Өтініш жазу, өтініш мысалы

Өтініштердің түрлері сан алуан. Мазмұны бойынша әр қилы болғанымен, мақсаты бойынша бір. Жұмысқа алу, жұмыстан босату, кезекті еңбек демалысы, оқуға байланысты демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс, декреттік демалыс секілді демалыстарға байланысты, жеке және отбасылық жағдайларға байланысты жұмыстан сұрану жайлы өтініш жазуға болады.

Өтініш А4 форматты таза қағазға өтініш сұраған адамның өз қолымен жазылуы тиіс. Қағаздың жоғарғы оң жақ бұрышына “шапочка” немесе мекеменің атауы және мекеме бастығы (өтініш кімнен сұралса, сол тұлғаның аты жөні, лауазымы, кей уақыттары дәрежесі (доктор, кандидат т.с.с) атына жазылады. Өтініш кімнен (аты жөні және лауазымы) екені жайлы жазып кету керек.

Төменде кезекті еңбек демалы туралы өтініштің бланкісі келтірілген.

“АЛМА” ЖШС директоры
Қадамов Серік Уәлиұлына
бас бухгалтер Н.Б. Тамыровадан

ӨТIНIШ

Маған 200___жылдың «____»____________ бастап __________________күнге кезектi еңбек демалысымды беруiңiздi сұраймын.

Қолы Күні

Үлгі 1. 

Астана қаласы бойынша
Кедендік бақылау
                                                                            департаментінің бастығы

                                                                         ___________________

Өтініш

Отбасы жағдайыма байланысты 2012 жылдың тамыз айындағы кезекті демалысымды қараша айына ауыстыруға рұқсат етуіңізді сұраймын.

20__ жылғы «___» ____________             қолы __________________

 

Үлгі 2.

Астана қаласы
Көліктік бақылау
басқармасының басшысы

 

Өтініш 

Сізден 2012 жылдың 14-16 мамыр аралығында отбасы жағдайыма байланысты Көкшетау қаласына автокөлікпен шығуыма рұқсат беруіңізді сұраймын.

20__ жылғы «___» ____________                қолы __________________

 

Үлгі 3.

 

                                                                  Астана қаласы
Экономикалық сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес
жөніндегі департаментінің
бастығы_______________

Өтініш

Сізден 2012 жылдың 3 қазанынан бастап денсаулығыма байланысты қызметтік міндетімді атқарудан уақытша босатуыңызды сұраймын. Сырқаттану қағазын емделіп болғаннан кейін ұсынамын.

20__ жылғы «___» ____________                қолы __________________

                                   Үлгі 4.
Астана қаласы
Ішкі саясат басқармасының
басшысы ____________

Өтініш

       Мені  2012 жылғы 21 қыркүйектен бастап 30 күнге кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын. 

20__ жылғы «___» ____________                қолы __________________