Сабақтың мақсаты: Студенттерді тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі төменгі тыныс жолдарына жататын кеңірдек пен бронхылар және тікелей газ алмасу жүретін мүше- өкпе сияқты мүшелерді атап,көрсете біліп,құрылысын сипаттауға және атқаратын қызметтерін айта білуге үйрету.
Сабақтың мазмұны:
Кеңірдек. Кеңірдектің бифуркациясы .Кеңірдектің гиалинді шеміршекті сақиналары, олардың сіңір байлам арқылы жалғанып тұруы.Сақиналы байлам .Бронхылар, олардың құрылысы .Оң жақ бронхы. Сол жақ бронхы. . Бронхылардың бұтақтануы. Сегментарлы бронхылар. Бронхиолалар.
Өкпе –тыныс алу мүшесі.Өкпенің пішіні. Өкпенің ұшы,негізі . Өкпенің беттері.Өкпе аралық қуыс .Өкпе қақпасы. Өкпенің терең сайлары .Оң өкпе бөліктері.Сол өкпе бөліктері.
Респираторлық бөлімнің функциялық-анатомиялық бірлігі –ацинус .Ацинустар жиынтығы –бөлекшелер, сегменттер,бөліктер .Өкпенің ацинустық күмбездері.
Плевра -өкпенің сыртқы сір қабаты. Өкпелік(висцералды) және париеталды немесе қабыртқалық плевра Плевра аралық қуыс.Плевра сұйықтығы.Өкпенің қосымша плевралық қуыс қойнаулары.
Оқу материалы: Жасанды бюстілер мен торстар, планшеттер, формалинге салдынған тыныс мүшелері,өкпе,синтетикалық субстанцияларға салынған мүшелер,таблицалар.
СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқаулар: Оқулықтар мен лекция конспектілеріндегі “ тыныс алу жүйесі” тақырыбындағы мәтіндермен танысып шығу. Атластағы суреттерді пайдалана отырып, бюстілер мен торстардағы формалинге салынғантыныс алу мүшелерінің аттарын атап есте сақтау керек. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің ішіндегі кеңірдек пен өкпенің жалпы құрылыстарын көз алдарына нақты елестете білу керек.Кеңірдектің құрылысын қарастырғанда оның жартылай сақиналы шеміршектерден тұратынына өңіл бөліп,бұның ауаны еркін өткізу үшін солай қалыптасқандығына назар аудару керек.Өкпенің бөліктеріне,оның сыртқы қабаты плевраның құрылысына ерекше көңіл бөлген дұрыс. Студенттер тыныс алу жүйесінің мүшелерінің клеткалық құрамына назар аудару керек.Тыныс алу мен шығаруда плевраның алатын ролін жете түсіну қажет.
Бақылау сұрақтары:
Кеңірдектің құрылысы мен қызметі
Бронхылар, олардың құрылысы
Бронхылардың бұтақтануы.
Сегментарлы бронхылар.
Бронхиолалар.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Плевраның құрылысы мен қызметі
Негізгі және қосымша түсініктер: Кеңірдек. Кеңірдектің бифуркациясы .Сақиналы байлам .Бронхылар,сегментарлы бронхылар. Бронхиолалар.Өкпе. Өкпенің ұшы,негізі .Өкпе аралық қуыс .Өкпе қақпасы. Өкпенің терең сайлары .Ацинустар ,бөлекшелер, сегменттер,бөліктер .Өкпенің ацинустық күмбездері.Плевра,өкпелік(висцералды) және париеталды немесе қабыртқалық плевра .Плевра аралық қуыс.Плевра сұйықтығы.