Германиядағы советтік әскери әкімшіліктің Шығыс Германияда демилитарландыру, денацификациялау және демократияландыру саясатын жүргізуі нәтижесіңде фашистік мемлекеттік аппарат жойылды, нацистік партия таратылды, нацистер мен әскери қылмыскерлер тиісті жазасын тартты. Германия Коммунистік партиясы, одан кейін Социал-демократиялық партия және Христиандық демократиялық одақ Либералдық-демократиялық партия секілді буржуазиялық-демократиялық партиялар өз қызметін қайтадан бастады. Бұл партиялар антифашистік демократиялық блок құрды. Германиядағы советтік әскери әкімшіліктің шұғыл қайта құру шараларын жүзеге асырғанда осыларға сүйенді. 1946 ж. сәуірде Германия Коммунистік партиясы мен Германияның Социал-демократиялық партиясы марксизм-ленинизм принциптері негізінде Германияның Социалистік біртұтас партиясы (ГСБП) болып бірікті, осыған орай жұмысшы табының позициялары бұрынғыдан да нығая түсті. Бірігу съезінде осы партиялардың басшылары — Вильгельм Пик (ГКП) пен Отто Гротевольдың қол алысуы немістің жұмысшы қозғалысындағы жікшілдіктің жойылғанының символы болды. Германия социалистік біртұтас партиясының құрылуы жұмысшы табының антифашистік және демократиялық реформаларды іске асыру жолында басшылық рөлін қамтамасыз етті.
Аграрлық реформа елдегі нағыз реакцияшыл күштердін бірі—юнкерлікті жойды. Юнкерлер жерінің бірқатары ауылшаруашылық жұмысшылары, жері аз шаруалар және Польшадан, Чехословакиядан және РСФСР-дің Калининград облысынан қоныс аударғандар арасында бөлінді. Конфискеленген жердің бір бөлігінде халық имениелері құрылды.
Монополистік бірлестіктер жойылып жатты. Германиядағы советтік әскери әкімшілік олардың мүлкін демократиялық өзін-өзі басқару органдарына берді. Нацистер мен әскери қылмыстылардың меншігі национализациялаңды, бұл денацификациялаудың кұрамды бөлігі еді. Осы шаралардың нәтижесінде өнеркәсіпте халықтық сектор пайда болды, ол өңдірістің барлық жетекші салаларын біріктірді.
Нацистік идеологияны жою және жас ұрпақты антифашистік рухта тәрбиелеу үшін білім беру жүйесі қайтадан құрылды. Реакцияшыл педагогтар мектепте жұмыс істеуден аластатылды, нацистер кезінде қуғынға ұшыраған педагогтар шақырып алынды. Көптеген жұмысшы коммунистер мұғалім және тәрбиеші болды. Жұмысшы мен шаруаларға жоғарғы оқу орындарының есігі ашылды.
Антифашистік-демократиялық қайта құруларды дәйекті жүргізген Германиядағы советтік әскери әкімшілік пен Германия социалистік партиясының саясаты шаруалар мен ұсақ буржуазия тарапынан қолдау тапты. 1948 ж. Германияның социалистік партиясы басқаратын партиялар блогына жаңадан құрылған екі—Демократияшыл шаруа және Ұлттық-демократиялық партиялар қосылды.
Бұл партиялар халықтың орташа тобын, сондай-ақ, өзінің өткендегісінен бас тартқан нацистік партияның бұрынғы қатардағы мүшелерін қамтыды.
Шығыс Германияда жүргізілген қайта құрулар антифашистік-демократиялық революция міндеттерінің жүзеге асырылуының көрінісі еді. 1949ж. 7-қазанда Берлинде Герман Демократиялық Республикасы жарияланды. ГДР-дің құрылуы неміс халқының тарихындағы бетбұрыс болды: Германияның тарихында алғашқы рет жұмысшылар мен шаруалардың бейбітшіл, демократияшыл мемлекеті пайда болды. Совет үкіметі Шығыс Германияны басқару ісін ГДР үкіметіне берді, оны Отто Гротеволь (1894 — 1964) басқарды. К.Либкнехтің және Р.Люксембургтің серігі Вильгельм Пик (1876 — 1960) ГДР-дің Президенті болып сайланды.
ГДР-дің халықаралық жағдайы. Ұзақ уақыт бойы ГДР-дегі социализм құрылысы ФРГ және Батыс Берлинмен шекараның күзетсіз болуы жағдайында жүргізілді: Осыған орай ГДР-ге қарсы түрлі арандатушылық әрекеттер істелді. Көптеген ғалымдар, инженерлер, мамандығын жете меңгерген жұмысшылар ФРГ-ге қоныс аударды, бұл ГДР-ге орасан көп зиян келтірді, 1961 ж. тамызда ГДР үкіметінің шешімі бойынша Батыс Берлинді айнала биік қабырға тұрғызылды, яғни «антифашистік қорғаныс шебі» жасалды, ФРГ-мен шекарада егемен мемлекеттерге тен әдеттегі қатаң бақылау орнатылды. КСРО-ның көмегіне сүйенген және өзінің сыртқы саясатын Варшава Шарты мемлекеттерімен үйлестіріп отырған ГДР, ұзақ мерзім бойы неміс социалистік мемлекеті өмір сүріп отырғанының тарихы шындық екенін мойындағысы келмеген ФРГ-ге және басқа капиталистік елдерге табандылықпен қарсы тұрды.
Ұлыбритания, КСРО, АКДІ және Франция арасында 1971 ж. жасалған төрт жақты келісім Батыс Берлинді ФРГ-нің бір бөлігі емес деп тауып, ГДР мен ФРГ арасындағы қарым-қатынас негіздері туралы шартта ФРГ барлық немістердің бірден-бір өкілі дегенді жоққа шығарды. ГДР ФРГ-мен қарым-қатынасын бейбіт қатар өмір сүру принципі негізінде құрады және өзара бейбіт ынтымақтастық калыптасуына күш салады.
ГДР өзінің сыртқы саясат қызметінде республиканың социалистік мемлекет ретіндегі өмірлік мүдделерінің КСРО және социалистік достық елдері мүдделерімен сәйкес келетінін басшылыққа алады. КСРО мен ГДР арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмекшартына 1975ж. 7-қазанда қол қойылды, бұл шарт екі социалистік мемлекеттің екі жаққа бірдей тиімділік негізінде саяси-экономикалық және ғылыми-техникалық салаларда ынтымақтасуына кең жол ашады, ГДР-дің егемендігін империализмнің қол сұғуынан берік қорғайды. 1990ж 3-қазанда ГДР мен ГФР бірігіп бір мемлекетке айналды.