Жоспар:
- Абай әдеби мұрасын таныту жолындағы идеялық талас-тартыстар
- Абай мұрасын тұңғыш рет теориялық тұрғыдан зерттеу жүргізген ғалым
- Ғ.Сағдидың «Абай» атты мақаласының мәні
- Б.Кенжебаевтың Абай туралы зерттеулері
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
- Абайдың әдеби мұрасын тану, таныту жолындағы әрекеті осы мұраның айналасында елеулі идеялық талас-тартыстың әсерінен 1923 жылы басталғанын көреміз.
Абайды туған халқына таныту, сол арқылы ұйқыдағы езіліп тапталған туған халқының ой-санасын оятуға, жаңа заман көшіне ілесуге тырысқан ұлт танымының сарыны 1918 жылғы “Абай”журналында жарияланған ұлы ақынның әдеби мұрасы туралы Екеудің “Абайдың өнері мен әм қызметі”, “Абайдан соңғы ақындар” деген мақаларында толық көрініс берген деп айта аламыз.
Екеудің ұғымында, қазақ қоғамы -әлеуметтік жіксіз, тапсыз қоғам. Осы қоғамның бейнесі, көрінісі болған әдебиеті де сол тұрғыдан болуы керек. Сондықтан да Абайдың кейінгі қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне қарай жіктегенде жанрлық жағын негізге ала отырып, топтастырған. Мысалы, лириктердің тобына Мағжан Жұмабаев пен С. Торайғыровты жатқызса, халықтық сарындағыларға Ахмет Байтұрсынов пен Сәбит Дөнентаевты, Бекет Өтетілеуовті жатқызады.
Екеу Абайды аудармашы ретінде танытқанымен, Абайдың өз туындылары мен прогрессивті бағыттағы орыстың классикалық әдебиетін идеялық туыстық, эстетикалық тұтастық тапқанына мән берейді.
Бернияз Күлеев Абай шығармаларымен (1909 жылғысымен) жастайынан танысып, өзінің ақындық өміріне үлгі етіп, еліктегені оның төл шығармаларынан ашық байқалады. Бернияз шығармаларына Абай поэзиясының әсері елеулі дәрежеде болғаны талассыз нәрсе.
Өзі ұстаз тұтынып, Абайдың ақындық өнерін жоғары бағалаған Бернияздың Абай туралы материалдарды жинақтап, оның шығармаларын барынша толықтырып басуға, Абайды кең тұрғыда танытуға белсене кіріскені оның Абай туралы мақаласы мен Абай шығармаларының Қазанда басылған жинағында жазған “Сөз басынан” да аңғарылады.
2.Абайдың әдеби мұрасы туралы тұңғыш рет теориялық тұрғыдан барлау жасап, зерттей шолуға ат салысқан, әрі екі рет басылған Абай жинақтарының шығуына ат салысқан М. Әуезов.
Қоңырдың (М.Әуезовтің бүркеншек аты) пікірінше, Абайдан кейінгі қазақ әдебиетінің ендігі беталысы, оның өсіп өркендер негізгі жолы-сыршыл романтизм.
Академик Сәбит Мұқановтың “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер” деген 1923 жылы “Еңбекші қазақ” газетінде жарияланған мақаласы жоғарғы мәселеге тікелей арналған еді. Мұнда С. Мұқанов Абайдың әдеби мұрасына өзінің қарым-қатынасын білдіргенде, негізінен, ақынның шығармаларының басты сарынына сүрінбей, оның әлеуметтік тегін ғана негізге ала отырып бағалады. І. Жансүгіров “Тілші” газетінде жарияланған “Абай кітабы” (1923ж.) деген мақалсында пікір көтереді.
Ілияс Жансүгіровтің тануында, Абай-өз заманындағы жаңалықтың жаршысы, халық мұңының жоқшысы болған жаңашыл ақын. Ілияс – Абай туралы деректерді жинап, жариялаушылардың бірі.
С. Мұқанов Абайды оның әлеуметтік тегіне қарай бағаласа, І.Жансүгіов Абайдың әлеуметтік тегін біле отырып, Абайдың халық үшін еткен әрекеті мен ақын шығармаларының халықтық рухына сүйене отырып бағалайды.
Ілияс Абайдың ел аузындағы өлеңдерін жинап, Абайдың толық жинағын шығаруға даярлану мәселесін көтереді.
3.Бұл дәуірде Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалауда ғылыми зерттеушілік сипатымен ерекшеленген еңбек Ғабдурахман Сағдидің “Ақжол”газетінің бірнеше санында қатар жарияланған “Абай” деп аталатын көлемді мақаласы болатын. “Абай” деп аталатын мақаласын: “Абай шығармалары”, “Абайды жұртшылық жағынан тексеру”, “Абай өлеңдерінің табиғаты һәм ішкі рухы жағы туралы”, “Абайдың тілі һәм өлшеулері” деген әр түрлі тақырыптарға бөліп, ол мұраны әр жағынан алып, кең түрде зерттеуге ұмтылып, Абай шығармаларына нақтылы сүйене отырып пікір айтты.
Е. Исмайлов “Абайды зерттеу жайында” деген мақаласында: “Сағди мақаласының негізгі бір методологиялық қатесіне” тоқталады.
Ғ. Сағдидің Абай мұрасын зерттеудегі көзге түсер ерекшелігінің бірі – оның Абайдың ақындық эволюциясының сырын, ақын шығармаларындағы өзгерістердің себебін білуге ұмтылып, осы туралы арнайы пікір көтеруінде жатыр.
4.Абайдың қайтыс болуына жиырма жыл толуына байланысты 1924-1925 жылдары жарық көрген “Абайдың 20 жылы” және Б. Кенжебаевтың “Абай” деген мақаласы мен М. Әуезов өткізген Семейдегі әдеби жиын ұлы ақын мұрасын жаңа қырынан танып бағалауға өзіндік орыны бар құбылыс болатын.
Б. Кенжебаевтың мақаласының негізгі нысаны – Абайдың кімнің ақыны екенін анықтау. Міне, осындай кезеңде Б. Кенжебаевтің төңкерістен кейін екі рет басылым көрген Абай жинақтары туралы арнайы тоқталып: «Абай-халықтың тұрмсындағы кем-кетіктерін, жайсыз жақтарын жазған, олардан құтылуға жол көрсеткен, Абайдың ұстанған жолы, көздеген мақсаты елді түземек болған. Абай-іргешіл ақын. Абай қазақтың жазба әдебиетін бастап негіз салған»,-деп бірден-бір дұрыс қорытындыға келді.