12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар

Жоспары:

1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері

  1. Ойын, дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары
  2. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі

Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар жайлы түсінік беру.

Лекция мәтіні (қысқаша):

1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуде оқытудың басты мақсаты -адамзат мәдениетінің кез — келген саласындағы іс- әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау мен зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді, өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.

12-жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдаланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты

бағдары — білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы кабілеттерін дамьпу білім білікті де игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқулықтың кұрылымында осы бағдарламаға сәйкес өте жан — жақты оқушылар өзбетімен қызыға іздене отырып мағыналы сұрақтарға жауап бере алады. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамьпуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқьпудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу оқьпудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепке оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.

Белгілі психологтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын — адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

  1. Ойын, дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары.

Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану -окушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін колдануға мүмкіндік береді.

Дамыта оқыту технологиясы — шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған.

Коммуникативті оқыту технологиясы — сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды, жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз — оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты.

12-жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны өзіндік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез- құлқында -мінезі, темпераменті,талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін — өзі өзгертуі, өзін — өзі тәрбиелеуі, өзін — өзі дамытуы, өз іс — әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіре отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.

  1. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі.

Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамьпу жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар казақстандық педагог-психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова, Б.Баймұратова зерттеулері бойынша баланың ең дамуға ыңғайлы да, қолайлы да кезеңі бес пен алты жастағы шақтары екендігі айқындалған.

Психолог А.А.Люблинскаяның пікірінше, алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға дайын, себебі ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекеттерінен белгілі дәрежеде қорытынды шығарады, ойлай, киялдай біледі деп түйіңдейді. Ал Д.Б.Эльконин алты жастағы баланың ана тілінің дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру қабілетінің жақсы дамығаңдығын, сөз қорының жеткіліктілігін, олармен әнгімелесуге, сұрақтарға жауап алуға толық мүмкіндік болатынын айтады. Міне, мұғалім сабақ берген кезде олардың осы сапаларын сүйенеді. Қазіргі таңда 1-4 сыныптардың барлық пәндері бойынша оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендерінің байқауға арналған нұсқалары жарық көріп, республикамыздың мектептерінде эксперименттік байқаудан өтуде.

12-жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп ерекше көрсетілген. Мұндағы мақсат -психолгиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін камтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл -оқушы, жаңа әрекет — оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым — қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.

Білім берудің бүгінгі күнгі мақсатына сәйкес бастауыш мектептің бітірушісі мыналарды меңгеруі және білуі керек:

  • қоршаған дүние туралы білімі болуы және оны әр түрлі жағдайларда қолдана алуы;
  • өз бетімен және басқалармен ынтымақтастықта жұмыс істей білуі;
  • ауызша және жазбаша қарым — қатынас мәдениетінің болуы, өз құрдастарымен және ересектермен өзара қарым — қатынас жасай білуі;
  • ұлттық және адамзаттық кұндылықтарды түсінуі және қабылдауы;
  • табиғатпен, қоғаммен және өз-өзімен дене, адамгершілік, рухани үйлесімділікке ұмтылуы.

Әр ұстаз оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланса игі нәтижеге жетері сөзсіз.

Бақылау сұрақтары:

1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері

  1. Дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары
  2. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі