Сабақтың мақсаты: Студенттерді эндокринді жүйе мүшелерінің топографиясымен,пішінімен,құрылысымен таныстыру, бұл мүшелерді атап, көрсете білуге үйрету, оның бөлімдері мен негізгі ерекшеліктерін анықтай білуге үйрету және оларға APUD-жүйе туралы түсінік беру.
Сабақтың мазмұны:Эндокринді жүйе, ерекшеліктері,топографиялық шашыраңқылық,мүшелердің әржақты түзілуі,әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда жеке эндокринді жасушалар мен олардың жиынтықтарының болуы,шығару өзектерінің болмауы,жүйке және тамырлар жүйелерәмен тығыз байланысы.Бездердің шығу тегіне байланысты жіктелуі.Орталықмүшелері:гипоталамус,гипофиз,эпифиз.Гипоталамус:нейросекреторлы ядролық орталықтар.Гипоталамо-гипофизарлы жүйе гипоталамо-нейрогипофизарлы, гипоталамо-аденогипофизарлы жүйешелер.Гипофиз:топографиясы,шығу тегі,капсула,бөліктері.Аденогипофиз бөліктері,строма мен паренхима,жасушалық құрамы. Гипофизтәуелді бездер.Нейрогипофиз құрылыс ерекшеліктері:астроглиоциттердің және жүйке талшықтарының мол болуы,Херринг денешіктері,гормон аккумуляциялау қызметі.Эпифиз: топографиясы,шығу тегі,капсула,бөліктері, строма мен паренхима,жасушалық құрамы.Эпифиздің конкременттері.Негізгі гормондары,оларды бөлудегі циркадалық режим.Шеткі мүшелері.Қалқанша без топографиясы,шығу тегі,беттері,мойны,капсула,трабекула,бөліктері, строма мен паренхима.Структуралық-функционалдық бірлігі.Фолликулдың құрылысы.Жасушалық құрамы:тироциттер,парафолликулярлы жасушалар.
Қалқанша маңы безі топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, строма мен паренхима,жасушалық құрамы: басты және оксифилді жасушалар.Бүйрек үсті бездері: топографиясы,шығу тегі,пішіні,беттері,шеттері,капсула,трабекула, строма мен паренхима,қақпасы.Қыртыс заты мен милы заты: олардың аймақтары мен гормон сыныптары.Параганглиялар: топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,секретінің табиғаты.Ұйқы безі:экзокринді бөлігі, топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, строма мен эдокринді бөліктің паренхимасы аралшық эндокриноциттері,беттері,шеттері.Ен эндокринді бөлігі: топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, беттері,шеттері.Аналық без: топографиясы,шығу тегі,пішіні,капсула,трабекула, беттері,шеттері строма мен паренхима.Диффузды нейроэндокринді жүйе – APUD,оны құрайтын жасушалар.
Оқу материалы: муляждар, кейбір мүшелердің фиксацияланған препараттары, планшеттер, синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,гистологиялық препараттар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтармен лекция, конспектілеріндегі “ Эндокринді жүйе” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу және атластағы суреттерді және гистологиялық таблицаларды пайдалана отырып осы жүйелердің мүшелерімен ,олардың құрылысымен таныс болу.Ең бірінші кезекте бұл жүйенің ерекшелігі –шығару өзектерінің жоқтығына көңіл аудару керек.Бездердің шығу тегіне байланысты жіктелуін білу керек ,сондай-ақ орталық және шеткі мүшелер болып бөлінетіндігін де есте ұстау қажет.Типифизді қарастырғанда оның бөліктерінің шығу тегінің әртүрлігін,эпифизді оқығанда ,оның нақты тәуліктік гормон бөлуіне,қалқанша безді оқығанда,оның құрылымдық-қызметтік бірлігіне фолликулға назар аударып,қалқанша маңы безінің гормондары қалқанша безінің гормондарына антогонистік әсер ететіндігін есте сақтау керек.Студенттер параганглиялар мен бүйрек үсті безінің милы затының туыс екенлігін білу керек.Ұйқы безі мен жыныс бездерінің тек жартылай эндокринді мүше екендігін есте ұстау қажет. Диффузды нейроэндокринді жүйе – APUD,оны құрайтын жасушалар туралы түсініктің болуы өте маңызды,студенттер бұл жасушаларды атап беруі керек.
Бақылау сұрақтары:
Эндокринді жүйе мүшелеріне жалпы сипаттама
Эндокринді жүйе мүшелерінің жіктелуі
Нейросекреторлы гипоталамустың құрылысы
Аденогипофиздың құрылысы гипоталамо-аденогипофизарлы жүйеше
Нейрогипофиздың құрылысы гипоталамо-нейрогипофизарлы жүйеше
Эпифиздың құрылысы
Қалқанша бездің құр9ылысы
Қалқанша маңы безінің құрылысы
Бүйрек үсті бездерінің құрылысы
Ұйқы безінің құрылысы
Еннің және аналық бездердің құрылысы
APUD жүйе және параганглиялар туралы түсінік
Негізгі және қосымша түсініктер: Эндокринді жүйе, гормон,гипоталамус,гипофиз,эпифиз,нейросекреторлы жасуша,супраоптикалық,паравентрикулярлы,аркуатты ядролар,Херринг денешіктері, аденогипофиз,”тропты гормондар”,нейрогипофиз,окситоцин,вазопрессин, питуицит,гипоталамо-гипофизарлы жүйе гормон аккумуляциялау қызметі,эпифиз,пинеалоцит,қалқанша без,фолликул,коллоид,тиреоцит,парафолликулярлы жасушалар,
қалқанша маңы безі,паратиреоцит,бүйрек үсті бездері,қыртыс заты ,милы заты,параганглиялар,ұйқы безі,панкреоцит,ен, сустентоцит,гландулоцит,аналық без,сары дене, лютеоцит, APUD жүйе.