Сабақтың мақсаты:Студенттерді ас қорыту жүйесінің мүшелерін атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.
Сабақтың мазмұны: Ас қорыту жүйесі: түтікті және безді бөлімдері. Ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы.Сілемейлі қабат ,сілемейлі асты қабаты, бұлшық ет қабаты,адвинтициялық немесе серозды қабат.Ауыз қуысы :ауыз қуысының кіре берісі және нағыз ауыз қуысы. құрылысы еріндер,иек,ұрттар,тістер. Нағыз ауыз қуысы.қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, таңдай пердесі, таңдай доғашықтары,бадамшалар,ауыз диафрагмасы.Тістің формуласы,тістің құрылысы:бөлімдері(түбірі,мойны,сауыты)бестері және заттары,(дентин,цемент,эмаль,пульпа.).Тіл:шеттері ,ұшы арқасымен денесі соқыр тесікті түбірі,бадамшалар.Тіл емізікшелері олардың түрлері. Тіл бұлшық еттері .Жұтқыншақ:топографиясы,піші ні, бұлшық еттері,қысқыштар және жұтқыншақты көтергіштер.Өңеш: топографиясы,піші ні,ұзындығы,мойын,көкірек,құрсақ бөлімдері.
Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшет тер, формалинге салдынған мүшелер,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер..
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар:
Оқулықтар мен лекция конспектілері9ндегі “Ас қорыту жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалингге салынған ас қорыту мүшелерін атап, есте сақтау керек.Студенттер ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы көз алдарына нақты елестете білу керек.Қабаттарды қабықтармен шатастырмау керек .Жұтқыншақтың құрылысын қарастырғанда мунда асқорыту және тыныс алу жолдарының айқасатындығын есте сақтау керек. Студенттер жұтқыншақтың және өңештің қабырғаларында фолликулдер түрінде жиналған лимфоидты ұлпаның барлығына көңіл бөлу керек.
Бақылау сұрақтары:
Ас қорыту жүйесі жалпы сипаттама.
Ас қорыту түтігінің жалпы құрылысы.
Ауыз қуысы бөлімдері
Ауыз қуысы мүшелерінің құрылысы
Ауыз қуысының кіре берісі
Нағыз ауыз қуысы
Жұтқыншақ құрылысы
Өңеш құрылысы
Негізгі және қосымша түсініктер: Ас қорыту жүйесі Сілемейлі қабат эпителиальды қабат,нағыз дәнекер ұлпалы қабат, бұлшық ет қабаты, сілемейлі асты қабаты, адвинтиция, серозды қабат . Тістіңтүбірі,мойны,сауыты, тістің заттарыдентин,цемент,эмаль,пульпа.Тілдің шеттері ,ұшы арқасы,денесі соқыр тесікті түбірі,бадамшалар. Қатты таңдай мен жұмсақ таңдай, таңдай пердесі, таңдай доғашықтары: Жұтқыншақ фолликулдер; лимфоидты ұлпа. Өңеш: мойын,көкірек,құрсақ бөлімдері.