Рестрикциялық ферменттер (эндонуклеазалар

Жоспары:

1.Рестриктизалалық ферменттердің ашылуы

  1. Рестриктизалалық ферменттердің типтері

Лекция мәтіні :

1.Ген инженериясының немесе рекомбинантты ДНҚ технологиясының қалыптасуы ерекше ферменттер класы — эндонуклеазалардың немесе рестриктазалардың ашылуымен және қолданылуымен байланысты. Рестрикция ферменттерін 1972 ж. В. Арбер бактерия клеткасында ашты. Барлық бактериялар қос тізбекті ДНҚ-ның белгілі нуклеотидтер бөлігін үзе алатын бір немесе бірнеше рестриктазаларды синтездейді. Рестрикция ферменттерінің клеткадағы қызметі — бактерияға енген бөтен ДНҚ молекуласынан қорғау, рестрикция тоқтату деген мағынаны білдіреді. Рестрикция ферменттері фагтың нуклеин қышқылын үзіп, оның бактериялық клеткада кебеюіне жол бермейді.

2.ДҢҚ тізбегінің үзілуі не симметрияның өсі бойынша жүруі мүмкін, онда «доғал» ұшты фрагменттер түзіледі (мысалы, Ваll немесе ВsuRI рестриктазалары), не симметрия өсінен біршама қашықтықта өтуі мүмкін, онда шығыңқы «жабысқақ» 5′ (ЕсоRІ, Ніnd III— және т. б. рестриктазалар) немесе 3′ (РstІ рестриктазасы) ұштары бар фрагменттер түзіледі.

Әр түрлі рестриктазалардың II типінің ішінен ДНҚ-ның бір нуклеотидтер қатарын танитын екі немесе бірнеше ферменттер кездеседі. Осындай жұп немесе топ эндонуклеазалар изошизомерлер деп аталады. Изошизомерлердің екі түрін ажыратады: нағыз изошизомерия — ферменттер белгілі бір нуклеотидтер қатарын танып, ДНҚ-ны бір нүктелерде үзеді және жалған изошизомерия — ферменттер бір нуклеотидтер қатарын тани алға-нымен, оларды әр түрлі үзеді.

Рекомбинантты ДНҢ техникасы үшін алуан түрлі рестрикция ферменттерінің ішінен өздеріне комплементарлы «жабысқақ» ұштары бар фрагменттер түзейтін рестриктазалар бағалы болып саналады.