Жоспар:
1.Бұлшық еттер туралы ілім (миология)
2.Біріңғай салалы және көлденең жолақты бұлшық еттер.
3.Бұлшық еттердің құрылысы, пішіні, қосымша мүшелері.
Лекция мәтіні
Бұлшық еттер тірек қимыл аппараттарының негізгі бөлігі. Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетінде. Бұлшық ет жұмысы жүйке жүйесімен реттеледі. Егер бұлшық еттер жиырылған кезде дене, бірорыннан екінші орынға ауысса динамикалық, ал егер бұлшық ет жиырылғанда, дене қозғалыссыз қалса-статикалық жұмыс деп атайды. Бұлшық еттер пішініне қарай әр түрлі қызмет атқарады. Оларың күші көлденең қимасына яғни ет талшықтарының санына олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Адам денесіндегі бұлшық еттер: 1)біріңғай салалы және 2)көлденең жолақты (қаңқа) 3) жүрек бұлшық етінен тұрады. Біріңғай салалы еттер ішкі мүшелердің тамырлардың және терінің құрамын- да кездеседі. Бұл ұлпа жалпы еріксіз жиырылып, ішкі мүшелердің толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп таралуын қамтамасыз етеді. Еріксіз жиырылатын еттерге жүрек бұлшық еті де жатады.
Бірыңғай салалы бұлшық еттің функциональды өлшемі-миоцит тобы.бірыңғай салалы ет ұлпаның құрылыстық бірлігі болып миоцит клеткалары, ал қызметтік бірлігі болып миоцит тобы саналады. Миоцит дәнекер ұлпадан қоршалған олар жүйке талшықтарынан нервтеліп, ол жерде жүйкелер қозуы бір жасушадан екінші жасушаға жасушааралық тиіспемен беріледі. Миоциттер жіңішке актин, жуан миозин және аралық филаменттерден тұрады. Еттің жиырылуы осы актин және миозин филаменттің сырғанауына байланысты. Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық еттер адамның еркіне байланысты денені қозғап жүргізеді, теңдікті сақтауға қатысады т.б. қимыл қозғалыстары осы ерікті жиырылатын көлденең жолақты ет қызметіне байланысты. Сонымен бұлар бірыңғай салалы ет ұлпасынан айырмашылығы ерікті жиырыла алады. Әрбір бұлшық ет талшықтарын жүйке ұштығы қамтыған. Бұлшық ет саркоплазмасы миоглобин белогына бай. Миоглобин, гемоглобинге ұқсап оттегін байланыстырады. Бұлшық ет талшығының пішініне және саркоплазмалық миоглобиннің мөлшеріне қарай-күрең қызыл, ашықтау және аралық бұлшық ет талшықтары болады. Саркопазмасы көп талшықтар қызарып баяу жиырылады, ал саркоплазмасы аздарының ақшылданып өте тез жиырылатын қасиеті бар, бірақ тез шаршайды. Бірыңғай салалы бұлшық еттер баяу жиырылса да өте күшті жиырылады. Барлық бұлшық еттерді жүйке талшықтарымен қамтамасыз етіледі.
Бұлшық еттердің құрылысы, пішіні, қосымша мүшелері.
Қаңқа бұлшық еттері жұп және тақ болып сүйектерге жабысып тұрады. Қаңқа бұлшық еттері бірнеше қабат болып жатады. Әрбір бұлшық еттің ортасын-денесі, ал екі шетін сіңірі дейді. Бұлшық ет құрамының 75-і су және 25-і тығыз заттан (белок, май, көмірсу, тұздардан) тұрады. Бұлшық ет майда миофибриялардан (ет талшықтары ) түзілген. Олар ядродан және сыртын қаптап жатқан сарколемма деген қапшықшасы болады. Миофибриялар бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер тканінен тұратын кілегей қабықшасымен қапталған.
Қаңқа еттері мүше ретінде көлденең-жолақты ет талшықтары бірігіп, олар дәнекер ұлпа қабықшасымен қапталған, оны эндомизия дейді. Егер олардың бірнешесі бірігіп жуандау будалар құраса ,оларды онда перимизия дейді, ал жалпы бұлшық ет тығыз қабықшамен қапталса-эпимизия немесе фасция дейді. Бұлшық еттердің түсі оның жұмысына қарай қызыл және боз ( ақшыл-қызғылт) болады. Егер бұлшық ет көп қызмет ететін болса қанның көп келу нәтижесінде күрең қызыл, ал аз жұмыс істесе ашықтау келеді. Бұлшық еттіңтүсі жасқа қарай өзгереді. Мысалы: жаңа туған нәрестеде ашық қызыл болады. Өйткені ересек болған сайын, қимылдау жұмысының артуы мен күрделенуіне байланысты қызыл бола бастайды. Бұлшық еттер негізінде сіңір арқылы сүйекке жабысады бірақ кейбір бұлшық еттер екінші ұшымен теріге, сіңірге, бұлшық етке, шеміршекке бекуі мүмкін.
Бұлшық ет жиырылған кезде бір ұшы тұрақты қалады, оны бұлшық еттің басы дейді, ал қозғалатын ұшын құйрығы не ұшы дейді.
Пішіні: Бұлшық еттердің пішіні мен көлемі және бұлшық ет талшықтарының бағыты оның атқаратын жұмысына тығыз байланысты. Сол себептен пішіні әр түрлі. Оларды жай , күрделі және қауырсынды бұлшық еттер деп 3 топқа бөлуге болады.
Жай бұлшық еттерге ұзын, қысқа, жалпақ, сақина тәрізді, дөңгелек бұлшық еттер жатады. Ұзын бұлшық еттер қол-аяқта кездеседі. Олардың орталығы жуан болып қарынға, ал екі ұшы жіңішкеріп тарамысқа немесе сіңірге айналады. Оның дистальді ұшын басы, ал прокисамальды ұшын құйрығы дейді.
Қысқа бұлшық еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында.
терең орналасқан Жалпақ бұлшық еттерге көбіне тұлға бұлшық еттері жатады. Мысалы: құрсақ, арқа, көкірек бұлшық еттері жалпақ бұлшық еттердің сіңірлері жалпақ болып бірігеді. Оларды апоневроз дейді.
Сақина тәрізді бұлшық еттер денедегі табиғи тесіктердің айналасында орналасқан. Мысалы: ауыз, көз, қуық, тік ішектің сыртқы тесігіндегі дөңгелек бұлшық еттер өздерінің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде оларды тарылтады. Сондықтанда оларды қысушы бұлшық еттер деп атайды.
Күрделі бұлшық еттерге екі басты, үш басты, төрт басты, екі қарынды және сіңірлі құйрықтары бұтақталып бірнеше сүйектерге барып бекитін бұлшық еттер жатады. Мысалы: тоқпан жіліктің екі, үш басты бұлшық еттері көп басты.
Егер бұлшық ет талшықтары сіңірлі жиегіне қиғаш орналасса, оны жарты қауырсынды бұлшық ет, ал талшықтар сіңірлі өзекке екі жағына бірдей қиғашталып орналасса бүтін қауырсынды бұлшық ет дейді. Мысалы: иық дельта тәрізді бұлшық етінде осы екеуі де кездесе- ді. Көп басты бұлшық еттердің басталуы бір сүйектің екі, үш, төрт жерінен басталып (жалпы бір қарынға бірігіп) бәріне ортақ бір қарын және бір құйрық түзеді.
Кей бұлшық еттің қарыны тарамыс арқылы екіге немесе бірнеше көлденең сіңірлі жолақ қынаптарға бөлінеді. Мысалы: құрсақтың тік бұлшық еттері.
Бұлшық еттердің қосымша мүшелері. Олар бұлшық еттің жұмысына жәрдем береді. Оларға: шандыр қабық (фасция) , шырышты қалталары, сары сулы қынап, сесам сүйектері, блоктар жатады.
Фасциялар еттің дәнекер теріден құралған қабаты беткі, терең және мүшелер шандырлары деп бөлінеді. Беткі шандырлар терінің астында орналасқан, тері асты клетчаткасының тығыздалған түрі болып табылады.