Бас миы .Сопақша ми .Артқы ми. Ортаңғы ми
Сабақтың мақсаты:Студенттерді бас миы оның бөлімдерінің атын атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға оның негізгі құрылымдарының анатомиялық құрылысының деталдарын біліп,және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету, сонымен бірге ми бөлімдерінің қалыптасуы туралы айта білуге үйрету.
Сабақтың мазмұны: Орталық жүйке жүйесі: бас миы ның жалпы сипаттамасы. Оның бөлімдерге бөлінуі.Ми бағанасы туралы түсінік.Үлкен ми туралы түсінік.
Сопақша ми орналасуы,қуысы ,сайлары, негізгі құрылымдары, нәзік және сына тәрізді шоқтар жіп тәрізді денешіктер, заты. Ретикулярлы формация ,кейбір бассүйек ми жүйкелерінің орталықтары . . Ақ зат өзіндік өткізгіш шоқтар.4-ші қарыншаның қуысы,оның құрылысы.
Артқы ми:мишық және көпір.Мишықтың құрылысы. Құрт, жарты шарлар, саңылаулар,сайлар.; бөліктер,жапырақшалар. Ми иірімдері туралы түсінік.Сұр заты ядролық орталық .қыртысы.Қыртыстың құрылысы. . Ақ зат Мишықтың аяқтары: төменгі ортаңғы және жоғарғы Ромб тәрізді шұңқыр.
.Ортаңғы ми : шатырының тақташасы,,ми аяқтары.Төрт төмпешіктің төмпешіктері: жолғарғы және төменгі Ортаңғы мидың сұр заты төмпешіктері нің ядролары.Орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция,3,4-ші ми жүйкелерінің орталықтары. . Ақ зат ы. Қуысы- ми суағары.
Оқу материалы: Бас миының жасанды муляжы,бас миының фиксацияланған препараты, бас миының фиксацияланған кесіндісі,планшет тер, таблицалар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “Неврология” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, муляж дар мен планшеттердегі бас миының бөлімдері мен құрылымдарын қарап шығу керек. Студенттер бас миының құрылысын көз алдарына нақты елестете білу керек. Бас миының бөлімдерін қарастырғанда олардың шекараларын бас миының сагитталды кесіндісінде таба білу керек.Ромб тәрізді шұңқыр мен оның түбі 4-ші қарыншаға, олардың 5-12 жұп ми жүйкелерінің орталықтары екендігіне ерекше көңіл аудару керек.Мишықтың аяқтарына,жарты шарларының ішіндегі ақ затқа көңіл бөлу керек.
Ортаңғы ми кесіндісінде қызыл ядролар мен төмпешіктерге көңіл бөлінуі керек
Бақылау сұрақтары:
Бас миының жалпы сипаттамасы.
Ми бағанасы туралы түсінік.
Үлкен ми туралы түсінік.
Сопақша мидың құрылысы
Артқы мидың құрылысы
Мишық және көпір
Мишықтың құрылысы.
Ромб тәрізді шұңқыр.
Ортаңғы мидың құрылысы
Негізгі және қосымша түсініктер: бас миы ,сопақша ми ,артқы ми ортаңғы ми,ми бағанасы, үлкен ми, нәзік және сына тәрізді шоқтар, жіп тәрізді денешіктер ,пирамида,4-ші қарынша,Ромб тәрізді шұңқыр,құрт,жарты шарлар, саңылаулар,сайлар,ми иірімдері, ядролық орталық, .қыртыс, мишықтың аяқтары шатырының тақташасы,төмпешіктер,орталық сұр зат, қызыл ядролар, қара субстанция,ми суағары.