Эвристикалық әрекеттің элементтерінің сипаттамалары

Жоспары:

  1. Анықтаушы сипаттама.
  2. Әрекет сипаты.
  3. Ақпараттық динамиканың сипаты.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

1.Пошаев Д.Қ. Ғылыми – педагогикалық зерттеу негіздері Шымкент, 2003.

2.Асқаров Е., Балапанов Е., Қойшыбаев Б. Ғылыми зерттеулердің негіздері.Оқу-әдістемелік құрал. А., 2004.

3.Введение в научные исследование (Под. Ред. В.И.Журавлева).М,1998.

4.Герасимов И.Г. Структура научного исследование.- М,1995.

5.С.Мақпырұлы. Курстық және дипломдық жұмыстар. Қазақстан жоғары мектебі. 2005.№4.

6.Загвянский В.И. Учитель как исследователь.- М,1980.

7.Квиткина Л.Г.Научное творчество студентов.-М,1980

8.Е.С.Асқаров,Е.А.Қойшыбаева. Ғылыми зерттеулердің негіздері.А,2004.

9.Соколов В.Н. Педагогическая эвристика. М., 1995. С.110-206.

10.Эвристика. Разработано О.Е.Столяровой.

Қосымша:

1.Роках А.Г. Логика и эвристика научно-технических решений. Саратов, 1991, С.39-87.

2.Гурова Л.Л. Психологический анализ решений задач. Воронеж, 1976.С.32-52, 898-177, 236-304.

3.Шумилин А.Т. Проблемы теорий творчества. М., 1989. С.13-32,54-71.

4.Пушкин В.Н. Эвристика-наука о творческом мышлении. М., 1967.

5.Серебрянников О.Ф. Эвристические принципы и логические исчисления. М., 1970.

  1. Альтшуллер Г.С.Найти идею.Введение в теорию решения и:изобретательских задач. 2 изд. -Новосибирск: Наука. 1991, 224 с.

Лекция мәтіні:

1.Қарастырылған эвристикалық әрекеттің элементтері (шындыққа жақын пікірлер, эвристикалық ережелер, амалдар және стратегиялар) нақты эвристикалық іздеуде қаншалықты өзара байланысты болса да оқшаулау және оңаша (обособленно) сипатталған. Нақты бір есепті шешу кезінде олардың бастыларын анықтау қиын. Эвристикалық әрекеттердің элементтерінің жүйелі қолданылуын процедура (процедура – қандай да бір мақсатқа бағытталған әрекетті орындаудың және жүзеге асырудың механизмі) ретінде сипаттау үшін оларды басты сипаттамалар негізінде классификациялаймыз (тіктейміз) және идентификациялаймыз (идентификация – теңбе-теңдік орнату) және бастысын анықтаймыз.

Эвристикалық әрекеттің элементтері оқытудың дәстүрлі жолдарында ойлау амалдары ретіндке қарастырылады. Бірақ, онда жиыны ойлау әрекетінің картинасын анықтайтын олардың көптеген сипаттамалары ескерілмейді. Мұндай сипаттамаларға әрекет сипатын, информациялық динамиканы және эвристикалық функцияларды жатқызуға болады.

Анықтаушы сипаттама

Жоғары бағалау(1) Альтернативті (баламалы, ұқсас) іздеу

ережесіжағдайында мүмкін әрекетті таңдау бойын-

ша эвристикалық сипаттағы ұсыныс.

Элементар эврис-(2) Есепті түсінуге, оны шешуде жеткіліксіз

тикалық әрекетболған ақпаратты іздеуге және оның ішкі,

сыртқы байланыстарын табуға бағытталған

бастапқы деңгейі.

Редукция(3) Берілген есепті шешуі оңай болатын

көмекші есепке не олардың жүйесіне

келтіру және солардың негізінде берілген

есепті шешу жолын іздеуге қайта оралу.

Есепті шешу(4) Берілген есепті шешудің мүмкін болатын

Жоспарын құружоспарын қалыптастыруға мүмкіндік беретін

көмекші есептердің тізбегін таңдау

стратегиясы.

Индукция(5) Жекелеген фактілерден жалпылама

қорытынды жасауға өтілетін құбылыстарды

бақылау негізінде экспериментальды үйрену

жолы.

Анология(6) Түрлі обьектілердің теңбе-тең емес

пропорция, сәйкестік, ұқсастық, өлшемі

негізінде белгілері немесе қатынастары,

қандай да бір қасиеттері туралы эвристика-

лық қорытынды.

Жалпылау(7) Обьектілердің кіші (аз) жиынын қарас-

тырудан үлкен жиынға, бастапқы жиындар-

дан тұратын жиынға өту

Специялизация(8) Берілген обьектілер жиынын қарастыру-

дан бастапқы жиынның обьектілерінің ішкі

жиынын қарастыруға өту.

Суперпозиция(9) Бастапқы есепті барлық мүмкін бола-

тын жағдайларды сапқа пайдаланатын

жеке жағдайларға келтіру.

Симметрия(10) Қандай да бір обьектілер немесе

олардың бөліктерінің арасындағы қаты-

нас түрі. Обьектілердің немесе олардың

бөліктерінің орнын ауыстырғанда қаты-

нас түрі өзгермейді.

Инверсия(11) Обьектілерді эвристикалық симмет-

риялы-қарама-қарсы жағдайда қарасты-

руға назар аударту.

Салыстыру(12) Есептер арасындағы айырмашылық-

ты және ұқсастықты анықтау мақсатын-

да салыстыру.

Біртіндеп

жуықтау әдісі(13) Алдыңғы сынаулардың қатесін

жөндеуге тырысатын бірнеше сынау-

лардан тұрады.

Шындыққа жататын(14) Эвристикалық амалдарда табылған

пікірлер (ойлар)байланыстарға және тәуелділіктерге,

сенімді фактілерге негізделген пікірлер.

2.Әрекет сипаты

(1)– эвристикалық әрекеттің тиімді өтуін реттейді.

(2)– есепті элементар бөліктері қаттырақ зерттелетін жеке компаненттергекелтіру.

(3)– бастапқы есептің өзекті белгілері негізінде есеп қалыптастыру.

(4)– бастапқы есепті нәтижелілігі төмен көмекші жүйеге келтіру.

(5)– нәтижелілігі жоғары есепке өту.

(6)- ұқсас есепке келтіру.

(7)– нәтижелілігі жоғары есепке өту.

(8)– нәтижелілігі төмендеу есепке өту.

(9)– біріккен шешімдері бастапқы есептің толық шешімін табуғамүмкіндік беретін нәтижелілігі төмендеу есепке өту.

(10)– табылған ұқсастық негізінде эквивалентті есепке өту.

(11) – шешімдері бастапқы есептің шешімдеріне бағыттайтын түрі өзгертілген есепке өту.

(12) – бастапқы есепте ұқсастық пен айырмашылықтарды анықтай алатын ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.

(13) – нәтижелілігі төмендеу есепті қалыптастыру және шешу.

(14) – эвристикалық жоспар дайындау бойынша интегралдаушы әрекет.

3.Ақпараттық динамиканың саны

  • – эвристикалық іздеуді ақпараттық қамтамасыздандырудың тиімділігін реттейді.
  • – есептің ақпараты түсінікті схема түрінде детальданған (бөлшектенген).
  • – кеңейтілген ақпараттық қамтамасыздандыру.
  • – дискретті ақпарат негізінде есепті шешуге әрекет жасау.
  • – жалпы заңдылықтарды табу.
  • – квазиэквивалентті есептің ақпаратын пайдалану.
  • – обьектілердің кеңдеу жиынын қамтитын есепті қалыптастыру.
  • – эвристикалық іздеудің ақпараттық қамтамасыздандырылуын арттыру.
  • – жеке есептердің шешімі туралы ақпаратты біріктіру.
  • – эвристикалық іздеудің ақпараттық қамтамасыздандырылуын арттыру.
  • – ақпараттарды қайта топтау немесе құрастыру.
  • – ұқсас ақпараттарды табу және тасымалдау.
  • – сынау санының өсуімен ақпараттың өсуі.
  • – эвристикалық стратегияға сенімді ақпараттарды интегралдау.

Негізгі сипаттамалары бойынша қарастырылған және жүйелендірілген эвристикалық әрекеттің элементтері оның мәнін терең түсінуге, сондай-ақ оларды оқу-тану процесінде, шығармашылық жұмыста, кибернетикадағы ғылыми әрекеттерде пайдалануға мүмкіндік береді.

Қарастырылған барлық сипаттамалар эвристикалық әрекеттің элементтерінің табиғаты және маңызымен анықталады. олардың табиғаты адамның әрекетіне, ал мәні – осы әрекетті жалпылауға негізделеді.