Сабақтың жоспары:
1.Абай және шығыс әдебиеті.
- Абай және орыс , батыс әдебиеті.
- Ұстаз бен шәкірт проблемалары.
Көш үстінде жол бойында Абай айналасындағы жастардың төрттік өлең айтысуы, Абайдың оған төрелік айтуы, Еңлік пен Кебек зираты басындағы әңгіме, Шұбар мен Дәрменнің осы оқиға туралы дастан жазуға таласуы, оған Абай мен Көкбайдың билік жасауы жол-жөнекей өткізілген әдебиет сабағындай болған осы оқиғалар тізбегі ұстаздың да, шәкірттердің де өмірінде ақындық өнердің қаншалықты орын алатындығы көрсетсе керек.
Алда әлі ақындық өнерге арналған қаншама мәжілістер бар? ! Олардың бәрі дерлік ұстаз ақынның халық басынан өткен қилы оқиғалар, дін жайлы, ақындық өнер, ондағы өмір шындығы, басқа елдердің данышпан оқымыстыларының айтқандары, жазғандары туралы әңгімелеріне құрылып отырады. Ондай мәжілестер ұстаз ақынсыз өтпейді. Онсыз өткен мәжілістердегі әңгімелер де сол Абай айтқан ойлар төңірегіндегіжастардың пікірталасы түрінде болып отырады. Романда Абайдың зират басындағы шындық туралы айтқан ойларына байланысты Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Дәрмендерді ұстаздарынан оңаша қызу, шабытты таласы суреттелетін эпизод бар. Абай айтқан өмір шындығы, „шындықты тауып, басып жырла” деген сөздер төңірегінде әрқайсысы өзінше болжау айтады. Осы пікірталас үстінде өзіндік ой-пікір, көзқарас тұрғысынан Мағаш ерекше көзге түседі. Мағаш, Кәкітай, Ақылбай мен Дәрменге қарағанда шығыстың білімімен қоса батыс оқымыстыларының айтқан, жазғандарынан едәуір хабардар екендігін білдіреді. Олар кейде өздері айтысып келіп, бір мәмілеге тоқтасады, көбінше дау, дағдарыспен Абай алдына келіп барып, мәселенің басын ашысатын. Бұндай айтыстарда Көкбай, Шұбар, Ақылбайлар көбіне иманына берік боп сөлесе, Абай, Мағаш, Кәкітайлар олардың шымбайына батырып айтуды оншалық машық етпейтін.
«Екі ғана жайды айтам, Дәрмен , қызды айту, қызықты айту, тек құмарлықты қоздырмасын, ақ жүрекке қанат бітіріп, ойды алысқа создырсын. Бұрынғыны айт, Бүгінгіні айт. Жұрт көмейінде Жұмарланнып түйінген тас түйінді айт. Әкіміне айт жұрттың. Халық атаулы арғы бергі хан, бегіне қарғыс ойлап жүрсе де, айта алмай келген соны жеткіз! Жылаған жас, елдің жасымен жыласын. Парашылды зорлықшылды , қиянатшылды таңбала!» -дейді.
Абайдың ұлы сөздері жастарға тегіс ой салғандай. Бәрі де Абай сөзінің төркінін ұғынғандай. Романның соңғы жағында Дәрменнің осы « Еңлік –Кебек» жырын жазып біткеннен кейін жұрт алдында тағы бір рет жырлап бергендігі туралы айтылады. Қайғылы оқйғаны баяндай отырып, ақын оған кешегі кінәлі Кеңгірбай, қос ғашықтың өлімінің ақ-қарасын ажыратып берген бүгінгі ұстаз ақын Абай туралы толғайды. Жазушы Дәрменнің дастанды жырлау кезіндегі кейпін әдемі сипаттап берген. Дәрмен дастанын тыңдаушы жұрты қыласын жазушы Әбіш сөзі арқылы береді.
- Міне жаңа дәуірінің жаңа жыршысы туады, ол халық атынан алыссын! Жазықсыз көптің әділ үкімін айтсын ….
Халықтың алтындай сақтайтыны, нәсілден нәсілге жеткізіп қадірлейтіні де осындай жырлар болмақ! –дейді.
Осы оқиғадан кейін Әбішке Дәрмен осы жұрттың бәрінен де қымбат, қадірлі және зор өнер иесі болып көрінеді.
Жазушы Дәрмен дастанын тындаған жұрттың оны қалай қабылдағанын, қалай бағалағанын көбіне шәкірттер аузымен осылай беріп отырады. Сондай-ақ жазушы өз тарапынан жастардың ақын құрбысына берген бағаларын толықтыра түсетіндей ой оралымдарын қосады.
« Қазіргі сәтте Дәрмен алдыңғы шабытты күйіннен қызулы, өнімді ой тауып, үдей түскендей. Халықтың ұлы саналы ақыны сол халықтың ызасы, намысымен қатты ширыққандай. Алысуға шығып тұрған қайратты қайсардай, дүр сілкініп алғандай болды.»
Шәкірттің беталысын бастамасынан-ақ аңғарып, жылы жүз танытқан, айқын бағдар сілтеген ұстаз ақынның аяқталған дастан туралы пікірі, бағасы осы жолы айтылмайды. Ұстазға лайық жан-жақты, толыққанды сынды жазушы оқыған, білімді, көпті көрген сыншы жас Әбіштің аузына салады. Бұл Абай айналасындағы өнерлі жастардың ұстазынан ақындықты ғана үйреніп қоймай, Абайша пікір, байлау, сын айтып, үйреніп келе жатқандығын да көрсетеді.
Дәрменнің «Еңлік –Кебек» дастаны туралы Абай пікіріне, Абай пікірін қолдаушы жастар сынына кереғар сын айтушылар да болды. Ондай сыншы да, ең әуелі, Абайдың өз айналасынан шығады. Ол Абай айналасындағы шәкірт ақындардан жасы үлкені және елдің бар сөзіне араласып жүрген, ағайынның пысығы әрі белдесі Шұбар болатын. Сол Шұбар Дәрменнің Кеңгірбай туралы айтқандарынана кінә тауып, қысқа да болса, соққыдай суық сөзін айтып салды. Ол Дәрмен жырын өнер емес у деп бағалайды. Шындығында , Дәрмен сөзі Абайдың тоңмойын надан дұшпандарын ушықтырып, өршеленте түседі.
²îëäàíûëàòûí ¸äåáèåòòåð òiçiìi
1.Ì.°óåçîâ Àáàé ²½íàíáàåâ.-À.,1995
2.Ê.Ñûçäûºîâ. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði-À.,1997
3.².̽õàìåòõàíîâ. Àáàéäû» àºûí ø¸êiðòòåði-À.,1991
4.Ñ.Áåêìûðçàºûçû ̽õòàðòàíó¹à êiðiñïå –Ø.,2000
5.Ç.Àõìåòîâ. Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi –À.,1995
6.Àáàé ²½íàíáàé½ëû. Øû¹.åêi òîìäûº òîëûº æèíà¹û. À., “Æàçóøû”,1995
7.Àáàé.Ýíöèêëîïåäèÿ. À., “Àòà ì½ðà”,1995
8.Ø.Àéòìàòîâ. µñòàç òóðàëû ñ¼ç.À., “±ûëûì”,1997
9.Àõìåòîâ Ç.Àáàéäû» àºûíäûº ¸ëåìi.À., “Àíà òiëi”,1995
10.°êiìîâ Ò. Äàíàëûº ì¸éåãi. À., “Àíà òiëi”, 1995
11.Ì.°óåçîâ Øû¹ îí åêi òîìäûº, À., “Æàçóøû”,1968
- Ì.°óåçîâ Àáàé ìåêòåáiíi» àºûíäàðû.Àáàéòàíóäàí æàðèÿëàí-
áà¹àí ìàòåðèàëäàð.À., “±ûëûì”,1988
13.Ì.°óåçîâ. Àáàéòàíó ä¸ðiñòåðiíi» äåðåê ê¼çäåði.Îºó º½ðàëû. À.,
“Ñàíàò”,1977
14.Ì.°óåçîâ òà¹ëûìû. °äåáè ñûí ìàºàëàëàð ìåí çåðòòåóëåð.
(²½ð.ͽð¹àëèåâ Ð) À., “Æàçóøû”1987
15.Ñûçäûºîâ Ê. ̽õòàðòàíóäû» áåéì¸ëiì áåòòåði. À., “²àçàºñòàí,1997