70-жылдардың соңында лейбористік партиясының мемлекеттік бюрократиялық үстемдігі жеңіліс тапты. Лейбористер елдегі ұлттық мәселені шеше алмады. Солтүстік Ирландия мәселесі ұлттық бас ауруына айналды. Шотландия мен Уэлс автономиялық құқық лу үшін күресін жалғастырды. Каллагэн үкіметіне сенімсіздік білдіріп, 1979 жылы 3 мамырды сайлау өткізуге шешім қабылдады. Мемлекеттік реттеу саясатынан бас тарта отырып, жеке кәсіпкерлікті қолдау саясатыконсерваторладың сайлауда жеңіске жетуіне әкелді.
Экономикалық дағдарыстан шығу жолында Тэтчер үкіметі антикризистік және антиинфляциялық шараларды жүргізуге кірісті. 1981-1982 жылдарда «шоковая теория» реформасы экономикалық дағдарыстан біртіндеп шыға бастады. АҚШ-тың экономикасына ағылшын инвестициясын енгізуге бірінші орынға шықты.
1980-1982 жылдарда Тэтчер үкіметі кәсіподақ ұйымдарына қарсы қатал заңдар шығарды. Кәсіподақ федерациясына еруіл ұйымдастыруға тыйым салынды. Елде тәртіпсіздік пен терроризм кең етек алды. Ағылшын қалаларында ішкі тәртіп бұзылды. 1984 жылдары Лондон, Бирмигем, Бистоль, Ливерпуль қалаларында стихиялы қозғалыстар кең етек алды. Еңбекшілер мен полиция арасындағы қақтығыстарда адам өлімі көп болды. Солтүстік Ирландиядағы қақтығыстарды басу үшін қосымша ағылшын әскерін жіберді. Солтүстік ирландия католиктеріне қарсы қатал қудалану жүргізді. Ирландия түрмелерінде аштық жарияланып, парламент мүшесі Бэндистің өліміне қарамастан, ағылшын үкіметі ешқандай да шара қолданбады.
80-жылдың екінші жартысында Тэтчер үкіметінің денационализациялау бағдарламасын елде жұмысшылардың қарсылық қозағлысын туғызды. 1984 жылы Ұлттық көмір өнеркәсіп басқармасы, 20 көмір шахталарының жабылуы 20 мың көмір жұмысшыларының ереуіліне ұласты. 1984 жылы наурыздан 1985 жылға дейін, бір жылға созылған. Көміршілердің жалпы ұлттық ереуілін бір жылға создырды.
1986 жылы көмір және тау-кен жұмысшыларының ереуіліне қарсы «қоғамдық тәртіп» заңды қабылданды. Бұл заңға елдегі демократиялық қозғалстар қарсы болып, азаматтық құқық пен еркіндікті шектеу деп бағаланды. Ұлыбританйядағы жалпы ұлттық ереуілді Солтүстік Ирландиядағы католиктер қолдаы.
1982 жылы Солтүстік Ирландияда консерваторлық үкімет өзінің басқару жүйесін жалғастырды.
Еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту шарларын жүргізе отырып, елдегі саяси жағдайларды реттеу кезеңінде жаңа парламенттік сайлау өтті. 1987 жылы 11 маусымда парламенттік сайлауда консерваторлар 42,3 % дауыс алып, 376 депутаттық орынға ие болды.
90-жылдарда Ұлыбританияның экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге жетті. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 4 %- ға өсті. Жаңа технологияның енгңзілуі өндіпргіш күштердің өсуіне әкеп соқты Тэтчер үкіметінің салық саясатындағы жеңлдіктер айтарлықтайжеңіске әкелді. Банк қайтарымының жоғары болуы ішкі инвестицияның өнеркәсіптеге салынуын өсірді.
90-жылдардың басында Ұлыбритания экономикасындағы құрылым өзгерістерінің бірі мемлекеттік секторының қысқаруы болды. Мемлекеттік несие-қаржыны реттеу экономикасының қарқынды дамуына жол ашты. Әлуметтік саясатта мемлекеттік реттеудің сақталуы өндірістің жедел дамуына жол ашты. Экономикалық -әлуметтік дамудың жоғарғы деңгейі ұзаққа бара алмады. Ұлыбританияның экономикалық-әлуметтік дамуныда 90-жылдарда дағдарыстық белес басталды.
90-жылдарда консерваторлар партиясының ішінде жаңа басшылық үшін күрес күшейе бастады. 1990 жылы күзде консерваторлар партиясының төрағасына соғыс министірі М.Хэзлайн өзінің кандидатурасын ұсынды.
Консерваторлар үкіметінің сыртқы саясатының басты бағыты халқаралық бәсеңдеусаясатынан бас тартып, АҚШ-тың «қырғи-қабақ» соғыс саясатын қолдау болды.1980 жылдардың басында Аргентина мен ағылшын елдері арасында көп жылдардан бері кезек-кезек талас болып келе жатқан Фолкленд (Мальвин) аралы үшін соғыс басталды.
1982 жылы 2 сәуірде Аргентина өзінің билігін қалпына келтіру үшін аралға азғантай әскери десант түсіріп, ағылшын генерал губернаторы Р.Хантты орнынан алып, еліне қайтарды.
Сәуір айында Фолкленд (Малвин) аралына ағылшын соғыс кемелері жетіп, соғыс қимылдары басталды. 21 мамыр 14 маусым аралығында соғыс болып, Аргентина әскері аралды тастап шығуға мәжбүр болды.
Тетчер үкіметі АҚШ әкімшілігінің агрессиялық саясатын қолдауды жалғастырды. 1986 жылы Таяу Шығыс пен Ливияға қарсы АҚШ-тың әуелден бомбылауын, Иранға қарсы соғыс әрекеттерін қолдап отырды. Консерваторлар Пәкістандағы, Ауғанстандағы моджехеттердің іс-қимылдарын қолдаы.
80-жылдардың басында ағылшын-кеңес қарым-қатнасы біршама өзгерістер әкелді. 1984 жылы желтоқсан айында жоғарғы Кеңес делегаттарын басқарып барған М.С.Горбачев пен М.Тетчер арасында келіссөздер жүргізді. Консерваторлар үкіметі атынан М.Тетчер КСРО елімен байланстарлы дамытуға келісті.
Консерваторлар үкіметінің сыртқы саясатындағы негізгі бағыт Қытай Халық Республикасымен қарым-қатнасты дамытуға айтарлықтай көңіл бөлді. КХР-мен Ұлыбритания аралында әскери салада келісім жалғастырылды.
Ағылшын-қытай келіссөздерінің барысында 1997 жылы Гонконг (Саянган) қаласын Қытайға қайтаруға келісті. 1987 жылы 28 наурыз – 1 сәуірде М.Тетчер Мәскеу қаласына келіп, М.С.Горбачевпен келіссөздер жүргізді. Кездесуге екі жақты қарым-қатнастарды дамытуды, халқаралық қатнастардағы маңызды мәселелерді тақылады. Қару-жарақты қысқарту, химиялық қаруларды жою, қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарды жою мәселелерін, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуді қолдады. Ұлыбритания үкіметінің сыртқы саясаты оңшыл бағытты қолдап, атлантизм саясаты сыртқы саясаттың нігізгі бағыты болып қала берді.
90-жылдардың басында Ұлыбританияның саяси дамуына біршама өзгерістер болды. Консерваторлар партиясы үкіметті басқарғанымен, парламентте көпшілік бола алмады. Консерваторлар партиясының ішкі дамуында жік туа бастады. 1993 жылы мамыр айында қаржы министрі Н.Лэмантте үкіметтік саясатына қарсы болып, үкімет құрамынан кетеді.
Үкімет мүшелерінің арасында жіктің болуы Мейджордың беделін түсіріп, парламентті тарату мәселесі қойылды. 1990-1991 жылдардағы жергілікті сайлауда лейбористер сайлаушылар арасындағы беделін қалпына келтіре бастайды.
Ұлыбританияда либерал партиясының беделі өсті. Нарықтық экономиканы дамыту, Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания арасындағы ынтымақты жетілдіру жаңа бағдарламаның негізгі идеясы болды.
Ұлыбританияда сайлаудан кейінгі саяси тұрақтылық экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік жасады. Үкімет ішкі саясатта нақты реформаларды жүргізу арқылы инфляцияны азайтуға, өнеркәсіп өнімдерін шығарудың өсуіне әкелді.
Мейджор үкіметінің екінші кезеңне ішкі экономикалық саясатта тэтчеризмнен бас тартқан жоқ. Тэтчер үкіметі кезінде басталған электр энергиясын және көмір өнеркәсіп орындарын жекешелендіруді (приватизациялауды) жалғастырды. Үкіметтің бұл саясатына 1993 жылы көміршілер қарсы болып, ереуілдерге шықты. Жекешелендіруге қарсы күресетін кейін көміршілерге көмек ретінде жалақыларына қосымша 900 миллион ф.ст. технологияны модернизациялауға, 150 миллион ф.ст. көмек қаржы төлегеннен кейін ғана 50 шахтаның 34 шахтасын жекешелендіруге көндірді. Теміржол және байланыс салаларын жекешелендіруге еңбекшілердің қарсы шығуына байланысты үкімет бас тартуға мәжбүр болды.
Мейджор үкіметі әлуметтік көмекке бөлінетін мемлекеттік бюджетті өсіріп отырды. Әсіресе, білім және денсаулық саласында мемлекеттік көмек арқылы жеке білімалу мен денсаулық салаларындағы үлесін азайтты. Халықтың 97 % — ы өздерінің балаларын мемлекеттік мектептерде оқытты. 90 %-ы ұлттық денсаулық қорының көмегіне сүйенді.
Мейджор үкіметінің сыртқы саясатында, ағылшын-орыс қарым-қатнастарында жаңаша дербес саясат жүргізді. Мейджор КСРО-ның құлауын қолдай отырып, сепаратизмге қарсы болды. 1991 жылы Ресейдегі қарсы бүлікті қолдамай айыпталды. Ресейді КСРО-ның орнындағы ел ретінде мойындады. 1993 жылғы Мәскеудегі қазан айындағы демократияны жаңарту қозғалысындаЕльцинге қолдау білдірген Мейджор болды. Ресейдегі шешендер соғысын ішкі мәселе ретінде түсінді. 1992 жылы қараша айында Б.Ельцин Ұлыбританияға барды. Ельцин мен Мейджор арасында жан-жақты келіссөздер жүргізді. 1994 жылы Ұлыбритания королі Елизавета ІІ тұңғыш рет Ресейге келді.
Мейджорүкіметі бұрынғысынша атлантизм саясатын жалғастыра отырып, АҚШ-тың Еуропадағы сенімді одақтасыретінде қала берді. 1990 жылғы АҚШ-тың Иракқа қарсы «Құмдағы дауыл» операциясына белсенді қатысты. Парсы шығанағында халықтар күштер құрамында 45 мың британ әскері болды.
Ағылшын-американдық қарым-қатнастарда Еуропадағы Косово дағдарысы жылдарында ағылшындар да АҚШ-тың Югославияға саясатын қолдамады. 1995 жылы сәуір айындаМейджордыңВашингтонға барған сапарында Босния дағдарысын шешеудегі АҚШ-тың саясатын қолдауға көрінді.
90-жылдары Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатнастар өте қатал саясат жүрді.
1994 жылы лейбористер партиясының төрағасы Д.Слит кетіп, қайтыс болғанан кейін, партия конференцияда Э.Блэр 57 % дауыс алып, төраға болып сайланды.
1994 жылы лейбористер партиясының конференциясында Э.Блэр «жаңа лейборизм» идеясын жариялады. Партияның бағдарламасындағы «төртінші бапқа» өзгеріс енгізуді ұсынды.
Лейбористер партиясының идеологиялық қайта құру идеясы сайлау қарсаңындағыкүресте ірі жеңіске әкелді. Консерваторлық партия сайлау қарсаңында айтарлықтай үгіт-насихатжұмысын жүргізе алмады, экономиканың өрлеуі негізгі қызмет болғандығын жариялай алды. Либерал демократтар сайлау алдында радикалдық реформа жүргізуге шақырды. Шотландия ұлттық партиясы Шотландияға толық тәуелсіздік алуға шақырды.
90-жылдардың соңында Ұлыбритания экономикалық дамуы бірқалыпты жағдайға түсті. Өнеркәсіп орындарының құрылымы өзгерістерге ұшырап, бәсекелік қабілеттері артты.
Ұлыбританияның ішкі дамуында инвестициялық жоғарғы деңгейде сақталды.Ұлыбританияда 13 мың шетел компаниялары жұмыс атқарды. Жоғарғы технологияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар жұмыс істеді. 1997-1999 жылдарда ұсақ кәсіпкерлерге, корпарацияларға салынатын салық мөлшері азайтылды. Табыс салық мөлшері 20 % — ға дейін төмендетілді. Батыс Еуропа елдері арасындағы тікелей салық мөлшері ең төменгі деңгейде болды. Бірақ қосымша және «тұтыну» салығы жоғары деңгейде қалдырылды. Еңбекшілердің сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкелді.
90-жылдарда лейбористер үкіметі мемлекеттік тапшылықты төмендету үшін күрес жүргізді. Ұлыбританияда қаржы-волюта саясатының дұрыс жүргізілуі инфляция деңгейінің3,4 %-ға азаюына дейін барды.
Э.Блэр үкіметі әлуметтік саясатта айтарлықтай жетістіктерге жетті. 1998 жылы Гордон Браунның үш жылдық әлуметтік инфрақұрылымын қаржыландыру бағдарламасын қабылдады.
Мемлекеттік бюджеттен білім беруге, кәсіптік техникалық білімге, жастарға жұмыс беруге және денсаулық салаларында қаржы көп бөлінді. Телефон байланысы мен көлік жүйесін модернизациялауға, қосымша жобаларды дамытуға, бала мен анаға көңіл бөлді. 1999 жылы нашақорлыққа қарсы күресу бағдарламасын қабылдады.
1999 жылы лейбористер үкіметі Лордтар палатасына сайлау реформасын жүргізді. 1999 жылы қазан айында лордтар палатасында сайлауда реформаны 221 дауыс қолдап, 81 дауыс қарсы болып бекітті. Реформа бойынша мұрагерлік лордтар палатасынан шығарылды. 2000 жылы арнаулы комиссия өмірлік лорддардың үміткерлерін іріктей бастады. Бұдан былай мұрагерлік лордтарпалатасына өмір бойына іріктілік, лордтардың шыққан тегіне емес, елге атқарған қызметі арқылы комиссия шешіміне іріктелетін болды. У.Черчилль мұрагерлік лордтар палатасында өлгенше Пэр болып кетті.
Солтүстік Ирландия мәселесі Ұлыбританияның ішкі саясаты ретінде қарастырылып, өз шешімін таба алмай келген болатын Э.Блэр үкіметі бұл мәселені шешуде нақты қадамдар жүгізді. Ольстер партиясы Шинн Фейн мен келіссөздер жүргізе келісті. Ұлыбритания – Ирландиякелісімдері кезінде арандатушылықты, террорды тоқтатуға келісті. 1998 жылы Солтүстік Ирландия мәселесін шешуге үш жақты келіссөздер жүргізілді. Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ уәкілдері қатысты. Ұзақ жылдардағы келісімдердің барысында Солтүстік Ирландияның Ұлттық ассамблеясы депутатарының теңқатысуымен шешім қабылдауға берлілді. Католиктер мен протестанттардан тең депутаттар сайланды. Бейбіт келісімдерді 1998 жылы 22 мамырда Солтүстік Ирландияда өткен халықтық референдумда бекітті. 2000 жылы Блэр үкіметі Солтүстік Ирландиямәселесіне араласуға уәде берді. Экстеремизм мен терроризмге қарсы күресте СолтүстікИрландияүкіметінекөмектесті.Бейбіт келісім Солтүсті Ирландия мәселесін бейбіт шешуге тағы да бір мүмкіндік туды.
Ұлыбританияның сыртқы саясаты дәстүрлі атлантизм саясатын жаңа бағытта жалғастырды. АҚШ-пен «ерекше қатнасты» дамыта отырып, Клинтон әкімшілігімен достық қатнасты орнатты. АҚШ-тың антитеррористік саясатын және Ауғанстан мен Суданды бомбылаудан қолдады. 1998 жылы ағылшын-американдық бірлескен соғыс қимылдарын жүргізіп, Ирактың маңызды аудандарын әуеден бомбылады. 1999 жылы Югославияға қарсыағылшын-американдық әскері Косоводағысоғыстарға қатысты. Югославия президенті Милошевичкеарандатушылықтарды жүргізді. Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) ұйымының шығысқақарай ұлғайтылуын қолдауы, 90-жылдардағы АҚШ-саясатын қолдауы ағылшын-орыс қарым-қатнастарының бірқалыпты дамуына кері әсер етті. 1998 жылғы Берлингеме қаласындағы«жеті елдің» басшылығымен Ресейдің «сегіздік» кезесуін қолдады. 1999 жылы Путиннің Ресейпрезидентіне үміткер болуын Э.Блэр қолдады.
Ұлыбритания және Еуропалық Одақ елдер арасындағыынтымақтастыққа жаңаша көзқарастарды қалыптастырды. 1997 жылы Э.Блэр басқаЕуропа елдеріменбірге Амстердам келісімінеқол қойып, Еуропалық ынтымақтастықтың әлуметтік хартиясына кірді. Амстердам келісіміне қол қоя отырып, әлуметтік саясатты дамытуды, адам құқықтарын қорғауды, азаматтық институттардың жұмыстарына белсенді қатысуды қолдады. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы террорлық актыдан кеәін Ұлыбритания халқаралық терроризмге қарсы күрестібатыл қолдады. ХХІ ғасырдағы АҚШ президенті Д.Буштың Ирактағы Саддам Хусейін диктатурасын құлатуға АҚШ-тың агрессиялық саясатын қолдап, Иракта ағылшын әскері соғыс қимылдарына қатысты. ХХІ ғасырдың басындаҰлыбритания АҚШ-тың Еуропадағы сенімді одақтасы ретінде жалғасты.