А.М. Ғазалиев,
Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінің ректоры,
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,
ҚР ҰҒАакадемигі
Құрметті әріптестер!
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 1960-шы жылдары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жоғары инженерлік білім негіздерін алған, еліміздің жетекші техникалық ЖОО-ның бірі болып табылады. Университеттің ректорат, профессорлар-оқытушылар құрамы өздерінің негізгі міндеті қазіргі қоғам талабының талаптары мен сұраныстарына сай келетін бәсекеге қабілетті, білікті инженер кадрларды дайындау деп есептейді. Осы мақсатта Университетте кәсіптілігі жоғары оқытушылар, қазіргі заманғы оқу-әдістмелік және зертханалық база жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2008 жылы университетте білім берудің қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерін, оның ішінде, бейнеколлекция, мультимедиялық тұсаукесер және т.б. пайдалануға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев атындағы Электрондық білім беру технологиялары орталығы (ЭБТО) ашылды.
Бұл ретте біз бәсекеге қабілетті, әлеуметтік бағдарланған экономика құруға бағытталған қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуы жастардың адамгершілік және рухани дамуынсыз, саяси еркіндіксіз, құндылықтарсыз, мұратсыз болуы мүмкін емес, ал, олар өз кезегінде Қазақстанның дамуы қалай және қаншалықты табысты болатынына байланысты топшылаймыз. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ең маңызды стратегиялық міндет ретінде патриоттық тәрбие беруді атағаны тегін емес: «Өзімізді және балаларымызды Жаңа Қазақстандық Патриотизмге тәрбиелеу қажет». Сондықтан жас қазақстандық ұрпақтың патриотизм, азаматтық және әлеуметтік жауапкершілік сияқты сапаларын қалыптастыру мақсатында тәрбие беру мақсаттарын жетілдіруді екінші маңызды міндет ретінде көреміз.
Осы мәселені шешу мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 2009 жылы студенттерге тәрбие берудің кешенді бағдарламасы әзірлеген және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев тұлғасы өнегесінде Студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі оның құраушы бөлігі ретінде енгізілді. Оның ерекшелігі – ол әрқайсысы жеке тақырыпқа ие 7 оқу семестрін қамтитын тәрбие беру процесінің логикалық қисынды және ретті кезеңдерінен тұратын үйлесімді жүйе болып табылады. Ұлы тұлғалардың өмірлік іс-әрекеті тарихын зерделеу қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізі бола алады деген идея модельдің уәждемелік негіздемесі болып табылады. Қазіргі Қазақстан үшін ондай тұлға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Тұңғыш Президент, тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы; батылдық, ақылдылық және өз Отанына шексіз беріліп қызмет ету оған шынында Ұлт Көшбасшысы, шынайы патриотизм өнегесі, жастардың қазақстандық патротизм сезімін тәрбиелеудің ықпалды үлгісі болуға мүмкіндік берді.
Патриоттық тәрбие беру моделін ҚарМТУ-дың тәрбие беру процесіне тиімді енгізу үшін орыс және қазақ тілдеріндегі «Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру: теория және практика» монографиясы және «Кураторларға көмек» әдістемелік нұсқауы басып шығарылды. Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыруда ғалымдар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары дайындаған бейнедәрістер үлкен роль атқарды. Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыру процесінің тиімділігін анықтау үшін сауалнама жүргізу әдісімен жүзеге асырылған мониторинг жүйесі әзірленді.
ҚарМТУ-дағы Патриоттық тәрбие беру тәжірибесі ҚР Парламенті Мәжілісінде екі рет талқылау тақырыбы болғандығын айта кеткен жөн: 2009 жылы 21 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясыныңӘлеуметтік кеңесі ұйымдастырған Парламенттік тыңдауы барысында және 2009 жылы 10 желтоқсанда Мәжілісте «Қазақстан жастарына патриоттық тәрбие беру ролі: проблемалары, келешектері, шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел аясында. Екі талқылау барысында да Модель құрылымы және оны іске асыру нәтижелері депутаттардың, білім беру қызметкерлерінің қоғамдық жастар ұйымының өкілдерінің қолдауы мен қуаттауына ие болды. 2009 жылы 17 қыркүйекте Патриоттық тәрбие беру моделі Болонья қ. (Италия) халықаралық конференцияда талқыланды және мамандардың оң бағасына ие болды.
Осылайша, ҚарМТУ әзірлеген және енгізген Патриоттық тәрбие беру моделі қажетті теориялық негіздемелерге және әдістемелік қамсыздандырылуға ие бола отырып, әлеуметтік зерттеулер нәтижесімен қатар, студенттердің Университетте өткізілетін қоғамдық-саяси және басқа да шараларға қатынасының жақсы жағына өзгеруімен айғақталған өзінің практикалық тиімділігін көрсетті.
Сонымен қатар, әлем бір орнында тұрмайтындығын ескере отырып, қандай да бір проблемалар өзектілігін жоғалтып, жаңасы пайда болады, жастар да, олардың әлеуметтену жағдайлары да өзгереді. Сондықтан шексіз, тіпті, ең табысты және тиімді атқарымдарды патриоттық тәрбие беруді ұйымдастыруда пайдалану – бұл тек бір орында тұрмау дегенді ғана емес, өз ұстанымдарын қорғауды, жоғалтуды да білдіреді. Осы фактіні ұғына отырып, біз 2012 ж. жинақталған тәжірибені пайдаланып, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше көңіл аудара отырып, Патриоттық тәрбие беру моделінің құрылымы мен мазмұнын айтарлықтай жаңғырттық.
2014 ж. 17 қаңтарда өзінің Қазақстан халқына кезекті «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастыру проблемасын көкейкесті етті және оның идеялық негізін – «Мәңгілік Елді» тұжырымдады.
Стратегиялық міндеттермен қатар, барлық қазақстандықты біріктіретін құндылықтар жүйесін терең талдау нәтижесінде біз Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қалыптастырудың Кешенді моделін әзірледік және «Кураторларға көмек ретінде» әдістемелік материалдарының 7 жинағынан тұратын әдістемелік қамсыздандыруды даярлауды жүзеге асырдық. Бұл жинақтардың алғашқысы, міне, Сіздің қолыңызда. Бұл жұмыстың біздің ортақ ісіміз – өз еліміздің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге салмақты үлес болатындығына сенімдімін.