Жоспар:
- Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне жалпы сипаттама.
- Сүйектер туралы ілім – остеология.
- Сүйектің құрылысы, химиялық құрамы.
- Тұлға қаңқасы.
- Омыртқа жотасы, омыртқалар.
Тірек – қимыл жүйелі мүшелеріне қаңқа, сіңір, буын және бұлшық еттер жатады. Адам қаңқасы жануарлар қаңқасына ұқсас.Одан айырмашылығы:
- адамның омыртқа жотасында ерекше иілімдер -лордоз,кифоз болады.
- адамның көкірегі жануарларға қарағанда кеңейген,
- адамның жамбасы жануарларға қарағанда жалпайған,
- адамның жануарлардыкіндей тұмсығы болмайды.
Қаңқа- скелет ( грекше skeleton- кеберу) адам және жануарлар денесіне белгілі бір пішін берумен бірге, тірек- қимыл және қорғаныш қызметін атқарады. Бұлшық ет, сіңір және буындар болмаса адамның қаңқасы тиісті қызметтерді атқара алмайды.
Қаңқа — тірек – қимыл жүйелі мүшесінің таяныш бөлігі, ал бұлшық еттер олардың белсенді қозғалтқыш бөлігі болып табылады.
Сіңірлер мен буындар қаңқаның сүйектерін бір-біріне байланыстырып,буын түзіп, қимылдың беріктігін, бекемдігін сақтайды және қозғалуға икемді етеді. Бұлшық еттер буындарды айнала шандып, жалғасатын 2-3 сүйекті бір-бірімен байланыстырады және жиырылған кезде сүйектерді біріне-бірін бірде жақындатып, бірде алшақтатады. Бұлшық еттердің бұл қызметін динамикалық қызмет деп атайды.
Адамның қаңқасы 250 сүйектен құралады. Оның 85-сі жұптасқан және 80-ні тақ сүйектер. Сүйек-мүше, ол арнаулы қызмет атқарады және негізінен сүйек ұлпасынан түзіледі. Сүйектердің барлығы сүйек қабығымен қапталады. Бұл өте жұқа және дәнекер ұлпасынан құралған қабат. Сүйек қабығында қан тамырлары, нерв ұштары болады. ол екі сыртқы және ішкі қабаттан құралады. Сыртқы талшықты қабатқа бұлшық ет пен сіңір берік жалғасады да ішкі қабаты сүйек түзетін остеобласт жасушаларынан тұрады.
Сүйек екі қабаттан құралады. Сыртқы қабаты тығыз заттан астыңғы қабат кемікті заттан түзіледі. Сүйектің қатты заттарының үш қабаты бар. Сыртқы қабаты бір-бірімен өзара қабаттасып сүйекке цилиндр тәрізді пішін береді. Ішкі қабат жіліншіктің майын қаптай орналасады.
Сүйектің ортаңғы қабаты аса қатты, әрі тығыз. Сүйекке беріктік пен қаттылық беретін зат остеондар. Сондықтанда сүйектің құрылым бірлігіне остеон жатады.
Сүйек органикалық және минерал заттардан тұрады. Са тұздары, Р қышқылы, Mg, C қышқылы, NaCl минералды заттарды құрайды. Ал органикалық бөлігін негізінен оссеин деп аталатын заттан тұрады.
Қыштан 30 есе, гранит 2,5 есе мықты тек темір берік.
Сүйектің берік болуы минералды заттарға байланысты. Серпімді болуы оссеинді заттарға байланысты. Біршама сүйектердің 1/3 бөлігі минералды затының 2/3 бөлігі органикалық заттардан құралатыны да мәлім.
Сүйектерді жіктеу.
Пішіні мен көлеміне байланысты және атқаратын қызметіне қарай сүйек ұзын, қысқа (кемікті), жалпақ және аралас сүйек болып бөлінеді.
А) Ұзын сүйек немесе тіліктің екі ұшы жуандау, ортаңғы бөлігі жіңішке, іші қуыс келеді. Жуантық екі ұшы жіліктің басы немесе эпифизі, ал ортаңғы бөлігі жіліктің денесі немесе диафизі деп аталады. Жіліктің екі басындағы буын беті жылтыр шеміршекпен қапталады. Диафиз бен эпифиз аралығы метафиз деп аталады. Эпифизде сүйектің қызыл майы диафизде сары майы болады.
Сүйектің дамуы:
Сүйек ұрық жапырақшасының мезодермалық бөлігінен қалыптасады. Сүйек затын жасайтынжас жасушалар остеобластар, ал сүйек затын бұзып, жоятын заттар остеокластар деп аталады. Остеобластар остеоциттерге айналған кезде аралық заттың түзілуі тоқталады. Дәнекер ұлпасы мен шеміршек ұлпасының сүйектенуі остеогенез деп аталады. Ол төрт жолмен жүреді.
А) Дәнекердің ішінен сүйектену
Б) Шеміршек қабығынан сүйектену
В) Сүйек қабынан сүйектену
Г) Шеміршектің ішінен сүйектену.
Адамның қаңқасы мынадай түрде бөлінеді.
- Тұлға сүйектері омыртқалар, қабырғалар, төс.
- Бассүйек қаңқасы, ми сауыты, бет сүйегі.
- Қол-аяқ қаңқасы.
Тұлға қаңқасы.
Тұлға қаңқасы негізінен омыртқа жотасы, 12 жұп қабыртқалар және төс сүйегінен тұрады.
Омыртқа жотасы адам қаңқасының негізі: Ол 33-34 омыртқадан құралады. Бұлардың 9-10 жалған, 24-ті нағыз омыртқалар. Жалған омыртқалардың кейбір бөліктері жойылады да өзара бітісіп кетеді.
Омыртқа жотасы атқаратын қызметі мен пішіні және орналасқан орнына байланысты мынадай бөлімдерге бөлінеді. 7-омыртқа – мойын, 12-омыртқа – арқа, 5- омыртқа бел, 5-омыртқа сегізкөз, 4-5 омыртқа құйымшақ. Ересек адамдарда сегізкөз және құйымшақ бөлігіндегі омыртқалар бірімен-бірі бірігіп өз алдына сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды.
Кез келген омыртқа денеден, доғадан және олардың аралығындағы омыртқа тесігінен құралады. Омыртқалардың тесіктері бір-бірімен жалғасып омыртқа жотасының ұңғылын түзеді. Ұңғылда жұлын орналасады. Омыртқа доғасында жоталық өсінді, екі көлденең өсінді, екі жоғарғы буын өсіндісі және екі төменгі буын өсінділері орналасады.
Мойын омыртқалар. Бұлардың көлемі басқа омыртқалардан кішірек болады. Пішіндері де бір-біріне ұқсас майда болады. Олардың көлденең өсінділері көлденең қабыртқалық өсінді деп аталады. Омыртқа артериясы өтетін көлденең тесігі ,VІ мойын омыртқаның қабырғалық өсіндісінің алдыңғы жағында ұйқы төмпешігі бар.
1-ші мойын омыртқа -ауыз омыртқа немесе атлант деп аталады.
2-ші мойын омыртқа аксис немесе эпистрофейдіңденесі тіс тәрізді өсіндісімен бірігіп тұтасып кеткен .
7-ші мойын омыртқасының жоталық өсіндісі өте ұзын болғандықтан оны шығыңқы омыртқа деп атайды.
Арқа (кеуде) омыртқалары. Бұлар мойын омыртқалардан ірі және олардың көлденең орналасқан жоталық өсінділері жақсы жетілген. Арқа (кеуде) омыртқаларының саны 12. Оларға 12 жұп қабыртқа буындасады.1-ші,11-ші,12-ші қабыртқалар қабыртқалық ойысқа бекінеді.2-10-шы омыртқаларға қабыртқалар үстіңгі және астыңғы жиектегі жартылай буын ойыстарына жалғасады.
Бел омыртқалардың саны 5-еу. Денесі өте үлкен және буын беті жазық. Көлденең өсінділері жалпақ әрі жазық болады. Бел омыртқалардың көлденең өсінділері маңдай жазықтықта ,ал буындық өсінділері жебе жазықтықта жатады
Сегізкөз омыртқалары 10-22 жаста жеке-жеке болады .25-30 жаста тұтасып сегізкөз сүйегіне айналады. Сегізкөз -үш бұрыш пішінді сүйек,оның негізі және ұшы болады. Бүйірінде жамбас сүйектерімен жалғасатын құлақ тәрізді буын беті болады.Сыртқы бетінде орталық қыр 2 бүйір қырлары,2 аралық қырлары болады. Сегізкөздің жұлын ұңғылы саңылауға айналады Оның 2 жағында 2 ашасы бар.
Құйымшақ омыртқалар 4-5 омыртқалардың бірігуінен пайда болады, омыртқалардың тек денесі бар. Құйымшақ қалдық мүше.
Кеуде немесе көкірек алдыңғы жағынан төс сүйегі 12 жұп қабыртқалар ,сырт жағынан омыртқалардан құралады. Кеуденің ішкі жағы кеуде қуысы деп аталады .Онда жүрек ,өкпе, жұтқыншақ ,кеңірдек т.б. мүшелер орналасқан.
Қабыртқалар қалақ тәрізді ұзын имек сүйектер.Олар12 жұптан тұрады. Қабыртқаның ортасы денесі алды мен арты ұштары деп аталады.Артқы ұшы қабыртқа басы деп аталады, қабыртқаның мойны және буын дөңестері болады. Қабыртқаның алдыңғы ойыс бетінде қан тамырлары өтетін жүлге бар.Жеті қабыртқа ұшындағы шеміршек арқылы төс сүйегіне тікелей бірігеді,бұлар нағыз қабыртқалар. 8,9,10-шы қабыртқалар жалған қабыртқалар төспен тікелей жалғаспай шеміршекпен ғана бірігеді .11-12-ші қабыртқалар бос, жетім қабыртқалар.
Төс сүйек –бұл қанжар тәрізді сүйек, 3 бөліктен тұрады: төс тұтқасы., төс денесі және семсер тәрізді өсінді.Алқаның екі жағындағы буын ойығына бұғана жалғасады. Осы жерде мойындырық ойысы болады.