Сезім мүшелері.

1.Сезім мүшелеріне жалпы шолу.

2.Көру мүшелері, құрылысы, көру нервтері.

3.Есту мүшелері, құрылысы, тепе-теңдік сақтау мүшесі.

4.Тері, дәм және иіс анализаторлары.

Ағза сытқы ортаның өткізгіштігін, сезу мүшелері бұл анатомиялық құрылысты комплекс, олар арқылы организм сыртқы тітіркендіргіш энергияны қабылдап, оларды жүйке импульсына айналдырып, бас мидың керекті бөліміне өткізеді.

Ағзаға әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал жүйке талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім мүшелерінде немесе денеде орналасқан.

Сезім мүшелеріне – көру, есту, дәм, иіс, тері мүшелері жатады.

Осы аталған 5 сезім мүшелерінің ми қыртысындағы орталықтарға және жүйкелерге жалғасып жататын тізбектері олардың анализаторы болып саналады.

Сезім органдары

Жүйке жасушалары арқылыАрнаулы жасушалар арқылы

Тітіркендіргіштерді қабылдайтын:тітіркендіргіштерді қабылдайтын

  1. Көру мүшелері 1. Есту мүшелері
  2. Иіс сезу мүшелері 2. Тепе- теңдік мүшелері
  3. Тері 3. Дәм сезу мүшелері

Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі даму нәтижесінде сезім органдарының орталықтары пайда болады. Олар анализаторлардың рецепторлары мен жүйке талшықтары арқылы байланысады. Рецепторлар арқылы қабылдалған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процестері жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да адам дүниедегі бар затты сезім органдары арқылы қабылдап, анализаторлары арқылы түсінік алады.

Анализатор – сыртқы және ішкі ортадан туған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі жүйке механизмі.

Орыс ғалымы И. П. Павловтың айтуы бойынша анализатор – белгілі бір қызмет атқаратын күрделі жүйке болып табылады. Оның өзі үш бөлімнен тұрады:

  1. Шеткі рецепторлар
  2. Өткізгіш жолдары- жүйкелерден және
  3. Орталық ми бөліктерінен тұрады.

Анализатор

Шеткі (перифериалық)Аралық өткізгішОрталық үлкен ми

Сыртқы ортаданжолдарыТалдау, талқылау процесі

факторларды қабылдаужүріп, сезім

ажыратылады

Ішкі — сыртқы

Тітіркендіргіштерді қабылдайтын анализаторлардың шеткі бөлігіне, сезімтал жүйкелерінің ұштары – рецепторлары, оның өткізгіш бөлігіне – жұлын мен мидан шығатын жүйке талшықтары, ал анализаторлардың орталық бөлігіне – ми және ми қыртысындағы аймақтар жатады.

Ми қыртысының аймақтарында жоғарғы дәрежеде анықтау, талдау (анализ, синтез) процестері өтеді.

Рецепторларды екі үлкен топқа бөледі: Интеро- рецепторлар – тітіркенулерді ішкі ортадан қабылдайтын рецепторларды айтады. Мысалы: қан тамырларының қабырғасындағы хеме бароцепторлар қанның химиялық құрамының өзгеруін қабылдайды.

Экстрорецепторлар- тітіркенулерді сыртқы ортадан қабылдайтын рецепторлар.

Бұлшық еттердің, сіңірлердің, буын байламдарының құрамындағы рецепторлар, ол интерорецепторлардың бір түрі. Проприорецепторлар жәрдемімен буын және бұлшық ет қызметі алма-кезек, бір-бірінің қызметіне сәйкес қозғалып, жүру, қимылдар т.б. қызмет атқарады.

Көру органдары. Көз алмасынан, көру жүйкесінен және қосымша мүшелерден тұрады.

Көз алмасы үш қабаттан:

  1. Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды)
  2. Ортаңғы тамырлы қабық
  3. Ішкі торлы қабықтан түзілген.

  1. Талшықты қабық — өте тығыз, ол ( склер) артыңғы және алдыңғы ақ қабық бөлімдерден тұрады. Ол көз алмасын сырт жағынан қорғап, оған белгілі бір пішін беріп тұрады. Тамырсыз болғандықтан оны “ мүйізді қабық” деп аталады. Бұл қабық арқылы көз алмасының ішіне сәуле сындырылып өтеді.

Фиброз қабығының артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Бұл қабықтың белдеу бөлігіне көздің тік еті төрт жағынан келіп тіркеледі. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сырт жағын жауып, жүйке қабығын түзеді талшықты қабық пен ақ қабықтың қосылған жерінде көз алмасының вена қаны өтетін тамыр кеңістігі жатады.

  1. Тамырлы қабық – талшықты қабықтың астында жатқан, көз алмасының ортаңғы қабығы болып саналады. Ол құрылысы жағынан бір-біріне тең емес үш бөліктен алдыңғы — нұрлы, ортаңғы – кірпікті дене, артқы – меншікті тамырлы қабықтан тұрады.

Нұрлы қабық – тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі болып саналады.

Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпасы негізінде пигментті жасушалар тамырлар және біріңғай салалы ет ұлпалардан тұрады. Көздің түсінің әртүрлі болуы, осы пигментті жасушалардың мөлшеріне және орналасу тереңдігіне байланысты келеді. Нұрлы қабықтың ет талшықтары екі бағытта орналасқан Дөңгелек ( сақиналы бағытта) жатқан талшықтары қарашық тесігін тарылтса, сәулелі талшықтары көз қарашығын кеңейтеді. Осының нәтижесінде нұрлы қабықтың ет талшықтары көзге түсетін жарық сәулесін реттеп отырады.

Кірпікті дене- тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді.

Кірпікті дененің сыртқы қабатын біріңғай салалы ет ұлпасы түзеді. Бұл еттер не жиырылып,не босап көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеп тұрады.

Меншікті тамырлы қабық тамырлы қабықтың ең үлкен артқы бөлігі болып саналады. Қан тамырларына бай болып келеді.

  1. Торлы қабық- көз алмасының ішкі жағын астарлап жатқан қабық. Бұл артқы және алдыңғы бөліктерден түзілген. Артқы бөлігі көру бөлігі бұл жерде жүйкесінің шоғыры жатады. Бұл шоғыр тор қабықтың түйінді жасушалар талшықтарының жинағынан түзілген. Олар көз алмасының артқы жағында көру жүйкесінің сабағын түзеді.

Көз алмасының ішкі ортасы көз бұршағы мен қоймалжың келген шыны тәрізді денеден түзілген. Көз бұршағын өте мөлдір талшықтардан түзіліп түссіз қабықшамен жабылады. Осы қабықшасынан басталып, кірпікті дененің ет талшықтарына тіркелетін белдеулері арқылы көз бұршағы өз орнына бекемделіп тұрады. Сонымен қатар кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының қалыңдығы өзгеріп, көздің әртүрлі қашықтықта жатқан заттарды көруіне себеп болады. Көз бұршағының әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруіне икемделуін “ аккомодация ” деп атайды. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып көздің көру қабілеті нашарлайды.

Көз (көз алмасы) – мөлдір келген қоймалжың затқа толы келеді. Бұнда қан тамырлары мен жүйке талшықтары болмайды.

Көру органының қосымша аппараттары. Бұған көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.

Көздің қорғаныш аппаратына — қабақ, кірпік және көз жас безі жатады. Қабақ тері қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді.

Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан. Қабақтардың сырты терімен, іші қызыл түсті кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының талшықты қабығының бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы “ коньюнктизм” дейді.

Көз жасының аппараты. Екі қабықтың біріккен жерін көз бұрышы дейді, оның кеңірек келген ішкі бұрышын “көз бұлағы” дейді. Оның түбінде ет өсіндісі жатады. Әрбір қабақ жиегінде нүктелер болады. Олар жас түтікшелерінің ашылатын тесіктері. Көз жасын көз жасының бездері бөліп тұрады.

Көздің бұлшық еттері көз алмасын қимылға келтіріп тұрады. Олардың төртеуін тік, екеуін қиғаш еттер дейді.

Көру анализаторының өткізгіш және орталық бөлімдері.

Көру анализаторының өткізгіш жолы көз алмасының тор қабығындағы рецепторлардан басталады.

Көру мүшесінен келген бейнелерді талдайтын және анықтайтын орталық көру анализаторының жүйкедегі ядролық аймақтарында орналасқан. Сөйтіп көру мүшесінің орталығы үлкен мидың шүйде аймағында болады.

Есту, тепе-теңдік сақтау мүшесі.

Сезім мүшелерінің ішіндегі ең күрделі, себебі рецептор- клеткаларының бірнеше түрі болады. Дыбыс толқынын қабылдайтын рецепторлар. Дененің сыртқы жазықтықтағы жағдайын анықтайтын рецепторлар. Қимылдың жылдамдығы және бағытын өзгеруін қабылдайтын рецепторлар.

Орналасуына және қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі қабылдау рецепторларына береді.

Ішкі құлаққа есту мүшелерінің басқа тепе-теңдік аппаратыда жатады. Бұлар самай сүйегінің тасша бөлігінің ішінде орналасқан.

Сыртқы құлақ – құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы және дабыл жарғағы жатады.

Дабыл жарғағы – сыртқы құлақты ортаңғы құлақты бөліп тұратын перде. Оның сыртқы беті эпителиімен, ал ортаңғы құлаққа қараған ішкі беті кілегей қабықшамен жабылған.

Құлақ қалқаны – серпімді шеміршектен түзілген.

Сыртқы дыбыс жолы – ұзындығы 2,5 – 3 см, ішкі жағын астарлап жатқан теріде көптеген бездер болады, олар мойын мен құлақ күкіртін шығарады.

Ортаңғы құлақ – дабыл қуысы, есту сүйекшелері және есту түтігі жатады.

Дабыл қуысы – самай сүйегінің тасша бөлігінде орналасқан саңылау тәрізді қуыс болып келеді.

Дабыл қуысында үш есту сүйекшелері жатады. Олар пішіндеріне қарай –балғаша, үзеңгіше және төсше деп аталады.

Бұл сүйектер бір-бірімен буынды қосылыстар жасап, дабыл қуысының сыртқы қабырғасынан ішкі қабырғасына дейін өзара жалғасып жатады.

Балғаша сүйектің басы- мойны, сабы болады.

Төсше сүйегі бір жағымен балғаша сүйекпен, екінші жағымен үзеңгіше сүйекке жалғасады. Үзеңгіше сүйек адам денесіндегі ең ұсақ сүйек оның негізі мен қос аяқшалары болады.

Ішкі құлақ немесе сүйекті лабиринт – самай сүйектің тасша бөлігінің ішінде жатады. Оның өзі бірінің- ішінде бірі жатқан сүйекті және жарғақты лабиринттен түзілген. Сүйекті лабиринт үш бөліктен тұрады:

  1. Орталық – кіреберіс.
  2. Алдыңғы жағын – ұлу.
  3. Артқы бөлігі иірім каналдар деп атайды.

Кіреберіс бөлігі ортаңғы құлақ пен ішкі дыбыс жолының аралығында орналасқан.

Кіреберістің бір жағынан – ұлу, екінші жағынан үш иірімді каналдар ашылады.

Ұлу – кіреберістің алдыңғы жағынан басталып, екі жарым иірім жасап аяқталады. Иірімніің қуысында спиральды пластинка жатады. Ұлу қуысы екі сатыға бөлінеді:

  1. Жоғарғы бөлігін “кіреберіс сатысы”.
  2. Төменгі бөлігін – дабыл сатысы

Кіреберіс сатысы кіреберістен басталады, дабыл сатысы жарғақпен жабылған ұлу терезесінен басталады.

Жарғақты лабиринт –жұқа дәнекер ұлпасы жарғақтан түзілген, ол сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Жарғақты лабиринттің ішінде эндолимфа сұйықтығы жатады, сүйекті лабиринт пен жарғақты лабиринттің аралығында перилимфа сұйықтығы жатады.

Ұлудың жарғақты бөлігі дыбыс қабылдайтын аппараттың маңызды бөлімі болып саналады. Құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы арқылы енген дыбыс толқыны дыбыс жарғағын тербетеді. Бұл тербелу ( импульсі) есту сүйекшелерінің тізбегінен кіреберіс терезесінен одан перилимфа сұйықтығына беріледі. Перилимфа сұйықтығы ұлу қабырғасындағы ұлу жүйкесінің ұштарына одан орталыққа береді.

Лабиринттің кіреберіс бөлігімен иірімді каналдары адамның тепе-теңдік аппараты болып саналады.

Есту тепе-теңдік анализаторларының өткізгіш және орталық бөлімдері. Есту анализаторының өткізгіш бөлігі сезімтал нейрондарынан басталады. Олардың дендрит ұштары дыбыс толқынын қабылдаса, нейриттері кіреберіс жүйкесімен бірігіп –кіреберіс- ұлу жүйкесін түзіп, ішкі есту тесігінен өтеді. Бұл екеуі мидың VІІІ жұп жүйкесі болып саналады.Есту анализаторының орталығы ми сыңарларының самай аймағында жатады.

Тепе-теңдік анализаторының өткізгіш бөлігіне сезімтал нейрондар жатады.

Бұл нейрондардан шыққан нейриттер кіреберіс жүйкесін түзіп (ұлу жүйкесімен қосылып) миға қарай бағыт алады.

Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы дәм емізікшелерінде орналасқан.

Дәм емізікшелеріне тіл, жұтқыншақ (ІХ), бет (VІІ) және кезкелген (Х) жүйкелерінің ұштары (рецепторлар) келіп аяқталады. Осы жүйке ұштары арқылы ащы, тәтті, тұзды және қышқыл дәмдер қабылданады. Қабылданған жүйке импульстері сопақша мидың ромба ойысындағы ядроларда аяқталады, ал осы ядролардан басталған нейрондар талшықтары мидың көру төмпегінің сыртқы бөлігіне барады. Осы сыртқы ядродан басталған қосымша нейрондар арқылы жүретін импульс ми сыңарларының дәм сезу орталығына жетеді.

Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс, сезім қабылдайтын жүйке элементтері бар.

Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей қабықшадан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді. Иіс жүйкесінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп, мидың маңдайбөлігінің астыңғы жағындағы иіс орталығына жетіп аяқталады.

Адамның иіс анализаторы басқа жануарға қарағанда нашар дамыған.

Тері анализаторы. Теріде сезімтал жүйкелер рецепторлары,тері ,май бездері,ет ұлпалары орналасады.

Тері беткей,меншікті ,шел қабаттарынапн түзілген.Беткей қабаты –эпидермис эктодермадан дамып,көп қабатты эпителий ұлпасынан түзілген.Эпидермистің тереңінде миелинді (пигмент) заты орналасады.Ол теріге белгілі бір түс беріп тұрады.Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып,дәнекер ұлпа мен серпімді талшықтардан түзілген.Бұл қабатта қан тамырларының торы мен сезімтал жүйке ұштары орналасады.Терінің шел немесе май қабаты ,негізінен май ұлпасынан түзілген,бұл ұлпада дәнекер ұлпаның коллагенді және серпімді талшықты торлары түзеді.

Тері бездері-өздерінің шығаратын затына байланыстымай бездері,тер бездері және сүт бездері болып бөлінеді.

Тырнақ-саусақтың тырнақ бақайшағының сыртын жауып жатқанмүйізді пластинка.Тырнақ терінің сыртқы эпидермис қабатының туындысы болып табылады.

Шаш та терінің сыртқы эпидермис қабатының туындысы болып табылады.Оның тері қабатындағы бөлігін түбі ,ал теріден шығып тұрған бөлігін талшығы деп атайды.Шаштың түбін шаш қапшығы қоршап жатады,оның сыртқы жағында еттер бар.Ол еттер жиырылғанда(қорыққанда ,тоңғанда)шаш талшығы көтеріледі.

Тері рецепторлары денеге тиген қатты жұмсақты,ыстық суықты,қысымды қабылдайды-бұны механикалық,химиялық,температуралық тітіркендіргіштер дейді. Тері рецепторлары тері анализаторларының шеткі бөлігі болып саналады.Ал,орталығы болып үлкен ми сыңарларындағы артқы орталық қатпар есептеледі.