Европаның солтүстік-батысында Британ аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы — 244,1 мың. шаршы шақырым. Ұлыбритания бақылауына 6 мли. халқы бар 14 отар және тәуелді территориялар жатады. Соның ішінде Европада Гибралтар, Оңтүстік Амернкада Фолкленд, Бермуд, Ангилья, Кайкос сиятқгы тағы басқа аралдар бар. Астанасы — Лондон. Ірі қалалары Бирмингем, Лндс, Глазго. Ұлыбритания әкіишілік-территориялык 4 тарихи-географиялық облыстарға бөлінген: Англия, Уэльс, Солтүстік Ирландня, Шотландия. Ресми тілі — ағылшын. Діні — англикандық. Ақшасы — фунт сгерлинг. Ұлттык мерекесі — королеванын туған күні. Ұлыбритания -парламенттік монархиялы иемлекет.
Соғыста Ұлыбритания жеңген мемлекет болғанымен, жағдайы жақсы емес еді. Экономикалық және финанстық қиындықтарға қарамастан өнеркәсіп өндірісі соғыстан кейін дамыды. 1945 жылы шілдедегі парламент сайлауының нәтижесінде лейбористік партия үшінші рет ел басына келді. 1945 жылы 26 шілдеде лейбористік партияның жетекшісі Клемент Эттли үкіметгі жасақтады. 1946-1949 жылдары сайлау қарсаңындағы уәдесіне сәйкес лейбористік үкімет национализациялау жүргізді. Ең алдымен 1946 жылы Ағылшын банкі национализацияланды. Елдің тарихында тұңғыш рет мемлекеттік банк құрылды. Онан соң, көмір және газ өнеркәсібі, электростанция, телеграф пен радио байланысы, азаматтық авиация, ішкі су мен темір жол транспорты, алыс жолдарға автокөлік тасымалы, 1950 жылы болат қорыту өнеркәсібінің бір бөлігі пационализацияланды. Жалпы алғанда национализациялау соғыс кезінде мемлекет қатты араласқан бөлігін ғана қамтыды.Соғыстан кейінгі жылдары Англия дүниежүзілік экономикалық позицияда өзінің экономикасын қалпына келтіру үшін күресті. 1948 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы индексі соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Дүниежүзілік рынокта капиталистік елдерге экспорттаудан өз үлесін қалпына келтірді. 1946 жылы 1927 жылғы кәсіподақ туралы заң жойылды. 1945-1948 жылдары әлеуметтік сақтандырудың жаңа системасы ендірілді. Мұнан басқа жұмыссыздыққа, ауыруға, баланы бағуға жәрдемақы, жесірлер мен жасына қарай (әйелдерге 60 жастан, ерлерге 65 жастан) зейнетақы төлеу енгізілді. 1948 жылғы маусымда Ұлттық денсаулық қызметі құрылды, халыққа тегін медициналық көмек көрсету енгізіліп, осылайша мемлекеттік денсаулық жүйесі жасалды.Лейбористік үкіметтің әлеуметтік саладағы жүргізген шараларын бүкіл халық қолдады.Алайда лейбористік партия финанстық және экономикалық жағдайды жақсарту үшін қаржы көздерін іздестірді. 1948 жылдың басында күнделікті қажет товарлардың бағасының өсуіне қарамастан жалақыны өсіруге тыйым салынды. Үкімет 1949 жылы балаларға тегін және арзан тамақ беру мен оқушылардың автобустарда тегін жүруін тоқтатты. 1949 жылы лордтар малатасының өкілеттілігі мен құқын шектеген заң бекітілді. Бұл шаралардың жүргізілуін лейбористік лидерлер мен идеологтар үшінші лейбористік үкімет Лшлияны «жалпыға береке мемлекетіне» айналдыру «революциясын» жасады, Англия 1951 жылы «барлығы жүмыс істейтін» капиталистік емес ел болатын еді деп дәлелдеу үшін пайдаланды. «Демократиялық социализм» деп аталытын теория, яғни капиталистік қоғамда революциялық қайта құрусыз социализмге жету теориясы жасалынды.
Соғыс жылдарында Англияның басқарушы тобы КСРО-мен соғыстан кейінгі кезеңдерде ынтымақтастықты жалғастыра беруге келісті. Алайда олар соғыс КСРО-ны әлсіретіп, батыс елдерге тәуелді етеді деп ойлады. Соғыстың аяғында қарай ағылшын саясатында КСРО қатынасында жаулық сипат үдей түсті. Англия империализм күшінің жинақталу процесіне белсене қатысты. 1949 жылы НАТО ұйымына кірді. Лейбористер сыртқы саясат силасында АҚІІІ-пен одақтасу позициясында қалды, Англияда Черчилльдіц Фултонда реакциялық саясат елдің прогрессивтік күштерінің қарсылығын тудырды. Осы жылдары бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы кең етек алды. 1949 жылы маусымда Британ бейбітшілікті қорғау комитеті қүрылды.Британ империясының ыдырауы ұлы тарихи қайта құрулар процесінің бірі болып табылады. Англия Үндістан, Бирма, Цейлон және Азия мен Африканың басқа елдерінің тәуелсіздігін тануға мәжбүр болды. 1947 жылы 400 млн. халқы бар Үндістан тәуелсіздігін алды. Осы оқиға Британ империясы тарихында түбірлі бетбұрыс болып, оның ыдырауының бастамасын салды. Үндістанмен қатар Цейлон да тәуелсіздігін алды. Ұлыбритания Палестинадан кетуге мәжбүр болды және Иорданияға тәуелсіздік берді. Дегенмен британ жалауы дүниежүзі бойынша желбіреуде еді.1951 жылдың екінші жартысында Англияда финанс, энергетика, азық-түлік жағдайы нашарлады. Лейбористік партия ағылшын сайлаушыларының қалың көпшілігінің арасында ықпалын толық жоғалтып алғысы келмей парламентке таратты да, 25 қазан 1951 жылы сайлау белгіледі. 1951 жылғы кезектен тыс сайлауда консерваторлар жеңіске жетті: қайтадан 77 жасқа толған Уинстон Черчилль премьер-министр болды. Осы кезге дейін консерваторлар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілісінен елеулі қорытынды шығарған еді.
У.Черчилль үкіметі лейбористік үкімет міндеттерін орындап, национализацияланған кәсіпорындардың бұрынғы иелеріне компенсация төледі.Консерваторлар тұсында национализацияланған кәсіпорындардың қызметін анықтауда ірі монополиялардың ролі артты, осы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшыларды қанау күшейді, үкіметтің инвестиция программасы орындалмады.Консерваторлар экономиканың национализацияланған саласының қызметін қысқартуды бастады. Мұнай монополиясы мен жекеменшік автотранспорт компанияларының мүддесіне сай тиімсіз деген сылтаумен теміржол тораптарын қысқарту жоспары жасалды. 1953 жылы монополияға тиімді жағдайда 55 болат және шойын балқыту кәсіпорындары сатылды. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияның мемлекеттік кәсіпкершілігі өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде (1946-1951) лейбористер капиталистік национализациялауды жүзеге асырды, нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорындар секторы қальштасты. Екінші кезенде (1951-1961) национализацияланған кәсіпорындардың қызметі монополияның экономикалық және саяси үстемдігін нығайтуға бағыттады. Осы процесте мемлекеттік монополистік баға саясаты шешуші роль атқарды. Сонымен қатар үкімет органдары национализациялау идеясына нұқсан келтіруге тырысып, национализацияланған кәсіпорындарды «тиімсіз» деп үнемі түрте берді. Национализациялауға қарсылықтың бір айғағы 1948 жылы ағылшын парламентінің лордтар палатасы 6 ай бойы национализациялау туралы билльді талқылап, осы шараның жүзеге асырылуын тежеді. 1953 жылы национализациялауды болдырмау туралы билльді осы палата 25 минутта талқылады.
Комсернативтік үкмет ағылшын жұмысшыларының жағдайына шабуылына үдетті. Ол жалақының өсуін тежеу, лейбористер тұсында қол жеткізген кейбір жеңілдіктерді жою саясатын жүргізді. Үкіметтің тегін медециналық көмекті жою, денсаулыққа бөлінетін мемлекеттік шығынды тоқтатуға. 6 мен 15 жастағы балаларды тегін әрі міндетті түрде оқыту реформасын аяқтамау саясаты жұмысшыларды мазасыздандырды. Ұлыбритания капиталистік елдердің ішінде соғыстан кейін «жалпы береке мемлекет» концепциясы туындаған бірінші мемлекет еді. Өз саясатына қарсы шыққандарды консервативтік үкімет тұтқындады, қудалады, қарулы күшті пайдаланды. Лейбористік партияның оңшыл лидерлері мен тред-юниондар «ресми емес» ереуілдерге қарсы шығып, елдегі наразылық қозғалысын тежеді.
Ұлыбританияның сыртқы саясаты «үш айналым» концепциясына негізделді. Біріншісі, Англия АҚШ-тың басты партнері, екіншісі, Батыс Европаа державаларындағы негізгісі, үшіншісі, ұлттар қауымдастығындағы лидері. Англияның басқарушы тобы сыртқы саясатта екі партиялық негізде жүргізілді тырысты (үкімет басында қай партия отырса да мейлі). Ұлыбритания және басқа батыс елдерінің басқарушы топтары КСРО-ның герман проблемасын демократиялық реттеу туралы ұсынысына тойтарыс беріп, гитлерлік Германияиың талқандалғанына тоғыз жыл толған күні ФРГ НАТО-ға қабылданды. Осымен Англия 1942 жылы жасалған ағылшын-кеңес келісімін үзді. 1952 жылы мамырда У.Черчилль үкіметі мен басқа мемлекеттер ФРГ қарулы күштерін құруды көздеген Батыс Германиямен екі келісіміне кол қойды. Ол Европалық армияның негізгі көзі болады деп есешелінді.
Черчилль үкіметі атом қаруы саласында зерттеуте баса назар аударды. АКШ Англия мен АҚШ ғалымдарының бірігіп жүргізген зерттеулерін Ұлыбританияға беремін деген уәдесін орындамады. Өйткені соғыстан кейін АҚШ атом зерттеулері бойынша информацияны басқа елдерге таратуға тыйым салға заң қабылдады. 1946 жылы қабылданған Англияның атом қаруы программасы аяқталып, Австралияның солтүстік жағалауында 1952 жылы қазанда атом бомбасы сыналды. 1954 жылы «өзінің» сутегі бомбасын жасау жұмысы басталды. Оның алғашқы сынағы 1957 жылы Тынық мұхитта өткізілді.1957 жылы ағылшын-американ үкіметтері «өзара байланыстылық» доктринасын жасады.
50-ші жылдардың ортасында У.Черчилльдің саясаткер ретінде күні өткені білдірді. 1955 жылы 5 сәуірде У.Черчилль королевадан отставкаға өтініш жасады. Отставка қабылданды. 6 сәуір 1955 жылы Антони Иденге жаңа үкіметті қалыптастыру тапсырылды. Конституциялық мерзімінің аяқталуына 1,5 жыл қалғанда Иден 1955 жылдың 26 мамырына парламенттік сайлау берілді. Сайлау қарсаңындағы кампания кезінде консервативтік партия плакаттарында Иденнің «Бейбітшілік үшін жұмыс істеуші» деген сөзбен суреті басылып ілінді. Сайлаудың нәтижесінде консервативтік үкіметтің позициясы нығайды оның басшысы А.Иден сайлау қарсаңында уәделеріне қарамай соғысты дайыйдау бағытын күшейтті.
Ағылшын үкіметінің сыртқы саясатында басты назар Таяу және Орта Шығысқа аударылды. Лондон басшылары Англия бақылаған Суэц каналы оның стратегиялық коммуникациясының маңызды бөлігі болып табылатын Египетпен қатынасқа ерекше қарады. Ағылшын басқарушы тобы Египеттің ұлттық мүддесімен ноне халықтың талабымен санасқысы келмеді. Англия 1955 жылы АҚШ кемегімен Египетті Бағдат пактісіне тартты. 1956 жылы 26 шілдеде Египеттегі азаттық революциясының 4 жылдығын тойлау күндері президент А.Нагер Александриядағы митингі кезінде Суэц каналы компаниясын национализациялау туралы жариялады. Египет үкіметінің заңды шешімі Ұлыбритания басқарушы тобының қарсы реакциясын туғызды. Олар арабтық Шығыста даулы мәселелерді қарумен шешуді тырысты.1956 жылы ағылшындардың басым көпшілігінің қарсылығына қарамастан Англия Франция және Израилмен бірге Египетке қарсы агрессия бастады. Египетті басып алу ағылшын халқының қатты наразылығын туғызды.
Лейбористік партияның парламенттік фракциясы барлық конституциялық қүралдарды қолданып, үкімет әрекетіне барынша қарсы шығуға бел байлады. Лейбористік фракцияның позициясы қауымдар палатасының мәжілісін тоқтатуға дейін барды. Суэц қақтығысы барысында Ұлыбритания коммунистік партиясының Саяси комитеті Суэц каналын национализациялау туралы жариялады, олар Египетпен соғысқа да қарсы ойын білдірді. Бүкіл ел бойынша етек алған қалың көпшіліктің соғысқа қарсы ұлттық қозғалысы қарулы күшке де әсерін тигізіп, Иден үкіметінің позициясын әлсіретті. 6 қараша 1956 жылы Иден қауымдар палатасында Англияның Египеттегі қарулы күшіне соғысты тоқтату жөнінде бұйрық берілгенін жариялады. 19 карашада Иден үкіметі отставкаға кетті. А.Иден кабинетінің орнына 1956 жылдың соңында Гарольд Макмиллан бастаған жаңа консервативті үкімет келді.
1949 жылдан бастап Англияда бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы пайда болды. Бейбітшілік үшін қозғалыс — парламенттен тыс жалпы қозгалыс, халықаралық шиеленісті, қарусыздандыруды, ядролық қаруға тыйым салуды, жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау үшін біріккен саяси кезқарасы мен әлеулгеттік жағданы әр түрлі адамдар қатысады. Бұл күреске Суэц соғыс қақтығысы тұсында ұсақ буржуазия, буржуазиялық интеллигенция, ірі буржуазияның біраз бөлігі және аристократия өкілдері қатысты. Ядролык қарулануға қарсы күрес бір жақты ядролық қарусыздану талабына ұласты.