Жоспар:
- Сұлтанмахмұт — Абай дәстүрін дамытушы
- Ақынның қазақ әдебиеті тарихы туралы пікірлері
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995
7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982
- Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
- Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994
Лекция мәтіні:
- Абай мұрасын тереңірек зерттеп, танып бағалауда қазақтың талантты ақыны Сұлтанмахұт Торайғыровтың пікірлері абайтану тарихында ерекше орын алмақ. Сұлтанмахмұт – Абай дәстүрін творчестволық дамыта түсушілердің көрнектісі әрі ақын мұрасының әлеуметтік тамырын тереңірек танығандардың бірі. Ол Абайдың жаңа бағыттағы қазақ әдебиетінің негізін салып, классикалық дәрежеге көтерген еңбегін жете түсінді.
С. Торайғыров Абайдың әдеби тіл үшін күресін терең барлап бағалаушы ғана емес, ол көркем өнердің мәніне материалистік тұрғыдан қарап, Абайдың эстетикалық танымдарын да терең біліп, бағалай алады. Абайдағы эстетикалық ойды өз шығармасына батыл ендірумен бірге оны замандастарынан да талап еткен. Керекті-керексіз сөзді өлең деп қуанып жаза беру-дерті жоқ кісінің ыңғылдағаны, толғағы жоқ қатынның бебеулегені қандай жексұрын болса, бұл да сондай жексұрын болады,-деп жазды.
Сұлтанмахмұттың көркем туындыдан талап етіп отырған басты шарты-нағыз реалистікпен суреттелетін өмір шындығы –ақиқат.
Өткен дәуір әдебиеті өкілдерінің Абаймен салыстырғанда, олардың ақындық қуатын, көркемдік талантын терістемейді, керісінше, мойындайды. Сұлтанмахмұттың ойынша олардың басты кемшілігі — өмірдің ашы шындығын, ақиқатын бере алмай адасуында. Абайды шын мәніндегі, ақиқаттың жаршысы – реалист ақын ретінде танып, қазақ қауымының ой-санасындағы жаңа бағытты ақындықтың бас әйкесін ұсынғандықтан да:
“Ер тарғын”, “Қобыландыны” оқып байқа,
Абайды оқы, таңырқа, басың шайқа.
Ақындықтың қуаты есіңді алып,
Ас аластан ақырсын қайта-қайта, —
дейді.
- Сұлтанмахмұттың ойынша, қазақ әдебиеті тарихын үш дәуірге бөлу керек: 1) Абайға дейінгі көне дәуір әдебиеті; 2) Абай дәуіріндегі әдебиет; 3) Абайдан соңғы дәуірдегі әдебиет.
Ал осы дәуірдегі әдеби мұраларға қай тұрғыдан келу керек деген мәселеге зерттеуші Сұлтанмахмұттың Абайдан дартқан эстетикалық танымына қарама-қарсы бағытта, яғни көне мұра атаулыны біріңғай дәріптеу тұрғысынан қарайды. Көне дәуір әдебиетінің көлеңкелі жағын сыншылдықпен қарай алмайды.
С. Торайғыров-Абайдың ақындық дәстүрін дамытушы өнерпаз сөз зергерлерінің алдынғы сапындағы өнер қайраткерлерінің бірінен саналатын дарынды ақын.
Оның туындыларындағы Абай өлең құрылысының іздері мен ақындық тіліндегі көркемдігін сөз бедерлеріндегі абайлық дәстүрлерді анық көреміз.