Англияның экономикасыжедел дами бастаған кезде, кейбір Еуропа елдері, оның ішінде Германия, италия, Ресей артта қалды. Бұл елдерде әлі де феодалдық тәртіп үстем болатын.
Феодалдық басыбайлық құрылыс, экономикасының томаға-тұйықтығы, Еуропа елдерімен байланыстарының болмауы – Ресейдің артта қалуының басты себебі осылар еді.
Негізгі бұқара халық – шаруалар помещиктердің, монастрлардың, патша әулетінің меншігінде болатын. Басыбайлылық шаруалардың еңбекке деген ынтасына тұсау салды, сөйтіп елдің дамуына бөгет жасады.
Ресей мәдениет саласында да артта қалды. Бұқара халық арасында ағарту шараларыжүргізілмеді. Мектептер болмады. Ресейдің билеуші тобы, алдыңғы қатарлы білімді адамдарды Батыс Еуропамен салыстырғанда елдің артта қалғандығын байқады. Әскери және өндіріс техникасының мешеулігі, флоттың және теңіз жолдарының болмауы, тіпті мәдениеттің де жұтаңдығы барған сайын айқындала берді.
І Петрдің өкімет басына келуіқарсаңында сарай маңытоптарының арасында күшті күрес жүріп жатқан болатын. Бір топты Алексей михайлович патшаныңалғашқы әйелінен туған қызы — ақылды және жігерлі София басқарды, екінші топтың басында патшаның екінші әйелі, Петрдің анасы – НатальяНарышкина патшайым тұрды. Ұрпақсыз патша Федор Алексеевич өліп, Иван басқару ісіне қабілетсіз болып шыққандықтан патшалыққа 10 жасар Петр лайық деп табылды. 1682 жылдың мамыр айында атқыштар Нарышкинаныңкөрнекті жақтастарын құртқаннан кейін ағайынды Иван мен Петрдіңбірдей патшалық құруын талап етті. Атаққұмар әйел тақты толық иемденуді қалады. Петр балалық шағын Мәскеу түбіндегі Преображенскселосында, құбырларынан жасақталған жауынгерлер тобына басшылық еткен әскери оийындармен өткізді.
1689 жылы атқыштар әскері 17 жасар Петр жағына шықты да, София Новодевичье монастырына қамалды. Сөйтіп, І Петр билігі басталды (1689-1725).
Петрдің сыртқы саясатындағы алғашқы қадамы Ресейді теңіз державасына айналдыру болды. Ол әуелі оңтүстік бағыттан басталды.
Осы мақсатпен азов өзеніне Петрдің тікелей өз басшылығыменқұрылған флоттың және артиллерияның көмегімен 1696 жылы Азов алынды.
Азов қамалын алу Ресейдің оңтүстіктегі теңіз жолының тұрақтылығын әлі де толық қамтамасыз ете алмайтын еді. Қара теңіз бен Керч бұғазы түріктердің қолында болатын.
1697 жылы Ресей, Австрия және Венеция арасында Осман империясына қарсы одақ жасалды. Осы одақты бекіту және кеңейте түсу мақсатымен,шетелге 250 адамнан тұратын «Ұлы елшілік» жіберілді(оның құрамында Преображенск полкінің уряднигіПетр Михайлов І Петр патша да бар еді). Елшілік дипломатиялық міндетін атқара алмады. Англия мен Голландия Ресеймен Осман империясынақарсы одақ жасасуға келіспеді. Дегенмен Петр табыссыз болған жоқ.Шетелде жүргенде ол Еуропа елдерінің тұрмыс жағдайы мен танысты.
Солтүстік соғыс және оның нәтижесі. 1699 жылдың жазында Ресей Туркиямен 30жылдық келісім-шарт жасасты. Саксония, Польша және Даниямен одақтасып, Балтық теңізіне шығу мақсатымен 1700 жылдың күзінде Петр Швецияға қарсы соғыс басталады.
18 жастағы швед королі ХІІ Карл Данияны тамыз айында өткен бір шайқаста – ақ жеңіп, бітім жасасуға мәжбүр етті. Бұл жақтанбосаған 12 мың таңдаулы армиясын жедел орыс әскерлері тұрған Нарва бекінісіне жеткізді де, 1700 жылдың қараша айында оларға күйрете соққы берді. Швеция сияқты күшті жауға төтеп беруге Ресей әскері дайын емес еді. Сондықтан соғысқа қабілетті армия құру қажет болды.
Ең алдымен Петр тұрақты армия құру туралы шешім қабылдады. 1705 жылдан бастап міндеттіәскерге шақыру енгізілді. Барлық дворияндар әскери қызмет атқарып, жалдамалы шетел офицерлерін алмастыруға міндетті болды. Ресейде бірінші Преображенск және Семенов гвардия полктері ұйымдастырылды. Солтүстік соғысы басталған кезде әскер қатарына 40 мың адам болса, 1708 жылы олардың саны 113 мыңға жетті.
І Петр кеме жасау жұмысын Солтүстік соғысына дейін, Азов жорығына дайындық кезінде басталған болатын. Бірінші орыс Балтық эскадрасы теңізге 1703 жылы түсірілді. Балтық флотына арналып барлығы 439 ескекті кеме, 207 желкенді кеме жасалды. Оларда 28 мың теңізші қызмет атқарды.
Армияны қайта қаруландыру Петрді алғашқы ірі жеңістерге жеткізді.
1709 жылы 27 маусым күні өткен Полтава шайқасыорыс әскерлерінің толық жеңісімен аяқталды.
Петрдің бұл жеңісі Ресейді халқаралық аренеға шығарып, оныңЕуропадағы рөлін түпкілікті өзгертті.
Полтаав шайқасынан кейін соғыс қимылдары Балтық бойына ауысты. 1714 жылы шілденің 27-күні Гангут мүйісіне Ресей тарихындағы тұңғыш ірі теңіз шайқасы басталды. 3 сағатқасозылған ұрыс Ресейдің жеңісімен аяқталды. Жаудың 10 кемесі адмиралымен қоса қолға түсті.
1720 жылы шілде айында Гренгам аралы түбінде орыс эскадрасы шведтердің әскери-теңіз күшін күйрете жеңді.
Шведтердің әскери күші әбден әлсіреді. 1721 жылы маусым айында Ништадт қаласындабейбітшілік шартына қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей Ливляндияны, Эстляндияны алды, Петербург жанындағы Фин шығанағы жағалауларын және Карелияның бір бөлігін қолына қаратты, қолайлы порттар – Рига менРевельді (Таллинн) иемденді, бірақ Финляндияны Швецияға қайтып берді. Сөйтіп, Солтүстік соғыстағы жеңісінің нәтижесінде Ресей Балтық теңізіне шығуға мүмкіндік алды, оның экономикасының және мәдениетінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.
Экономика саласындағы өзгерістер. І Петрге мұра болып ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы Еуропада өтіп жатқан құбылыстардан алшақтап, тұйықталып қалған патриархаттық Русь тиді. Петр ел өмірінің барлық салаларын реформалауға кірісті.
І Петр жүогізген экономикалық өзгерістердің ішінде өндірістегі жетістіктері неғұрлым нәтижелі болды. ХҮІІ ғасырдың аяғында Ресейдің ірі өнеркәсібі бір кенеп- мата мануфактурасы мен оншақты ұсақ металлургия зауыттарынан ғана тұрса, 1725 жылы ондай кәсіпорындар саны 200-ден асты, олардың қатарына мыс қорыту, шұға тоқу, түсті және қара металлургия, т.б. болды.
Мануфактураның дамуы, басыбайлы шаруашылықты тауар- ақша қатнастарын араластыру, Балтық теңізіне жол ашылуы ішкі және сыртқы сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызды.
Мемлекетті басқару ісіне Петр түпкілікті өзгерістер енгізді. Боярлар Думасы мемлекетісін жүргізе алмады. 1711 жылы Петр оның орнына Сенат құрды. Оның құрамына өзі сенетін 9 адам кірді. Сенаттың құқығы кең болды. Ол барлық мемлекет аппаратының ісіне бақылау жүргізді және басшылық етті,сот жұмысын қадағалады, салық жинау және шығын мәселелерімен шұғылданды, сауда жұмысын басқарды.
Оқу ағарту және мәдениет салаларындағы өзгерістер. Петр реформаларды арнаулы мамандығы бар кадрлар дайындауды, халқыты жалпы ағарту ісін жақсарту және мәдениетін көтеруді талап етті.
Мануфактура, армияға, флотқа және мемлекетті басқаруға қажетті мамандарды дайындау мақсатымен Петр дворян балаларын және кейбір шенуніктерді шетелге оқуға жіберді.
Шетелден алаған әсерінің негізінде Петр Ресейде университет немесе политехникумашқысы келді. Бірақ іс Петербургте артиллерия мектебі мен Теңіз академиясын, Мәскеуде инжинерлік және навигация мектептерін ашумен ғана тынды. Сол дәуірде өмір сүрген князь Куракиннің айтуынша, математика мектептері және басқа да ілім және қолөнер кәсібін: қалпақ жасау, шұға тоқу, тері өңдеу, гипстен бейнелер жасау, сарай тұрғызу, сәулетті өнерін үйрететін оқу орындары болған.
Ұлы Петрдің кезінде орыс мәдениетінде жаңа қадамдар жасалып, театр ашу, газет шығару, шетелден кітап сатып алу және кітап басу қолға алынды.
Қоғамдық және мәдени өмірге өзгерістер енді. Петербургтің және Мәскеудің ақсүйек қауымы мен бай көпестерге ассамблеялар- биржалар, клубтар, би кештерін өткізу рұқсат етілді.
Осындай өзгерістердің нәтижесінде Ресей басыбайлы еліболып қала отырып еуропалық кескін ала бастады, бірақ өзгерген тек сырт бейнесі ғана еді. Петр өз халқының негізгі құрылысы- феодалдық – басыбайлылық құқықты жоя алмады. Ол ол ма, Петр басыбайлылық құқықтың ең соңғы тежеуін алып тастады. Сондықтанда ұлы ұлы реформатор өлгеннен кейін оның барлық реформалары тоқтап қалды.
Өзгерістер нәтижесінде Ресейде абсолюттік монархия орнауымен аяқталды.
Абсолютизмнің сыртқы көрнісі 1721 жылы 22 қараша күні І Петрдің император лауазымын қабылдау болды. Ресей империяға айналды.
Сарай төңкерістері: 1725 жылы қаңтар айында Ұлы Петр дүние салды Ол не өсиет, не тақ мұрагері жөнінде заң қалдырған жоқ. Осы уақыттан бастап Ресей тағы үшін двориян топтары арасында талас басталды. І Петр құрған дворияндар гвардиясы бұл күресте негізгі күш құралына айналды.
Біраз уақыт І Екатерина патшайым (1725-1727)мен патшаның немересі ІІ Петр (1727-1730) патшалық етті. Іс жүзінде бұл кезде І Петрдің серігі А.Д.Меньшиков билік құрды. 1730 жылы таққа І петрдің жиені, Курляндия герцогиниясы Анна Ивановна отырғызылды (1730-1740). Тарихта он жылға созылған «бироншылар» деп аталатын немістердің озбырлығы басталды.
1740 жылы Анна Ивановна өлгеннен кейін оның жиен немересі, екі айлық нәресте Иван Антонович тақ мұрагері, ал Бирон оның орнына уақытша билеуші болып жарияланды. Бірақ 1741 жылдың қаңтарында гвардия төңкеріс жасады да таққа І Петрдің қызы Елизавета Петрованв отырғызды. Елизавета патша ешқандай өзгеріссіз 20 жыл билік құрды.
ІІ Екетарина патшалық құрған кездегіРесейдің ішкі және сырқы саясаты. ІІ Екатерина (1762-1796) орыс тағына 34 жыл патшалық құрды. Таққа отыру заңдылығы күмәндә болғандығына қарамастан дворияндар оны «Екетерина анамыз», «Ұлы Екатерина» деп атады.
1762 жылы таққа отырысмен ол «Барлық Ресей дворияндарына еркіндік пен бостандық беру туралы» мнифест жариялады.
1763 жылы шаруаларға иесінің үстінен шағым жасауынатыйым салу жөніндегі жарлық жарияланды.
ІІ Екатерина сыртқы саясты да дворияндардың үстемдігін күшейту мақсатын көздеді. І Петр мақсат еткен Қара теңізге шығу жолын ІІ Екатерина жүзеге асырылды. Бірінші орыс-түрік соғысы 1768-1774 жылдары болды.
- жылы Осман Туркиясы Ресейге соғыс жариялады. Орыс әскерлері Молдавия аумағына енді. Оның басына П.А.Румяцев тұрды. Орыс әскерлері Ларга өзені жанында (1770) 30 мыңдық армиясымен түріктердің 150 мыңдық армиясын жеңп шықты.
Осы жылы адмирал Г.А.Спиридов эскадрасы Еуропаны айналып өтіп Жерорта теңізіне кірді де, Чесмен шығанағындағы түрік флотына шабуыл жасап, оны қирата жеңп, өртеп жіберді. Осыдан кейін жасалғанкелісім- шарттық негізінде Қырым Туркиядан тәуелсіз болды. Валахия мен Молдавияны Ресей өз қамқорлығына алды. Ресей кемелері Қара теңізге емін-еркін жүзу құқығына ие болды.
1783 жылы сәуір айында ІІ Екетерина жарлығы бойынша Қырым Ресей құрамына енгізілді.
1787 жылы туркия Ресейге қайта соғыс жариялады. Осман армиясы мен флоты үнемі жеңілумен болды. Бұл соғыста А.В.Суворов пен адмирал Ф.Ф.Ушаковтың қолбасшылық дарындарыжарқырай ашылды.
1788 жылы Қара теңіз флоты түріктедің Днепр-Буг қойнауындағы , одан Фидониси және Тендр аралдарындағы флотилиясын талқандады.
1789 жылы шілдеде Суворов Фокшанана түбінде қыркүйек айында Рымник өзенінде осман армиясын жеіп шықты.
Орыс- түрік соғыстарымен қатар ІІ Екатерина Польшаны үш рет бөліске салуға қатысты. Ресейдің ұлттық батыры, ұлы қолбасшы А.В.Суворов 1794 жылы Т.Костюшконың басшылығымен болған поляктардың ұлттық көтерілісін басты. 1772, 1793 және 1795 жылдардағы бөлістің нәтижесінде Польшаны Ресей, Пруссия және Австрия өзара бөлісіп алды. Ресей Польшаның және Шығыс Еуропа елдерінің бостандығын тұншықтырушы деген атаққа ие болды.