Абай өмірбаянының төрт нұсқасы

Жоспар:

  1. Абай өмірбаянының 1933 жылғы нұсқасы
  2. 1940 жылы Абай өмірбаянының қайта жазылуы
  3. 1945 жылғы Абай шығармаларының тұңғыш академиялық толық жинағы
  4. Абай өмірбаянының төртінші, ең соңғы нұсқасы (1950ж.)

²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi

1.°óåçîâ М. Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995

2.Ñûçäûºîâ Қ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997

3.̽õàìåòõàíîâ Қ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991

4.Áåêìûðçàºûçû С. ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000

5.Àõìåòîâ З. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995

6.²½íàíáàé½ëû А. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. — À., “Æàçóøû”,1995

7.Мырзахметов М. Мухтар Әуезов және абайтану проблемалары. – А., 1982

  1. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. – А., 1994

9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995

  1. Әуезов М. Абайтану дәрістері. – А., 1994

Лекция мәтіні:

1.М. Әуезовтің Абай өмірбаянын жазуға соншалықты зор мән беруінде ақын мұрасына неғұрлым тереңдеп енген сайын, ондағы Абай дүниетанымының өзекті тамырларын жете тануға бет алған.

Осы себепті Абай өмірбаянына жылдар өткен сайын қайта – қайта араласып, соңы, тың деректермен толықтырып, ғылыми мәнін арттырып отыруға көп күш салған. Осы аталмыш қиыншылықты ерте сезінген проф. Ғ.Сағди 1923 жылдың ішінде-ақ өзінің зерттеу тәжірибесінен айқын көріп, Абай Құнанбаев мұрасын зерттеудегі басты кедергінің бірі – ақын өмірбаянының жазылмауында екенін атап көрсетті.

М. Әуезовтің 1933 жылы баспа бетінде жарық көрген “Абайдың туысы мен өмірі” деген атпен берілген Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасы болатын. М. Әуезов: “Менің тарапымнан Абай өмірбаянының төрт нұсқасы жазылды: біріншісі, 1933 жылы Абай шығармаларын бастыру үшін, екіншісі, 1940 жылғы басылым үшін, үшіншісі, 1945 жылы жазылған, бірақ жарияланбаған нұсқасы. Ең соңғы яғни, төртінші нұсқасы 1950 жылы жазылды. Осыны қазіргі күнде екінші рет редакциялау үстіндемін”, — деп жазған болатын 1951 жылы абайтану жайлы дискуссияда сөйлеген сөзінде.

Абай өмірбаянын ғылыми тұрғыдан жазуға М. Әуезов 1924 жылдың өзінде- ақ кіріскен. Абай туыстарымен әңгімелесу, Көкбай мен Тұрашқа естелік жаздыру, “Абай өмірбаяны туралы” баяндама оқытуы сияқты қызу әрекеттердің бәрі де Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуға даярлықтың алғашқы барысын көрсетеді.

КөкбайЖанатаев (1863-1927 ж.) – Абай өмірбаяны мен ақын өлеңдерін қалпына келтіруде абайтану саласында елеулі орны бар көрнекті адамдардың бірі.

Биограф өз деректерінде Абай өмір туралы мәліметтердің негізін Көкбаймен сөйлесу, әңгімелесу арқылы жазып алғанын атап өтеді. 1924 жылдан бастап жазылған Абай өмірбаяны 1924 жылы аяқталады да, тек 1933 жылы ғана жарық көреді. Осы нұсқасында қамтылған ақын өмірі жайлы деректердің көбі Көкбайдан және ақын туыстарынан алынды. Осы себепті 1933 жылы Қызылорада тұңғыш рет жарияланған Абайдың толық жиағында “Абай туралы Көкбай ақсақал мен баласы Тұрағұлдың естегілері” (385-402 беттер) деген тақырыппен аса құнды мәліметтерге толы естелік беріледі.

Абайдың ғылыми өмірбаянын жазуда М. Әуезовтің сүйенер жазба дерегі тек қанаКәкітай Ысқақов жазған Абайдың қысқаша өмірбаяны жайлы дерек қана болатын-ды. Оның өзі де толық емес, өте шағын, жалпы түрде айтылған еңбекеді.

2.“Абайдың өмірбаянын” 1940 жылы Абайдың тууына 95 жыл толу қарсаңында екінші рет қайта жазылып жарияланады. Биограф Абай заманы, өмірі, ақындық қызметі жайлы көптеген тың деректерді іздестіру арқылы топтап, оларды өмірбаянға толығынан пайдаланады. Абай өмірбаянының екніші нұсқасын қайта өңдеп, жаңадан табылған соны деректерді мол өндіре отырып жазу осы тұсқа кез келді.

3.М. Әуезов 1940 жылдан бастап Абайдың 100 жылдық юбилейін өткізудің даярлық жұмысына қызу кірісіп, ол жайлы ұйымдастыру жұмыстары мен өз тарапынан атқарылар ғылыми –творчестволық жұмысқа көп күш жұсап, уақыт бөледі. Осы жылдың аяғында – ақ 1945 жылы өткізілетін Абайдың жүз жылдық юбилейінде атқарылар әр түрлі жұмыстардың алғашқы жобасын жасайды. Жазушы архивінде сақталған осы жылдар аралығында М. Әуезов атқарған жұмыстардың жазбаша деректеріне сүйенсек, олар үш салаға бөлінеді: бірініші салаға, Абай өмірбаянының үшінші нұсқасын жазуға даярлану жолында атқарған жұмыстар мен жаңа деректер жиюдағы әрекеті жатады. Екінші салаға, Абай жайлы романның бірініш кітабын жазып, екінші кітабын жазуға даярлану мен “Абай әндері” атты көркем кинофильмнің әдеби сценариясын жазуға кірісуі жолындағы творчестволық жұыстары жатады. Ал, үшініші салаға, Абай юбилейін өткізуге сайланған үкімет комиссиясының мүшесі ретінде атқарған үздік ұйымдастырушылық қызметі мен ақын мұрасы жөніндегі ғылыми зерттеу жұмыстарын жатқызуға болар еді.

4.Абай өмірбаянының төртінші, яғни ең соңғы нұсқасы 1950 жылы көп томды “Қазақ әдебиеті тарихына” байланысты қайтадан жазылды. Осы нұсқасының өзі де соңыра тең редакциядан өтіп, биографтың көзі тірісіндегі Абай шығармаларының басылымдарында (1957,1959 ж.) жарияланып жүрді. Абай өмірбаянының ең соңғы нұсқасын даярлауда биограф абайтану саласында болып жатқан өзгерістерді, осы салада жазылған еңбектерді, жаңа талапатарды ескере отырып, көлемі жағынан біршама қысқартты.