Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері

Ежелгі германдықтар үшін тек ағаштар ғана емес, кейбір шөптер де қасиетті саналған. Олар, әсіресе кельттердің дәстүрлі діни жоралғыларында қолданылған. Үлкен Плиний кельттер қастерлеген екі өсімдікті жазып қалдырған: батпақ өсімдігі самолусты ашқарынға, тек сол қолмен терген. Друид абыздары өсімдіктерге пышақ тигізбеген, терер алдында жуынып- шайынған. Жұлынған өсімдікті таза матаға орап, кептірген. Галл друидтері мысалы, салаго өсімдігін кез келген сырқатқа тұмар ретінде пайдаланған.

Ежелгі мәдениеттерде өсімдіктердің емдік қасиетке ие болуы олардың шығу тегіне байланысты деп түсіндіреді.

Ежелгі германдықтар үшін тағы бір айрықша өсімдік — вербена (Vervain). Сырт қарағанда қарапайым ғана өсімдік, бірақ ежелгі гректер мен германдықтар үшін аса қастерлі болған. Гректер бұл өсімдікке әр түрлі ат қойып, айдар таққан: «Изиданың көз жасы», «Юнонаның көз жасы», «Шолпанның талшығы», «Меркурийдің қаны» т.б. Бұл өсімдікпен құрбандық шалу кезінде ғибадатханаларды безендірген.

Ежелгі германдықтар вербенаны «темір шөп» деп атап, қару-жарақтарын осы шөппен сүрткен. Олар вербенадан елестер мен жын-перілер қашады деп сенген. Әсіресе вербена күн тауешкі шоқжұлдызында туғанда ерекше қасиетке ие болады. Осы мезгілде туған балалардың еске сақтау қабілеті күшті болады, үйге береке әкеліп, егін-жай, жүзімдіктер жемісті болады деп ырымдаған [1].

Германдықтар вербенаны қасиетті шөп санап, кез келген тілекті қабыл етеді деп ойлаған. Түнде тілектерін тілей отырып, осы шөптің тұнбасын немесе шырынын денелеріне жағып тастаған.

Германдықтар арасында кең тарған дәстүр — төсек тартып жатқан адамның көңілін сұрап барарда қолтығына не қарнына осы өсімдікті таңып барған. Ауру адам жағдайын сұрағанда «жақсы» деп жауап қатса, онда сырқат қолмен сылып алғандай жоғалып кеткен, ал «жаман» десе, ол адамды тірілер қатарына қоспаған.

Вербена өсімдігін қолға түсіруде оның құпия-сыры одан сайын арта түседі. Ең алдымен бұл өсімдікті тек сол қолмен, жерді айналдыра қаза отырып байыппен алу керек, ешқандай құрал- сайман тигізбеген. Алынған вербенаны шықтың үстіне жатқызып, шық кепкенше түнімен қасында отырып күткен. Күн шығарда ғана үйге әкелген. Германдықтар өсімдікке темір тигізуден сақтанған, әйтпесе шөп өзінің құпия күшінен айрылады. Тағы бір ғажабы, вербенаны тек жылына бір рет, айсыз түнде, Шолпан не Меркурий шоқжұлдызында қазып алу керек. Егер вербена бал аштыру мақсатында қажет болса, онда айдың тек 23-і мен 30- ы аралығында қазып алған [2].

Француз оккультист — жазушысы Поль Седир вербенаның сүйіспеншілік құдіретін атап көрсеткен: «Тепла и умеренно влажна… Одно из 12 растений Розенкрейцеров. Годится для приготовления могущественного любовного раствора». Ұзақ уақыт бойы вербенаны тек германдықтар ғана емес, басқа да халықтар барлық ауруға ем болатын әмбебап дәрілік өсімдік ретінде қараған. Әсіресе, безгек, әлсіздік, бас ауруларының таптырмас емі. Қышымаға қарсы қолданып, тіпті балаларды оның тұнбасына шомылдырған. Германдықтар оның белсіздікке, қаназдыққа, бауыр ауруына, тамақ пен ауызды шаюға, тері аурулары мен ұшыққа мың да бір ем болатынын жақсы білген.

Вербенаның «көгершін шөбі» деген де атауы бар. Себебі дұшпандарымен келісім жасауға аттанған елшілер осы шөпті өздерімен бірге ала жүрген.

Вербенамен үйді аластаған. Германдықтардың сенімі бойынша, осы шөппен денеңді ысқыласаң, тілектерің қабыл болады. Галлдар тамақ ішетін орынды вербенаның сабағы салынған сумен аластаған, тамақ сіңімді болады деп ойлаған. Сондай-ақ олар шарапқа тұндырылған вербена тұнбасын жылан уына қарсы қолданған.

Ежелгі Галлия мен Британиядағы друид абыздары омелаға табынғандай, вербенаға да тәу еткен. Олардың сенімі бойынша вербена мың да бір ауруға шипа болатын қасиетті өсімдік. Друидтер вербенадан каббал атты сиқырлы сусын дайындаған. Олар оны «махаббат отын лаулататын, дұшпандарды татуластыратын, жын-періден тазартатын өсімдік» деп дәріптеген.

Алхимик, медицина профессоры, химиялық философияға арналған еңбектердің авторы әрі ІІ Рудольф патшаның сарай дәрігері болған Освальд Кроллиус (1560 — 1608), өзінің «Патшалық химия» атты кітабында вербена жайлы былай деп жазған: «От водобоязни — пить кипяченные в вине стебли вербены, а к ранам прикладывать свежеизмятые листья. В пластыре она излечивает боли. Надеть вербену детям на шею, помогает их успехам и развитию. Сорванная в марте и смешанная с семенами годовалого мака, излечивает падучую. Надетая под влиянием планеты Венеры, излечивает золотуху, язвы и задержание мочи. Благодаря обильному содержанию спермы, делает страстным в любви. В пластыре утоляет боли. Хороша от ссадин и геморроидальных ран. В горячей воде с медом облегчает дыхание. Корень полезен при разведении виноградных и фруктовых деревьев» [3].

Ел аузында осы бір өсімдік жайлы мынадай нақыл қалған: «Vervain and Dill / Hinder witches from their will».

Сонымен бірге омела да (mistletoe) ежелгі британдықтар үшін орны ерекше өсімдік. Омела — улы, мәңгі жасыл өсімдік, ол негізінен қарағайлардың басында өседі. Кей кездері емендердің де үстінде өсіп тұрғанын көруге болады. Бұл ағаш жерде өспейтіндіктен топырақтан нәр алмайды, керісінше өзі өсіп тұрған ағаштан нәр алады.

Омела ежелгі Скандинавияның тұрғылықты халқы арасында аса танымал болған. Олар оны бейбітшілік өсімдігі деп санаған. Егер омела өсіп тұрған ағаштың астында шайқас бола қалса, олар дереу қару — жарақтарын тастай салып, келесі күнге дейін мәмілеге келуге тырысқан. Британдықтар арасында кеңінен танымал Бальдур туралы аңыз да осы омеламен тығыз байланысты.

Омела — ежелгі Британияны мекендеген тайпалар үшін қастерлі ағаш. Друид абыздар құдайға құрбандық шалу рәсімінде осы ағашты пайдаланған. Олар омелада магиялық күш бар деп сенген. Омела өскен жерде шайқаспаған, үйлерін омеламен безендірген. Сонымен қатар омела друидтердің үйлену тойларында кеңінен қолданылған [4].

Ал кельттер оны емдік шөп ретінде қастерлеген. Кельт тілінде омела дәру, ем деген мағынаны білдірген; омела сырқаттарды емдеуге пайдаланылып, уды қайтарған, үйді жын-періден қорғап, сәттілік әкеледі деп сенген.

XVIII ғасырда Ұлыбританияда омела емдік қасиетімен емес, магиялық күш ретінде танымал болды. Әсіресе ол Рождество мерекесінде сәндік бұйым ретінде қолданылды. Адамдар омеланы үйдің төбесіне жағалай іліп, астында бір-бірімен сүйіскен. Омеланың астында тұрып сүйісу — терең сүйіспеншілік пен берік достықты, ізгі ниетті білдірген. Жазбаларға сүйенсек, омела астында тұрып сүйісу дәстүрі сонау солтүстік халықтарының аңыздарынан бастау алады. Аңыз оны былай тарқатады: құдай аналардың бірі Фриза ұлы Бальдурға жауынан қорғап жүру үшін омеланың бір бұтағын беріпті, бірақ суда да, жерде де өспейтін омела Бальдурға зияндық қуатын жіберіпті. Омеладан жасалған жебе ақыры Бальдурдың түбіне жетіпті, анасы баласын жоқтап жылағанда көзден аққан жас ақ жидектерге айналыпты. Ол баласын қайта тірілтіп, омела астында тынығып, жантайған кез келген адамды сүюге бұйрық беріпті-мыс. Міне, осыдан бастап сүйісу дәстүрі басталған сыңайлы.

Дегенмен, омела астында тұрып сүйісудің де шегі болған, яғни әр сүйіскен сайын оның жидегін жұлып алып отырған, жидек таусылғанда сүйісу де тоқталған. Келесі бір жазбаларда омела астында тұрған қызды ер адам сүюі тиіс.

Омеламен жаңа жылда үйді безендіру сонау ежелгі дәуірге келіп тіреледі. Римдіктер Галлия мен Британияны жаулап алғанда, кельт тайпасы аралды мекендеген еді. Ағаштарды қатты құрметтейтін кельт абыздары — друидтер үшін омеланың да орны айрықша болған. Олар омела астында тұрған адам шексіз бақытқа кенеледі деп сенген. Омеланың қасиетті болуының бір сыры — оның жерде тамыр жаймауы. Омела өз өскіндерін тура діңінен ағашқа түсіріп, сол ағаштан нәр алған [5].

Ағаштардың басында өсіп, паразиттік тіршілік ететін, мәңгі жасыл омела рухтармен байланыстырылды, сондықтан омела тілдік ғұрыптардың басты нысаны болды. Паразит өсімдік көбінесе емендердің үстінде өседі. Омела- қайта жаңарудың және отбасылық өмірдің символы болған. Сондықтан да кельттер мен германдықтар қадір тұтқан. Ол — друидтер сенімінде «алтын бұтақ» және емен түріндегі әйел рухын бейнелейді. Оның жидегінің шырыны — тән мен рухтың азығы.

Кельттер үшін ұрпақ өрбіту, байлық, қорғаныш, дәру, қайта жаңару, жасампаздық — сиқырлы алтын бұтақ.

Омела туралы аңыздар ежелгі рим тарихшысы Плинийдің (б.з. 24-79) және Вергилийдің жазбаларында да ұшырасады. «Причиной поклонения ей Магов древних галлов по версии Плиния, было то, что все растущее на дубе считалось божественным. При этом омела не имела корней в земле, и было не ясно, откуда она появляется на дереве».

Үлкен Плиний әсіресе осы өсімдік туралы егжей — тегжейлі жазған: «Друиды не называли ничего более священного, чем это растение и то дерево, на котором оно росло (возможно, это дуб). Вырастали целые рощи с омелой, ветви дуба использовались во всех религиозных обрядах. Все, что росло на дубе, считалось посланным с неба, и наличие на нем омелы показывало, что бог выбрал это дерево для своего покровительства. Обнаружение омелы, достаточно редкое, было особым ритуалом. В шестой день Луны омелу собирали. Приготовления к жертвоприношению и празднику делались под деревом, и туда приводили двух белых быков, рога которых никогда не были связаны. Друид, облаченный в белое, влезал на дерево и срезал омелу золотым серпом. Когда она падала, ее ловили в белую ткань; затем приносили в жертву быков и произносили молитву о том, чтобы бог дал им дар процветания. Омела называлась «универсальным целителем», а сделанная из нее микстура делала бесплодных животных плодовитыми».

Атақты британ дінтанушысы, антрополог, этнолог, культуролог, фольклорист және дін тарихшысы Джеймс Джордж Фрэзер Вергилийге еліктеп оны алтын бұтаққа теңеп, былай деп жазған: «Чудесное растение, мерцающее золотым светом среди зеленой листвы. Именно холодной зимой омела, постоялец дерева, всегда инородный ему, неутомимо выставляет свежую зелень, пятная темный ствол желтизной своих ягод, …чем кажутся золотые листья среди зеленой листвы дуба, и что эти золотые листья шепчут кроткому ветерку».

Сонау көне заманнан бізге осы өсімдік жайлы «The mistletoe hung in the castle hall, / The holly branch shone on the old oak wall» деген сөздер жетті [6].

Ал мына жолдардан омеланы Америкаға және Еуропаға таратқан друидтердің тікелей ұрпағы болып саналатын ағылшындар екенін байқауға болады; «Англичане, как потомки друидов, обожествляют омелу белую, растущую на дубе, считая ее самым священным растением. Свою искреннюю веру в целебно-магические свойства омелы белой англичане доказали делом. Переселенцы, уезжая в далекую Америку, непременно брали с собой омелу белую — как талисман — оберег и лекарственное средство. На новой земле омела белая стала частицей родной Англии, стала символом верной любви и счастья. Кстати, любовь американцев к омеле белой стала традицией: в канун Нового года веточка омелы украшает дом каждой американской семьи».

Омела жазушылардың да шығармаларына арқау болған: «Лукаво и нахально они подмигивали с полок пробегавшим мимо девушкам, которые с напускной застенчивостью поглядывали украдкой на подвешенную к потолку веточку омелы», Ч.Диккенс.

Қазіргі медицинада бұл өсімдіктің зәр айдайтын және қан қысымын түсіретін қасиеті анықталған, оның обыр ауруына қарсы әсері әлі де клиникалық сараптамаларды қажет етеді.

Әдебиет:

1.Фрэзер Дж., Золотая ветвь, пер. с англ., М., 1980

2.Graves R., White Goddess, N. Y., 1948, p. 48 и сл.

3.Funk and Wagnalls standard dictionary of folklore, mythology and legend, v. 2, N. Y., 1950, p. 731-32

4.Jobes G., Dictionary of mythology, folklore and symbols, pt 2, N. Y., 1961,

5.http://www.learnenglish.de/culture/christmas.html

6.В. Н. Топоров . Мифы народов мира. Энциклопедия: С. 3

7.http://www.e-reading.co.uk/chapter.php/65633/9/

8.http://magickraft.ucoz.net/forum/87-693-4

9.http://narodworld.ru/gally/religiya-gallov.html

10. http://maminsite.ru/forum/viewtopic.php?f=366&t=491

Алибекова А. О. Ежелгі германдықтардың қасиетті өсімдіктері [Текст] / А. О. Алибекова, Г. М. Кадырова, А. С. Ержанова // Молодой ученый. — 2015. — №8.1. — С. 51-53.