Өмірбаян – қызметкердің өмір жолы және еңбек қызметі жазылған құжат. Өмірбаянды қызметкер өз қолымен еркін түрде, түзетусіз, хронологиялық ретпен өз өмірінен негізгі оқиғаларды келтіре отырып, бір дана түрінде жазады.
Өмірбаян үлгісі
Мен, (аты-жөні) Қазақстан Республикасының азаматы (азаматшасы) (күні.айы.жылы) ж. (қала) қаласында, (қызметкер) отбасында дүниеге келдім. Ата-анам «(атауы)» ЖШС жұмыс істейді: әкем (аты-жөні) – инженер, анам (аты-жөні) – кадр бөлімінің инспекторы.
(жыл)жылы (қала) қаласындағы № (нөмір) орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепте (жыл) ж. 10 сыныпты бітірдім.
(жыл)ж. № (нөмір) кәсіптік техникалық училищеге түсіп, оны (жыл) ж. бітіріп, стенография, шетел машина басу және ұйымдастырушылық техника білімімен машинист-хатшы мамандығын алдым. Училищені бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің машина басу бюросына машинист қызметіне жіберілдім.
(жыл) жылы аға машинист, ал (жыл) ж. машина басу бюросының меңгерушісі лауазымына ауыстырылдым. Тапсырмаларды табысты орындағаным үшін (жыл) ж. (Құрмет грамотасымен марапатталдым). (жыл) ж. Министрліктің ісқағаздарды жүргізу қызметі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін байқауда бірінші орынды иелендім.
Тұрмыс құрғанмын. Күйеуім (аты-жөні) (жыл) ж. туған, «(атауы)» ЖШС стандарттау бөлімінде инженер болып қызмет істейді. Екі балам бар. Ұлым – (аты-жөні) (жыл) ж. туған, № (нөмір) мектептің 3 сынып оқушысы, қызым (аты-жөні)(жыл) ж. туған, (қала) қаласы (аудан) ауданының № (нөмір) «(атауы)» балабақшасына барады.
Мекенжайым: (қала) қ., (көше) к-сі, № (нөмір)-үй, (нөмір)-пәтер. Үй телефоны: (нөмір).