15. Жер сілкінісін түсіндіріңіз.
Жер сілкінісі кенеттен, ойламаған жерден пайда болатын және ең қауіпті табиғи аппаттардың бірі. Жер сілкінісі көптеген материалдық және адам шығынына душр еткізеді. Жердің қатты сілкінісінде жердің жарылуыда ықтимал. Белгілі мәліметтерге жүгінсек бір жылда жер бетінде 100 мыңнан астам жер сілкінісі болады екен. Қазақстанның 450 мың шаршы километрі жер сілкіну қауіпі бар аумақта болғандықтан бұл жағдай бізге өте өзекті мәселердің бірі болып саналады. Себебі 27 қала және 400 ден астам мекендер мен 6 миллионнан астам халық тұрады да, 30% өнеркәсіппен 35%-ға жуық тұрғын үй қоры шоғырланған. Сонымен қатар, жер сілкінісінен қорғауға үкімет үлкен мән беріп отыр. Осыған орай жер сілкінісінен қорғау мақсатындағы шаралар қабылданған. Ол шаралар төмендегілерді қамтиды.
Жалпы алғанда жер сілкінісі – бұл жер қыртысының немесе мантияның үстінгі бөлігінің кенеттен болған жылжуының және үзілуінің нәтижесінде пайда болатын, сонымен қатар үлкен қашықтыққа толқын ретінде берілетін жер асты қозғалысы мен жер бетінің толқыны. Жер сілкінісі кезінде апаттың ауқымды бөлігі оның ошағында болады. Жер сілкінісінің ошағы – бұл жер қабатының бір бөлігі көлеміндегі энергиясының бөлінісі. Ошақтың ортасы эпицентр деп атайды.
16.Өрттің салдары және оның жою факторларын түсіндіріңіз.
Өрт — бұл жану салдарынан материалдық байлықтың жойылуы және адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнетін жағдай. Жану дегеніміз жанушы зат пен ауадағы оттегінің арасындағы тез жүретін сонымен бірге газ, жылу және жарық бөлетін процесс. Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 % ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода, құм, құрғақ жер т. б. жатады. . Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады.
17. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттерінтүсіндіріңіз.
Азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысы жергілікті әкімшіліктің облыстық, қалалық, аудандық басшылығымен жүреді. Азаматтық қорғаныс қызметінің құрылымы мемлекеттік құрылымға сәйкес құрылады. Бұл қызметтің өзі қолда бар материалдық жағдайды және адам күшін, оларды негізгі қызметтерінен айырмай тиімді түрде пайдалана білу негізіне сүйенеді де, өзіне берілген міндеттерді орындауға бағытталады. Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады. Территориялық – дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында ұйымдастырылады. Өндірістік – дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын Азаматтық қорғаныстың орындары болады. Азаматтық қорғаныс күштеріне: Азаматтық қорғаныс әскерлері; Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар; Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғары оқу орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар). Жалпы қызмет арқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылады. Егер қажет болып жатса, басқаларға да көмектесуге шақырылады.
18. Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың маңызы және басты тәсілін айтыңыз.
Төтенше жағдайда халыққа хабарлаудың ең басты тәсілі ретінде мемлекеттік радио, теледидар және сонымен берілетін байланыс жүйелерінің құралдары пайдаланылады. Дабылды берудің мақсаты, халықтың назарын алдын ала аудару үшін сирена, өндірістік гудоктар арқылы «Тыңдаңыздар баршаңызға» — деп аталатын («Внимание всем») ескерту хабарлары беріледі. Бұл хабар бойынша барлық халық өздерінің радио, теледидар құралдарын іске қосып, төтенше хабарды тыңдауға әзірленуі керек. Бұл сигналдар бойынша тез арада радио тарату, теледидар станциялары, радиотаратқыш жүйе тізбектер тез арада іске қосылуға тиісті. Бұл азаматтық қорғаныс хабарлары төтенше жағдайдың жақындап қалғанын, не болмаса болған қатерлерді, сол сияқты жағдайға байланысты қандай іс-шаралар қабылданатындығы хабарлайды. Мысалы: химия кәсіпорнында апат болғаны және онда улы заттың ауаға тарағандығы туралы дабыл болған жағдайда не істеу керек? Бұл жағдайда тез арада жиналып, көршілерге хабарлап, жел бағытына көлденең бағытқа жүру керек. Противогаз болмаған жағдайда дәкені не матаны ылғалдап, ауыз-мұрынды жауып тыныс алу керек. Немесе киімнің жағасы не мақталы жері арқылы дем алуы керек. Содан кейін азаматтық қорғаныс штабынан келесі хабарды күту керек.
19. Азаматтық қорғаныс күштеріне кімдер жатқызылады?
Азаматтық қорғаныс күштеріне: Азаматтық қорғаныс әскерлері; Министрліктерге бағынатын өндірістіктегі жасақшылар; Арнайы жасақшылар, оларға: АҚ мен ТЖ құрылымдарының күштері, мекеме, өндіріс, орта және жоғары оқу орнындағы әскери емес жасақшылар (Жалпы қызмет атқаратындар; Арнайы қызмет атқаратындар). Жалпы қызмет арқаратындар өз кәсіпорындарында құтқару не қалпына келтіру жұмыстарына қатыстырылады. Егер қажет болып жатса, басқаларға да көмектесуге шақырылады. Олар жаппай өртке не жер сілкіну және де басқа да ірі апаттардың зардабын жоюға қатыстырылады. Бұл жасақшылардың құрамына құрамына әрбір еңбекке жарамды адамдар кіреді. Оларды құру негіздері: әр цех бойынша, бөлім, бөлімшелер, бригада басқа да өндіріс учаскелерінде ұйымдастырылады. әр смена, бригада бір жасақшылар тобы болып, кей учскелердегі адамдар басқаларға біріктіріледі. Азаматтық қорғаныс бастығының жанынан штаб құрылады да, барлық ұйымдастыру жұмыстары осында жүргізіледі. Азаматтық қорғаныс штабының бастығы, азаматтық қорғаныс бастығының төтенше жағдай кезіндегі бірінші орынбасары болып табылады.
20.Радиациядан қорғау шараларын түсіндіріңіз.
Халықты радиация мен химиядан қорғау шаралары әдетте бірыңғай Азаматтық қорғаныстың құзырына жатады, олар мынаны қамтиды: 1. Қорғаныс ғимараттарындағы, панаханалардағы ауаны құралдармен сүзу және айдау: — радиациялық барлау приборларымен (ДП-5В, ИМД-21); — химиялық барлау приборларымен (ВПХР, ПХР, ХУЗ) мөлшерін анықтайтын индикаторлық түтікшелермен, аспалы газталдағыштарымен (АГП-1); дозиметрлік бақылау приборларымен (ИД-1, ИД-11, ДП-22В, ДП-24); — залалсыздандыруда осы құралдарды әзірлікте ұстау; — радиациялық және химиялық ахуалды анықтау мен бағалау; — халыққа радиоактивтік, химиялық зақымдану туралы хабарлауды; азық-түліктің, судың, мал мен өсімдіктің ластануына жол бермеу және оларды залалсыздандыру; — радиоактивтік және химиялық зақымдану жағдайында халықты қорғау режимдерін әзірлеу; — жердегі ғимараттағы радиация дозасының қуатын, сондай-ақ суды, азыұ-түлікті улы затпен ластануын анықтау үшін халықтың «Мастер-1», «Сосна», «Белла» тұрмыстық дозиметрлерін пайдалану; — радиоактивтік ластану және химиялық зақымдану салдарын жою.
21.Қар көшкіні, қар басу, дауыл, су тасқыны, опырма дегенді түсіндіріңіз
Қар көшкіні — бұл қар массасының тау беткейі бойынша темен қарай жылдам лықсуы. Қазақстанда 95 мың шаршы км тау аумағы қар көшкіні қауіпіне ұшырайды. Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық-ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь-Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында болып жатады. Көшкіндер құлама тау беткейінен көбінесе 20-60 градуспен, көшкін қар жаңа жауған және күн күрт жылыған кезде болады. Көшкін тауда жауын-шашынның жиі болуынан, циклондық құбылыс күшейетін наурыз-сәуір айында көбірек болады. Қар басу — табиғаттың тосын күштері көріністерінің бірі. Бұрқасынмен, қарлы боранмен тығыз байланысты. Oл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қардың әсерінен пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады, ал кейде адамдар құрбандықтарына, малдың шетінеуіне және материалдық құндылықтарының жойылуына әкеліп соғады. Қардың басуы, боран туралы хабар алған бойда, уақыт болса, кедергілер орнатылады. Жолдың ғимараттың шетінен желге қарсы бағытта арасы 15-20 метр қалкан, қар тоскауылы қойылады. Дауыл — жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел. Дауылдардың пайда болуына ауа айналымының ерекше жағдайында пайда болып, атмосферадағы тепетеңдіктің өте жоғары жылдамдықпен аяқ астынан бұзылуы әсер етеді. Дауыл үлкен бүліншілікке ұшыратып, адам құрбандықтарын алып келеді, малдар шетінен, материалдық залал келтіреді. су тасқыны. Таудан аққан су аз уақыт ішінде дүлей күшке айналып, жолындағы тау тастарын, топырақтарын ала төмен құлайды. Олардың биіктігі 10-20 метрге, кейде 40-50 метрге дейін жетеді. Құлау шапшаңдығы секундына 3-5 метрді құрайды. Су тасқынының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының пайда болу себептеріне таудағы жауынның ұзақ болуын, мұздың кенеттен мол еруін, сол жердің топырағының бостығын, тас жиынтығының көптігін жатқызуға болады Опырмалар — ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы. Тау жыныстарындағы және жартастардағы жекелеген жақпарлардың немесе құрғақ, тік, еңіс беткейлердегі жақпарлардың құлауы. Опырмалар Қазақстанның барлық таулы аудандарында болып тұрады. Олардың пайда болу себептері жерүсті және жерасты сулар мен топырақтың ылғалдануы, жер сілкінісі, сондай-ақ адамның шаруашылық қызметі болып табылады. Аса ірі опырылмалар тектоникалық ұсақталуға байланысты. Осындай учаскілерде пайда болған опырылмалар ірі өзендерді бөгейтін көлденең су тоғандарын жасай отыра, таулы жазықтарды құрсаулайды. Мұндай өзендерге Күнгей Алатаудағы Көлсай өзені, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзені жатады.
22.Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлерін түсіндіріңіз.
Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жанурларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады. Улы заттар /сильно действующие ядовитые вещества/ жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындылар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды. Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін. Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар: аз уақыт ішінде жаппай улауға болады; ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады; аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді. әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда /түйық, желсіз жерлерде/ ұзақ сақталуы мүмкін. Улы заттармен зақымданудың жолдары: уланған ауамен демалғанда; улы тамшылардың теріге не көзге тиюі; уланған заттарды ұстағанда; уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда. Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.
23.Ядролық қарудың жарылыс ошағын айтыңыз.
Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негіздкліп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарысының қуаты тротилдік эквивалентпен өлшенеді.Ядролық жарылыс ауада, жер (су) беттерінде және жер (су) астарында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импульс жатады. Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады. Және дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынның пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы. Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т.с.с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады. Жарықтық сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінентін сәулелер бар. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі.
24.Әр түрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жіктеуді түсіндіріңіз.
Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай. Қазақстан мемлекетінің орналасқан жері – орасан зор, кең байтақ. Ол жерлерде табиғат апатының неше түрі: жер сілкіну, қар тасқыны, қатты жел, су тасқыны сияқты құбылыстар жиі болып жатады.. Зілзала — бұл кенеттен пайда болатын, халықтың қалыпты тірлігін күрт бұзатын, материалдық құндылықтарды үлкен шығынға ұшырататын, сондай-ақ адамдар мен хайуанаттардың өлім-жітімі болатын табиғат құбылысы. Әрбір зілзаланың өзіне тән физикалық қасиеті, пайда болу себебі, қозғаушы күші, сипаты мен даму сатысы, қоршаған ортаға өзіндік ықпал ету ерекшелігі бар. Зілзала кез келген мемлекет үшін үлкен ауыртпашылық, келтірер залалы мол төтенше оқиға. Дүние жүзінде су тасқынына бүкіл зілзаланың 40 пайызы келеді екен, 20% — тропикалық циклондары, 15% — жер сілкінсі, ал қалған 25 % — зілзаланың басқа түрлері. Каспий теңізі денгейінің өзгеруіне, Арал теңізінің құруына, Балқаш көлінің таяздануына байланысты құбылыстар табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар арасында ерекше орын алады.
25.Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеуді түсіндіріңіз.
Адам табиғаттағы, өндірістегі, көлік апаттарының Төтенше жағдайының басы-қасында болғанда оқиғаны әртүрлі бағалайды әрі оған психологиялық кері әсер етуі мүмкін. Мұның өзі сол адамдардың апат зардабын бағалауды, қиын-қыстау жағдайда қалай қимылдауды білмегендігінен болады. Асып-сасушылық басым болуы мүмкін. Бірер адамнан шыққан үрейлену көпшілікке берілсе, онда жаппай үрей (паника) тууы мүмкін. Қорқыныш сезімін білмеген адамдар жағдайды шынайы бағалай алмайды. Немесе асыра сілтеуге жақын тұрады. Олар өз сезіміне бой беріп, жауапкершілікті жоғалтады. Бұндайда теріс түсінушілік, бұрмалаушылық әңгімелер көп болады. Жаппай үрейлену қайғылы жағдайларға соқтыруы ықтимал. Сондықтан адамдарды төтенше жағдайларға алдын ала дайындау маңызды жұмыс. Апат жағдайында қалай қимылдаудың, іс-әрекеттің кезегін үйрету керек, жаттығулар өткізу қажет. Азаматтық қорғаныстың қойған мақсаты осындай. Үрейленушіліктің алдын алу үшін төтенше жағдайда, дереу оның себептерін нақты түсіндірудің маңызы зор. Егер жаппай үрейленушілік туындаған жағдайларда адамдармен тез арада сұхбаттасып, қорқыныш сезімді жоюға тырысу керек. Басқаруды тез арада бір кісі өз қолына алғаны дұрыс. Содан кейін сол адамдардың өздерін құтқару, қалпына келтіру жұмыстарына кірістіріп ақыл-ойларын соған бөлу керек. Тек сонда ғана қатты қорқынышқа ұрынған (паникаға) адамдарды тоқтатуға болады. Сондықтан төтенше жағдайдағы психологиялық дайындыққа тиісті көңіл аударуды қатаң талап етеді.
26.Қышқыл жаңбырларды айтыңыз.
Қазіргі күннің экологиялық проблемаларының бірі – қышқыл жаңбырлар. Жаңбыр суы ең таза сулардың бірі болу керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына енген өндіріс қалдықтары – күкірт диоксиді және азот оксидтері атмосфераға еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі. Нәтижесінде жерге жауатын жаңбыр мен қар қышқылданады, әдетте рН мәні 5,6-дан төмен жауын шашынды қышқыл жаңбырлар деп атайды. Қышқыл жаңбыр деген түсінікті алғаш рет 1872 жылы Британ зерттеушісі Роберт Смит ендіріпті. Қышқыл жаңбырлар түзілуінде SO2 үлесі шамамен 70%-дай, қышқылдық әсердің 20-30%-ы басқа заттарға байланысты. Қышқыл жаңбырлардың болуына ауадағы СО2-де әсер етеді. Осы газдың ауада әр уақытта болуына байланысты жауын-шашын суларының сутектік көрсеткіші 5,6-ға тең (рН=5,6). Қышқыл жаңбырлар алғаш рет 1907-1908 жылдары Англияда байқалды. Қазір рН=2,2-2,3 жауын-шашындар жиі болып тұрады. Қышқыл жаңбырлар Скандинавия елдерінде, Англияда, Германияда, Бельгияда, Данияда, Польшада, Канадада және Ақш-тың солтүстік аймақтарында жиі болып тұрады. Ресей территориясында бұндай жаңбырлар Норильск, Челябинск, Красноярск және басқа да өндірісті аймақтарда болып тұрады. Кейбір қалаларда жаңбыр қышқылдығының 70-90 %-ы автотранспорттық ластануға байланыс-ты. Мысалы, Санк-Петербургте жаңбыр суының қышқылдығы 4,08-ден 3,7-ні құрайды. Қышқыл жаңбырлардың әсері әр түрлі. Олар топыраққа, су экожүйесіне, өсімдіктерге, архитектуралық ескерткіштерге және тағы басқа объектілерге зиянды әсер етеді.
27.Озон қабатының бұзылуын түсіндіріңіз.
Атмосфераның техногендік ластануының кері әсері, тек жер маңындағы аймақпен шектелмейді. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны да бұзуда. Озон қабатының бұзылуы жерге ультрокүлгін сәулесінің енуіне мүмкіндік туғызуда. Бұл қысқа толқынды ультрокүлгін сәулелену, биосфера үшін өте қауіпті. Оның әсерінен өсімдік әлемі құрып, онкологиялық және көз аурулары пайда болуда. Озон қабатын талқандайтын негізгі заттар-хлор мен азот қосындылары. Хлор мен азот оксидінің 1 молекулалары азонның 10 молекуласын талқандай алады. Хлор мен азот қосындыларының озондық қабатқа көтерілуінің негізгі көздері болып төмендегі факторлар саналады. -ұшақтар мен зымырандылардың шығаратын газдары; -вулкан газдары: -атом жарылысы; -фреонды пайдаланатын техникалар.
28.Қауіпті өндірістік және тұрмыстық факторларды түсіндіріңіз.
Экстремальдық жағдай (ситуация) дегеніміз не? Адам өміріне, денсаулығына немесе оның дүние-мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдайды экстремальдық деп атайды. Бұл жағдайда мынадай белгілер тән: кенеттен немесе ойламаған жерден пайда болуы; адамның зорлану, шиеленісу жағдайында болуы; алғашқы секунд пен минуттағы денсаулыққа залалын тигізетін қатердің мүмкіндігі; жедел істелетін белсенді іс-әрекеттің қажеттілігі. Экстремальдық жағдайлар адамдардың табиғат аясында болған кезінде де (шөлде, орманда, тегісте, өзенде және т.с.с.), қала ішінде де (ауданда, ауылда), тіпті күнделікті жағдайда да пайда болуы мүмкін. Табиғатта болған экстремальдық жағдай бірнеше жай-күймен анықталады: 1. Ниет ету. Экстремальды жағдайға, көбінесе, қауіпті жұмысты істеуге немесе демалуға ниеттенген адамдар душар болады. Дегенмен, оған дайындалуға, оны ескеруге адамның мүмкіншілігі жеткілікті. Алдына ондай мақсат қоймаған адамдар экстремальды жағдайға түсе бермейді, бірақ ондай жағдайға тап болғанда өзіне-өзі сенімділік көрсете алмайды. 2. Дайындық ережесі. Адамдардың экстремальдық жағдайға дайындық дәрежесі ылғи да сай келе бермейді, тіпті төтенше жағдаймен айналысатын адамдардың өздері кейде жол таба алмай қалады. Мұндай жағдайда «менімен ештеңе болмайды» дейтін кісінің өзі қиын кездерде мамандарға, дайындығы жоғары адамдарға жүгінуге мәжбүр болады. 3. Экстремальдықтың дәрежесі. Материалдық жарақтанғанына байланысты (арнайы киімдер, төтенше жағдайға арналған құрал-жабдықтар) және сол сияқты географиялық-климаттық шарттарының ерекшелігіне байланысты бірдей жағдайдың өзінің әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, ұшақтың шөлге амалсыздан қонуы мен далаға (тауға) қонуы, әрине, экстремальдық жағдай, бірақ екі жағдайдың дәрежесі екі түрлі. Экстремальдықтың дәрежесі адам өмірінің сақталуына әсер етеді әрі тірі қалудың мүмкіншілігін анықтайды.
29.Иондаушы сәуле шығаруын түсіндіріңіз.
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары – тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі – адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары және қарапайым жасырыну орындары жатады. Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан, бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, рдиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі апаттардан қорғау – маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі. Қорғаныс ғимараттары адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс. Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек. Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.
30.Көшіру шараларын түсіндіріңіз.
Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтық басқару органдарының жалпы басшылығымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік қатері мен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтар үшін көшіру шараларын жүргізу тәртібі анықталады. Сонымен қатар, соғыс уақытына шекаралас аудандар мен қауіп төнген жерлердегі халықты көшіру тәртібі белгіленді. Уақытша көшіру шаралары: ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін — өндірістік принцип бойынша; халықты көшіру – аумақтық принципі бойынша жүзеге асырылады;
көшіруді ұйымдастыру және меншік көлік иелерінің көліктерін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі. Көшіру шараларын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарында, ұйымдарда көшіру комиссиясы құрылады. Көшіру шараларын ұйымдастыру және оны жүргізу тиісті басқару органдарының және ұйымдарының бірінші басшыларына жүктелген.
31. Ядролық зақымдану ошақтарындағы құтқару жұмыстарын айтыңыз.
Ядролық зақымдану ошақтарының жағдайларына, қираған мекемелердің және құрылымдардың, коммунальды-энергетикалық және технологиялық қондырғалардың радиоактивтік зақымдану деңгейлерінің және басқа әсерлер мен жағдайлардың жұмыстар жүргізгендегі тигізетін келеңсіз жақтарын реттеу жұмыстары Азаматтық қорғаныстың басшысы мен жасақтаушы командирінің ұйымдастыруымен басқарылады. Алдымен қираған және бүлінген жерлердегі жолдарды ашып алады. Бұл жолдар арқылы қорғаныс мақсатында пана қылған мекендердегі жарақаттанғандар мен жаралыларды, қираған мекемелердің апат болғанда ішінде қалып, құтқаруға қиын жұмыстардан бастайды. Ядролық зақымдану ошақтарындағы қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу өте қиын жағдайларда жүреді, себебі ондай жерлерде әлде де, жаңа апаттар болуы, тағы да бұрынғының үстіне адамдардың зардап шегуі көбейе берулері мүмкін.
Коммунальды-энергетикалық және технологиялық апат пен бүлінген жерлердегі қайта құру мекемелеріндегі бөлімшелер мен қондырғыларды ажырату жұмыстарынан басталады. Электр жүйелеріндегі апатты қайта қалыптастыру үшін жеке бір учаскелердегі немесе электрмен қамтамасыз ететін отрақ жерден ажырату керек. Алдымен үзілген сымдарды изоляциялау қажет, содан соң жерден жинап алып, уақытша бір жоғарылау жерге іліп қою керек. Кейін қалпына келтіру кезінде үзілген сымдарды алмастырып отырады. Мұндай учаскелер зақымданған кездерде «Химиялық дабыл» деген дабыл тез іске қосылады. Құтқару жұмыстарын жүргізетіндер: санитар дружиналары, командалар, топтар, отрядтар, залалсыздандыру командалары т.б.
32.Табиғи өрттер туралы айтыңыз.
Қазақстан Республикасында табиғи өрттердің негізгі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып бөлінеді. Ормандағы өртті сөндірудің негізгі жолы суды пайдалану, ал ол мүмкін болмғанда өртті қолда бар құралдармен сөндіруге күш салады. Мысалы, отты топырақпен көму, оттың шоғын бұтамен жанып кеткен жерге қарай сыпыру, қарсы от қою, тулақты немесе киізді пайдалану т.с.с. Ормандағы өрттердің 80 пайызы халықтың еңбек немесе демалыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондй-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде болады. Өрт адамға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдарды жаппай үрей билеуі адам шығынына әкелуі мүмкін. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай, басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.
33.Радиациялық қауіпсіздіктің негізгі принциптерін көрсетіңіз.
Табиғи радиоактивтілік. Біздің санамызда радиоактивтілік ластану ядро қаруынан кейін болады деген ұғым пайда болған. Ал негізінде радиоактивтілік табиғаттың өзінде де бар. Оны тек мамандар ғана біледі де, халыққа жете түсіндірілмейді. Егер осы білім көпшілікке жеткізілсе, адамдар қорғану әдістеріне мән берген болар еді. Мұндай құбылысты ғалымдардың 100 жылдан асып кеткен, ал соңғы 30-40 жылда бұл ғылым одан әрі дамуда, өйткені атомды зерттеу басталды, атом қаруы пайда болды. Ал шынында ғарыштан жететін сәулелер, табиғи радиоактивті заттардың адам денесінде сақталатындығы анықталды, оның қоршаған заттарда болатындығы сезілді. Біз үй жағдайында да сәулелерге ұшыраймыз: теледидардан, самолетпен ұшқанда, көшеде жүргенде т.т. Дегенмен ядролық қарудың жарылысынан болатын радиациялық зақымданудың әсері өте зор. Сондықтан астық, зат, азық-түлік қоймаларын, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері сақталатын орындарды қорғау жұмыстары атқарылуы қажет. Ол үшін ғимараттардың есік, терезелерін таспен бітейді немесе тақтаймен, фанермен шегелеп, сыртынан сылақ жүргізеді. Саңылауларын тығындайды. Сыртқы есікті брезентпен, киізбен не басқа мтериалдармен қағып тастайды. Мүмкін болса қабатталған есік қондырады. Үй, семья жағдайында, тамақ пен судың таза сақталуын ескеру керек. Суды шыны не металл ыдыстарда (термос, бидон, графин, банкі) сақтап, күн сайын жаңа сумен ауыстырып отыру керек.mЕң жақсы сақталатындар: консервілер, целлофанға оралғандар. Оралған тамақтар буфетте, шкафта, холодильниктерде сақталады. Әсіресе нан мен кептірілген нанды мұқият сақтау керек. Олар да полиэтилен қапшықтарға оралады. Картоп, капуста және басқа овощтарды жақсы жабдықталған үй астындағы қоймаға сақтау керек. Тасымалдайтын тағамдарды жабық фургондарда немесе цистерналарда ұстайды. Ондай көлік болмаса, брезентпен, полиэтиленмен мұқият жауып алып жүреді.
34.Өткір сәуле ауруларын айтыңыз.
Өткір радиациямен немесе радиоактивті заттардың белгілі мөлшерден артық өтуінен адамдар сәуле ауруына ұшырайды. Бұл ауру адам 4 тәулік ішінде 100 р-н, не одан да астам сәулені алғанда ғана пайда болады. Аурудың ауырлығы өткен сәуле шамасына, адамның оған дейінгі денсаулық дәрежесіне байланысты. Денеге өткен сәулелердің шамасына қарап сәуле ауруын 4 дәрежеге бөледі: 1 дәрежелі – 100-200 р-ге дейін сәуле; 2 дәрежелі – 200-300 р-ге дейін сәуле; 3 дәрежелі – 300-500 р-ге дейін сәуле; 4 дәрежелі – 500 р-геннен жоғары, өте қатаң түрі. Сәуле ауруының әр дәрежесі 4 кезеңнен өтеді: сәуленің өткенін алғашқы сезінуі; ауруының жасырын кезеңі; ауруының өз мәнінде көрінуі (разгар); ауруының аяқталуы, жазылып кетуі не қайтыс болуы.
35.Төтенше жағдайларды анықтаудың маңызын айтыңыз.
Төтенше жағдайдың түрін, көлемін, сипатын және т.б. жақтарын анықтау Азаматтық қорғаныстың, Төтенше жағдайдың ұйымдарының барлау құрылымдарының негізгі міндеттері. Бұл жұмысты Азаматтық қорғаныстың, Төтенше жағдайдың штабтары, әскери бөлімдері, арнайы барлау органдары ұйымдастырып, жүргізеді. Барлау жұмысы зақымданған аудандарды, қарсы жақтың (соғыс кезінде) қай жерде, қандай қару қолданғанын, радияцияның деңгейін, улы заттың түрін, қирау мөлшерін, өрттің алып жатқан көлемін, адамдардың, жан-жануарлардың, өсімдіктердің немен, қаншалықты дәрежеде зақымданғанын анықтайды. Барлау нәтижесіндегі мәліметтер Азаматтық қорғаныс немесе Төтенше жағдай ұйымдарының штабтары жұмысын ұйымдастыруға қажет. Штаб осы мағлұматтарды пайдалана отырып, халықты қорғау үшін қандай шаралар алу керек екенін, құтқару және кезек күттірмес қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастырып жүргізеді.
36.Өткір сәуле ауруларының әр дәрежесі қалай өтеді айтыңыз.
Аурудың әр дәрежесінің қалай өтетіндігі: 1-ші дәрежесі – жеңіл. Сәуле өткендігі 3 сағаттан кейінжүрек айнып, жалпы әлсізденіп, бас ауырып, кейде құстырып сезіле бастайды. Бір тәуліктен кейін ауру адамдар өздерін жақсы сезінеді. Сөйтіп сәуле ауруы жасырын түрде 3-4 аптаға созылады. Бұл адамдар еңбекке жарамай, тек жеңіл жұмысқа ғана шамасы жетеді. Осы уақыттан кейін 200 р-н алғандардың қанында өзгеріс байқалады. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады. 2-ші дәрежесінде аурудың алғашқы белгілері 3 сағатқа жетпей, біліне бастайды: жүрек айнып лоқсиды, жалпы әлсіздік болады. Дене қызуы 37,2-37,50С-қа көтеріледі. Екінші тәуліктің өзінде-ақ ауру жасырын түріне көшіп, адам тәуір сезінеді, тек 3 аптадан асқан соң, денесі ауырлап, жағдайы төмендей бастайды. Осы уақыттың ішінде бұл адамдарды ауруханаға тез орналастыру керек. Тәуір болу кезеңі 3-6 айға созылады. 3-ші дәрежесі ауыр болып келеді. Сәуле өткендігінің алғашқы белгілері жылдам байқалады. Көздің айналасы қызарып, жалпы әлсіздік тезірек пайда болып, басы айналып, әлденеше құсып, қызуы 380С-қа дейін көтеріледі. Кейде аяғы шатасып, жүрісі бұзылады. Аз уақытқа есінен айрылып қалуы мүмкін. 2-3 тәуліктерден соң, ауру тәуір болғандай сезінеді, әлсіздік кетеді. Жасырын түрі 1-2 аптаға созылады, содан кейін ауру күшейіп, жағдайы нашарлайды. 39-400С-қа жетеді. Мұндай адамдар ауруханаға алғашқы күндері-ақ әкелінуі керек. Жазылып кету мерзімі 1 жылға созылады. 4-ші дәрежесі – өте ауыр түрі. Алғашқы белгілері 20-30 минутт-ақ көрінеді. Әлденеше рет құсып, әлсіздік күрт пайда болады, бас қатты ауырады, іш өтеді. Қызу 390С-қа көтеріледі. Сәулемен зақымдану белгілері тез дамып өршиді, ауруханаға тез жеткізу қажеттігі туады.