12-жылдық білім беру жүйесіне болашақ маман даярлауда педагогикалық құзіретттілікті оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңызы.

Жоспары:

1.12-жылдық мектептін негізгі мақсаты

2.Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары

3.12-жылдық білім беруде педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары. 4.Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

5.Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

6.12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ мамандарға сілтемелер.

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім беру жүйесіне болашақ маман даярлауда педагогикалық құзіретттілікті оқу-тәрбие үрдісінде қолданудың маңызын түсіндіру

Лекция мәтіні (қысқаша):

1.12-жылдық мектептін негізгі мақсаты.

12-жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамд арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адам алыптастыруды көздеген заман талабы. Білім беруді сапалы дамыту мәселелері тек әлеуметтік емес елдің экономикалық дамуының негізі ретінде де танылған.Білім беру жүйесінің маңызды да күрделі сатысы-бастауыш мектеп,сондықтан ол мұндай мақсатқа жетуде ерекше орын алады. Бұл сатыда білім берудің басты ерекшеліктері «Жалпы білім беретін мектеп бастауыш сатысындағы білім мазмұны Тұжырымдамасында» айқын көрсетіліп,әрі оқушының дарынын ашу тұрғысында мұғалімдер қауымына тың міндеттер жүктеп,оларға әрбір мәннің мақсатын қайта карауға бағыт береді.

12-жылдық мектептін негізгі мақсаты:

  • жедел дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
  • өзін-өзі дамытуға;
  • өз ойын еркін айта білуге;
  • өз қалаулары мен қоғам талабына сай,өзін көрсете білетін жан-жақты білімді сапалары қалыптасады. Оның мәні:оқушылар мен мұғалімдер ұжымында диалогтік қарым-қатынасты жүзеге асыру; өзге адамдармен жайлы қарым-қатынас, түсінісу, шығармашылық жұмыстар арқылы бірлесіп әрекет істеуге бейімділігін дамыту.

2.Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары.

Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары тұлғаны педагогикалық үдерістегі субъект ретінде танып, оның бойындағы әлеуеті мен мүмкіндіктерінің дамуы үшін қолайлы орта туғызуды көздейді. Тұлғаның өзіндік сапаларын дамыту, оны өз әрекетінің субъектісі ретінде қалыптастыру, өзіндік рефлексия арқылы өз тәжірибесіне сыни көзбен қарау арқылы өз әрекеттерін, айналамен қарым-қатынасын кайта зерделеуін көрсетеді. Осы педагогикалык шарттар орындалған жағдайда окушы дайын білімді игеруші емес, білім материалын өзі зерделеу арқылы шындықты танушы тұлға болады, яғни бұл үдерісте оқушы — әрекетті жузеге асырушы және субъектілік тәжірибесіне сүйену аркылы оқушы — өзін-өзі тәрбиелеуші болып қалыптасады. Мұндай тұлғаға бағдарланған оқытуды жүзеге асыратын болашақ педагогтардың өздері де әрекетті жүзеге асырушы және өзін-өзі тәрбиелеуші болуы тиіс.

3.12-жылдық білім беруде педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары.

Педагогтың кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту жұмыстары сан қырлы. Біз бұл саладағы ізденістерімізді екі бағытта топтап көрсетуді жөн көрдік. Педагогтардың құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту аддымен педагогтардың теориялық білімдерін қажет етеді. Сондықтан бірінші бағыттағы жұмыстар 2009 жылдан бастап «12-жылдық білім беру жүйесінің педагогикалық-психологиялық негіздері» атты арнайы курс енгізу арқылы жүргізілуде. «12-жылдық білім беру жүйесінің психологиялық-педагогикалық негіздері» атты таңдау пәнінің мақсаты — болашақ мамандардың 12-жылдық мектепте жұмыс жасай алатын жаңа тұрпатты мұғалім болып қалыптасуы үшін кажетті білімдерінің базалық деңгейлері (ғылыми-теориялық, әдістемелік, психологиялық педагогикалық) қатарындағы психологиялық-педагогикалық дайындықтарын қалыптастырып, дамытуға негіз салу.

Бағдарлама оқу-әдістемелік қамтамасыз еткенде ғана жүзеге асатыны белгілі. Алдымен оқу-әдістемелік кешеннің электронды нұсқасы дайындалып, байқаудан өткізілген соң, институт қаражатына А.Кенжеғұлованың авторлығымен 500 дана 13 баспа парақтық «12-жылдық білім беру жүйесінің педагогикалык-психологиялық негіздері» атты оқу-әдістемелік құрал шығарылды. Оқу-әдістемелік құрал кұрылымы мен мазмұны студенттердің ақпараттық, коммуникативтік, проблеманы шеше білу құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатын көздей, зерттеушілік оқыту технологиясына негізделе жасалды. Сонымен катар студенттерді, оқьпушыларды, мектеп мұғалімдерін 12-жылдық білім беру жүйесі бойынша нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету мақсатында Масrо Меdіа Ғlesһе бағдарламасымен дайындалған нормативті құжаттардың 7 тараудан тұратын «Сызбалар жинағы» электронды дискіде шығарылды. Бұл арнайы курс бакалавриатпен қатар магистратураның педагогика және психология мамандықтарында окытылып келеді. Нәтижесінде соңғы үш жылда педагог құзыреттілігі тұрғысынан 5 магистратуралық диссертация қорғалды.

12-жылдық білім беру жағдайындағы болашақ педагоггардың құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту бойынша екінші бағыттағы жұмыстар қатарына тұлғаға бағдарланған білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылатын, авторлық бағдарламалар құруға, тәжірибеде бар жаңалықты өз тұрғысынан өзгерте алуға қабілетті педагогтің шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз, яғни мұны педагогтың өзіндік тәжірибесі арқылы үлгі бола білуі деуге болады. Бұл тұрғыда басталғанына биыл 22 жыл толып отырған Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылы-ақ ана тілімізді өз тұғырына қондырамыз деген ұлы максатпен бастаған ғылыми ізденісімізді атар едік. 1991 жылы «Бастауыш білім жүйесін интеграциялық ұстаным негізінде жетілдіру» деген тұжырымдамамен өзгертуді қолға алдық: министрліктің рұқсатымен бағдарлама, оқу жоспары өзгертілді, облыстық білім басқармасы коллегиясының шешімімен «авторлық класс» статусы беріліп, үш жыл эксперимент жүрді, он бес оқулық пен оқу құралдары жазылды. Нәтижесінде авторлық бағдарлама мен окулықтар бойынша он жыл бойы Алматы қаласы мен Ақтөбе облысының елуден аса мектебіңде жүздеген мұғалімдер бастауыш мектептің мыңдаған түлектерін дайындап шығарды. Оқушылар өз шығармашылығына, табиғи ана тілін дамытуға негізделген, бейнелеу өнері және жазумен интеграцияланған «Әліппеден», сол кездегі ана тілі және қазақ тілі пәндері кіріктіріліп, жаңа кұрылымды, мазмұнды, бейнелеу өнерімен интеграцияланған, оқушының зерттеушілік қызметіне негізделе жазылған «Қазақ тілі және сөз өнері» оқулығынан, ұлттық тағылымға арналып, бейнелеу өнерімен сабақтастырыла, өзіндік оқу әрекеті арқылы меңгеруге арналған

«Балалар әдебиетінен», бала бойында ізгілік пен имандылық негізін қалайтын «Ата дәстүр» оқулығынан және «Домбыра» сабағынан дәріс алды.

4.Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

2000 жылы «Вариативтік авторлық ана тілі оқулықтарындағы интеграциялық ұстанымның ғылыми-әдістемелік негізі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғалды.
Біздің ғылыми еңбегімізде жеке тұлға қасиеттерін калыптастыруға сай келетін пәндерді
топтау арқылы интеграция жасау көзделді. Бұл жағдайда интеграцияның тәрбиелік қызметі
жетекші болып, оларды жіктеу қалыптасуға тиісті қасиеттерге, білімге, әрекет түрлеріне
негізделеді. Өйткені ғалымдар өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарындағы зерттеулерінде
пәнаралық байланыстың оқу материалына тәуелді болмайтын, жалпы, әмбебап өлшемдерін
іздеу байқалғанын және мұндай жағдайда интеграцияны жіктеу білім мен әрекет түрлеріне
негізделетіндігін атайды.Интеграцияның жаңа дәрежегекөтерілукажеттілігіжайлы қазақстандық ғалымдар да өз пайымдауларын айтты. Ғалым А. Бисенбаеваның «Бүгінгі қазақстандық қоғамның терендеп келе жатқан процесі-мектепте білім беруді ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы мен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр» деуі де осы ойды меңзеді. Н.С.Антоновтың пікірі бойынша кез келген жағдайда пәнаралық байланыстың үш белгісі мен үш түрі сақталу керек. Оқу-тәрбие үдерісінің барлық аспектісіне енетін пәнаралық байланыс жасалу керек. Сондықтан интеграцияның бір түрі бөлініп қаралмайды, мүмкіндігінше талдаудың ірілендірілген бірлігіне (формалар, тектер, деңгейлер т.б.) назар аударылады. Сөйтіп, дидактикада пәнаралық байланысқа біржақты қарау көзқарасын жеңу тенденциясы басым болғандығы байқалды.

Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері бар: мазмұндық-ақпараттық, операциялықәрекеттік, ұйымдастырушылық-әдістемелік. Интеграция білім мазмұны негізінде жасалса, мазмұндық-ақпаратгық текке жатады. Оқу-танымдық әрекеттердің тәсілдері және окушылардың дағдыларына сүйенсе, операциялық-әрекеттік, ал әдістер мен ұйымдастыру формаларына негізделсе, ұйымдастырушылық-әдістемелік интеграцияға жатады. Олардың әрқайсысының өз өлшемдері болады.

5.Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

12-жылдық жалпы орта білімнің Мемлекеттік стандартының негізгі тұжырымдамасына сәйкес келесі түйінді құзіреттіліктердің тізімі көрсетілген.

1.Проблеманы шешу құзыреттілігі.

2.Ақпараттылық құзыреттілік.

3.Коммуникативтік құзыреттілік.

Стандартқа сәйкес білім мазмұнының қол жетерлігі және тұтастығы, ішкі және пәнаралық байланысты қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар стандарт төмендегідей талаптарды қажет етеді:

Білім беру және оқу бағдарламаларының тұлғалық мәнділігін, білім беруде өмірлік,тәжірибелік бағдарлануын қамтамасыз ету;

  • Түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыратын оқу пәнінің мазмұны арқылы тапсырмалар жүйесінің берілуі;
  • Білім алушыларға қоршаған әлемде шындықты тануға жеке тұлғасының өзін-өзі анықтауға мүмкіндік беретін білім беру және оқу бағдарламаларының тәрбиелеушілердің потенциалы, оның жеке тұлғаның рухани-құлықтық аясын жағымды қоғамдық маңызды ұстанымдары мен бағдарларын қалыптастыруға бағытталуы;
  • Білім беру және оқу бағдарламаларының дамытушы әлеуеті, онда өнімді ізденушілер және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің бейнеленуі;
  • Білім беру мазмұны жүктемесінің шынайлылығы және онымен барлық білім алушылардың қамтылуы.

Оқьпудың жоспарланатын нәтижелері оқу пәні бойынша әр деңгейде ең алдымен:

1.Білім берудің алдыңғы және кейінгі деңгейлерінде сабақтастықты қамтамасыз етуге;

2.Білім алушылардың іргелі ғылыми және мәдени құндылықтар туралы түсініктер қалыптастыруға;

3.Білім алушылардың әлеуметтенуіне, олардың салт-дәстүрді, әлеуметтік нормаларды құлықтық ережелерді және әлеуметтік құзіреттіліктерді меңгеруіне бағытталады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының маңызды принциптерінің біріне білім берудің әр деңгейінде білім беру құрылымы мен мазмұнының білім алушылардың

психофизиологиялықжәнежас ерекшеліктеріне, мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес келуі жатады. Бұл принципті жүзеге асыру әрбір жас кезеңіне сәйкес жасалған білім беру мазмұны оқушылардың психикалық дамуының кезендері мен психологиялық ерекшеліктерінің сипаттамаларының өлшемдер есепке алуды талап етеді.

6.12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ мамандарға сілтемелер.

12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ маман мынадай сілтемелерді ескеруі қажет:

  1. 12-жылдық оқьпудың басылымдағы оқыту уақытының ұзартылуында ғана емес, оның құрылымының, оқу-тәрбие жүйесі менмазмұнының, әдістеріменөзгерістерінің баланың, мектептің және қоғамның жақсару жағдайын жүзеге асыруға бағытталуында екенін;
  2. 12-жылдық оқытудың жаңа әдістерін білу және орынды қолдану шеберлігін білу;
  3. Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін істейтіндігін;
  4. Баға құнды емес, бала құнды екенін;

5.Әр сабақтың мақсаты — баланың басқаға ұқсамайтын тұлғалық қасиетін аша білу;

6.Баланың ықыласын шығармашылық қасиетін оята білу.

Сонымен қатар,сынып жетекшісі оқушылардың сыныптағы іс-әрекетін ұйымдастыру 12-жылдықоқытудың мынатұжырымдарынұғынып,түсінгенжағдайдағанатәрб ие міндеттерінің шешімі нәтижелі болады:

1.Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы;

2.Тәрбиенің жүйелілік сипатта болуы;

3.Тәрбиеіс-әрекеттерініңмақсаттарыныңбірлігі, оқушылармен жұмысістейтін мұғалімдердің өзара -тәрбие жүйесінің кепілі;

4.Тәрбие үрдісі — жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған іс-әрекетіне, құндылықтарына сүйену керек.

Қорыта айтқанда, бүгінгі қоғамдағы өзгерістер болашақ маманның өскелең ұрпақтың оның тәрбие жүйесіне көзқарасты терендетуге бағытталған. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес,жалпы адамзаттың, қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза білімді жан-жақты дамыған ұлт тәрбиелеуіміз керек» деген еді.

Бақылау сұрақтары:

1.Тұлғалық-рефлексиялық қатынас шарттары

2.12-жылдық білім беруде педагогтардың құзіреттілігін қалыптастыру мен дамыту бағыттары. 3.Интеграцияның негізгі үш тегі мен түрлері.

4.Стандартқа сәйкес білім мазмұнына қойылатын талаптар.

5.12-жылдық білім беру жүйесінде болашақ мамандарға сілтемелер.