80-90 жылдардағы АҚШ-тың саяси экономикалық дамуы

1992 жылғы президенттік сайлау. Демократтардың үкімет басына келуі.

Президенттік сайлау қарсаңында сайлау Республикалық партия рейганомика саясатын жалғастыруға шақырды. 1991 жылғы Иранға қарсы соғыс республикалық партияның сыртқы саясатындағы батыл іс әрекет деп бағаланды. «Қырғи-қабақ» соғыс саясаты аяқталғанымен, АҚШ дүниежүзілік өктемдікке ие, әлемдегі ең ірі держава ретіндегі ел болып қалыптасты. КСРО мен социалистік жүйенің құлауы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы ірі жеңісі ретінде қаралды. Сайлауда Джордж Буштың кандидатурасын ұсынды.

1992 жылы АҚШ-тың сыртқы саясаттағы жеңістеріне қарамастан, Д.Буштың ішкі саясатында айтарлықтай кемшіліктер жіберілді. Бюджеттік тапшылық көлемі 290 миллиард долларға өсті. Мемлекеттік қарыз 4 триллион долларға жетті. 1965 жылғы еңбекшілерге арналған жеңілдік — дәрігерлік көмек көрсету заңы толық жүзеге асырылмады. Бұл жеңілдікті — дәрігерлік көмекті халықтың 20%-ы пайдалана алды. Мемлекеттік бюджеттен аз қаржы бөлініп, дәрігерлік көмекті 40 миллион адам ала алмады. Дж.Буш әлеуметтік салада реформалар жүргізбеді. Ішкі саясаттағы кемшіліктер — республикалық партияның сайлауда жеңіске жете алмайтынына көздері жете бастады.

1992 жылғы президенттік сайлауға Арканзас штатының губернаторы, жас ұрпақтар өкілі, демократ партиясынан шыққан Уильям Клинтон ұсынылды. Сайлау қарсаңында Дж.Буштың сыртқы саясатын қолдай отырып, дәстүрлі демократиялық партияның ішкі саясаты — әлеуметтік реформалар жүргізу арқылы ішкі дамуды қалпына келтіру керектігін қолдады. Демократиялық партия үміткері бюджеттік тапшылықты қысқарту, қатал қаржы саясатын жүргізіп, АҚШ қоғамында өсіп отырған қылмыс жасаушыларға қарсы күресті күшейту негізгі мақсат екенін сайлаушыларға түсіндірді.

1992 жылы қараша айында кезекті президенттік сайлау өтті. Сайлау қарсаңында, болжанғандай, демократиялық партия жеңіске жетті. У.Клинтонды қолдап 44 миллион адам дауыс берді. Штаттардан 370 сайлаушы қолдау жасады. Республикалық партия үміткері Д.Бушты қолдап 38 миллион адам дауыс берді. Штаттардан 168 сайлаушы қолдау жасады. Демократтар АҚШ парламентінің қос палатасында көпшілік болды. АҚШ-тың 42-президенті болып Клинтон сайланды.

2000 жылғы президенттік сайлау. Д.Буштың жеңісі Сайлау қарсаңында демократиялық партиядан үміткер вице-президент Альберт Гор өзінің бағдарламасында «үшінші жолды», яғни либерал-консерваторлық саясатты жалғастыратынын білдірді. Мемлекетгік реттеуді шектеу арқылы үнемді ішкі саясат жүргізуді уағыздады. 2000 жылғы сайлауға республикалық партия 1988-1992 жылдардағы АҚШ президенті Д.Буштың баласы — Техас губернаторы Джордж Буш кішіні ұсынды. Сайлау қарсаңында республикалық партия консерваторлық ішкі саясатты жалғастыру, әлеуметтік салаларды құтқару, денсаулық және білім беруді жетілдіру реформаларын жүргізуге уәде берді. Жалпы екі партияның бағдарламаларының бір-біріне ұқсастығы, сайлаушылар үшін айтарлықтай айырмашылығы болды. АҚШ-та кім президент болады, онша ойландырған жоқ. Сондықтан да сайлау қарсаңында күрес ашық жүрді.

2000 жылы қараша айында президенттік сайлау өтті. Сайлау бюллетеньдерін санау кезінде айырмашылық өте аз болды. Сайлау кезінде көптеген кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Әсіресе, Флорида штатында сайлау бюллетеньдерін санау ұзаққа созылды. Жоғарғы сот 12 желтоқсан күні сайлау бюллетеньдерін санаудың аяқталғандығын жариялады. Флорида штатындағы 25 сайлаушының даусы республикалық партия пайдасына шешілді. Бұл Д.Буштың жеңіске жетуін қамтамасыз етті.

А.Горды қолдап 50,996 мың адам, Д.Бушты қолдап 50,456 мың адам дауыс берді. Штаттағы сайлаушылар даусының басым бөлігін демократиялық партия ала бастады. Флорида штатындағы республикалық партия — 271 дауыс, Альберттор 266 дауыс алды. Бар болғаны бес дауыс артықшылықпен республикалық партия жеңіске жетті. Уәкілдер палатасында республикалық партия — 221 депутат, демократиялық партия 212 депутат орнын жеңіп алды. Сенатта депутаттар 50-де 50 болды. Республикалық партияның сайлаудан кейінгі жағдайы онша болған жоқ. Д.Буштың саяси қарсыластары сенімсіздікпеп қарады.

АҚШ-тың 43-інші президенті Д.Буш кіші әкімшілігі ішкі саясатта мемлекеттік қарызды азайтуға, федералдық шығынды және салық мөлшерін төмендетуге, сыртқы саясатта АҚШ-тың әлемдік үстемдігін нығайтуға және мүддесін тұрақтандыруға уәде берді. Соғыс шығындарын азайтып, әскери қару-жарақтарды жетілдіруді қолға алды. Ұлттық қорғану жүйесін дамыту мақсаты болды.

2001 жылы 11 қыркүйекте ислам фундаменталистері азаматтық ұшақтарды қолға түсіріп, Нью-Йорк қаласындағы американдықтардың мақтанышы болған «егіз екі биік» үйге шабуыл жасап, құлатты. Бұл үйде дүниежүзілік сауда орталығы орналасқан еді. Вашингтондағы әскери соғыс департаменті орналасқан Пентагон үйіне шабуыл жасады. Бұл күн АҚШ халқы тарихындағы ең бір қайғылы күнге айналды. 1941 жылы 7 желтоқсандағы Гавай аралындағы Перл-Харборда АҚШ-тың соғыс теңіз базаларын жапон бомбаларының жойып жіберуінен кейінгі ұлттық қайғы күні болды.

Д.Буш бұл оқиғадан кейін дүниежүзілік терроризмге күрес жариялады. Бен Ладенді нөмірі бірінші террорист деп жариялап, халықаралық деңгейде іздеу жариялады. Ауғанстандағы моджехеттерге қарсы соғыс жариялады. Д.Буштың бұл саясатын дүниежүзілік қоғамдастық толық қолдады. Ирактағы Саддам Хусейн билігіне қарсы өш алу саясатына дайындық жүргізді. АҚШ-тың стратегиялық саясаты сайлаудан кейін де ешқандай өзгеріссіз қалды.