Қаңқа жүйесі, бас сүйек қаңқасы. Бет бөлімінің сүйектері.

Сабақтың мақсаты: Студенттерді бас сүйегінің

қаңқасының бет бөлімі сүйектерін анықтауға

және сипаттауға үйрету.

Сабақтың мазмұны: Бас сүйек қаңқасы.

Бет бөлімі, оның сүйектерінің саны және орналасуы. Олардың құрылысы.

Жоғарғы жақ, денесі,маңдай,шықшыт,таңдай,алвеолярлы өсінділері;алдыңғы,самай асты,көз,мұрын беттері; көз асты шеті ,мұрын ойығы,,алдыңғы мұрын қыры,сүйір тіс шұңқыры, төмпек,альвеолярлы тесіктері,көз асты сайы мен каналы, көз жасы ойығы,кеуілжір жалы,альвеолярлы доға,мұрын қыры.

Төменгі жақ сүйегі:денесі және бұтақтары. Денесінің негізгі детальдары; негізі, иек асты қыры, альвеолярлы доға.Бұтақтары,буын және тәждік өсінділері,ойығы, бұрышы,төменгі жақ тесігі, бұлшық ет бұдырлары және шұңқыршалар,

Шықшыт сүйегі:латеральды,көз,самай беттері, маңдай,самай өсінділері шықшыт көз, шықшытжақ, шықшытсамай тесіктері.

Таңдай сүйегі: горизонтальды және вертикальды тақташалар; көз,сына,пирамида өсінділері; торлы,кеуілжірлі айдаршықтар; артқы,мұрын қыры.

Тіл асты сүйегі: денесі,үлкен және кіші мүйіздері

Кеңсірік;айдаршық,қанаттары.Төменгі мұрын кеуілжірі:көз жасы,жоғарғы жақ,торлы өсінділері.

Көз жасы сүйегі: мұрын сүйегі. Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысы.Негізі,ми жапқышы.Краниометрия вертикальды ,бетті9к,латеральды,шүйделік,базиллярлық нормалары.Негізгі краниометриялық нүктелер

Бас сүйектерінің бір-бірімен байланыстары:жіктер,буындар. Шұңқырлар мен тесіктер туралы түсінік.

СӨЖ- ге арналған әдістемелік нұсқаулар:

Бас сүйек қаңқасының бет бөлімі сүйектерін танып –білу үшін, ең алдымен, жеке сүйектерді олардың бөлімдерін бөліп алған жөн. Одан соң әр бөлімнің жеке детальдарын сыртқы бетінен бастап ми бетіне қарай қарастыра беру керек. Оқулықтардағы мәтіндермен жұмыс істеп, атлас кітабынан бүтін бас қаңқасындағы жеке бет сүйектерін тауып алу керек. Әрбір жеке сүйектің құрылысын зерттеу қажет. Үстіңгі жақ сүйегінің құрылысы мен пішініне аса маңыз аударып,оның адамға ғана тәндігіне,сонымен бірге төменгі жақ сүйегіндегі иегіне заманауи адамның белгілері ретінде аса көңіл бөлу қажет. Жұмыс барысында студент берілген сүйектің басқа қандай сүйектермен байланысатындығын есте сақтау керек.Жіктердің фиброзды байланыстардың бір түрі екендігін еске түсіріп,оларды пішіні және орналасуы бойынша атау керек.Негізгі краниометриялық нүктелерді атап,бас сүйектегі маңызды тесіктерді көрсете білу керек.

Оқу материалы : Бүтін бас сүйек қаңқасы, бас сүйектің горизонтальды кесіндісі, жеке бет бөлімі сүйектері.

Бақылау сұрақтары :

Висцеральды бассүйек қаңқасының жалпы сипаттамасы.

Үстіңгі жақ сүйегінің құрылысы.

Астыңғы жақ сүйегінің құрылысы
Шықшыт сүйегінің құрылысы

Таңдай сүйегінің құрылысы

Тіл асты сүйегінің құрылысы

Кеңсірік сүйегінің құрылысы

Төменгі мұрын кеуілжірі,көз жасы,мұрын сүйектерінің құрылысы

Бас сүйек қаңқасының жалпы біріккен құрылысы

Ауа қойнаулары: орналасуы және қызметтері

Негізгі краниометриялық нүктелер

Вертикальды норма

Беттік норма

Латеральды норма

Шүйделік норма

Базиллярлықнорма

Негізгі краниометриялық нүктелер және бас сүйектегі маңызды тесіктер

Сүйек байланыстары: жіктер және еңбектер.

Негізгі және қосымша түсініктер: Висцеральды бассүйек қаңқасы ауа(гаймор) қойнауы, альвеолярлы доға,мұрын қыры,кедір-бұдырлылық; жік,еңбек,норма, нүктелер.