас штабты және император II Вильгельмнің әскери бағдарын барлық жағынан қолдады. Оның сыртқы саясатта ұстанған «жалпы бағыты» бойынша Германия француз-орыс блогына қарсы соғысқа дайындалуға тиіс болды.

1887 жылғы француз-герман қақтығысынан кейін Франция өкіметі Петербургте Ресеймен әскери одақ құру мүмкіндіктерін ойластыра бастаған.

Француз-орыс одағы. 1891 жылы тамызда француз-орыс пакті жасалды. 1892 жылы жазда француз Бас штабының өкілдері мен орыс Бас штабының өкілдері әскери конвенцияға қол қойды. Ол ете кұпия сипатта болды. Әскери конвенция 1893 жылдың соңында бекітілді. Осылайша 1891, 1892 және 1893 жылдардағы келісімдермен француз-орыс одағы ресми сипат алды.

Германия езінің алдына дүние жүзін бөлісуге байланысты ауқымды міндеттер қоя отырып, аса қуатты флот құруға кірісті.

XX ғасыр басында ағылшын-герман бақталастығы күшейе түсті, Англия дүниені бөлісу үшін болатын соғыста өзіне одақтастар іздестіре бастады.

Англия мен Франция арасында одақ туралы келіссөздер басталды. 1904 жылы сәуірде «шын жүректі келісім» немесе Антанта деп аталатын ағылшын-француз келісіміне қол қойылды. Бұл келісім бойынша Франция Судан мен Мысырға қол созудан бас тартты, ал Англия француздардың Мароккоға жорығын қолдауға міндеттенді.

1904 жылғы Англия мен Франция арасындағы Африканы бөлісу туралы келісім аяқталмаған сипатта болды.

Германияның негізгі міндеттерінің бірі—Ресей мен Англия одағына қалайда жол бермеу болды. Ал калыптасқан Ресей мен Франция одағын әр түрлі шаралармен әлсірету—бұл Германияның алдында тұрған екінші міндет болды.

Қиыр Шығыста орыс-жапон соғысы өрши түсті. Бұл соғыста патшалық армияның жеңілуі Германияның қарсыластарының бірі Ресейдің қауіпті жау ретінде қатардан шығып қалғанын білдірді.

Орыс-жапон соғысындағы Ресейдің жеңілісі XX ғасырдың басындағы басты қарсыластар—Англия мен Германияның айналасына мемлекеттердің топтасуын жеңілдетті. 1904 жылы ағылшын-француз Антанта шартынан кейін, Англия антигерманиялық коалицияға Ресейді тарту үшін бар күшін жұмсады.

1907 жылы 31 тамызда Иран, Ауғанстан, Тибет шекараларын межелеу туралы ағылшын-орыс конвенциясына қол қойылды. Иран үш аймаққа бөлінді: Солтүстік Иран Ресейге берілді, Орталық Иран бейтарап аймақ болып қалды. Мұнайға бай Үндістан мен Парсы шығанағына жақын Оңтүстік Иран ағылшындардың ықпалына берілді. Ауғанстан да Англияның қол астында қалды. Тибет Қытайдікі деп есептелді, алайда ағылшын капитализмі оның экономикасын пайдалану құқығын сақтап қалды.

1907 жылы құрамына Англия, Франция және Ресей кірген үштік Антанта одағы құрылды.

1911 жылы мамырда Францияның Марокконы жаулап алуы Италияның Триполитанияға байланысты жоспарын жүзеге асыру үшін түрткі болды.

1911 жылы 29 қыркүйекте италия-түрік соғысы басталды. Бұл кезеңде Түркияның Балқан мемлекеттерімен жаңа соғысы пісіп-жетілген еді. Осман империясы 1912 жылы 18 қарашада Лозанна бітім шартына қол қоюға асықты, ол бойынша Триполитания мен Киренаика Ливия деген атпен Африкадағы итальян иеліктерінің құрамына кірді.

Италия-түрік соғысы Түркияны қатты әлсіретті және Балқан мемлекеттерінің бірігуін тездетті. 1912 жылы қазанда Балқан мемлекеттері ұлы державаларды Түркиямен бітімге делдалдық жасауын өтінді. 1913 жылы мамырда Балқан түбегінің саяси шекарасын анықтаған Лондон бітімшартына қол қойылды.

Соғыс жылдарының өзінде Балқан түбегіндегі мемлекеттер арасында өз шекараларын анықтауға байланысты келіспеушілік басталған болатын.

Еуропалық державалардың араласуы және Балқан монархтарының әулеттік мүддесі 1913 жылы екінші Балқан соғысына—бұрынғы одақтастар арасындағы соғысқа әкелді. Бұл соғыс Болгария үшін жеңіліспен аяқталды. Сол кездегі жағдайда әрбір жаңа соғыс жергілікті сипатымен шектеліп қалмайтын еді, Балқан соғысы дүниежүзілік империалистік соғысқа ұласты.

Осындай жағдайда Сараевода австровенгриялық эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлімі—соғысты бастау үшін тек себеп қана болды.

Германияның арандатуымен, 1914 жылы 23 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға ультиматум қойып, оны 48 сағ ішінде сөзсіз қабылдауын талап етті. Ресейдің кеңесі бойынша Сербия ультиматумның барлық талаптарын қабылдады. Германия әскерлерін құпия түрде жұмылдырып, оларды шығыс және батыс шекараларға шоғырландыра бастады.

1914 жылы 1 тамызда Германия Ресейге соғыс жария-лады, ал 3 тамызда Францияға соғыс бастады.

Соғыс барысы бойынша белгіленген жоспарларын іске асыра отырып, Германия Бельгияға шабуылдады. Англия неміс әскерлерінің тез арада Бельгиядан әкетілуін талап етті. Германия Англия талабын жауапсыз қалдырып, соғысты жалғастыра берді. Осылайша Австро-Венгрияның Сербияға соғыс жариялаған сәтінен бастап, бір аптаның ішінде соғысқа барлық дерлік еуропалық державалар тартылды. Бірінші дүниежүзішк соғыс осылай басталды.