Италияның бірігуі

1846 жыл Италия мемлекеттерінде саяси-экономикалық дағдарыс 1848-1849 жылдары үлкен революцияға әкеліп соқты. Ұлттық тәуелсіздік және Италияның бірігуі үшін күрестің алдыңғы шебінде шаруалар бұқарасы мен қала кедейлері болды. Бұл қозғалысқа либералды дворяндар, кәсіпкерлер студенттер, қол өнершілер, пролетариат қатысты. Европа державалары Аппении түбегіне интервенциясы одан әрі ушықтыра түсті Елдің бытыраңқылығы нәтижесінде революциялық толқулар әр кезеңге өтіп реакциялық күштер үшін қолайлы жағдай қалыптастырды және революциялық толқуларды оқшауландырып тез басып тастап отырды.

1848 жыл 12 январда Сицилияның әкімшілік орталығы Палермада халық көтерілісі басталып революцияға ұласып басқа қалалар мен облыстарға тарады. Қараусыз халық жақсы қаруланған король әскеріне елеулі қарсылық көрсетті. Неапалитан әскері аралдан кетіп Сицилияда уақытша либералды үкімет құрылды., Ол бурбондарға бағынудан бас тартты. Сицилия революциясы Неапалитан королдгініде әсіресе Колибри мен Неопольде демонстрация мен көтерілістерге ұласты. 29 январда 1848 жылы король Фердинант І амалсыз конституция жариялап екі платалы парламент құруға, Сицилияның автономиясын тануға және тар шеңберде тануға мәжбүр болды. Неапалитан королі өзгерістер Пьемонт, Папа облысына, орталық Италия герцоргтарына тарады. Бұл толқулар ұлттық тәуелсіздік, елді біріктіру азаматтық құқық пен конституция қабылдау талабын қоса жүргізілді. Осы революциядан соң 1848 жылы февраль – март айларында Папа облысында Токсанада, Пьемонтта конституция жарияланып, екі палаталы парламенттер құрылып, үкімет құрылды. Австриядағы Вена революциясынан кейінгі антиавстриялық күрес Ломбардия, Венецияда күшейді. 17 март 1848 жылы Венеция республикасы жарияланып, уақытша үкіметке Рисорджиментоның беделді қайраткері Д. Манин келді. Австрия әскерлері шекара аймағына әкетілді. 18-22 мартта Милан қаласы Барикада орнатып Австрия Габусбургтар Фельдмаршалы Радецкий әскері қолға түсті.

Сардиния корольдігін басқарған ымырашыл – либералдар біріккенге дейін – ақ жаңа корольдікке өз билігін нығайтты. Олардың топтары тарихқа “оңшылдар” деген атпен енді. Ымырашыл – либералдардың сол қанаты және бұрынғы демократтар “солшылдар” деп аталды. 1861 жылы 6 маусымда Кавур өлді. Оның орнына Беттино Риказоли тағайындалды. Бұл оңшылдар үкіметі елді 15 жыл басқарды. Оңшылдар үкіметінің алдында кезек күттірмейтін мәселелер тұрды: финансты сауықтыру; мемлекеттік аппараттың жұмысын қалпына түсіру; жаңа провинцияларда әкімшіліктер құру; армияны қайта құру; жол салу т.б. с.с. Үкімет осы жағдайдан салықты өсіру және тәркіленген шіркеу жерлерін сату арқылы шығуға тырысты.

Осы кезеңде Оңтүстік Италияда жалпы қозғалыс басталды. Бұл қозғалыс Оңтүстік шаруалардың 1860 жылы жер үшін бастаған күресінің жалғасы еді. Осы қозғалыстарды басу үшін үкімет жаппай террор мен төтенше заңдар қолданды. Жазалаушы экспедициялар жіберді. Көптеген адамдар өлім жазасында түрмеге кесілді. Жаппай қозғалысқа қырғындай тиген, экономикадағы қиындықтарға малтыққан жаңа мемлекет Рим мен Венецияоблысының тағдырын ойламады. Италияны біріктіруді толық аяқтау революциялық қозғалыс күштердің қолында еді.

1862 жылдың жазында Гарибальди Римді азат ету жорығына дайындала бастады. 27 маусымда ол Капрерден волонтерлер отрядын ұйымдастыру үшін Сицилияға келді. Ол “Рим немесе өлім” деген ұран тастады. Сицилия халқы өз азат етушісін қуана қарсы алды. Гарибальдиге жан – жақты еріктілер ағылды. Наполеон ІІІ –і гарибальди жорығы туралы естіп, франция Папа үкіметін қорғайды және Римнің Италияға қосылуына жол бермейді деп мәлімдеді. Виктор Эммануил ІІ –і Гарибальди жорығын бүлік деп бағалап, Гарибальдиге кімге – кім қосылса қатты жазаланады деп прокламация тартты. Алайда бұл патриорттарды тоқтата алмады.

Гарибальди Палеомодан матиркке жүзу үшін Катинге бет алғанда оның отрядында 4 мың адам бар еді. Бірақ материкке Гарибальди мінетін екі немесе сыймағандықтан 2 мың адам жетті. Калабрия жағалауында оларды премьер – министр Раттацци бұйрығы бойынша үкімет әскері күтіп тұрды. Бауырларын өлтіру соғысынан қашқан Гарибальди өз отрядын тауға әкетті. 29 – шы тамызда Аспромонт тауында оны король әскері қуып жетіп, оқ астына алды. Гарибальди волонтерлерге атпауды бұйырды. Олар тыңдамады. Гарибальди екі әскер арасында тұрып, атысты тоқтатуға тырысты. Осы жерде сол жақ белі, оң аяғына балтырына оқ тиді. Атақты орыс хирургі М.И.Пирогов Гарибальди аяғын кесуден аман алып қалды. Партизан көсемі қолға түсті.

Демократиялық күштерді жеңген басқарушы топ Гарибальди мен оның серіктерін соттау керек пе, әлде қажет пе?, мәселесіне жауап бере алмады. Министрлер Кеңесінің осыған байланысты бірнеше рет мәжілісі болды. корольдің өзі Гарибальдиді, серіктерін әскери сотқа беру жөнінде декретке қол қоюдан қорықты. Халықтың қысымымен Гарибальди мен оның серіктері босатылды.

Гарибальдиліктерге амнистия берілуі Раттации үкіметінің беделін жақсатпады. Аспромонт ісі парламентте қызу айтыс туғызды да, Раттации 1 желтоқсанда отставкаға кетті. Аспромонт жорығы сәтсізаяқталғанмен Италияны толық біріктіру күресіне қатты әсерін тигізді. Халық Савойя династиясының ұлттың үмітін жүзеге асыратынына сенбей қалды. Аспромонт жорығының маңызы жөнінде Мадзини былай деді: “Он показал всему имру, что в Италии не прекратится революционная борьба до тех пор, пока Рим мне станет итальянски”.

Италия басқарушы топтарының саясаты барған сайын реакциялана түсті. Тоғыз жылда 9 рет уаысқан үкімет тарихқа “консортерия” деген атпен енді. Оңшыл либералдардың шағын тобынан тұратын консортерия Наполеон ІІІ – нің алдында құлдық ұрды. 1864 жылы олар Француз императорымен ұлттық сатқындық актісін жасады. Италия мен Франция арасында Сентябрь конвенциясына қол қойылды. Бұл келісім бойынша Италия Папа мемлекетінің тұтастығын сақтауға және патриоттардың жорығынан қорғауға міндеттенді. Франция Папа өз әскерін құрған соң, 2 жыл ішінде әскерін Римнен әкететін болды. Конвенцияда Италия астанасы басқа қалаға ауыстыру жөнінде құпия келісім болды. осы баппен Италия Наполеон ІІІ – ге өзінің Римді астана деп есептемеймін деген кепілдік берді.

Сентябрь конвенциясы бүкіл елде наразылық тудырды. 20 қыркүйекте Туриннің патриоттық күштері “Рим – астана жасасын!”, “Үкімет жойылсын!” деген ұрандармен демонстарцияға шықты. Ертеңіне Кастелло алаңында солдаттармен қанды қақтығыс болды. 5 адам өлді, 50 адам жараланды. Демонстрация толастамады. 22 қыркүйектегі қақтығыста 21 адам өлді, 100 адам жараланды. Турин оқиғалары консортерия саясатын халықтың құптамайтынын көрсетті, премьер – министр М.Мингетти отставкаға кетті.

1865 жылы Италия астанасы Туриннен Флоренцияға көшірілді. Дегенмен басқарушы топ Рим мен Венеция мәселесін шешу қажет еді. Олар бұрынғысынша бұл мақсатқа династиялық келісімдер арқылы жетуді ойлады. Халықаралық жағдай осы кезде Италия үшін тиімді еді. Италия үкіметіне көмекке Наполеон ІІІ мен Бисмарк келді. 1865 жылы Австрия мен Пруссия арасындағы қатынасы шиеленіскенде Пруссия Италиямен жақындасу жолдарын іздестірді. Пруссияға Австрияға қары одақ қажет болды. бисмарк Австрия екі майданда соғысса жеңіледі де, Прусси дегеніне жетеді деп есептеді. Осы себептен ол Италияға антиавстриялық одақ жасауды ұсынды. Мұны итальян басқарушы тобы қуана қарсы алды да, Наполеон ІІІ – мен келісуді жөн деп санады. Наполеон ІІІ –і мұны қолдады. Наполеонның ойы екеуінің арасында арбитр ролін атқарып, Пруссидан Рейн маңайынан жеңілдік алу болатын. Солай дей отыра, Наполеон Австрияның әлсіреуін, Италияның күшеюін қаламады. 8 сәуір 1866 жылы Берлинде Италия мен Пруссия арасында құпия келісімге қол қойылды. Бұл бойынша егерде Пруссия мен Австрия арасында соғыс болған жағдайда Италия Австрияға соғыс дариялайды. Екі жақта Италия Венецияны алғанша, ал Пруссия Германиядағы мүдделі жерін алып, сепараттық бітім жасағанша соғыс қимылдарын тоқтатпауға келісті.

16 маусымда Пруссия соғыс бастады. 20 маусымда Виктор Эммануил әскері Венеция облысының шекарасынан өтті. Король Гарибальдидің беделін пайдалануды ойлады. Гарибальдиліктердің саны 38 мыңдай, олармен бірге итальян әскерінің саны 250мың адамнан асты. Австрия әскерінің Венеция майданындағын саны 150 мың бірақ олар күшті стратегиялық позицияны алып жақсы қаруланған. Осы себептен 24 маусымда Кустоцца түбінде ұрыста генерал Ла Мармор бастаған итальян әскері қатты жеңіліске ұшырады. Гарибальдиге онша маңызды емес майдан — Оңтүстік Тироль тиген еді. Гарибальди осы жерде австриялықтарға ойсырата соққы берді. 3 шілдеде Садова түбіндегі ұрыста прусс әскері австриялық әскерді тас – талқан етті. Австриялықтардың жеңілуі итальян әскерін шабуылға көшірді, итальян флоты теңізге шықты. Алайда флот командашысы адмирал Персаноның жігерсіздігі мен Лисса аралының жанындағы ұрыста флот жеңіліске ұшырады. Осындай жағдайда Наполен ІІІ –і соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсыныс жасады. Наполеон ІІІ –нің аралығымен 26 шілдеде Прусия Италиямен келісспей Австриямен бітімге келді. Осы бойынша Асвтрия Францияға, Венецияны, Франция Венецияны Италияға берді.

1861 жылғы италия королығына құрылуы елдің бірігу процес імен ұлтың тәуелсіздігін жетуінде алкен мәні бар зор оқиға болды. Италияны бірігуін тарихта Рисорджимента деп атады. 1866 жылы австро прус соты мәнінде Трусися жағынан соғысты. Австриядан Каненция облысын қайтарып алды. 1870 жылы франко прусс соты барысында Франція өз әрекеттерін поп облосоның барысында Франція өз әскерін поп облысынан әкетуге мәжбүр болды. Риммин Поп облысы Италия корлдігіне қосылып Рим оған рухын астеканасына айналды.Италияны біріктіруші Пеомонт королы Сорден диностияларының өкілі Виктор Эммануил Италия королі болып жарияланды. Ол үлкен билікке ие бола отырып үкіметті құрып, қарулы күресті ұйымдастырды және сыртқы саясатты жүпргізді. Крорль жайында король туысқандарынан сарай партиясы қырылды. Олардың құрамындадворян әулеттері, жоғары шенді офицерлер, сановниктер болды. 1848 ж Пьемонт конституциясы бойынша король билігі шектелді. Бұл Конституция бойынша азаматтық құқық, бостандық, жеке меншік, сөз баспасөз бостандығы, жиналыс өткізу бостандығы сақталды. Сословиялық артықшылықтар жойылды. Конституция бойынша екі палаталы парла мент жоғарғы палата Сенат король бұйрығы мен өмір бойына тағайындалды, бұлар генерлибет, мәдениет, ғылым қайраткерлері, жоғарғы дін иелері болды. Төменгі палата депутаттар палатасы сайлабалы болды. Парламент ролі елде онша күшті болмады. Италияда католик шіркеуі беделі әлі де болса күшті болды. Папа заңнан жоғары ьұрды. Папаның иелігі шектеліп ол Ватикан шіркеуі мен Латеран сарайына ғана ие болды.

Италия корольдығының алғашқы онжылдығында үкімет басында самаркау – либерал топтар “оңшылдар” буржуазияланған дворяндар, сауда – финанс, өнеркәсіп буржуазия Солтүстік (Пьемонт, Ломбердия) өкілдері болды. Оңшылдар партиясы басқаруы кезіде әлеуметтік экономикалық мәселелерге көп көңіл бөліп ел ішіндегі региондар мен провинциялар арасындағы кедергілерді жоюға күш салды. Елде бірыңғай кеден салығы, ортақ ақша айналымы жүзеге асты. Ұлттық банк құрылды. Темір жол мен тас жолдар, порттар, тилгреф линиялары салына бастады. Бұл елде индустрия дамуына үлкен қолайлы жағдай туғызды. Елдегі кәсіпкерлер мен банкирлер, нарықтық жағдайдың дамуына жағдай жасады. Бұл елдері қауымның ыдырауына әкеліп соқты. Сицилия мен Оңтүстік Италия ірі иеленуші феодалдық жер иеленусақталды. Олар ондаған мың га жерлерге ие болды. Латиффункциялар арзан шаруалар, ботрактер еңбегін пайдаланды. Қалың шаруалар,бұқараны әхуалы өте нашар болды. Олар жүгері нанын жеді, ауру малерия, т.б. өте көп таралды. Пьемонт, Ломбардия солтүстік аудандарда ауыл шаруашылығында капиталистік жедел дамыды. Солтүстік пен Оңтүстік арасында қатынас нашар болды. Андаған жыл бойы Неаолитон королдығы, Италияға бағынбай қарулы күресін тоқтатпады. Оңшылдардың сыртқы саясаттағы бағыты Европа үлгісіндегі мемлекет құру болды. Оңшылдар үкіметі ашық есік саясатын жүргізді. Қызыл теңіз жағалауында ассам колониясын 1891 ж иеленіп кейінен Эрстрия деп аталды.

Жаңа мемлекет үкіметіне көреген саясаткерлер жетіспеді. 1871 ж оңшылдар лидері Ф. Де Санктие реформа мен демократияландыру елді саясатын жүргізуге шақырды. Ол мемлеекет құрылыстағы кемшілік тұстарын көрсетіп берді. Ол Италия Конституциясының іс жүзінде өмірде іске аспай жатқанын батыл айыптады. 1876 ж парламент сайлауында оңшылдар жеңілді. Солшыл күштер партиясы халықты соңына ерте білді. Елде демократиялар мен митинглер болып азаматтық неке, мемлекеттік мектептер ашылды. 1880 жылы шаруалардан салық жинау азайтылды. 1882 жылы жаңа сайлау заңы қабылданды. Солшылдар елдегі сыртқы саясатта колониялдық жаулап алу соғыстарын барынша қолдады. Бұл 1882 жылы Австрия – Венгрия, Германия үштік одақ жасауға алып келіп соқты.

Италия Солтүстік Шығыс Африкадағы отаршылдық әрекетті үдете түсті. 1885 жылы Италия Сомали, Эфиопия, Массауа жерлерін отарлап алды. Солшылдар Италияның индустриясын барынша қолдады. Ел шаруашылығын жағдайы өте нашар болды. 4 мың шаруалар өте аз табыс алды. Елде жұмысшы саяси ұйымдары құрылды. Бокунин идеясын жоқташы анархистия ұйымдар да пайда бола бастады. Елде Марксистік ағымын насихаттай бастады. Олар Ан тонио Лабриоля Ф.Турати т.б. халықтың қалың табына /идикалдар республикалар/ беделі күшейе түсті.

Халықтық үкімет саясатына деген сенімі жоғалып оған наразылық күшейе түсті. 1887 ж елде экономикалық дағдарыс басталды. Итальян әскерлері Эфиопиода жеңіліске ұшырады. Солшылдар өз ішінде топтар арасында тайталастар күшейе түсті. Бұл Гарибальдидің досы, сицилиядан шыққан Рисоржиментоның көрнекті өкілі Криспидің беделін өсіре түсті. Криспи үкіметтің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын сынай отырып Италия армиясы мен флотын нығайтып, мемлекеттік күшейтіп Италия империясын құру жоспарын жасады. Елдегі әлеуметтік жағдайларды жақсартуды жақтады. Бұл саясат оны елдегі барлық саяси к үштердіғ қолдауына әкеліп соқты. Үкімет басына келген соң Ф.Криспи ішкі істер министрлігін өз қолына алды. Сыртқы істер министрі қызметінде қоса атқарды. Парламент беделін төмендетіп, елдегі мәселелерді парламентсіз шеше бастады. Парламентте қылмысты кодекс пен қоғамдық қауіпсіздік заңын қабылдатты. Елдегі ереуілді тоқтатып, кейбір басылымдарға тиым салды. 1891 – 1893ж.ж. елдегі саяси жағдай Криспиді отставкаға кетуге мәжбүр етті. Министрлер кеңесі төрағасы Ф.Криспидің қарсыласы Д.Джолитты сайланды. Ол елдегі консерветивтің күштердің қарсылығына ұшырады. Рим банкісіне Италия Панамасы деген үлкен дау оны отставкаға кетуге мәжбүр етті. 1893 жылы үкіметті және Ф.Криспи басқарды, ол елдегі халық толқуларын аяусыз жазалады. 1892-1894 ж.ж. Сицилия шаруалар мен батрактар манифестациясы күшейді. Олар салық төлеуден бас тартып, муниципалитеттерді басып алды. Осымен бір мезгілде Мессине, Палермада т.б. қалаларда қала тұрғындары толқуы болды. Бұл қозғалыс басында Сицилия еңбекшілері одағы – фаши Сицилия фаши болды. Олар король портреті мен құдай ана суретін көтеріп нан мен еңбек жұмысты талап етті. 1893 жылы фашилер Сицилия социалистік федерациясын құрды. 1895 жылы Италия социалистік партиясы осы негізде құрылды. 1895 жылы Миланда Италия республикасының партиясы құрылды. Ф.Криспи Сицилияға тұрақты әскер жіберіп фашилерді таратып оның 2 мың мүшесін тұтқындады, олардың көрнекті өкілдері Де – Феличе мен Боско ұзақ мерзімге сот үкімімен түрмеге жабылды.

Қоғамдық қауіпсіздік заңына сүйеніп Ф.Криспи Социалистік партияны заңнан тыс деп оны жапты. 1895 жылы Ф.Криспи жақтастары кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге әрекет жасады. Бірақ оның авантюристік сыртқы саясаты кедергі жасады. 1888 жылы Австрия-Венгрия жасалған одақ оны франциямен қарым – қатынасын әлсіретті. Франция Италияның Африкадағы белсенді әрекетін жақтамады. Қызыл теңіз ауданында Италия Африкаға тереңдеп ене бастады. А.Коста социалист бір тиын да бір солдатта Африкаға бармайды деген ұран тастады. 1896 жылы 1 мартта 17 мыңдай Италия корпусы Манелика 100 мыңдай әскерімен соғыста талқандалды. 5 мартта парламент мәжілісінде Ф.Криспи орнынан алынды. 1902 жылы қайтыс болды.