Англияныңәлеуметтік-экономикалықдамуы. XIX ғасырдың алғашқы онжылдығында Англияда капитализм жедел қарқынмен дамыды. Егер XVIII ғасырдың соңында жеңіл өнеркәсіп алда болса, енді өнеркәсіптік өндірістің басқа салалары, атап айтқанда, ауыр өнеркәсіп күшала бастады.
XIX ғасырдың басында Англия экономикасы дамыған мемлекет болды. 1811 жылы Англияда сауда мен кәсіпорындарда халықтың 44%-ы жұмыс істеді. Еңбекшілердің жағдайы өте ауыр болды. Ағылшын тауарлары дүние жүзінің барлық елдеріне шығарылды. Бұл үлкен келіктік шығындарды талап етті, сондықтан да өнеркәсіп иелері жұмысшылардың еңбек ақысын азайту арқылы өнімнің бағасьш төмендетуге тырысты. Сондай-ақ өндірісте машиналарды қолдану қоленершілер мен өнеркәсіп иелерінің кедейленуіне өкеп сокты. Өздерінің бакытсыздығын машинадан керген жұмысшылар машиналарды қирата бастады. Бұл қозғалыс машинаны бірінші болып қиратқан жұмысшы Лудданың атымен, луддашылдар қозғалысы деп аталды. Луддашылдар қозғалысы 1811—1812 жылдары кеңөрісалды. 1813 жылы үкімет машиналарды киратқандарға өлім жазасын тағайындады.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басындағы Франция мен Англия арасындағы тартыстың салдары көріне бастады. Наполеон соғыстарынан кейін Англия бірнеше жылдар бойы экономикалық қиыншылықтарды басынанөткізді.Мемлекеттікқарыз450млнфунт
стерлингтен асып кетті. Жарты миллионға жуық адам әскер қатарынан босатылды. Үкімет тапсырыстарын он есеге кемітті. Балтық және Солтүстік теңіз порттарынан арзан дақыл (астық) түсе бастады. Баға төмендеп кетті. Құрлықтағы мемлекеттер кедендік дуал арқылы оқшаулана берді.
Жер иеленуші ақсүйектердің үстемдігі. ХІХ ғасырдың бас кезінде Англияда саяси және діни бостандық принциптері бекіді. Ақсүйек жер иеленушілер байығанның үстінен байи түсіп, кедейлердің жағдайы одан сайын нашарлап кетті. Қоғамның «билеушілері» тиімді жағдайларын пайдалана білді. Заң шығару билігі парламенттің қолында болды. Аткару билігі—корольге және парламент тағайындаған үкіметке тиді. Қауымдар палатасы—парламенттің төменгі палатасын сайлау кезінде жеңген партиялар үкіметті құрады. Осы партияның жетекшісі премьер-министр болып тағайындалды. Елде сонау XVIII ғасырдың соңында қалыптасқан екі бақталас партия билік етті. Тори партиясы жер қожалығы бар ақсүйектер мен дінбасыларының мүддесін көздеді. Виги партиясы өнеркәсіп және қаржы капиталистеріне сүйенді. Англиядағы сайлау жүйесі ақсүйектердің саяси үстемдігін сақтауға көмектесті.
Жоғарғы палата—лордтар палатасы ақсүйек—пэр өкілдерінен тұрды. Ондағы орын мұрагерлік жолмен беріліл отырды. Жоғарғы палата төменгі палата қабылдаған заң жобаларын бекітті. Қауымдар палатасы—графтық және қалалар сайлаған депутаттардан тұрды.
Жоғары мүліктік ценз салдарынан қауымдар палатасына сайлауға және сайлану құқығына тек ауқатты азаматтар, яғни «жаңа дворяндар», өнеркәсіп және қаржы капиталистерінің ғана қолы жетті.
Англияда көне сайлау жүйесі сақталып қалған болатын. Графтықтар және қалалық шекаралар I Яков король тұсында белгіленген күйіңде сақталды. Бірыңғай сайлау цензі болмады. Сондықтан Бирмингем, Йоркшир сияқты өнеркәсіпті қалалар екі депутаттан жіберді. Сондай екі депутаттан елсіз қалған «шіріген орындар да» (елді мекендер) жіберді. Мұндай «шіріген орындар» лендлордтардың билігінде болды. Олар бұл жерге өз топтарын жинады. 16 млн халықтық сайлауға тек 160 мыңы ғана қатысты.
Парламенттік сайлауға дауыс беру құпия түрде емес, ашық түрде өтті. Сондықтан графтықтағы жергілікті аксүйек-лендлорд (ірі жер иеленуші) өзінің бай жалгерлері—йомендердің қалай дауыс бергенін және оларға қысым көрсетуге болатынын біліп отырды. Жер иеленуші ақсүйектердің қолдарында үкімет тағайындаған жергішкті билік органдары болды.
Парламенттік реформа үшін күрес. 1815 жылы шетелдік астыққа жоғары салық тағайындаған «астық заңдары» қабылданды. Егер ішкі нарықта астық бағасы бір квартер үшін 80 шиллингтен төмен түсіп кеткен жағдайда елге шеттен астық әкелуге тыйым салынды. Бұл астықтың бағасын жоғары деңгейде сақтау үшін қолданылды. Сонымен бірге бұл лендлордтар мен фермерлерге жоғары кірісті сақтауға мүмкіндік берді. Нан жұмысшылар үшін қымбатқа түсті.
Елдегі жағдай шиеленісті. Осы кезде радикалдар арасынан Вильям Коббет (1762—1835) суырылып шығып, халықтың қайыршылық жағдайының себебін ол жетесіз басқарудан көрді. Ол ерлер үшін жалпы сайлау құқығын енгізуді және құпия дауыспен қауымдар палатасын жылда қайта сайлауды ұсынды. Радикалдық Гемпдон клубтары құрылды. Радикалдардың талаптарын мәлімдеген петицияға, яғни ұжымдық шағымға қол жинау қарқынды жүрді. 1817 жылдың қаңтарында радикал топтарының өкілдері парламент үйіне ұзақ тізім түріндегі петицияны кіргізді. Үкімет бұған жауап ретінде көтерілісші қоғамдар іс-әрекетіне тыйым салынғандығы жөнінде Акт қабылдады.
Қарсылық қозғалыстары сан мыңдаған митингілерден көрініс тапты. Насихатшылар халықты билікке араластыруды талап етті. 1819 жылдың тамызында Манчестерде алпыс мың адамдық жиналыс парламенттік реформа мен нанның арзандатылуын талап етті. Көмекке полициялық әскер шақырылды. 11 адам өлтіріліп, 400 адам жараланды. Парламент «көтерілісшілерді тоқтату үшін алты акті» қабылдайды (50-ден артық адам қатысқан жиналысқа, «жеке» әскери жаттығуларға тыйым салу, үндеухат тарату үшін ақша жинауға, сот орындарына қару-жарақты жинап алу үшін тінту жүргізуге рұқсат беру жөніндегі заң).
Вигтер оппозициясы тіпті ақсүйектік үстемдікті жоюға мүмкіндік беретін парламенттік реформа жүргізуді талап етті. Виги партиясының жетекшісі Чарльз Грей осы реформаны жүргізу арқылы ғана Англияны революциядан құтқаруға болады деп есептеді.
1812 жылдан 1827 жылға дейін елді лорд Р. Ливерпул кабинеті басқарды. Осы кабинеттен Джордж Каннинг, Роберт Каслри, Джон Палъмерстон және Роберт Пил сияқты қайраткерлер көзге түсті.
Ішкі заң шығару саласында біршама істер атқарылды. Р.Пил мырза ішкі істер министрі болғанда парламент арқылы қылмыстық құқықтық сипатын жеңілдететін бірнеше актілер қабылдады.
1819 жылы лорд Ливерпул кабинеті әлеуметтік заң шығару саласында маңызды қадам жасады. Утопияшыл социалист Роберт Оуэннің ықпалымен парламент өзінің актісінде 9 жасқа дейінгі балаларды жұмысқа алуға тыйым салды, ал 16 жасқа дейінгілерге жұмыс күнін 10,5 сағ-қа қысқартты.
Нью-Ланаркедегі мақта мата фабрикасыньщ иесі Р.Оуэн 10,5 сағ-ка жұмыс күнін қысқартып, фабрика жанынан мектеп пен балабақша ашып, үлгілі қыстақ тұрғызып, өндірісті жетілдіру және адамгершілік арнасына салу арқылы жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізді.
1831 жылы вигтер қауымдар палатасына заң жобасы менпарламенттікреформаенгізді.Аталғанжобада «шіріген жерлер» есебінен жаңа өнеркәсілтік қалаларға орын беруді ұсынды. Сайлаушылар үшін мүліктік цензді төмендетуқарастырылды.Тіптіосындайсамарқау реформаның өзі ақсүйектертарапынан қарсы әрекет тудырды.
1832 жылғы сайлау қорытындысы бойынша қауымдар палатасы реформа туралы заң жобасын қабылдады, бірақ лордтар палатасы оны қабылдамады. Заң жобасы қабылданып,заңболыпенуіүшінтағыбірсайлау өткізу талап етілді. Нәтижесінде 56 «шіріген жерлер» өкілдік құқығын жоғалтты, екі орындық 31 аймақ бір орынды болды, ірі өнеркәсіпті орталықтар парламенттегі өздерінің екілділігін кеңейтті.
1832 жылғы Парламенттік реформа жер иеленуші үстем тап пен өнеркәсіптік және сауда капиталистері арасындағы саяси тартыстың басты өзегіне айналды. Вигтер билеуші партия дәрежесіне ие болып, торилер оппозицияға өтті. Өзінің 10 жыл бойғы билігі кезінде вигтер бірқатар реформалар жүргізді. Соның бірі қаланың өзін-өзі басқару реформасы еді. Салық төлеушілердің барлығы, яғни 21 жастан жоғары қала тұрғындары қалалық кеңес сайлауына қатысуға құқық алды. Ең алғашқы «фабрикалық заң» қабылданды. Ол заң 9—12 жасқа дейінгі балалардың тоқыма өнеркөсібіндегі жұмыс күнін аптасы 48 сағ-қа дейін, ал 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердікін—68 сағ-қа дейін қысқартты. Бұл заңның орындалуын қадағалау үшін фабрика инспекторы тағайындады. Осының нәтижесінде Англия фабрикалық заңнама жасауда көшбасшы атанды.
Вигтердің мұндай сәтті қадамдары бәсекелестеріне өз саясаттарын қайта қарауға мәжбүр етті. Торилердің көрнекті өкілі Роберт Пил 1834 жылы 1832 жылғы парламент реформасымен келісуге өз жақтастарына үндеу тастады. Р.Пил торилерді жер иеленуші ақсүйектердің мүддесін қорғаушы партиядан халықтың қалың бұқарасына сүйенген партияға айналдыра алды. Содан бастап торилер өздерін консерваторлармыз деп атады. Қазіргі консервативтік партияның тарихы осылай басталды.
Өнеркәсіп төңкерісі. XVIII ғасырда өнеркәсіпте айтарлықтай өзгерістер болды. Ұсақ тауар өндірісін мануфактура өндірісі ығыстырып шығарды. Оны дамытудың қажеттілігі XIX ғасырдағы ағылшын өнеркәсібін түбірімен өзгерткен механика саласындағы жаңалықтар ашуға әсерін тигізеді. 1733 жылы шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап табылды. 1738 жылы адам қолының көмегінсіз жіп тоқуға арналған машина жасалады. 1764 жылы Дж.Харгривс «Дженни» атты механикалық ұршықты, ал 1771 жылы Р.Аркрайт алғаш рет су доңғалақтары арқылы машинаны қозғалысқа түсіретін тоқыма фабрикасын ашты. 1780 жылы Англияда 20-ға жуық, ал одан 10 жыл өткеннен кейін 150 осы тектес фабрикалар жұмыс істеді.
Өнеркәсіптің басқа салалары да түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1765 жылы Джеймс Уатт бу машинасын құрастырып, 1771 жылы оны жетілдірді. Бу машинасын ойлап табу фабрика өндірісінің дамуына аса үлкен өзгерістерәкелді.Өнеркәсіпкәсіпорындарының өзен суларының энергиясына тәуелділігі жойылды, бұл фабрикалардың көбеюіне жағдай жасады. Бу машинасын іске косу үшін көмір қажет болды. Бұл көмір өнеркәсібінің дамуына елеулі ықпал етті.
Өнеркәсіптің дамуы Англияда жаңа калалардың пайда болуына, жолдар мен көліктің дамуына ыкпал етті, жаңа тап — өнеркәсіл пролетариаты дүниеге келді. Осылайша XVIII ғасырда Англияда капитализмнің мануфактуралық сатысынан капиталистік өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне ету кезеңі — өнеркәсіп төңкерісі кезеңі басталады.
Өнеркәсіп төңкерісі паровоз дөңгелектерінің тарсылымен аяқталды. 1825 жылы Дж. Стефенсон Стоктон мен Дарлигтон арасында жолаушылар пойызын жүргізді. 1830 жылы 100 шақырымдық жол тоқыма өндірісі дамыған Манчестерді портты Ливерпулмен байланыстырды. 1850 жылы Англия жалпы ұзындығы 50 мың шақырымға жеткен теміржол торабына ие болды. Темір жол, металлургия, машина жасау, тау-кен және құрылыс ісін алга бастырды. Шойын қорыту үш есеге өсіп, екі млн тоннадан асты. Темір жолға байланысты бу машиналарын жасау және вагон құрылысы енеркәсібі пайда болды. Бірінші орынды тоқыма өнеркәсібі сақтап қалды, әсіресе мақта өндірісі британ экспортының 70%-ын құрады. Бірақ ғасыр ортасында машина өндірісі, оның ішінде машина жасау барлық негізгі құрылымда басым түсті. Өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Англия дүниежүзілік шеберханаға айналды, оның бұйымдарымен ешкім бәсекелесе алмады. Шетелге өнім шығару 1850 жылы 1830 жылғы 45 млн фунт стерлингтен 70 млн фунт стерлингке өсті. Лондон дүниежүзілік сауда орталығына айналды.
Жұмысшы қозғалысы. Англияда 30-жылдарда пролетариат бөлініп шығып, өз бағдарламалары және талаптары бар ұйымдарға бірігуге алғаш рет қадам жасады. 1836 жылы бір мезгілде
Лондон жұмысшылар қауымдастығы мен Үлкен Солтүстік Одағы (Лидс) пайда болды. Екі ұйым да өз мақсаттары елдің саяси құрылысын пролетариаттық реформа көмегімен еңбекшілер мүддесіне орай қайта құру екендігін хабарлады. Саяси кесемдер: ағаш ұстасы Уильям Ловетт, журналистер Фергюс О’Коннор, Джеймс 0’Брайен және Джулиан Гарни көзге түсті. Халықтық хартия атты бағдарлама құрастырылды. Ол алты бөлімнен тұрды: ерлер үшін жалпы сайлау құқығы, жабық дауыс беру, саны бойынша тең сайлау округтерін құру, кандидаттар үшін мүліктік цензді алып тастау және т.б. Көптеген митингілерде жүздеген адамдар оның мәтінін жазуға қатысты.
1839жылы ақпанда Лондонда Хартияның табысқа жетуі үшін күрестің түрлері мен өдістері талқыланған бірінші чартистік конвент жиналды.
XIX ғасырдың 30—50-жылдары Англиядағы пролетариаттың алғашкы бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы «чартизм» деген атауға ие болды. Чартизм («сһагіег» — хартия, кұжат) деген ағылшын сөзінен шыққан, онда әлеуметтік таптар ментоптардыңсаяситалаптарыкөріністапты.
Делегаттар арасында қайшылықты пікірлер туындады: біреулер (Ф.О’Коннор, Дж. 0’Брайен) петиция науқанын жақтады; екіншілері Дж. Гарни басшылығымен Хартияға қол жеткізу үшін бір ғана жол—көтеріліс жасаған дұрыс деп есептеді.
6 мамыр күні 1 млн 250 мың қол қойылған Хартия үлкен көтергішке салыньш, парламентке жеткізілді. Бірақ парламенттегілер Хартияны мойындамады.
12 тамыз күні ереуілге шығу келісілген еді, бірақ халық дайын болмай шықты. Үкімет барлық бастамашылар мен жетекшілерді темір торға қамады.
Оқиғаның шиеленісуі чартистер қатарында алауыздық тудырды. Радикалдар өкілдері оларды тастап кетті.
1840жылы шілдеде Манчестерде Ұлттық чартистік ассоциация ұйымдасқан түрде рәсімделді.1842 жылы мамырдажаңапетицияны(3,3 млн қолқойылған) парламент қабылдамады. Жауап ретінде Манчестерде, барлық Ланкаширде және басқа көрші графтықтарда, Шотландияда, Уәльсте және Лондонда ереуілдер толқыны жүріп өтті. Бірақ жоқшылық жұмысшыларды фабрикалар мен зауыттарға қайтуға мәжбүр етті. Жетекшілер арасында алауыздық басталды.
Чартизмнің үшінші және соңғы көтерілуі 1847—1848 жылдарға тап келді және бұрынғыдан өзге жағдайларда дамыды — астық туралы заң жойылды, азық-түлік арзан-дады. Жаңа петицияға 5 млн қол жиналды. Оны парла-ментке апаратын күні (1848 жылы 10 сәуірде) кең көлемдегі шеру ұйымдастырылды. Үкімет әскер топтарын әкелді, тақты корғау туралы заң шығарып, шерушілердің Вестминстер үйіне жақындауына тыйым салды. Үшішпі петицияны қарау үшін парламент арнайы комиссия құрды, онда 5 млн қолдың үшеуі жарамсыз деп табылды. Сөйтіп, парламент үшінші рет жұмысшылар талаптарын қабылдамады. О’Коннор митингіге қатысушыларды үкіметке ашық қарсы шықпауға шақырды. Топ тарады.
Жұмысшылар табының бірінші жеке көтерілуі болған чартистік қозғалыс бәсеңдей бастады. Тыйым салулар мен қуғын-сүргін бәсеңдеудің себебі бола алған жоқ. Англия күрделі әлеуметтік реформалар кезеңіне өтті. Чартистер күресінің сөтсіздігіне, жұмысшылардың жалпы сайлау құқығына қол жеткізе алмауына олардың басқа таптар тарапынан қолдау таппағандығы себеп болды.
Кәсіподақтарды ұйымдастыру. XIX ғасырдың 50-жыл-дары Англияда көсіподақ қозғалыстары үлкей жетістіктерге жетті. Чартизмнің әсері тредюниондарды күшейтті. Еңбек салаларында тред-юниондар қатары кәбейіп, олардың жұмысшы табына ұйымдық әсері артты. Олар жұмысшылардың кәсіпкерлерге қарсы шығуына көмектесті, ереуілдерді басқарды. Капиталистер жұмысшылардың бүл ұйымдарының көзін жоюға тырысты. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдап, тред-юниондарды қудалаудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланды.
Жаңа көсіподақ жетекшілері өндіріс қожайындарымен серіктестік қатынастар құруға ұмтылды. Ереуілге олар тек қана тредюнион мүшелерінің еңбегі мен өмірін жақсарту үшін капиталистермен келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда ғана шықты.
Үкімет пен өнеркәсіп қожайындары көсіподак пікірлерімен санасуға мәжбүр болды. XIX ғасырдың 60-жылдарында тредюниондар өздерін күшті сезінді, олар жұмысшылар үшін парламент реформаларын жүргізуді талап етті. Осылайша көсіподақтар пролетариаттың эконо-микалық және саяси құқығы үшін күрес жүргізу түріне айналды. Жұмысшылар қозғалысы қуатты саяси күш болып есептелді.