Мәслихат депутаттығына кандидаттарға талаптарды қалай ресімдеу қажет?
Оларды ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі — Комитет) аумақтық бөлімшелеріне қалай жіберу керек?
ҚР Бас Прокурорының 2014 жылғы
10 шілдедегі № 71 бұйрығымен бекітілген Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу мен пайдалану Қағидасының 76-тармағына сәйкес талап қағаз жүзінде рәсімделеді және сұрау салу бастамашысы болған органның басшысының қолы қойылып, тексерілетін тұлғалардың тізімін қоса беріліп, ілеспе хат арқылы пошталық байланыспен немесе қолма-қол Комитеттің аумақтық органдарына жолданады.
Сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасымен келісім бойынша факсимильдік байланыс арқылы сұрау салуға рұқсат етіледі.